Жаһандық құзыреттілік
Ақпараттық-әдістемелік бөлім Жаңа оқыту әдістері арқылы оқушының білім деңгейін, ой-өрісінің дамуын, тіл арқылы пікірін еркін жеткізуге, туындаған мәселелерді шеше білуге, шынайы қмірге бейім тұлға етіп тәрбиелеу бүгінгі күннің басты мәселесі, осы мақсатты «Жаһандық құзыреттілік» курсын оқыту барысында кіріктірілген бағдарлама арқылы жүзеге асыруды басшылыққа алып отырмын. Кіріктірілген бағдарлама арқылы оқытудың басты мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым, әдеби нормативтік норма) меңгерте білу. Аталған дағдыларды қалыптастыруда мына әдіс-тәсілдерді басшылыққа аламын: Оқушының өзіндік, жеке қатысу мүмкіндігін ескеру; Барлық оқушының сабаққа белсенді қатысуы үшін деңгейлік тапсырмалар беру; Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту; Проблемалық оқыту арқылы оқу материалын өмірмен байланыстыра отырып, оқушыларды білімді өз бетімен меңгеруге талпындыру; Сын тұрғысынан ойлауды қолдану; Өз ойын ашық айта білуге дағдыландыру; Ұжымдық оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушының қабілетін дамыту, еңбекке баулу, ұйымшылдық қабілеттерін оқыту, ынтымақтастыққа тәрбиелеу, өзін-өзі басқаруға баулу Қазіргі кездегі білім берудің барлық жаңа әдіс-тәсілдерінің алдына қойған басты мақсаты – білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуі арттырып, шығармашылығын арттыру әрбір мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Пайдаланылған әдебиеттер: Мұғалімге арналған: Шакузадаұлы Н. Әдептілік қағидалары.-Алматы:Өнер,2000 Утебаева А. Рухани адамгершілікке тәрбиелеу басты мақсат./Бастауыш мектеп.-2003 Төлеубекова Р. Халықтық педагогикадағы адамгершілік тәрбиесі./Қазақстан мектебі.-2001 Ізғұттынова Р. Қазақтың халық ауыз әдебиеті –тәрбие бастауы/Бастауыш мектеп.-2005 Тұрманжанова А. Қазақтың мақал-мәтелдері.-Алматы: Ана тілі,1992 Жарықбаев Қ. Әдеп және жантану, ұлттық тәлім тәрбие.-Алматы:Атамұра, 1996.-221 б Ш.Қарабаев “Әлеуметтану негіздері” ,Алматы, 2013.- 238бет Л.Л.Любимов, И.В.Липсиц “Основы экономики”, Москва "Просвещение", 1994 г. Эдвин Дж.долан “Деньги, банки и денежно-кредитная политика”. Санкт-Петербург "Санкт-Петербург Оркестр" 1994г. Нурпеисов Д.К. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне сыртқы қатерлер // Ученые Записки Академии экономики и права. – 2003. – №5. – С. 40-46. Ұзақбай Ә. Қоқыс жәшігіндегі ұлттық сана/Атамекен.-2016 Экологиялық журналистика. Практикалық кеңестер.-Астана:Фолиант,2017 Оқушыларға арналған: Тұрлығұл Т. Адамгершілік тәрбиесі./Қазақстан тарихы.-2002.-№1 Тілеужанова М. Ел әдебиеті.-Алматы:Ана тілі, 2015 Райымқызы А.Жақсына үйрен/Бастауыш мектеп.-2000 Тұрманжанов А. Қазақтың мақал-мәтелдері.-Алматы:Рауан,1980 Тілеужанова М. Ел әдебиеті.-Алматы:Ана тілі,2017 жүктеу/скачать 292 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |