«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж


Профилактикалық егулерді ұйымдастыру және жүргізу



бет33/74
Дата08.05.2024
өлшемі360.5 Kb.
#500744
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   74
307 ЭПИД СЕССИЯ

Профилактикалық егулерді ұйымдастыру және жүргізу
Есепке алу;Әр баланың құжатын толтыру ;Вакцинация алған және мезгіліменалмаған балалардың есебін жүргізу;Вакцинация жоспарлау және есеп беру; Емханада тиімді және қауіпсізиммундауды қамтамасыз ету үшін сапалывакциналар болу тиісті.
30. Медициналық қалдықтарды жинауға,уақытша сақтауға,тасымалдауға, жоюға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар.
Медициналық қалдықтар қауіптілік дәрежесі бойынша мынадай 5 қауіптілік сыныбына бөлінеді:
А сыныбы - ҚТҚ ұқсас қауіпті емес медициналық қалдықтар;
Б сыныбы - қауіпті (эпидемиологиялық) медициналық қалдықтар;
В сыныбы - төтенше (эпидемиологиялық) қауіпті медициналық қалдықтар;
Г сыныбы - құрамы бойынша өнеркәсіп қалдықтарына ұқсас токсикологиялық қауіпті медициналық қалдықтар;
Д сыныбы - радиоактивті медициналыққалдықтар;
Денсаулық сақтау объектілерінде медициналық қалдықтарды сорттау және уақытша сақтау үшін пайдаланылатын үй-жайлар Кодекстің 144бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес көзделеді.
Медициналық қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын адамдар оларды көлік құралына тиеген сәттен бастап белгіленген орында қабылдағанға дейін олармен қауіпсіз жұмыс істеу шараларын сақтаулары қажет.
Медициналық қалдықтарды жинау, қабылдау және тасымалдау бір рет қолданылатын пакеттерде, ыдыстарда, қауіпсіз кәдеге жарату қораптарында контейнерлерде жүзеге асырылады.Медициналық қалдықтарды тасымалдауға су өткізбейтін жабық кузовпен жабдықталған, дезинфекциялық оңай өңделетін көлік құралында көлікке халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес халықтың санитариялықэпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің санитариялық эпидемиологиялық қорытындысы бар болғанда жол беріледі.Медициналық қалдықтарды түсіргеннен кейін көлік құралы жуылады, дезинфекцияланады және таза күйінде ұсталады.
Медициналық қалдықтарды термиялықтәсілмен залалсыздандыру (жағу)медициналық қалдықтарға термиялық әсерету жолымен 800-10000С төмен еместемпературада жүргізіледі.
Медициналық қалдықтардызалалсыздандыруға қалдықтардың сыныбымен көлемі көрсетілген, денсаулық сақтауобъектісінің жауапты тұлғасы қол қойғанілеспе актісі бар болғанда қабылданады.
Медициналық қалдықтарды қабылдау қапталғанкүйде, арнайы журналда сапалық және сандық есепкеалуды жүргізе отырып жүзеге асырылады.Медициналық қалдықтарды залалсыздандыруға арналған арнайы қондырғыны дайындаушының техникалық құжаттамасына сәйкес орналастырылады және пайдаланылады.
Медициналық қалдықтарды көму мен кәдеге жарату объектілеріндегі сұрыптауға және уақытша сақтауға арналған бөлменің алаңы 12 шаршы метрден кем болмауы тиіс және ішке сору-сыртқа шығару желдеткішімен, биологиялық қалдықтарды сақтауға арналған тоңазытқыш жабдығымен, жекелеген стеллаждармен, медициналық қалдықтар бар пакеттерді жинауға арналған контейнерлермен, таразымен, ыстық және суық су келтірілген раковинамен жабдықталады.
Әр үй-жайда ыдыстарды жууға, сақтауға және залалсыздандыруға арналған жағдайлар жасалады.
Қызмет көрсететін персонал үшін жеке арнайы киім бөлінеді.
Медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жайдың едені, қабырғасы, төбесі жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдардан жасалады. Негізгі үй-жайлардан басқа персонал үшін алаңы кемінде 6 м2 үй-жайлар, жинау мүкаммалына, жуу және дезинфекциялау құралдарына, жуатын айналым ыдысына арналған ауданы кемінде 4 м2 қойма бөлінеді.
Жуу бөлмесі ағынды салқын және ыстық су келтірілген ваннамен немесе еденге түсетін кранмен жабдықталады. Персоналдың жеке гигиена қағидаларын сақтауы үшін қолды жууға және кептіруге арналған құралдармен жарақталған, салқын және ыстық су келтірілген раковина бөлінеді.
Медициналық қалдықтарды жинау, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау және көмумен айналысатын жұмысшылар Кодекстің 155бабының 4-тармағына сәйкес бекітетін «Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесіне» және «Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидаларына» сәйкес алдын ала (жұмысқа түсер алдында) және кезеңдік медициналық тексерілуден өтеді.
Медициналық қалдықтарды көмуорындарында мынадай жеке гигиенаталаптары сақталады:
1) жұмыс қорғаныш бетпердесімен, экрандармен, бір рет пайдаланылатын резеңке немесе латекс қолғаптармен жүзеге асырылады;
2) жұмыс орнында темекі шегуге және тамақ ішуге жол берілмейді;
3) жұмыс арнайы киімде жүзеге асырылады;
4) шкафтарда жеке және арнайы киімдер бөлек сақталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет