Сабақтың тақырыбы: «Құлын, қозы, лақ»



Дата16.06.2016
өлшемі124 Kb.
#139304
түріСабақ
Тіл дамыту
«Құлын, қозы, лақ»

Сабақтың тақырыбы: «Құлын, қозы, лақ».
Сабақтың мақсаты:

Балаларды үй жануарларымен, оларды бір-бірінен ажыратып, төлдерін атай білуге үйрету, үй жануарларының түр-түсін, олардың қандай пайдасы барын айтып түсіндіру, ойлау қабілеттерін арттыру және тіл байлықтарын жетілдіру.
Көрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері, ойыншықтар.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, көрсету, сұрақ, жауап түсіндіру, мадақтау, қорытындылау.
Сабақ жүрісі: Балаларды ұйымдастыру.

Қуан шаттан алақай,

Қуанатын күн келді

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң, қайырлы күн!
- Кәне, балалар шеңбер жасап тұрайықшы.

- Біз неге ұқсап тұрмыз?

- Күнге, айға, машинаның дөңгелегіне, допқа.

- Өте жақсы, дұрыс айтасыңдар.

- Енді бір-бірімізбен қолдарымызды ұстайық.

- Сендер алақандарыңмен нені сезініп тұрсыңдар?

- Жылулық сезініп тұрмыз.

- Өте жақсы. Ендеше балалар, бір-бірімізге бойымыздағы жылуымызбен бірге жақсы тілектер білдірейік.
- Еліміз аман болсын!

- Аспанымыз ашық болсын!

- Жеріміз көркейе берсін!

- Денсаулығымыз зор болсын!

- Әдепті бала болайық!

- Бәріміз дос болайық!

- Өте жақсы, бір-бірімізге жақсы-жақсы тілектер айттық, сендер өздеріңнің татулықтарыңды жақсы тілектер арқылы білдірдіңдер.

Кәне, жайлап, орындықтарымызға отырамыз.

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктем.

- Көктем айларын атайықшы?

- Наурыз, Сәуір, Мамыр.

- Көктемнің ерекшеліктерін айта кетейік.

- Көктемде күн жылынады. Жаңбыр жауады. Жер көгереді. Түрлі шөптер, гүлдер өседі. Жерге бәйшешектер шығады.
- Өте жақсы.
- Енді балалар, көктем туралы тақпақтарымызды айтайық.

Көктем қандай көңілді

Күміс жаңбыр төгілді

Мөлдір аспан ашылып

Күннің көзі көрінді.
- Өте жақсы. Енді тағы көктем туралы тақпақты кім айтады?
Әбдуәли: Бәйшешектен білеміз,

Көктем келіп қалғанын

Мәз боламыз, күлеміз,

Көрсек гүлін жарғанын.
Әлихан: Қара торғай келіпті,

Үйшік жасап берейін

Ағашқы күн көрікті,

Бәйшешекті терейін.
- Өте жақсы балалар.

- Енді барлығыңда маған қараңдар.

- Бүгін балалар, біз сабағымызда үй жануарлары туралы әңгімелейміз. Кәне, сендер қандай үй жануарларын білесіңдер ме?
- Түйе, сиыр, жылқы, қой, ешкі.

- Дұрыс айтасыңдар, балалар.

- Бұл жануарларды үйде ұстайтын болғандықтан үй жануарлары деп атаймыз. Барлығыңның үйлеріңде де сиыр, түйе, қой, ешкі, жылқы бар, солай ма?
-Иә.

-Кәне, кім үй жануарлары туралы тақпақ айтады?
Жайсын: Қошақаны қойдың

Қайда қалып қойдың

Томпиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың.
- Өте жақсы. Тағы кім білетін тақпағын айтады?
Әмірғали: Ботақаны нардың

Жарға неге бардың

Тілерсегің дірілдеп,

Секіре алмай қалдың.
- Өте жақсы, балалар.
- Енді мен сендерге жұмбақ жасырайын. Сендер соның жауабын айтыңдар.

Тастан тасқа секіреді,

Қалқиып қос құлағы

Ойын болып көкірегі

Аула оның тұрағы.

- Лақ.
Жұмбақты да шеше алады екенсіңдер.Жарайсыңдар.

Балалар, осы үй жануарларының пайдасы өте көп.

Бұл үй жануарларының сүтін ішеміз, ал түйенің, қойдың жүнінен киімдер тоқып киеміз. Бұл үй жануарларының адамға тигізер пайдасы көп екен. -Енді балалар, осы үй жануарларының төлдерін ажырата аламыз ба?
- Иә.
- Олай болса барлығымызда сабаққа жақсы қатысып, жауап беріп отырайық.
- Түйенің төлі.

- Бота.

- Барлығын жеке-жеке сұрау.

Балалардың жауаптары.
-Өте жақсы, балалар. Енді сендер шаршаған боларсыңдар, серігіту жаттығуын жасайық.

Орнымыздан тұрайық

Алақанды созайық

Бір отырып, бір тұрып

Тынығып бір алайық (2-рет).
- Енді, мен сендерге осы үй жануарларының төлдері «Құлын, лақ, қозы» деген әңгіме айтып беремін. Сендер мұқият тыңдап отырыңдар.

Бір күні көк алаңда құлын, қозы, лақ үшеуі кездесіп қалады. Олар бір-бірімен әңгімелесіп, ойын ойнамақшы болады.
Лақ айтады: Келіңдер үшеуміз тастан- тасқа секіріп ойнайықшы-дейді.
Қозы айтады: Жоқ, секіріп ойнаған қызық емес, одан сүзісіп ойнайықшы,-дейді.
Құлын айтады: Жоқ, мен келіспеймін одан да жүгіріп ойнайықшы-дейді.
Сөйтіп, құлын, қозы, лақ үшеуі ренжісіп, келісе алмай бет-бетімен кетіп қалады.
Бұл әңгімеде қандай үй жануарлары болды?
- Қозы, құлын, лақ.

- Лақ қалай ойнағанды жақсы көреді?

- Секіріп ойнағанды.

- Қозы қалай ойнағанды жақсы көреді?

- Қозы сүзісіп ойнағанды жақсы көреді.

- Құлын қалай ойнағанды жақсы көреді?

- Құлын жарысып ойнағанды жақсы көреді.

- Әңгімеде неше үй жануары болды?
- Үш.

- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Әңгімені жақсы түсінген екенсіңдер, үш үй жануары болды. Міне мынау қозы, құлын, лақ. Енді осы төлдердің дене мүшелерін атайық.

-Мынау не?

- Қозының көзі.

- Неше көзі бар? Құлағы нешеу?

- Екі көзі, екі құлағы бар.

- Ал осы үй жануарларының аяғы нешеу болады екен?

- Төрт аяғы болады.

- Енді осы төлдердің түстерін атайық.
- Қозының түсі қандай?

- Қара.

- Лақтың түсі қандай?

- Ақ.

- Құлынның түсі қандай?

- Қоңыр.

-Өте жақсы балалар. Түсті өте жақсы ажырата алады екенсіңдер. Енді казір балалар «Қай жануардың төлі» деген дидактикалық ойын ойнаймыз.

Балалар, мына жерге қараңдаршы төлдер жайылып жүр. Кәне, кім қосады? Ойынды, кім ойнағысы келеді?

Балалар ойынды ойнайды.

- Өте жақсы балалар. Балалар, біз бүгін қандай төлдермен таныстық?

- Құлын, қозы, лақ.

- Дене мүшелерін ата

- Екі құлағы, екі көзі, төрт аяғы т.б

- Пайдасы қандай екен?

-Сүтін ішеміз, жүнінен киім киеміз.

- Өте жақсы балалар, бүгін барлығыңда сабаққа жақсы қатыстыңдар.

Сабағымыз аяқталды.

Құлын


Лақ



Бұзау



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет