және жануарлар дүниесін зерттейтін зооллогия (zoon — жануар). Зоология озі кезегінде бip



бет5/91
Дата30.11.2022
өлшемі3.9 Mb.
#466156
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
МОРФ КИТАПП

АНАТОМИЯНЫҢ, ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Өлекселерді зерттеуде кеңінен қолданылатын, көне заманнан бері қалыптасқан әдіс — іреп сою, кесу. Бұл әдістің нeriзi — өткір пы- шақтың немесе қандауырдың көмегімен арнаулы ертіндлерде сақталған (бекітілген) жануарлар елекселерін бөлшектеп, кeciп, ipeп сою арқылы зерттеу.
Бекіту әдісіi (фиксация). Өлекселерді сақтау үшін қолданылады. Бекітy үшін формалин, спирт және басқа да кұрамы әр түрлі күрделі ерітінділер пайдаланылады. Бекіту нәтижесінде өлексе клеткалары ішіндегі ферменттер бейтарапталынады және қоршаған сыртқы орта микробтарының тіршілігіне жол берілмейді.
Тоңазытылған өлексені аралап кесу әдісі — дененің белгілі бip аумағында орналасқан мүшелердің арақатынастары мен орналасу орындарын анықтау үшін топографиялык анатомияда қолданылады.
Құйып толтыру (инъекция) әдісі — қуысты түтікше мүшeлepдi зерттеу үшін пайдаланылады. Қатаятын боялған сұйық заттарды мүше қуысына құйып толтырып, қатканнан соң олардың тармақталу, орналасу заңдылыктарын тексереді.
Бұзу (коррозия) әдісі. Қатаятын сұйык заттарды мүше қуыстарына толтырғаннан соң, олардың сыртындағы жұмсақ тканьдерін қышқыл немесе сілтіi ертіндіерімен ерітіп жібереді.
Жидіту (мацерация) әдісі. Бұл әдіс арқылы сүйек препараттары, қаңқалар дайындалады. Ол үшін жұмсақ тканьдер жылы суда шірітіліп жидітіледі.
Мөлдірлендіру әдісі. Қан тамырлары мен қуысты мүшелерді бо- ялған затпен толтырып, сыртындағы жұмсак тканьдерге, мысалы ет- терге арнаулы ертінділерді енгізе отырып мөлдірлендіреді де, қуысты мүшелердің, қан тамырларының таралу, тармақталу жолдарын зерт- тейді.
Авторадиографикалык әдіс — радиоактивті изотоптардың көмегімен арнаулы аспап арқылы мүшелердің даму кезеңдерін тексереді.
Рентгенологиялық әдіс . Басқа әдістерден артықшылығы — тipi организм мүшелерінің кұрылысын зерттеуге мумкіндік береді. Рентген сәулелерінің көмегімен мүшелерді арнаулы экрандарға түсіріп зерттеуді— рентгеноскопиялық, ал рентген суреттеріне түcipy арқылы тексеруді — рентгенографиялық әдіс дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет