77
Сорап цилиндрлері.
Цилиндр қысқа (0,3 м) болат немесе шойыннан жасалатын төлкеден
жиналады, төлке арнайы түзеткіште қапталған (кожух) салынып, жəне
бүйірімен муфта қапталымен қысылады. НГН-1 сораптарында төлке саны
2-ден 7-ге дейін болса, бұл плунжер жүрісін 0,9 м дейін қамтамасыз етеді.
Төлке саны НГН-2 сораптарында 6 – 24 дейін жəне НГВ-1 сораптарында 9
– 27 дейін болса, плунжердің 6 м-ге дейінгі жүрісін қамтамасыз етеді.
Кейбір жағдайларда қысқа жүрісті сораптардың
цилиндрлері ішкі беті
тегіс өңделген, тұтас болаттан жасалатын құбырдан жасалады.
Тұтас ұзын цилиндрді жасап шығару техникалық жағынан қиын,
себебі бұл кезде қажетті дəлдікті ұстау іске аспайды.
Конструкция
жағынан салынатын сораптар салынбайтын сораптармен салыстырғанда
біршама күрделі.
Барлық сораптар плунжер мен цилиндрдің
аралығындағы қуыс
өлшемі бойынша отырғызудың үш тобына бөлінеді:
Отырғызу тобы I
II
III
Қуыс, мкм 20—70
70—120 120—170
ІІІ топтағы отырғызу сораптары негізінен терең емес ұңғымаларға,
яғни тұтқыр, өнімділігі жоғары сұйықтарды айдауда қолданылады. ІІ
топтағы отырғызу сораптары негізінен орташа тереңдіктегі ұңғымаларға,
яғни майлылы сұйықтарды айдауда қолданылады. І
топтағы отырғызу
сораптары негізінен терең ұңғымаларға,
яғни майлы, құрамында құм
кездеспейтін сұйықтарды айдауда қолданылады.
Сорап плунжерлері.
Плунжерлер ұзындығы 1,2 м болатын
стандартты ұзындықтағы
болат құбырдан жасалады. Сыртқы беті – хромдалып жылтыратылған.
Плунжерлер тегіс (4.6-сурет, а), айналмалы жырасы бар (4.6-сурет,
б), винтті жырасы бар (4.6-сурет, в) жəне «пескобрей» (4.6-сурет, г)
түріндегі.
Осыдан бөлек, НГН-2Р сораптарында қолданылатын үш жəне төрт
резиналық сақиналары бар армирленген плунжерлерде болады,
мұндағы
НГН – 2Р - салынбайтын 2 түріндегі плунжерлі, (Р) резиналы сақинасы бар
тереңдік сорап.
Егер сораптың цилиндрі төлкесіз, ал
плунжер сақиналы резина
болса, онда шифрге Б əріпі қосылады, мысалы, НГН-1РБ (Б əріпі
втулкасыз дегенді білдіреді).