«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж



бет1/74
Дата08.05.2024
өлшемі360.5 Kb.
#500744
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
307 ЭПИД СЕССИЯ


«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эпидемиология» пәнінен емтихан сұрақтары 2022ж.
1. Алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар. Эпидемияға қарсы жұмысты ұйымдастыру негіздері.
Эпидемияға қарсы шаралар (ЭҚШ)- эпидемиялық ошақ пайда болған жағдайда, ошақты жою мақсатында жүргізіледі.
Алдын алу шаралар - жұқпалы аурулар болмаған жағдайда, профилактикалық мақсатта жүргізіледі.
Эпидемияға қарсы шаралар 3 звеноға қарсы жүргізіледі:

  1. Инфекция қоздырғышының көзі - клиникалык-диагноз қою, оңашалау, емдеу және тәртіп-шектеулік (обсервация, карантин)

  2. Берілу механизмі - санитарлық-гигиеналық, дезинфекциялык, дезинсекциялык, дератизациялық және стерилизациялык.

  3. Организмнің қабылдаушылығы - иммундык алдын алу және иммундық түзету, жедел алдын алу

Эпидемияға қарсы шаралар 2-ге бөлінеді:

  • Диспозициондық шаралар - бұл 3-ші звеноға қатысты шаралар, яғни қабылдағыш организмге. Бұл зақымдалғаннан (жұқтырғаннан) кейін ауруды ескерту.

  • Экспозициондық шаралар - 1-ші және 2-ші звеноға қатысты шаралар, яғни инфекция коздырғышының көзі мен берілу механизміне . Олар адамдардың жұқтырып алмауын ескерту мақсатында жүргізіледі.

Эпидемияға қарсы жұмысты ұйымдастыру негіздері.






2. Оба. Обаның табиғи ошақтары. Клиникалық жіктелісі. Зертханалық диагностикалау. Алдын алу. ЭҚШ.
Оба (лат. pestіs – кенеттен басып кіру) Iersinia pestis қоздыратын, трансмиссивті механизммен берілетін, жоғары қызбамен, айқын уланумен, лимфа түйіндердің, өкпенің және басқа ағзалардың геморрагиялық - некрозды қабынуымен сипатталатын аса қауіпті, табиғи ошақты жедел жұқпалы ауру
Адамдар обаны келесі жолдармен жұқтырады:
1. трансмиссивті – бүрге, немесе кенелер арқылы;
2. жанасу – ауру жануарларды бауыздап сойғанда, терімен жұмыс істегенде, етін бөлшектегенде;
3. алиментарлы – ауру жануарлардың шикі немесе піспеген етін, немесе жануарлардың зәрімен, нәжісімен заладанған су, тағам арқылы;
4. аэрогенді – ауа-шаңды (заладанған шаң арқылы).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет