Жазушы Дүкенбай Досжаның «Алаң» шығармасының тілі


Нұрғалиева Майра Балтабекқызының 2004жылы жазылған «Тарихи романдардағы лексикалық синонимдер»



бет6/25
Дата13.10.2023
өлшемі0.68 Mb.
#480676
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
asem

Нұрғалиева Майра Балтабекқызының 2004жылы жазылған «Тарихи романдардағы лексикалық синонимдер» атты диссертациясының авторефератында синонимдердің басты белгісін көрсетеді. Синонимдердің негізгі басты белгісі-сөздердің бір ұғымды беру үшін мағыналық сәйкестіктерінің болуы. Егер синонимдер әр түрлі ұғымды білдірсе, ондай сөздерді синонимдік қатарға топтастыру мүмкін емес.Ал мағыналық реңкті синоним болудың негізгі шартты белгісі деп қабылдасақ, тілдегі синонимдердің бәрі бірдей экспрессивті реңк бере бермейді.
С.Ғ. Қанапина «Қазақ тіліндегі мақал- мәтелдердің танымдық бейнелігі » (Ғ. Мұстафин, С. Мұханов шығармалары негізінде ) оқулығында Ғалым Ф.Оразбаева сын есім синонимдерін тілде мынадай мақсаттар үшін қолданылатынын көрсетті:
1.Заттар мен құбылыстардың қасиеттерін жан-жақты дәлме-дәл түсіндіру үшін.
2.Қосымша эмоционалды-экспрессивтік мәнді білдіру үшін.
3.Бір сөзді ретсіз қайталамау үшін.
Синоним сөздердің мағыналық үндестігі оның басқа да белгілері мен ерекшеліктеріне негіз болады:
  • Синонимдердің лексикалық мағыналары ұқсас, сәйкес болады.
  • Синонимдік қатарға енетін сөздер бір ұғымды білдіреді.
  • Өзара синоним сөздер бір сөз тобына жатады.
  • Синонимдер бір-бірінен эмоционалдық реңк пен экспрессивтік мәндер арқылы ажыратылады.

Нұрғалиева Майра Балтабекқызының 2004жылы жазылған «Тарихи романдардағы лексикалық синонимдер» атты диссертациясының авторефератында мынандай мысал берілген:Тілдегі синонимдердің қалыптасуы – заттар мен құбылыстардың жаңадан танылған қасиеттеріне байланысты пайда бола келіп, ең алдымен, тілдегі сөздердің мағыналық дамуымен тікелей ұштасып жатады.
Мысалы, қазақ тілінде әйелдердің әдемі, ұзын шашын бейнелейтін қолаң деген сын есім бар. Қолаң сөзінің бұл сындық мағынасы – кейіннен пайда болған мағына. Ертеректе қолаң сөзі оның фонетикалық варианттары мынадай: қолаң, қолоң, холун, қулан, белдік, белбеулік қайыс, таспа дегенді білдіреді. Мысалы, М.Қашқари сөздігінде «қолаң ұзын таспа, я таспалық қайыс деген мағынада қолданылған. Ал, қолаң аты деп әдемі әшекейленген, аттың төс айылынан бастап созылған таспаны атаған.
Қорыта айтқанда, жазушы Д. Досжанның «Алаң» шығармасы тілін талдау барысында 28 синоним теріліп, мағынасы ашылып талдауға түсті. Соның ішінде 14-і мағыналық синонимдер, 11-і стильдік синонимдер, 3-і мағыналық-стильдік синонимдер.
Мысалы
  • Зубченко өз-өзінен масаттанып көңілі көтеріліп мұртынан күлді,жоғарғы лауазым иесі,бастығы Князевка телефон арқылы рапорт берді.

  • (“Алаң ”, 43-бет)


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет