«Жеміс-көкөніс шаруашылығы, химия және өсімдік қорғау» кафедрасы


Сағақтарымен  бірге  ашытылған  езінді



Pdf көрінісі
бет38/176
Дата02.01.2022
өлшемі1.62 Mb.
#453664
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   176
Tagibaev Sharap-negizderi

Сағақтарымен  бірге  ашытылған  езінді  Грузияда  ғана  жергілікті 
технология  бойынша  кахетиндік  асханалық  шараптарын  шығаруда  қолда-
нылады.  
Жүзімнің  тұтас  шоқтарын  ашыту.  Францияның  кішкене  ғана  шаруа-
шылықтарында,  Медок  аудандарында,  Бургундия,  Божоледе  қабылданған. 
Сыйымдылықтарды  тұтас  қызыл  сортты  жүзімдермен  толтырады  және 
олардың ішкі  жасушалы  ашытылуымен байланысты  көмірдиоксидты  атмос-
ферада  жидектердің    мацерациялануы  өтеді.  Фланзидің  деректеріне  сәйкес, 
осы  технология  бойынша  дайындалған  қызыл  асханалық  шараптары  өте 
ашық  түске,  жағымды  ароматқа  және  жүмсақ  (бархатты)  дәмге  ие  болады, 
олар ұсталғаннан кейін одан да жақсы болады. 
Қызыл  сортты  жүзімдерді  көмірқышқылды  мацерациялау  әдісі,  ұнтақ-
талмаған тұтас шоқтармен толтырылған чандарды босатудың технологиялық 
шешімдері  табылғаннан  кейін  перспективаға  ие  болады.  50-600  С-қа  дейін 
мезганы қыздыру - термовинификациялау атымен белгілі мезганы экстрагир-
леудегі  тиімді  тәсіл,  кагор  және  қызыл  десертті  шараптар  алуда  кеңінен 
қолданылады.  Бірақ  70-ші  жылдары    термовинификациялаудың  көмегімен 
Италияда,  Францияда  қызыл  асханалық  шараптарын  жаппай  шығару 
ұйымдастырылды.  Бұл  әдіс  өзін  іріктеуге  келмейтін,  жидектердің  жарты 
бөлігі ауруларға әкеп соққан жүзімдерді өңдеуде де жақсы жағынан көрсетті. 
Сульфитацияланумен бірге мезганы 65-700 С-қа дейін қыздыру ұсынылады.  
Соңғы жылдары өздігінен ағып бөлінген суслоны керекті температураға 
дейін  қыздырып,  оны  сорғылған  мезгаға  қайта  жіберіп  жүзімді  термови-
нификациялау  технологиясының  схемасы  ұсынылған.  Ыстық  сусломен 
мезганы экстрагирлеу бүгінгі күні өзінің технологиялық орындалу жайлылы-
ғымен кеңінен тараған.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   176




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет