Жұбаева О. ҚАзақ тілінің когнитивті грамматикасы


Бел – күш-қуаттың орталығы: белі жуан, бел ағаш, белкүрек; беломыртқа. Қабырға



бет3/85
Дата23.06.2022
өлшемі1.82 Mb.
#459438
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Жұбаева монография
Авакова фразеосемантика, символдар Анесовой У.
Бел – күш-қуаттың орталығы: белі жуан, бел ағаш, белкүрек; беломыртқа.
Қабырға – қорғаныштың белгісі: үйдің қабырғасы, қабырғасын сындырды.
Жүрек, іш – сезім-күйдің, эмоциялық күйдің орталығы: жүрегі сыздады, жаны ауырды, жүрегі атша тулады, іші қазандай қайнады, іші толды, іші ашыды, ішінен күлді т.б.
Аяқ-қол – іс-әрекеттің орталығы: қол ұшын берді, қол ұшын қимылдатпады, аяғын аттап баспады, аяқжетер (жер), қолсозым (жер), қолы қалтырады т.б.
Мұрын – жағымсыз әрекеттің бейнесі: мұрнын шүйірді, мұрнын көкке көтерді, мұрнына иіс бармайды т.б.
Мұрын – бейақиқат дүниенің мифологиялық танымға байланысты картинасын жасауға қатысады. Мифологиялық таным бойынша мұрын жанның денеге кіретін жолы, «жанның денеден шығатын жолы» мысалы, жаны мұрнының ұшына келді, жаны мұрнының ұшына таялды.
Көз – ақпарат алудың орталығы: құлақпен естігеннен, көзбен көрген артық; мың рет естігенше, бір рет көр.
Көз – сезім күйді сыртқа білдірудің тәсілі: көзі бал-бұл жанды, көзі шарасынан шықты, көзі күлім қақты.
Көз – тылсым күшпен байланыстырушы: көз тиді, тіл-көзден аман бол т.б.
Тіл – ақпарат алысу-берісудің орталығы: тілі байланды, бас кессе де тіл кеспек жоқ; тіземнен сүріндірсең де, тілімнен сүріндірме.
Тіл – тылсым күшпен байланыстырушы: тіл тиді, тіл-аузым тасқа, тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады [7, 52-53-б.].
Адам психикалық ерекшеліктеріне, басқа адамдармен қарым-қатынас жасауына байланысты психологияда зерттелсе, әлеуметтік ерекшеліктері, қоғамдық қызметіне байланысты әлеуметтануда, сондай-ақ философияда да сөз болады. Тілді антропоцентристік бағытта зерттеуде тілді сол тілдің иесі болып табылатын адаммен, ақыл-ойымен, парасатымен, дүниетанымымен, ұлттық мәдениетімен байланыстыра зерттеу қажеттігі [8, 6-7-б.] көрінеді. Бұл бағыттағы еңбектерге Н.Мұсаева [9], Г.Нұрышева [10], Б.Садуов [11], Б.Боқаев [12], Г.Әбдірәсілова [13], Қ.Ашекеева [14], Б.Қалыбекова [15], Қ.Халықов [16], Х.Мұстафа [17] т.с.с. зерттеуші-ғалымдардың философияға қатысты зерттеулерін жатқызуға болады.
Әр халық өзіндік ғалам бейнесін түзеді, әр халықтың ғаламның ұлттық бейнесі түрліше болады. Ғаламның тілдік бейнесі әмбебап әрі ұлттық сипатқа ие. Ғаламның ұлттық бейнесі тілдің ұлттық ерекшелігі ретінде лексикада көрініс табады. Тілде халықтың ұлттық ерекшелігі, қоғамдық орны, тарихы – ғалам туралы білімі көрініс тауып, түрленеді. Сол себепті мәдениет пен тіл халықтың ділімен, дүниетанымымен тығыз байланысты. Тіл ұлттық діл ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді.
Белгілі бір этнотілдік қауымдастықтың мәдениеті, білімі мен тәжірибесі тілде көрініп, ділін қалыптастырады. Білім қоры тіл семантикасында көрініс тауып, белгілі бір тілдік ұжымның ұлттық, мәдени мәдени тәжірибесін көрсетеді. Сол себепті ғаламның тілдік бейнесінен дүниетанымның ұлттық ерекшеліктері көрінеді. Ғаламның тілдік бейнесін қалыптастыруда лексиканың орны ерекше, тілдің сөздік қорында ұлттық дүниетаным көрініс табады. Өзара мағыналас сөздер ұлттық, мәдени факторларға байланысты жекелеген тілдерде қосымша мәндерге ие болады. Қазақ дүниетанымында ақ түс жақсылықтың, мейірім-шуақ, адамдықтың, пәктіктің белгісі болса, қара түс жамандық, қайғы нышаны ретінде сипатталады. Орыс дүниетанымында көк көз әдемі көздерді бейнелеу үшін қолданылса, қазақ дүниетанымында – сүйкімсіз (көзі көкшиген, шегір көз, көзі тұздай), жағымсыз мәнде қолданылады. Яғни екі тілде де бірдей реңкті сипаттағанмен, ұлттық ерекшеліктеріне байланысты жекелеген сөздер қосымша мәндерге ие болады. Түс атауларының концептуалдану ерекшеліктері, когнитивті сипаты туралы Н.Аитова [18], Ш.Жарқынбекова [19] еңбектерінде жан-жақты сөз болған.
Мәдениет өнімі ретінде тіл мәдениеттің маңызды бөлігі, мәдени кодтарды қалыптастырушы фактор болып табылады. Тіл қоршаған орта туралы әсерді білдірумен қатар халықтың зерттеушілік, ізденістік ойларын да сақтайды, яғни тілде халықтың этномәдени, ұжымдық санасында қалыптасқан ғалам бейнесі көрініс табады.
Н.Уәли тіл мен мәдениеттің төмендегідей ортақ белгілерін көрсетеді:
- мәдениет те тіл сияқты, адамның дүниетанымын бейнелейтін сананың формасы болып табылады;
- мәдениет пен тіл өзара қарым-қатынаста (диалогте) болады; тілсіз мәдениет жоқ, мәдениетсіз тіл жоқ;
- мәдениет пен тілдің субъектісі – индивид, социум, жеке тұлға, қоғам;
- мәдениетке де, тілге де нормалық тән;
- тарихилық – мәдениет пен тілдің мәнді қасиеттерінің бірі [7, 50-б.].
Ұлттық мәдениеттің семантикалық жүйесі, негізгі коды – этникалық тіл болып табылады. Тілдік этномәдени кеңістікке енетін нәрсенің бәрінің де атауы бар. Сол арқылы білім тасымалданады. Тілді зерттеу арқылы белгілі бір мәдениет өкілінің этнотілдік санасының ішкі әлемін көріп, түсінуге болады. Мәселен, қазақ тілін меңгерген, қазақ салтын, дүниетанымын жан-жақты білетін адам үшін ашамайдың қазақ тұрмысындағы орны ерекше. Ашамай сөзінің мәні «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» былайша түсіндірілген:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет