Жаңатілек ауылдық округ әкімі Мұсабаев Жабай Жәнәбілұлының ауыл тұрғындары алдында берілетін есебі
14.01.2015 жыл
Ел тағдырының бетбұрыс белесін айқындайтын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың “Нұрлы жол-болашаққа бастар жол ” атты Жолдауы жарияланды.
Алыс жақын болашақты болжай білетін көрегендігімен танылған Көшбасшымыз бұл жерде де уақыттың салмағын тамшыдай тап басып кешіктірмей атқарылуы тиіс шаралар кешенін – “Нұрлы жол ” жаңа экономикалық саясатын жариялады.
Жолдауда тәуелсіз еліміздегі атқарылатын жұмыстардың нақты бағыты, қандай маңызды іске жұмылу қажеттілігі белгіленген.
Елбасы Жолдауы Үкімет пен атқарушы билікке ауқымды міндеттер жүктеп отыр. Бұл міндеттердің қай-қайсысын алып қарасақ та маңызды,өзекті болып табылады. Нақтырақ айтатын болсақ,көліктік логистикалық, индустриялық, энергетикалық, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық пен су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын дамыту мен жаңғырту мәселелерінің өзектілігі ешбір дәлелдеуді қажет етпейді. Сол сияқты, тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігі атап айтылған.
Болашақ ұрпақтың байлығы болып табылатын, ел мен елді байланыстыратын жол құрылысы мен мектеп, ауруханалардың жоғары сапалы қызметі де назардан тыс қалмаған. Ең бастысы аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктер жасалып, қажетті қаражат бөлініп отыр. Ұлттық қордан 2015-тен 2017 жылға дейін жыл сайын қосымша 3 миллиард доллар қаражат бөлінетіндігі бұған жарқын дәлел.
Сондықтан Жолдау талаптарын жүзеге асыру үшін жұрт болып жұмылуымыз қажет.
Жаңатілек ауылдық округі екі елді мекеннен құрылған, олар Жаңатілек, Мұрынтал ауылдары. Округте 1202 тұрғын, 251 отбасы бар, оның ішінде 143 зейнеткер, 15 тыл ардагерлері, 68 алтын, күміс алқасы бар аналар, 2 ауған соғысына қатысушылар. 48 І,ІІ,ІІІ топтағы мүгедектер.
Өткен жылы округтегі 2 мектеп, мектеп жанындағы шағын орталық , 2 кітапхана, 1 мәдениет үйі, 2 медициналық пункт, Жаяу Мұса атындағы мұражай, «КБМ» ауыз су құрылғысы, Казпошта бөлімшесі қалыпты жағдайда жұмыс атқарды.
Бүгінгі таңда мектепте халықаралық стандартқа сәйкес білім беру басты міндет болып отыр, жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына зор көңіл бөлу қажет.
Б. Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебінде ұстаздар саны – 43. Жоғары білімдщісі – 33, арнайы орта білімдісі -10, жоғары санатта – 1, І санатта – 15, ІІ санатта – 16, санатсызы – 11. Оқушылар саны 195. Аз қамтамассыз етілген отбасылар ішінен 74 оқушыға тегін ыстық тамақ берілді.
Мектепте: пән апталықтары, әдістемелік апталығы, әдістемелік семинарлар, әдістемелік көмек, әдістемелік бірлестіктер жұмысы, жас мамандармен жұмыс, дарынды оқушылармен жұмыс, ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық, мұғалімдерді аттестациялау, үйден оқытуды қадағалау, аудандық іс-шараларға белсене қатысу бағытындағы жұмыстар үнемі жүргізіледі. 2013-2014 оқу жылында оқушыларымызды пән олимпиадаларына, ғылыми оқулар және мәдени - спорттық байқауларына қатыстырылды.
2013-2014 оқу жылында мектептің материалдық техникалық жабдықталуына 1 млн 730 мың теңге бөлінсе, 26 млн 775 мың теңге игеріліп, мектептің төбесі сапалы жөндеуден өтті. Мектеп түлектері өткен оқу жылында, ҰБТ-ден көрсеткіші төмен болды, осы оқу жылында кеткен олқылықтарды ескере отырып, ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық, білім сапасын көтеру үнемі ауыл әкімшілігінің бақылауында болады.
Ауылдық мәдениет үйінде белгіленген жоспарлар бойынша мемлекеттік және атаулы даталар мерекелері, мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып,өткізілді. Атап айтсақ,желтоқсан айындағы Президент күні, Республикамыздың тәуелсіздік мерекесі, жаңа жылдық мереке өз деңгейінде өтіп,ауыл жұртшылығының зор ықыласына бөленді. Мәдениет үйінде әртүрлі үйірмелер жұмыс жасайды, халық театрын қалпына келтіру бағытында жұмыс жүргізуіміз қажет.
Ауылымыздағы екі кітапхана да өз жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастыруда. Мерекелік күндерге арналған әдеби монтаждар мен кітап көрмелері,әртүрлі тақырыпта пікірталастар ұйымдастырылып, үнемі оқырмандармен байланыс жасауда. Кітапханалар жаңа әдеби кітаптармен түрлі журналдармен үнемі толықтырылып отырылады.
Жаяу Мұса мұражайында өмірі мен қызметі жөнінде әңгіме, ауылдан шыққан жерлестер жөнінде,мерей той иелері атақты жазушылар мен ақындар туралы деректер бойынша шолулар өткізіліп отырады. Мұражай көпшілікке Жаңатілек ауылдық округінің тарихи тұлғалары және Жаяу Мұса, ауыл тарихы жөнінде қызықты мәліметтер береді. Сол сияқты мемлекеттік мерекелік күндерге қатысты әр түрлі кештер мен кездесулер өтіп тұрады. Мұражай қызметкері Ұлы Отан соғысы ардагерлері туралы шығатын “Жеңімпаздар” атты кітапқа ауылымыздың соғыс ардагерлері жөнінде деректер жинап,аудандық мұрағатқа тапсырды.
Ауыл тұрғындарының денсаулықтарын жақсарту мақсатында жергілікті медицина қызметкерлері тарапынан жұртшылыққа тиісті көмектер көрсетілуде.
ФАП-та барлығы 6 медбике қызмет көрсетеді, барлығы аттестациядан өтіп, сертификат алған.
Ауылдағы тұрғындар ішінде ересек адамдар 750, 14 жасқа дейінгі балалар саны 320, 1 жасқа дейінгі балалар саны 22, жасөспірім балалар 57, ана болу қабілеті бар әйелдер 258, мүгедектер 48, (оның ішінде бала жасынан мүгедек - 4, жасөспірім - 2). Есептегі аурулар саны – 180.
Медпункте дәрігерге дейінгі алғашқы көмек, ауруларды қабылдау, жедел шақыруларға бару, алдын-алу екпелерін салу сияқты жұмыстар атқарылады. Бірге толмаған балаларға жұмасына 1 рет патронаж - аралау жүргізіледі, жүрек және қан тамыр ауруларымен есепте тұрған адамдар және әр түрлі аурумен ауыратын адамдар күндізгі стационардан емдерін уақытымен алып тұрады. Фапта жылжымалы дәріхана жұмыс жасайды, жалпы қан мен зәрді лабораториялық тексеру өткізіледі. 435 адам флюрографиядан өткен. Туберкулезбен ауыратын адамдар саны - 2. Туберкулезбен ауыратын адамдармен қарым-қатынаста - 10 адам, оның ішінде 5 бала.
Арнайы медициналық автопоезд келіп тұрғындарды диагностикалық тексерулерден өткізді.
Казпошта бөлімшесі округ шеңберінде жұртшылыққа сапалы қызмет көрсетуде. Атап айтсақ республикалық, облыстық, аудандық мерзімді баспасөзге жазылу, зейнетақы, әр түрлі жәрдемақылар, бюджеттік мекеме қызметкерлерінің еңбек ақысы, салық төлемдері, байланыс және энергия қуаты қызметтеріне төлемақыларын қабылдайды. Жалпы ауылдық округ бойынша бұқаралық басылымдарға жазылу дұрыс ұйымдастырылды. Нәтижесінде:
Республикалық ,облыстық , аудандық басылымдарға жазылу 100 пайыз орындалды.
Басылымдар өз оқырмандарына уақытында жеткізіліп отырылады,есепте тұрған жұмыссыздар қатарынан қоғамдық жұмыс беру арқылы .
Округте 2 ұялы Аctiv, Beеleine KZ қондырғылары орнатылып, 182 нүкте телефондық байланыс жұмысы жақсы жолға қойылған.
«Хабар», «Ел арна», «Қазақстан», «Евразия» телеарналарымен қатар отандық «Отау ТВ» және сандық теледидар қондырғылары орнатылған.
2015 жылдың 1 қаңтарына жоспар бойынша мал мен жанның санағы жүргізілді.
Санақ бойынша ауылдық округте мал саны:
ірі қара мал – 5510 бас
Қой – 5954 бас
Ешкі – 2031 бас
Жылқы – 2496 бас
2014 жылдың қаңтарымен салыстырғанда ірі қара мал – 13%, қой – 8,4%, жылқы - 12%-ға өскен.
Шаруа қожалықтары бойынша мал басының өсімі байқалады.
Ауылдық округ бойынша жалпы 10801 центнер ет өндірілді.
Ауылдық округте 22-шаруа қожалығы жұмыс жүргізіп,өнімдерін өндіруде. Шаруа қожалықтарына тиесілі жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі күні ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтар біздің шаруа қожалықтарында да байқалуда. Атап айтсақ, «Жасталап» ш/қ басшысы Жұмаділов Мұрат, «Ботан» ш/қ басшысы Дөнешов Серік, «Ыңтымақ» ш/қ басшысы Алтынбек Алдамжар, мал азығын арзандату, егін еккені үшін және ірі қара мал тұқымын асылдандыру бағытында өнімді жұмыс атқарғаны үшін үкімет тарапынан төленетін субсидиямен қаржыландырылды. Округ бойынша шаруа қожалықтары арзандатылған жанар- жағар маймен қамтамасыз етіліп, қысқы мал азығын тиісті мөлшерде жинап,қыстан қысылмай шығу мәселесі қарастырылды.
290 га қорықтың сапалы шөбімен, аула және шаруа қожалықтарын толық қамтамасыз етуге жағдай жасалды. Халықтың шешімімен екі қорықшы шығарылып, 40 мыңнан еңбегі төленіп, қорық қорылды. Аудандық ауыл шаруашылық күні бізде өткізіліп, ауыл шаруашылығының дамуындағы қорытындылар жасалып, алдағы мақсаттар айқындалды. Осы игі шараға біздің шаруа қожалықтары белсене қатысты.
Елді мекендердегі барлық нысандағы малдарға профилактикалық іс – шараларды ауылдық округтің ветеринариялық пунктінің мал дәрігерлері малдарды егіп, емдеу жұмыстарын жүргізді.
Бруцеллез шыққан 18 аулаға 850,3 м2 залалсыздандыру жұмысы жасалды. Қараша айында 5 ауладан құтырма ауруына күдікті деген ауру малдардан материалдары алынып, облыстық зертханалық сараптамаға жіберілді. Қорытындысында құтырма ауруы анықталмады. Өрісі бір деген аулалардың малдарына құтырмаға қарсы егу жұмыстары жүргізіліп, 1800 бас қара мал егілді. 4 аулаға 494 м2 залалсыздандыру жұмысы жасалып, профилактикалық жұмыстар жалғастырылды.
Желтоқсан айында тағы да 1 ауладан құтырма ауруына күдікті деген ауру малдан материал алынып, облыстық зертханалық сараптамаға жіберіліп, нәтижесінде құтырма ауруы анықталды. Осыған байланысты 26 желтоқсаннан бастап, Жаңатілек ауылы бойынша ауылшаруашылық малдардың құтырма ауруының эпизоотикалық ошағы анықталуына байланысты шектеу іс шараларын еңгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленді. Округ бойынша сауықтыру іс шаралары өткізілуде.
Шаруа қожалықтары, жеке аула иелерінің малдарына салуға сырғаның жетіспеушілігі, әсіресе ірі қара малға. Ауылдық округке қарасты ветеринарлық пунктінің ғимаратының болмауы, мал өлекселерін (скотомогильник) тастайтын арнайы орынның жабдықталмауы болашақта шешілетін басты іс болып табылады.
Округ бойынша өткен жылда 593 мемлекеттік қызмет көрсетілді; атап айтсақ жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру, тиісті әкімшілік - аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринарлық анықтама беру, үй жануарларына ветеринарлық паспорт беру т.б.
Статистикалық есеп бойынша азаматтардың өтініштері мен сұраныстары негізінде 18 өтініш тіркелді.18 жазбаша түрде, 10 өтініш жер мәселесі, 2 өтініш жұмысқа орналастыру, 6 әртүрлі мәселелер жөнінде.
Ауылдық округ бойынша мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың орындалуына да мән берілуде.
“Жұмыспен қамту 2020 жол картасы” бағдарламасы бойынша ауылымыздың жастары арасынан 7 адам Павлодар қаласына әртүрлі мамандық бойынша оқуға жіберілді, оның ішінде 3 адам медициналық коледж, 3 адам иновациалық колледж, 1 адам химико-техникалық колледжде.
“Жұмыспен қамту 2020 жол картасы” бағдарламасының екінші бағыты бойынша 4 адам 12 млн теңге несие алып,мал шаруашылығымен айналыса отырып,4 адамды жұмыспен қамтыды.
Ауылдық округтегі жұмыссыздарды жұмысқа тарту мақсатында, бос жұмыс орындарын тиімді пайдалану, жұмысқа орналастыру мәселесі жөнінде төмендегі жұмыстар атқарылды, аз қамтамасыз етілген отбасы мүшелерінен жыл бойы қоғамдық жұмыстарға 44 адам, әлеуметтік жұмысқа - 4 адам 1 жылдан жұмысқа тартылды.
2014 жылы 39 адам жұмыссыздар есебінде тұр, осылардың арасынан 4 адам жұмысқа орналасты.
Тоқсан сайын округ тұрғындарының әлеуметтік жағдайлары зерттелініп, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылар анықталып отырады. Округ бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар жоқ.
Округіміз бойынша қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Қамқорлық айлығы аясында, ауылымыздың мүгедек, жетім-жесір, тыл ардагерлерлеріне, қарттарға дастархан жайылып ас берілді. 2014 жылы аудан әкімішілігінен 56 тонна көмірдің талоны берілді. Округ бойынша ұйымдастырылып, тұрмысы төмен отбасылар 28 үйге көмір жеткізіліп берілді. Биылғы жылы 8 мамыр күні тыл ардагерлеріне, және ауған соғысына қатысушыларға мерекелік дастархан жасалды.Осы мерекеге байланысты ат жарыстары ұйымдастырылды.
Көктемде жергілікті тұрғындар мен мекеме ұжымдарының бірлесуімен ауылымызда тазалық және көріктендіру жұмыстары өз дәрежесінде өткізілді. 600 тонна көң-қоқыстар арнаулы жерге апарылып төгілді. Бұл жұмыстар аудандық «Серпіліс» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының және жеке меншік көліктерінің көмегімен атқарылды. 2014 жылы ауылымыздың тазалық және көріктендіру жұмыстары жүргізілді. Ауылдан 2 машина, 2 трактор, және ҚКК «Серпіліс» тракторы осы жұмыстармен айналысты.
Округ бойынша 2 ауылда Жаңатілек, Мұрынтал тұрмыстық қатты қалдықтарды төгетін жер телімдерін заңдастыру жұмыстары қолға алынып біраз жұмыстар атқарылды. Бірінші кезекте осы жұмыстар Жаңатілек ауылынан басталды. Ауыл тұрғындарын жинап жиын өткізілді, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осы тұрмыстық қатты қалдықтарды төгетін жерге ие болатын адамды жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге ықпал жасап, тиісті құжаттары жасалды. Экологтармен сөйлесіліп, ауылдан 3 шақырым қашықтықта орналастыру қажет екенін біліп солай жасалды. Тиісті жері заңдастырылып құжаттары рәсімделді.
Мал бағылу жұмыстары өз мәнінде ұйымдастырылып, малшылармен келісім шартқа отырып, халық жиынының шешімімен бағатын бағасы келісіліп, мал 100% бағылды.
Шешілмей тұрған жол мәселесі бәріңізге мәлім Жаңатілек-Қарашат жолы өте сапасыз екені белгілі жәй. Осы орайда ауылдан шығатын трассада 11 км жолдың шұңқырына қиыршық тас төселіп, 5 тонналық катокпен бастырылды. Бұл жұмыстар ауыл азаматарын жұмылдырып, асар жасап істелді.
Жаңатілек ауылдық округі бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын іске асыру мақсатындағы жұмыстармен жүргізіліп жатқан жұмысы жөнінде айтып өтейін.
Жалпы округте 14 пен 29 жас аралығында 251 жастар бар.
Б. Хайдаров атындағы ЖОББМ-дегі 14 жастан бастап 90 оқушы бар.
Студенттер – 94.
Жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттер саны - 38
Арнаулы орта білім беру мекемелерінде – 56
Отбасын құрған жас отбасылар саны – 23
Мүгедек жастар саны – 3, (1-уі мектеп оқушысы бала кезінен мүгедек, қалған 2-уі ІІ топта).
Жұмыс істейтіндер саны – 53
Бақыт Хайдаров жалпы орта білім беру мектебінде 29 жасқа дейінгі мұғалімдер саны – 17, шаруа жұмыстарында 2 адам.
Мәдениет саласында – 1 адам қызмет етеді.
Әкімшілікте – 3 адам, жұмыс атқарады.
Қалғандары шаруа қожалықтарында, өз қарекетімен, маусымдық жұмыстармен айналысуда.
Жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрғандар саны – 8 адам.
Жұмыссыздық мәселесі бойынша
Жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған жастарымыз ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылып отырады.
Спорт.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 маусымдағы «Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасы туралы» № 905 қаулысын іске асыру мақсатында төмендегідей жұмыстар атқарылуда.
Мектеп әкімшілігімен келісе отырып, қысқы мезгілде кешкісі сабақтан тыс уақытта жастарға арнайы аптасына 3 күн сағат 1900-ден 2100-ге дейін мектепте волейбол, баскетбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, дойбы т.б. спорттық ойындармен жастарымыз бос уақыттарын өткізуде.
2014 жылы Шакен Аймановтың 100 жылдығына арналған спартакиада 3 орынға ие болып кіші кубокты жеңіп алдық. Спортың барлық түріне қатыстық. Жазғы ұлттық ат спорты түрлерінен аудан көлемінде біздің округте өз мәнінде өтті. 2 кигіз үй тігіліп, тегін тамақ, ұлттық тағамдар беріліп, келген қонақтарды қарсы алып күтіп жібердік. Ауыл өнерпаздарымен концерт ұйымдастырылды.
Бұл шараны ұйымдастыруға шаруа қожалықтары және ауыл тұрғындары қолдау көрсетті.
Ауылдық округ аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен тығыз байланыста, белгіленген жоспар бойынша тиісті жұмыстар атқарылып отыр.
Әскери есеп.
Жалпы әскери міндеттілер саны – 179;
Запастағы офицерлер – 2;
Запастағы сарбаздар, сержанттар – 152;
Әскерге шақырылғандар саны – 42, оның ішінде 6 шақырылушы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарында азаматтық борышын атқаруда.
Павлодар қаласындағы әскери – техникалық мектепте 3 шақырылушымыз оқып В және С категориялары бойынша жүргізуші куәліктерін алды.
Ауылдық округ бойынша әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылармен жұмыс жүргізіліп, есеп ай сайын беріледі. Тиісті құжаттар, аңықтамалар уақытылы аудандық қорғаныс істері бөліміне тапсырылуда.
Барлық ауыл өміріне, тіршілігіне, көркейюіне, мемлекеттік, дәстүрлі мерекелерімізде мәдени – спорттық іс шараларымызға ауылымыздың жастары жоғары белсенділікпен қатысып отыр дегім келеді.
Ауылдық округ бюджетіне 2014 жылы 24 393000 қаржы жоспарланған. Берілген бюджет ақшасы 100 % орындалды. Көшені жарықтандыру 900 мың теңге, оның ішінде көше жарықтарын орнату 150 мың теңге, электр жарығын пайдалануға 750 мың теңге жұмсалды.
Мәдениет үйін қалыпты ұстауға субсидия 8 103000 теңге. Тазалық және көріктендіру жұмыстарына 229000 теңге. Жанар-жағар май,канц товарлар 320000 теңге.Ауылдық округ әкімі аппаратын қалыпты жағдайда ұстауға 13 514000 теңге.
Округ бойынша 2014 жылы құқық қорғау бағытында төмендегі жұмыстар атқарылды.
Ұрлық фактісі бойынша бір қылмыстық іс тіркеліп,ұрланған зат иесіне қайтарылды, қылмыстық іс сотқа жіберілді. Мал ұрлығы фактісі тіркелген жоқ. Мал ұрлығын алдын алу мақсатында ауыл тұрғындары және шаруа қожалықтарымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында Б. Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебімен тығыз жұмыс атқарылды.Баянауыл аудандық Ішкі істер бөлімінің кәмелеттік жасқа толмағандардың құқық бұзушылықтары жөніндегі инспекторы жоғары сынып оқушыларына құқық бұзушылықтар жөнінде дәріс оқыды.
Аула тазалығы бойынша ҚР –ның ӘҚБ туралы кодексінің 387 бабы бойынша 35 үй иелеріне ескерту жасалды.336 бабы бойынша қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келген 19 тұрғынға айыппұл салынды.330 бабы бойынша ұсақ бұзақылық жасаған 1 тұрғынға айыппұл салынды.377 бабы бойынша төлқұжатсыз тұру немесе тіркеуде тұрмаған 10 адамға ескерту жасалды.311 бабы бойынша иттерді күтіп ұстау ережесін бұзған 11 тұрғынға ескерту жасалды.
Алдыңғы кездесулерде жергілікті халықтан келіп түскен жұртшылықты электр жарығымен дұрыс қамтамасыз ету мақсатында 414 КТП-дан 5 үйді 416 КТП-ға қосу жұмысы уақытында орындалды.
10 электр көше жарығы жаңадан іске қосылып,13 көше жарығы жөндеуден өткізілді.
Б. Хайдаров атындағы ЖББОМ-тің төбесін қатты жамылғымен жабу жұмысы 2014 жылы 26 млн 400 мың теңге жұмсалып аяқталды.
2014 жыл ішінде ауылдық округ әкімі аппаратының атқарған жұмысымен таныстырып өттім. Алдымызда атқарылар маңызды-мақсатты істер баршылық. Әрине, бір жылда ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени, рухани дамуының көрсеткішін көңілімізден шығатындай атқару мүмкін емес. Алдағы уақытта жоспарлы түрде ауыл проблемасын шешу мақсатында мына жұмыстарды маңызды істер деп есептеймін.
2015 жылда Жаңатілек ауылдық округі бойынша төмендегідей проблемалық мәселелерді шешу мақсаты қойылып отыр:
1. Жаңатілек –Қарашат жолына орта жөндеу жұмысы.Жобалау сметалық құжаты жасалып, мемлекеттік сараптамадан өткен.13 шақырым 185 млн 210 мың 415 теңге 2015 жылы басталады.
2. Ауылдың мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізу жұмысы. 32 309,02 мың теңгенің жобалау сметалық құжаты жасалып, мемлекеттік сараптамадан өткен.Қаржы көзі шешілген жағдайда 2015 жылы атқарылады.
3. Б.Хайдаров атындағы ЖББМ жылу қазандықтары мен жылу жүйесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау сметалық құжатын жасап, мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін қаржы көзін қарастыру мәселесін аудандық білім бөлімімен бірлесе отырып шешу.
4.Қорықтың құжаттарын рәсімдеп,ауылдық округ балансына алу жұмысын аяқтау.
Округте ауыл тұрғындарының жағдайларын жақсарту мақсатында барлық қолдан келетін мүмкіндіктерді жасап, халыққа қызмет көрсетудеміз. Еліміздің өркендеу жолындағы осы маңызды мақсаттарды іске асыруға өз үлесімізді қосайық ауылдастар.
Жаңатілек ауылдық округінің әкімі Ж. Мұсабаев
Достарыңызбен бөлісу: |