Алғашқы медициналық көмек:
ҰЗАҚ ЖАНШЫЛУ СИНДРОМЫ
Ұзақ қысылу синдромы (краш синдромы)- аяқ-қолдың ұзақ уақыт бойы ауыр заттың астында қысылып қалуы салдарынан болатын жұмсақ тіндер қандандырудың бұзылуы (ишемия), токсикоз, гиперкалиемия және бүйрек жетіспеушілігімен сипатталады. Жер сілкінісінен зардап шеккен, шахта үйіндісі астында қалғандарда кездеседі.
Этиологиясы:
Жер сілкінісі және табиғи апаттар кезіндегі жаншылып қалу;
Авиациялық қақтығыстар, автоқақтығыстар;
Оқ қарулық соққылар салдарынан қирандылар астында қалу;
Жоғарыда айтылған жағдайлардың салдары 2-3 сағаттан асса 8-23,5% ҰЖС орын алады. Ал дер кезінде көрсетілмеген медициналық көмектен 85-90% жағдайда өлім туындайды.
Классификациясы:
Ұзақ жаншылу синдромының дамуы негізгі үш кезеңнен тұрады:
І кезең – ерте кезең;
ІІ кезең – 4 күннен 8 күнге дейін созылады;
ІІІ кезең – қалыптасу, сауығу кезеңі.
І кезең – ерте кезең, қысылудан босатқаннан кейін 24 – 48 сағат өткен соң басталады.
Бұл кезде шоктың сипатты белгілері бар, бүйрек қызметі бұзылуының алғашқы клиникалық көріңістері байқалады. Содан соң 1 – 2 күнге созылған «сауығу» байқалады.
ІІ кезең – 4 күннен 8 күнге дейін созылады. Бұл кезде жедел бүйрек жетімсіздігі басаталады. Көбінесе науқастың жедел бүйрек жетікіліксіздігінен (ЖБЖ) өліп кетуі жиі кездеседі. І – кезеңдегідей «сауығу» байқалмайды. Тек қана сауығудың байқалуы шоққа қарсы жетілдірілген жүйелі емді қолдануға байланысты кездеседі. Бірақ 4 –5 күннен кейін жедел бүйрек жетімсіздігі басталып, науқастар ауыр халде болып, кейде тосынан өліп кетеді.
ІІІ кезең – қалыптасу, сауығу кезеңі. Кейбір жағдайда 3 аптадан соң жүргізілген емнің тиімді әсеріне, денедегі үрдістердің қалыпты жағдайға келуіне байланысты сауығу кезеңі басталады. Бұл кезеңде сырқаттың жалпы көріністеріне қарағанда жергілікті белгілері басым болады. Бүйрек жеткіліксіздігі басылып, жергілікті қысылған, жаншылған тіндер сырқаты бірінші кезекке шығады. Салдану (паралич), буын, бұлшық ет контрактурасы, қоректік бұзылыстардан (трофикалық) жаралар байқалады.
Ауырлық дәрежесі бойынша:
Ұзақ жаншылу синдромының жеңіл түрі. Бұл аяқ-қолдың бөліктері 4 сағат немесе одан аз уақыт ішінде жаншылған кезде пайда болады.
Ұзақ жаншылу синдромының орташа ауыр түрі. 4-6 сағат ішінде бір аяқтың немесе қолдың жаншылуы нәтижесінде дамиды. Алғашқы көмектің дер кезінде және емдеудің уақтылы басталуымен болжам қолайлы.
Ұзақ жаншылу синдромының ауыр түрі. Бұл бір аяқтың немесе қолдың 6-8 сағат бойы жаншылуы кезде пайда болады. Ол гемодинамикалық бұзылулармен және жедел бүйрек жеткіліксіздігімен бірге жүреді. Алғашқы көмектің дер кезінде және емдеудің уақтылы басталуымен болжам салыстырмалы түрде қолайлы (-сурет).
Ұзақ жаншылу синдромының өте ауыр түрі. Ол 6 немесе одан да көп сағат ішінде екі немесе одан да көп аяқ-қолдың жаншылуы нәтижесінде дамиды. Ауыр соққымен бірге жүреді. Болжам қолайсыз.
Достарыңызбен бөлісу: |