«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің №43 Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі кмм»



бет1/8
Дата04.11.2023
өлшемі483.14 Kb.
#482350
  1   2   3   4   5   6   7   8
Бесіктің пайдасы Ғылыми жоба (1)




«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданы білім бөлімінің
43 Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі КММ»


Ғылыми жоба


Жұмыстың тақырыбы:
Бесік-денсаулық негізі!
Бағыты: Әдебиет
Секциясы: Этномәдениет


Орындаушы: Рысбай Аяла Мадиярқызы, 4 «А» сынып
Жұмыстың жетекшісі: Куттибекова Кулжахан Нұрматқызы, Бастауыш сынып мұғалімі
Қордай 2023 жыл
Мазмұны
Аннотация
І Кіріспе бөлім
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Бесіктің жасалуы
2.2. Бесіктің түрлері
2.3 Бесіктің денсаулыққа пайдасы
2.4. Дәрігерлер кеңесі
IIІ Зерттеу бөлімі
3.1.Әжелермен сұхбат………………………………………………
3.2.Жас аналарға сауалнама…………………………………
3.3. Дәрігермен бесік туралы ой бөлісу…………………………
3.4. Зерттеу жұмысымның нәтижиесі
ІV Қорытынды
V Ұсыныс
VI Қолданылған әдебиеттер
Пікір
Бақылау күнделігі


Аннотация


Тақырыбы: Бесік-денсаулық негізі!
Зерттеу жұмысын алу себебім: Мені бесікке бөлеген, бірақ жанымдағы достарымның көбісі бесікте жатпағанын айтады. Достарымның жауаптары мені ойландырды. Бесіктің пайдасы да, зияны да бар ма?- деген ой келді. Сондықтан нақты мәліметтер жинақтап, зерттеу жасауды жөн көрдім.
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі кезде көп аналар сәбиді бесікке бөлемейді. Бесіктің бала денсаулығына ұшан теңіз пайдасы барын білмей жатса, кейбір аналар оның бала денсулығына, физиологиялық дамуына кері әсері барын айтады. Бірақ ата-бабамыздың сонау ерте заманнан бізге дейін жалғасып келе жатқан ұлттық құндылықтарымызды, қасиетті, киелі саналған бұйымымыз неге жалғасын таппауы керек.
Зерттеудің мақсаты: Бесіктің қасиетті, киелі мүлік екенін анықтау, оның зиянсыз, бала денсаулығына орасан зор пайдасы барын ашып көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет