Немересі: - Мә, ата, сонда оны жазықсыздан жазықсыз кінәлаған екен ғой
Ата: - Иә, балам.
Көрініс: Соңғы хат.
Сахнаның бір шетінде Қайраттың інісі анасына Қайраттан хат келгенін жүгіріп кеп хабарлайды. Анасы сол хатты асыға оқуға кіріседі. Осы кезде сахнаның екінші шетінен Екі күзетші келіп Қайратты атуға алып кетеді
Қайрат: "... Иә, мен сіздерден еш жасырмаймын, мен 1986 жылы 18 желтоқсанда алаңға бардым... Тек қана ол жерге барған себебім, бар мақсатым, біріншіден, ол жерде не болып, не істеп, не қойып жатқанын өз басым, көзіммен көру болды. Екіншіден, алаңда қазақтың уыздай жас қыздарын ұрып – соғып, өлтіріп жатыр дегенді елден естіген соң, өз басым қолымды жайып"күл болмасаң, бүл бол" деп отыруға еркектік ар - намысым жетпеді. Ер қатарында, ер қара боп саны бар, сапасы жоқ боп, ербеңдеп жүрген намыссыз еркек мен емеспін; құдайға шүкіршілік, кеудемде нағыз ерге лайық намыс баршылық. Оның үстіне "Қыздың жолы жіңішке" деген. Менің түсінігімше, әйел адамдарға ер адамдар тұрмақ, аң екеш аңдардың – хайуандардың еркегі де – ұрғашысына мүйіз болмаса тұяқ көтермейді. Ал, біз бәріміз де аң емес, адамзаттың ұлы – адамбыз... Міне, қысқаша айтқанда осындай түсінікпен, әйел затына ер болып, өз қол ұшымды беріп көмектесуге, оларды арашалап – қорғау үшін барғаным рас. Сол жерде қолымнан келгенімше бар көмегімді бергенімде рас. Ол үшін әлі күнге дейін өкінбеймін, керісінше үлкен мақтан тұтамын. Бірақ та бір құдай өзі куә, адам баласын өлтіргенім жоқ. Мұндай айуандық жасаудың өзі, сор маңдай сенің қолымнан келмейді. Еш уақытта, ешқашанда. Ал, әйел затына айуандықпен қол көтеріп, шашынан тартып, көкпарша сүйрегені үшін бір милицияны ұрып - жыққаным рас. Ол адам күні бүгінге дейін аман - есен, зыр жүгіріп жүр. Өз қолыммен жасаған бір теріс қылық, бар қылмысым осы ғана...»
Өкініш
Әкетай – ау, пайғамбардай жасың бар,
Туа бермес Сіз секілді асылдар.
Қартайғанда жүрегіңді қаралап,
Кесір болды - ау біз секілді масылдар!
Айналайын ағалар мен жеңгелер,
Сіздерге кім бұл өмірде тең келер?
Сүмірейіп сот залында отырған
Бауырыңды енді кімдер ескерер?
Айналайын қарындасым, қарағым,
Қолда кісен мен айдауға барамын.
Қайғы жетіп азап тартқан ағаңды
Айтшы, жаным, қандай жанға баладың?
Айналайын інішегім, құлыным,
Сені ойласам үзіледі жұлыным.
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай
Кетіп барам мен айдауға құлыным!
Ақтық сөз
Елбең - елбең жүгірген,
Күнәдан таза басым бар,
Ебелек отқа семірген,
Жиырма бірде жасым бар,
Арғымақ мінген жаратып
Қасқалдақтай қаным бар,
Ақ сауыт киген темірден.
Бозторғайдай жаным бар,
Алатаудай бабалар,
Алам десең алыңдар!
Әруағыңмен жебей гөр!
Қайрат деген атым бар,
Осы айтылған ақтық сөз,
Қазақ деген затым бар.
Туың болсын әрдайым.
«Еркек тоқты құрбандық»
Мойныма алып жаланы
Алам десең алыңдар
Мен болайын құрбаның.
6 - оқушы:
Таң қалады тергеуші де бел кетіп,
Неткен қайтпас, біз мұндайды көрмедік!!!
Барлық қазақ осындай ма.? білмедім,
Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не ерлік?...
Барлық қазақ осындай, бар қанында,
Сол ерлікпен ұстаған, сар даламды,
Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де,
Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!...
Сол атаның ұрпағы мына менмін,
Есте ұста ей жендет, көрмегенің,
Мен қазақпын қорықпан, өлімнен де,
Табан асты, ол туған жерім менің.
Бір тамшы жас, алмай қара көзіне,
Халқы үшін жауаптығын сезіне,
Жас қазағым, қиындықтан тайсалмай,
Әркездері, жұптап тұрды сөзін де;
Қайрат атты атым бар, 21 - де жасым бар,
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!!!
(Барі жайлап шығып кетеді, қабір басында тек Анасы қалады, «Көңіл толқыны» күйі жәймен орындалып,) Сахна сыртынан Қайраттың рухы:
Достарыңызбен бөлісу: |