Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


тарау. Ұңғылау - қазып алу комбайндарымен кешенді түрде бірге қолданылатын электр жетекті өздігінен жүру вагондары



бет14/25
Дата24.02.2016
өлшемі2.44 Mb.
#14056
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25

3 тарау. Ұңғылау - қазып алу комбайндарымен кешенді түрде бірге қолданылатын электр жетекті өздігінен жүру вагондары
1032. Жерасты жағдайындағы жұмыстарға арналған электрлі өздігінен жүру вагондарының әрбір типі үшін, дайындаушы - зауыттар жобалау-конструкторлық ұйымдармен бірлесе отырып, келесі мәліметтерді көрсетеді:

1) машинаның техникалық пайдаланылу ережелері, оның ішінде жүріс жолы мен жұмыс уақытына байланысты профилактикалық қарауларды, ағымдағы және толықтай жөндеулерді жүргізу тәртібі мен уақыттары;

2) жұмыстың ең жоғарғы дәрежедегі сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жетектерді бақылау мен реттеу ережелері;

3) двигательге берілетін максимальді жүктеме шамасы.

Аптасына кемінде бір рет телім механигі немесе оның жазбаша түрдегі тапсыруы бойынша басқа адам (біліктілігі жеткілікті) телімде жұмыс істейтін әрбір вагонның техникалық жағдайын тексереді.

Тексеру нәтижелері журналға жазылады.

1033. Шетелдік өздігінен жүру вагондары үшін оларды қайта жабдықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда осы Ереженің талаптарынан шегінуге рұқсат етіледі. Мұндайда әрбір жекелеген жағдайлар уәкілетті органмен келісіледі.

1034. Вагонды техникалық қараудан өткізуге, оның ақауларын жою мен тазалауға, жұмысқа дайындауға байланысты жұмыстарды орындау тек қана электр тогынан ажыратылған күйде рұқсат етіледі.

1035. Өздігінен жүру вагондарын қолдану, вагонның габариттік шамаларынан ені бойынша 400 мм кем болмайтын шамаға асатын (әрбір жағынан 200 мм) қазбаларда ғана рұқсат етіледі. Мұндай қазбаларда вагонның жұмысына қатысты емес жұмысшылардың болуы мен жүруіне тиым салынады. Қазбаның төбесі мен вагонның (жүктің) ең шығыңқы тұстары арасындағы қашықтық 300 мм кем болмайды.

1036. Жүк тиелген вагонның, төменгі жағынан ені 3 - тен 3,8 м – ге дейін болатын қазба ішінде қозғалыс жылдамдығы 7 км/сағ аспайды, бос вагон үшін – 8 км/сағ.

Төменгі жағынан ені 3,8 м асатын қазбаларда жүк тиелген немесе бос вагонның қозғалыс жылдамдығы төлқұжаттық шамаларға сәйкес келеді.

Қозғалыс жылдамдығына бақылау жүргізу үшін вагондарда жылдамдық өлшеу құрылғылары орнатылады.

Жолдың айналымды жерлерінен өту кезінде вагонның қозғалыс жылдамдығы 3 км/сағ аспайды.

1037. Өздігінен жүріс вагондарының қозғалысы болатын қазбаларда адамдардың жүруіне рұқсат етілуі үшін, вагон габариті мен қазбаның қабығасы (төбесі) арасындағы адамдардың өтуі үшін қалатын кеңістік 1,2 м кем болмайды және бос орынға қарама - қарсы орналасқан жағынан 0,5 м болады. Бұл кезде қазбаның адамдардың өтуіне арналған бөлігі анықталып шектеледі.

1038. Өздігінен жүріс вагондарының, төменгі жағынан ені 3,8 м – ден кем болатын қазбалардағы жұмысы кезінде, вагонның қозғалыс маршруты аясында адамдардың жүруіне тыйым салынады.

Бұл жағдайда вагонның қозғалыс жолына әкелетін барлық мүмкін болатын кіру орындары «Кіруге тыйым салынады» деген жарықтандырылған табломен немесе жарықтандырылған тыйым салу белгісімен жабдықталады. Жарықтандырылған таблоны немесе белгіні тек қана вагонның машинисті сөндіреді.

1039. Өздігінен жүріс вагонының қозғалыс маршруты аясында жүрген адамдардың, ені 3,8 м кем болатын қазбаларға кіруіне (шығуына), тек қана маршруттың ең соңғы пунктінен рұқсат етіледі, бұл кезде өздігінен жүріс вагоны осы пунктте болуы керек және вагон машинистімен келісіледі. Бұл жағдайда вагон тоқтап, вагон қозғалатын жолда адамдардың болмауы туралы белгі берілгеннен кейін ғана қозғалыс қайта басталады.

1040. Өздігінен жүріс вагонының машинистіне қозғалатын жолда адамдардың болмауы туралы белгі беру үшін жолдың ең соңғы пункттері екі жақты жарықтық сигнализациямен жабдықталады.

1041. Қазбалардың адамдар өтетін бос орындарында өздігінен жүру вагондарын қалдыруға болмайды.

1042. Сигнал беру түймешелері жолдың ең соңғы пункттерінен 5 м аспайтын қашықтықта орнатылады.

1043. Өздігінен жүріс вагондарының тасымалданатын немесе стационар тиеуші - бункерлермен кешенді түрде жұмысы кезінде қайта тиеу орындарына жақындау кезінде вагонның қозғалыс жылдамдығы 5 км/сағ аспайды.

1044. Электрлі өздігінен жүріс вагондарын пайдалану кезінде жұмыстың басталуы алдында келесі тексерістер жүргізіледі:

1) кернеу беру кабелінің ақаусыз болуын тексеру (жерлестіру мен кабельдің вагонға бекітілуі). Өздігінен жүріс вагонының жұмыс кабелі қазбаның бортына немесе биіктігі 1,5 м арнайы бағанға сенімді бекітіледі;

2) өздігінен жүріс вагонының ақаусыз болуын сырттай қарап тексеру;

3) электр двигательдерінің ажыратқыштарының нөльдік қалыпта болуын, ал вагонның қол тежегішінің «Тежелді» қалпында болуын тексеру; кернеу беру; өздігінен жүріс вагонының жарығын қосу; өздігінен жүріс вагонын жүксіз қалыпта сынақтан өткізу (алға және артқа жүруі, тежегіштердің, конвейердің жұмысы);

Вагонның жүрісін қосу алдында тежелу жүйесі қазбаның көлденең телімінде тербеледі.

1045. Өздігінен жүріс вагонының тиеу, қозғалыс және түсіруі кезінде машинист вагонның жүрісі жағына қарай бетімен отыруы тиіс және жұмыс кабелінің керілмеуін немесе жыныспен жабылып қалмауын үнемі бақылайды.

4 бөлімше. Көлбеу қазбаларда адамдар мен жүктерді тасымалдау
1046. Жыныстар мен жүктер тасымалданатын барлық көлбеу қазбаларда (тоннельдер, бремсбергтер, еңістер және тағы сол сияқты) адамдардың қауіпсіз өтуіне арналған орындар болады. Көлбеу қазбаларда жыныстардың өздігінен түсуі кезінде адамдардың өту жерлері берік тұтас көмкеріспен бөлінеді, ал рельсті көліктерде ара қашықтығы жобамен анықталатын қосымша бағандармен бөлінеді.

1047. Жоғарыға шығатын жол ретіндегі еңіс және тік кеніштердің қабаттары арасынан адамдарды тасымалдау жузеге асырылады. Ерекшелік тек соңғы пунктерінің белгілері арасындағы айырмашылық 40 м аспайтын еңіс және тік кеніштер үшін ғана жасалады.

1048. Кеніштерде адамдарға арналған бос жолдарды құрал - жабдықтармен және тағы басқа заттармен үйіп тастауға жол берілмейді. Кеніштер таза және түзу қалпында болады.

1049. Адамдарды тасымалдау мына жағдайларда рұқсат етіледі; бұрышы 10 ° - тан асатын еңіс кеніштен, рельстік жолдармен жабдықталған адам таситын вагондарда; өзі жүретін машиналармен, конвейрлермен осы мақсаттар үшін жабдықталған 15 ° - тық еңісті рельстік емес тау кеніштерімен; егер еңіс бұрышы 30 ° - қа дейін болса, көпарқанды аспалы жорлдармен, адамдарды тасымалдауға арналған транспорттың басқа арнайы түрлерін пайдалану жобаға негізделеді.

Адамдарды тасымалдау үшін әр поезд автоматтық құралмен (парашюттармен) жабдықталады, ол арқан не тіркеу үзіліп кеткен жағдайда поезды баяу тоқтатуға ықпал етеді. Парашюттердің конструкциясы оларды қолмен іске қосуға да мүмкіндік береді.

Көрсетілген құралдар (парашютермен) әр кіші вагонда қойылады және қосқан кезде олардың бір уақытта жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ортақ тартқышпен байланыстырылған.

1050. 50 ° - тан асатын ылдыйы бар еңіс кеніштермен адамдарды тасуға арналған кіші вагондар мен клеттерде кондуктормен жүргізілетін парашюттерді қолдан іске қосу құралдары қажет етілмейді.

1051. Еңіс кеніштермен адамдарды тасуға арналған кіші вагондарды іске қосар алдында осы кеніште адамдарды тасу үшін қабылданған максималды артпа мен максималды жылдамдықта ылдыймен төмен кіші вагонның (немесе поездің) қозғалысы кезінде бас канаттан босатып жіберу арқылы парашюбттарды зерттеу жүргізіледі. Қайталау зерттеу жұмыстары 6 айда бір рет жүргізілуден кем болмайды.

1052. Еңіс кеніштерімен адамдарды түсіру мен көтеруге арналған кіші вагондар адамдарды тасымалдаудың алдында шахта басқарушысымен қойылған бақылау тұлғасымен тексеріледі, парашют құралдары қолмен қосылатын іске қосылуы, кеніштер мен жолдар тексерілуі, кіші вагондардың рельстен шығып кетпеуі үшін бос кіші вагондар өткізіп жібереді. Қарау нәтижелері шахтаның техникалық басшысымен бекітілген форма бойынша бау байланған кітапқа жазылады.

1053. Адамдарды тасымалдау кезінде кондуктор қозғалысты бағыты бойынша кіші вагонның алдыңғы бөлігінде болады. Дәл сол жерде парашюттік не тормоздық құрал да бар.

Арнайы вагоншалармен адам тасу жүргізілетін еңіс кен қазбалардағы рельстердің типі және рельстік жолдарды жаю әдісі парашюттік құрылғыларға және қолданылатын вагоншалардың жүру бөлігіне сәйкес келеді. Адам тасуға арналған вагоншаларда екі жол қазбасы бойынша жол аралығы жағынан алынып - салынатын сым торлы жақтаумен жабылады.

1054. Жұмыс сигнал жабдығы машинистке белгі қай қабаттан берілгенін көрсетеді. Белгілер көрсетілген тақта белгі берілетін және қабылданатын барлық жерлерге қойылады. Машинист пен адамдар отыратын алаңда телефон байланысы орнатылады.

1055. Жер асты жұмыстарындағы барлық жұмысшылар белгілерді біледі және оларды бере алады.

Белгі беру үшін және кен бөлімінде және сөрелерде бадтарды қабылдау, түсіріп алу және жөнелтуді бақылау үшін үйретілген жұмысшы тағайындалады.

1056. Еңіс кен қазбаның көтерме бөлімінен адамдардың жүруіне тыйым салынады.

Еңіс кен қазбаның көтерме бөлімінен жүру және олардан өту көтермені тоқтатқан кезде және тек жабық барьерлерде ғана рұқсат етіледі.

1057. Вагоншаларды тіркеу мен тіркеуден босату жүргізілетін еңіс қазбаларда көтерме құрылғылардың жұмыс істеп тұрған кезінде бұл жұмысқа қатысы жоқ тұлғаларға кіруге тыйым салынады және ол жайлы ескерту қабырға газеттері ілінеді.

1058. Еңіс қазбалардан кері сырғу кезінде вагоншалардың канат не шынжырдың үзіліп кеткен жағдайында төменге сырғып кетуіне кедергі жасайтын құралдар орналастыру қарастырылады.

Соңы бар кері сырғу кезінде алынып - салынатын ұстағыштар қолданылады, олар сауытталған арқан бойынша соңғы түрған вагоншада орналыстырылады. Вагонша партиясы жоғарыға да төменге де қозғалған кезде ұстағышпен жабдықталады.

Ұстағыштар тиелген вагоншаның қозғалысы кезінде туатын артпаға есептеледі, ал олардың конструкциясы уәкілетті органның территориялық бөлімшесімен келісілген.

Соңы бар және жоқ арқандармен қайта сырғуға арналған тіркеме құрылғылар мүмкін болатын арпа, зауыт номері мен шығарылған жылы көрсетілген таңбасы болады.

Сауыттар мен тіркеме құрылғылар соңы арқанмен сырғыған кезде арқанды әр кез сауыттау кезінде максималды жүкті көтеру және сауыт пен тіркелген құрылғыға тиянақты түрде қарап шығу арқылы сыналып отырылады.

Қарап шыққаннан кейін, оның нәтижесі «Көтерме құрылғыны қарау журналына» жазылып отырады (21 - қосымша).

1059. Еңіс қазбалардың вагоншалар мен құрамдарды тіркеу мен жіберу жүзеге асырылатын жоғарғы және төменгі алаңдары көлденең етіп орналастырылады және олардың белгілі бір мөлшердегі вагоншалар сиятындай көлемі болады.

1060. Ұшы бар арқанмен шыққан кезде:

1) Көлденең кіруге болатын еңіс қазбалардың жоғарғы қабылдау алаңдарында ұстап қалатын стопорлар орнатылады;

2) Төменгі қабылдау алаңдарынан жоғарырақ сақтап қалатын барьерлер орнатылады, олар «еңіс қазбаларға арналған амортизациялатын арқанды барьерлерді қолдану» туралы нұсқаулыққа және техникалық сипаттамаға сәйкес орындалған автоматтандырылған немесе алшақ қашықтықтан басқарылатын амортизацияланатын құрылғылармен жабдықталады;

10° бұрышты және 1,5 жыл мерзімде жұмыс істеуге болатын еңістерде вагоншалардың аз көлемі кезінде (1 - 2 вагонша) құрама бөлікте қатты типтегі вагоншалардың болуына рұқсат етіледі;

3) жоғары қабылдау алаңынан төменірек, сонымен қатар аралық қазбалардың кіретін жерлерінде қатты типтегі барьерлер орнатылады, олардың беріктігі есептеу арқылы анықталады. Бұндай барьерлерді алшақтан басқарады. Қосымша материалдар мен құралдарды тасуға арналған 30 м ұзындығы бар қазбаларда қолмен басқарылатын барьерлерді қолдану рұқсат етіледі.

1061. Тек ленталы конвейерлермен ғана жабдықталған еңіс қазбалар өту жолы болған кезде тек хабарласу жолдары ретінде ғана болуы мүмкін.

1062. 3° жоғары болатын жолдармен және 1 м/с жылдамдықтан жоғары жүретін вагоншалармен бірге жұру рұқсат етілмейді.

1063. Ұшы бар арқандармен жүктерді сырғыту кезінде вагоншаларды бір-біріне тіркеу үшін, сонымен қатар оларды арқанға тіркеу үшін өздігінен ағытылып кетуге жол бермейтін тіркеме немесе тіркеу құрылғылары қолданылады. 18° еңісі бар қазбаларда ұшы бар арқандармен сырғыту кезінде контршынжырлар қолданылады.

Вагоншалардың тіркеу құрылғылары 6 еседен кем емес беріктікті, ал ұшы бар арқандармен сырғыту кезіндегі тіркеме құрылғылар максималды статистикалық ауыртпалықпен салыстырылған 10 еседен кем емес беріктікті қамтамасыз етеді. Максималды статистикалық нагрузканы есептеген кезде вагоншалардың қозғаласына келетін қарсылық күші ескеріледі.

1064. Еңіс қазбалардың жоғарғы қабылдау алаңдарында ұшы бар өшіру құралынан кейін тым жоғары көтеріп кетпес үшін жылдамдықты өшіргіштер орнатылады.

1065. Рельстен шығып кеткен вагоншаларды, платформалар немесе салмаққа карсы тұрғыштарды орнату олардың сырғып кетуін алдын алу шараларын қолданғаннан кейін рұқсат етіледі.

1066. Жұмыстарды өндіру үшін еңіс жолда қалдырылатын вагоншалар немесе платформалар созылмалы арқанға жақсылап бекітіліп, тіркеледі.

1067. Еңіс қазбалардағы арқанмен сырғудың максималды жылдамдығы осы Талаптың 1088 – тармағында қарастырылған көлемнен жоғары болмайды.

1068. Еңіс қазбаларда жүкті көтеру мен түсіруді жүзеге асыратын шығырлар жұмыс және сақтандыру тежегіштер жабдықталады.

1069. Транспорттық құрылғыларға адамдардың отыруы үшін жасалған барлық орындар және оған баратын жолдар жарықтандырылады.


5 бөлімше. Адамдар мен жүктерді тік кен қазбаларымен тасу

1 тарау. Жалпы талаптар
1070. Тік қазбаларда адамдарға түсіру мен көтеру клеттерде жүргізіледі. Тік қазбаларда әрі - бері жүруді талап ететін жұмыстарды жүргізгенде түсіру мен көтеруді қауға шелектер арқылы жүзеге асыру рұқсат етіледі.

1071. Қасы салмағы жоқ бір клеттік көтермелер мен барлық жаңадан жобаланып жатқан адам көтергіш құрылғылар максималды қарсы тұру салмағына байланыссыз келесі талаптарды қанағаттандырады:

1) электрондық тежеу схемасының бұзылу жағдайында сақтандыру тежегішінің іске қосылуы қарастырылған;

2) еңіс қазбаларда вагоншалар мен клеттерде адамдарды түсіріп - шығару үшін қолданылатын шығырлар көтеру машиналарына қойылатын барлық талаптарды қанағаттандырады.

1072. Тік және жаңадан жөнделіп жатқан құрылғылар үшін ауытқу бұрышы (қазбаның еңіс бұрышына тәуелсіз) бағыттаушы шкифтер мен бірарқанды көтеру машиналарының барабандарында 1°30’ аспайды; бицилиндроконустық барабандарда ауытқу бұрышының кіші барабан жағынан оның үсті науалы болған жағдайда 2° дейін үлкеюіне рұқсат етіледі; жүру жолы бар бағыттаушы шкифтерде және барабандарда қазбаның еңісі 30° аспаған кезде істегі еңіс құрылғылардың шкифтері мен барабандарының 2°30’ артық емес градуста рұқсат етіледі.

Қайта жөнделіп жатқан құрылғыларда бағыттаушы шкифтің айналу жазықтығы арқанның дивиациясы толық бұрышының ішінде болады.

Қажалу шкифі бар қайта құрылатын бір арқанды көтеру құрылғыларында копрдағы бағыттаушы шкифтер қажалу шкифімен бір вертикалды жазықтықта орналастырылады.

Тік оқпандардың көтергіш құрылғылары үшін алаңға деген арқанның еңіс бұрышы ұзындығы 45 м жоғары болған кезде 30° аспайды. Егер дәлелдеме болып жатса, жоба бойынша еңіс бұрышын төмендетуге болады.

Арқанның ұзындығы ұстап тұрушы роликтерсіз 65 м аспайды; егер арқанның еңіс бұрышы алаңға қатысты 45° кем болса, оның ұзындығын 75 м дейін ұзартуға болады.

1073. Адамдарды скиптерде көтеруге жол бермейді, оль тек төтенше жағдай туған кезде оқпанды қарау мен жөндеу кезінде ғана рұқсат етіледі.

1074. Адамдар мен жүкті бір клетте – бір клеттік көтеру кезінде, не әртүрлі клетте – екі клетті көтеру кезінде бір кезде рұқсат етілмейді.

Адамдар мен жүктерді тасуға арналған бір немесе бірнеше құрылғылармен жабдықталған стволдарда көтеру - түсіру сағаттарында жүк көтергіштерін жұмыс істетуге рұқсат етілмейді.

Әр шахтада техникалық басқарушы қауіпсіздіктік шаралары мен технологиялық операциялардың кезегін көрсете отырып, ұзын және кіші көлемдегі жүктерді түсіру мен көтеру бойынша технологиялық регламент жасалып, бекітіледі.

1075. Оқпанда ремонт жасау бос клеттік не скиптің шатырында тұрып жасауға рұқсат етіледі. Бұл кезде адамдар арқанға бекітілген сақтандыру белдіктерін тағуы керек, сонымен қатар бекітілген шатырлар арқылы заттардың басқа құлауынан сақтанған. Егер бұл жерлерде тұрақты шатырларды қолдану мүмкін болмаған жағдайда, алынбалы шатырларды қолдану қарастырылған.

Оқпандардың армировкаларына және тіреулерге қағылған ілмектерге сақтандыру белдіктерін бекітуге рұқсат етілмейді.

Оқпанды қарау кезінде көтерілу құрылғысының жылдамдығы 0,3 м/с аспайды.

1076. Аралық кеңістіктерде жобаға сәйкес жасалған ілмелі алаңшалар қолданылады.

1077. Адамдардың көтерілуі - түсуіне рұқсат етілмейтін шахта стволдарында осы стволдарды жөндеумен айналысатын тұлғаларға ғана көтерме құрылғысын қолдану рұқсат етіледі.

1078. Барлық орналасу пункттерінде және машина бөлімшесінде келесідегідей нұсқалығы бар хабарландыру ілінеді:

1) адамды тасуға жауап беретін тұлғаның фамилиясы;

2) адамдарды тасу кестесі;

3) қолданылатын сигналдар;

4) клеттің әр қабатында көтеріліп - түсірілетін адам саны.

Көтерме құрылғыны пайдалану бойынша барлық шектеулер мен тыйым салулар әр түсірме пунктерінде хабарлама түрінде көрсетіледі.

Әр түсініксіз белгі оқпандікі деп, ал машинистке «стоп» деген сигнал деп түсініледі. Көтерілуді қайта жаңғырту машинистің телефон арқылы белгісіз белгінің неден болғанын анықтағаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

1079. Тұтқа ұстаушымен стволовойлар клеттің адамдар кіріп - шығатын жағында болады.

1080. Тік және еңіс қазбалардың (бұрышы 300 кем емес) бір арқанда көтерме құрылғылар үшін қайта көтеру биіктігі 1090-тармағында көрсетілген қорғаныстың болған жағдайында болады;

1) көтеру жылдамдығы 3 м/с кезінде клеттік көтерме құрылғыларда – 6 м төмен емес;

2) көтеру жылдамдығы 3 м/с кезінде клеттік көтерме құрылғыларда 4 м кем емес;

3) скип және аударма клеттері бар жүк көтерме құрылғыларында – 2,5 м кем емес;

4) бадьялық көтермеде адамдарда тасу кезінде – 4 м кем емес;

Жаңадан жобаланып жатқан скиптік құрылғыларда – 3 м, ал клеттік және скиптік - клеттік құрылғыларға – 6 м кем емес болады.

Қайта көтерудің биіктігі ретінде:

1) аударылмайтын клеттер үшін – жоғарғы қабылдау алаңында жүкті тусіру кезінде қалыпты жағдайда клеттің еркін көтерілетін биіктігі;

2) адамдардың көтеріліп түсуі кезінде аудармалы клеттер үшін – адамдарды көтеру кезінде әрі апаратын бағыттамалары болмаса, клеттің платформасының басына дейін адамдарды түсіру кезінде клет қалыпты жағдайдан көтерілетін биіктік. Жүк түсіру бағыттағышта бүру болған кезде асыра көтеру биіктігін 1 – тармақшаның нұсқауына сәйкес адамдарды отырғызу кезінде жоғарғы жерден бастап есептейді;

3) скиптер мен аударма клеттерде жүктерді тасымалдау үшін – коптр элементтері бар белгілі бір бөліктері үшін немесе бағыттаушы скипі немесе аудармалы клетпен арқан қысқышының үйкесу жеріне дейін клеттің не скиптің қалыпты жағдайынан көтерілуі кезінде биіктік;

4) нөлдік деңгейден арқанның жоғарғы ауырлықты сығымдап көтеретін

деңгейімен шектесуге немесе бағыттағыш жақтаудың бағыттауыш шкивті шеңберінің немесе шкивті алаңның металл конструкциясының шығыңқы бөліктерінің жоғарғы жиегіне дейін қауға еркін көтерілетін биіктікке адамдарды жоғарыға көтеру немесе төменге түсіру кезінде қауғамен көтеру қолданылады. Мұндай жағдайда жүкті түсіру кезінде жоғарғы қабылдау алаңынан бағыттағыш жақтаудың бағыттауыш шкивті шеңберінің немесе шкивті алаңның металл конструкциясының шығыңқы бөліктерінің жоғарғы жиегіне дейін кемінде 2,5 м биіктікті құрайды.

Адамдарды тасымалдау кезіндегі бадьялық көтерме үшін – нольдік алаңнан бадьяның көтерілетін биіктігі. Бұл кезде бадьяның көтерілу биіктігі 7 м - ден кем болмайды және сақтандыру құрылғылыраның орналастыру үшін биіктік 3 м - ден кем болмайды.

Еркін асыра көтеру – жүкті жоғарғы қабылдау алаңында түсіру кезінде ыдыстың қалыпты орнынан ыдыстың ұстағыш органдарының жоғарғы сақтандырғыш құрылғыларының амортизаторына кіретін жерге дейін еркін көтерілетін биіктігі.

Сақтандырғыш құрылғыларды орналастыруға қажетті биіктікті есептеу кезінде сақтандырғыш құрылғы амортизаторының жұмыстық жүрісінің көлемін және амортизатордың қосымша (қосалқы) жүрісін ескереді. Қосалқы жүрістің көлемі амортизатордың жұмыстық жүрісі ұзындығының жартысынан кем болмайды.

1081. 30° дейінгі еңісті қазбаның еңіс көтерме құрылғылар үшін қайта көтеру жолы:

1) екілік көтерме құрылғыларда – 6 м.

2) бірлік жүктасығыш құрылғыларда – 2; жобадағыда – 4 м;

3) бірлік жүк және адам таситын құрылғыларда – 4 м кем болмайды.

Жүк және адам таситын вагонеткамен тасымалдау кезінде қайта көтеру жолы болып жоғарғы қабылдау алаңынан вагонетканың қалыпты жүрісі бұзылуы мүмкін болатын жерге дейін жұмыс процесімен келісілген (партияны жалғау, адамдарды отырғызу, партияны еңістік жеріне кіруі үшін вагонеткалардың тоқтауы) вагонеткалардың қалыпты қозғалыс режимінің бұзылуы (арқанның жоғарғы ауырлықты сығымдап көтеретін деңгейімен немесе барабанмен, алдыңғы вагонетканың бекітпе элементтерімен немесе желдеткіш есікпен шектесуі, рельстік жолдан жолшыбай тік соғу кезіндегі трассаның бұрылуы, вагонеткалардың рельстен шығуы мүмкін мәндік көрсеткішке дейін арқанның ауытқу бұрышының артуы) мүмкін болатын жерге дейін жүріп өту қашықтығы есептеледі.

1082. Жұмысшыларды түсіру мен көтеру үшін арналған қолмен басқарылатын вороткаларды қолданған кезде шурфтар мен терең емес шахталарда міндетті түрде келесі шарттар орындалады:

1) қолдан басқарылатын вороткалар храптық құрылғылармен және автоматты түрде істейтін тежегіштермен жабдықталады;

2) қолдан басқаралатын вороткалар екі болаттан құйылған саппен жабдықталған; жүктер мен адамдарды тасымалдау екіден кем емес адаммен басқарылады;

3) адамдарды тасымалдау 1 м/с жылдамдықтан артық емес жылдамдықта жүргізіледі;

4) бекітпе және тағы басқа материалдар арқанға байланады;

5) терең емес шахталар мен шурфтар үстіндегі вороток құрылғысы көтерме жәшіктердің жұмыс істеп жатқан адамдарға зиян тигізбей жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

6) көтерме құрылғылар белгі беретін құралдармен жабдықталады;

7) қауғаның шығырын қолдана отырып, шурфтарды тереңдету кезінде арқанның ұшы шығырдың білігіне берік бекітілген кезде тасымалдау барысында арқанның үш орамасы қалып отыруы керек. Бекітпе ілмек сындырғыш қақпақпен жабдықталған;

8) адамдарды қолдан басқарылатын воротокпен тасымалдаған кезде тек 0,6 мм диаметрлі болат арқанды ғана қолдану рұқсат етіледі.

Орам бөлігі диаметрінің сым диаметріне қатысты көрсеткіші кемінде 459 және арқан диаметріне – кемінде 30 құрайды.

1083. Жүк адам таситын көтерме машиналар мен шығырлар динамикалық тежегішжүйесі бар электрлік қозғалысқа келтірілетін құрылғылармен жабдықталады. Динамиалық тежегіш жүйесі оның жұмысының бұзылуы кезінде сақтандыру тежегішіне әсер етеді және қайталама электродинамикалық байланысы болады. Бұндай көтергіш машиналар резервтік электродвигателі бар екен.

Әр көтергіш машиналар бір - біріне тәуелсіз екі сақтандыру және механикалық тежегіштермен жабдықталған. Көрсетілген тежегіш қозғалысқа келтіретін құрылғылармен жүзеге асырылады. Бұл тежегіш арқанның жиналу органына әсер етеді.

Тежегіштер машинист жұмыс орнынан тұрмай - ақ онымен оңай басқара

алатындай етіп орналастырылады.

1084. Ең аз орама диаметрінің ең төменгі мөлшерінің қатынасы

мынадан кем болмайды:

1) 120 - үйкеу шкифі бар біржолға көтерме машиналар үшін;

2) 100 - қарсы тұру шкифі бар көпжолғы көтерме машиналар үшін;

3) 78 - жоғарыдағы бір арқанды көтеру құрылғыларының бағыттаушы

шкифтері мен барбандары үшін;

4) 60 - жер асты машиналары мен шығырлардың бағыттаушы шкифтері

мен барабандары үшін;

5) 50 - қозғалмалы көтеру машиналар үшін, тау жыныстарына

қолданылатын бағыттаушы шкифтер мен барабандар үшін;

6) 20 – аспалы насос, трубопровод, құтқарма сатылар үшін жасалған

өту жолы бар жүк лебедкалары шкифтері мен барабандары үшін;

Әрі - бері жүру үшін қосымша және маневрлік шығырлар үшін 15° қа

дейін арқанның шкифті алу бұрышы бар еңіс көтеру құрылғыларының бағыттаушы шкифтері үшін көрсетілген қатынастар шеттелмейді.

1085. Тік және еңіс (600 кем емес) пайдалану стволдарындағы

көтеру құрылғыларында барабандағы оралған арқан бір қабат болады.

Мынаған рұқсат етіледі:

1) барабанға екі қабатты арқан орау – еңіс бұрышы 30 – 60 ° болған кезде

көтеру кезінде жүк таситын көтеру құрылғысы;

2) үш қабатты орама 30° болғанда, көтеру кезінде адам таситын көтеру

құрылғысы;

3) көп қабатты тығыздама авариялық - жөндеу және қосалқы жүк көтергіш қондырғыларында (жыныстық үйінділер, жүктерді эстакадаларға көтеру, жүктер мен учаскелік тік және көлбеу қазбалары, ауысымында 10 циклдан аспайтын қалған қазбалар бойынша қосалқы материалдарды түсіру және көтеру), өту (жылдамдығы 0,4 м/с аспайтын) шығыршықтарында және құтқару баспалдарына (жылдамдығы 0,35 м/с дейін) арналған шығыршықтарда қолданылады.

1086. Жаңадан жөндеп жатқан машиналардың барабандары арқанның 1,5

диаметр биіктікте екі жағында ребордтар болады. Барабандардың орама бөлігі кесілген спираль тәріздес арқандары болады.

Барабанға бірден көп қабатты арқанды ораған кезде келесідегідей

шарттар сақталады;

1) барабан ребордасы арқанның 2,5 диаметріне сыртқы қабаттан шығып

тұрады;


2) ораманың соңғы ширегі қиын алаң болып табылады және оны 2 ай сайын тексеріп отырады.

1087. Барабанға арқанды ол барабан цилиндіріндегі тесіктен өткен кезде ол тесіктің өткір шеттеріне тиіп деформацияланбайтын етіп орындалады. Арқанның ұшын барабан білікке бекітуге болмайды. Арқанның ұштарын барабанға байлау барабанда осы жағдайға арналған құрылғыларға бекіту арқылы жүргізеді, ол арқылы арқан ұштары барабанға үште кем емес жерге бекітуге мүмкіндік береді.

Арқанды тартуды босату үшін оны барабанға бекіту орынында ең соңғысының үстінен ағашпен футерленген барабанында кемінде үш үйкелеу орамы немесе массасы фрикциялық материалдармен футерленбеген барабанында кемінде бес үйкелеу орамдық пресс қамтамасыз етіледі. Үйкелеу орамынан басқа арқанды мерзімді сынау үшін қосалқы орамдар қарастырылады. Қосалқы орамдар барабанның ішіне де оның сыртына да орналастырылады. Арқанның қосалқы орамдарын орналастыруға арналған тығырықтардың машинаның барабанына қатысты оларды бекітуге мүмкіндік беретін арнайы құрылғысы болады.

1088. Тік қазбаларда адамдарды тасымалдаудың ең жоғары жылдамдығы жобамен анықталады, бірақ ол 12 м/с, ал көлбеу қазбаларда 5 м/с аспайды. Ал қауғаларда тасымалдау жылдамдығы 8 м/с, ал бағыттаушы орындарда 1 м/с аспайтын болады.

Жүктерді тік қазбалар бойынша көтеру және түсіру кезіндегі ең жоғарғы жылдамдық жоба бойынша, ал көлбеу қазбалар бойынша скиптердегі жүктерді көтеру кезінде 7 м/с аспайтын және вагонеткалардағы жүктерді көтеру кезінде 5 м/с аспайтын болып анықталады.

Скиптік көп арқанды өту құрылғысымен түсіру «ревизия» режимінен басталады.

Көтеру құрылғыларының жүктерді түсіру не көтеру кезіндегі

жылдамдығы 12 м/с аспауы керек, ал көтеру құрылғылары жоқ жерде – 2 м / с.

Көтергіш ыдыстардың олардың үстінен асылған жүктерді көтеру - түсіру кезіндегі жылдамдығы осы көтергіш үшін көрсетілген жылдамдықтан 1 / 3 аспайды. Құтқару арқандарынан басқа бекеттерді, сорғыларды, су құю құбырлары мен басқа да өтімдік жабдықты орналастыру жылдамдығы 0,2 м / с аспайды, құтқару арқандарын орналастыру жылдамдығы 0,35 м/с аспайды.

1089. Көтеру құрылғысының үлкендігі, 8 - кестеде көрсетілген көрсеткіштерден аспайды.

8 – кесте


Еңіс бұрышы, градус

5

10

15

20

25

30

40

50 и более

Баяулау өлшемі, м / с


0,8

1,2

1,8

2,5

3,0

3,5

4,0

5,0

Тежелу кезінде көтеру құрылғысының орташа тежелу өлшемі 0,75 м/с кем емес болады, бұл кезде еңіс бұрышы 30° дейін 1,5 м/с еңіс бұрышы 30° жоғары болады.

Еңіс бұрышы 30° дейінгі көтеру құрылғыларында егер қайта көтеру жолын шегінде ыдыстың тоқтауын қамтамасыз етсе, онда 0,75 м/с төмен баяулауға рұқсат беріледі.

Орташа баяулау деп көтерме машинаның тежелуінен толық тоқтағанға дейінгі уақытты максималды жылдамдықпен қатынасы деп түсіндіріледі. Үйкелу тегершігі бар көтергіш қондырғылардағы орташа бәсеңдету шамасы орнатылған тежеуіш процесінің учаскесінде анықталады.

Ауыспалы бұрышы бар еңіс қазбаларда жолдың әр саласы үшін көтеру құрылғысының баяулау өлшемі 8 - кестеде әрқайсысы үшін жеке көрсетіледі.

Қазбалардың еңістерінің аралық бұрыштары үшін 8 - кестеде көрсетілмеген баяулау өлшемдері сызықтық интерполяция жолымен анықталады.

Үйкелу тегершігі бар қондырғыларда бәсеңдеу жұмыс күйінде де тегершік бойынша жылыстау мүмкіндігі ескерілген сақтандыру тежеуішінде шамадан аспайды.

Үйкеліс шкифтері бар құрылғыларда жұмыс және көпарқанды скиптік көтерме құрылғыларында арқанның сырғып кетуін болдырмас үшін, егер бұл құрылғыларды жүк түсуінің жылдамдығын 1 м/с астам болуын шектейтін блокировкамен жабдықтаса, баяулаудың төменгі шегін 1,2 м/с2 дейін шектеуге болады.

Тек тежеу жүйесімен реттеу арқылы ғана үйкеліс шкифтері бар көтеру құрылғыларында талап етілетін баяулауды жүзеге асыру мүмкін емес болғанда, олар таңдамалы немесе автоматты түрде реттелетін сақтық тежелу жүйесімен жабдықталады.

Бұл параграфтағы шығармалар мен құқықтау сатысының шығырлар не (жүк жылдамдығы сәйкесінше 0,2 және 0,35 м/с аспаған кезде) қатысты емес.

1090. Тым жоғары көтеру немесе жылдамдықты үдетуден сақтау үшін шахталық көтеру машинасы сақтандыру құрылғысымен жабдықталады:

1) әр көтеру сауаты оның үшін қабылдау алаңы денгейінен (жүк түсіру кезіндегі оның қалыпты жағдайы) 0,5 м биікке көтерілген кезінде көтеру машинасын өшіріп,сақтандыру тежегішін қосуға арналған копрда орнатылған ұшы бар өшіргішпен, және копрда орнатылған ұшы бар өшіргіш жұмысын қайталауға арналған жүріс реттеуішінде немесе тереңдікті көрсететін құрылғыда орнатылған екі ұшты өшіргішпен жабдықталады. Еңіс қазбаларда олар адам таситын вагоншаларда - адамдарды жоғарғы алаңға түсіргенде, жүк партиясын тасу кезінде - оның еңіс кіретін орынға кіру кезінде тоқтау орнына 0,5 м алшақтықта орнатылған.

Аудармалы клеттер бар көтеру құрылғыларында қосымша өшіру құрылғы болады,олар алаңнан 0,5 м биіктікте копрда орнатылады. Бұл өшіруші құралдарының жұмысын қайталайды.

Копрда бір - бірін қайталайтын екі өшіру құралын орнатуға егер олар жеке сымдар арқылы тартылса және екеуіне екі бөлек кнопка жасалса рұқсат беріледі. Аудармалы клеттері бар құрылғылардағы қосымша өшіру құралдары (негізгі және көшірмесі) берілген режімге байланысты («адам» және «жүк» сақтау тізбесіне қосылады;

2) сақтандыру тежегішін қосатын жылдамдықты тежегішпен мынадай жағдайларда жабдықтау:

сақтандыру техбағдарламасын жылдамдығын баяулату кезеңінде үдету, оның әр баяулау нүктесіндегі өлшемі скиптердің авариялық шектен тыс көтерілуін тоқтату мен клеттің күр тоқтауын бодырмау шарттарына байланысты болады (жылдамдығы 1 м/с артық);

бірқалыпты жүру жылдамдығын 15 % көтеру;

сауыттың төменгі және жоғарғы қабылдау алаңдарына, оқпан арқанмен жабдықталуды кезінде қатты бағыттаушыларға адамдарды тасымалдау кезінде - 1 м/с жылдамдықтан аспайтын, жүк тасымалдау кезінде - 1,5 м/с жылдамдықтан аспайтын жылдамдықпен жақындау.

2 - бөлімшенің талаптары 3 м/с асатын жылдамдықпен жүретін істегі көтеру құрылғыларына және 2 м/с асатын жылдамдықпен жүретін қайта обаланып жатқан көтеру құрылғыларына да тиісті. Қалған көтеру құрылғылары 15 % асқан жағдайда құрылғыларды өшіріп тастайтын аппараттармен жабдықталған.

1091. Шахталақ көтеру құрылғылары келесідей сақтық және блокировкаланған құрылғылармен жабдықталады:

1) электродвигательдің шамадан шығатын кетуі мен кернеудің болмауы кезінде істейтін максималды және нольдік сақтық;

2) оқпанда арқанды жіберу мен шектің ілініп қалуынан қорғау;

3) қабылдау алаңында клеттің болмаған кезінде торды ашуға болмайтын кезде машинисте торы ашылып қалған жағдайда «стоп» деген сигналды қосатын оқпандардың сақтандыру торларынын блокадалау;

4) шектен тыс көтеріліп кетудің жою бағытына сауыттың тым жоғарылап

кетуінен кейін двигательді қосатын блокировка;

5) резерв контакторлары арасындағы доғалық блоктау, сонымен қатар динамикалық тежеуді блоктау;

6) егер жұмыс тежегішінің тұтқасы «тоқтатылды» деген жағдайда

тұрмаса, ал басқару аппаратының тұтқасы нолдік жағдайда тұрса, сақтандыру тежегішін өшіруді болғызбайтын блоктау;

7) крепті тұрғызу кезінде және оқпанның бөлімшесіне жақындаған кезде жұмыс полкіне 5 м қалғанда бадьяны тоқтатуды қамтамасыз ету керек;

8) жүкті түсіру кезінде сауыттардың тоқтап қалуынан сақтау керек;

9) арқандардың сырғуын блоктау;

10) бадьяны жабық лядаға жақындаған кезде оның 10 м алшақтықта тоқтауы қамтамасыз етіледі, яғни блокталады;

11) зумфтағы орнатылған тежегіш арқандарды жұлып алу кезінде машинистке белгі беретін құрал;

12) теңестіретін арқанның рұқсат етілмейтін ілгегін көтерген кезде машиниске белгі беретін құрал;

13) негізгі шектегіш өзін - өзі басқара алмаған жағдайда жылдамдықты шектейтін қосымша құрал. Бұл талаптар тек адам және адам жүк таситын көтеру құрылғыларына ғана қатысты;

14) тежегіш қалыптардың шектен тыс тозуынан барабан жиектері мен тежегіш қалыптардың арасындағы саңылаудың 2 мм артық артуы кезінде іске қосылатын бұғаттағыш. Бұл талап жүк таситын жер асты және ұңғымалық шығырға қатысты қолданылмайды;

15) бадьялық көтерменің бағыттаушы шектеулерінің тұрып қалуы туралы белгі беретін құрал;

16) теңселмелі алаңдар туралы машинестке белгі беретін құралдар;

17) баяулау кезеңінің басталғаны туралы белгі беретін автоматтандырылған қоңырау.

1092. Әр көтерме машина мен шығырға қозғалысқа келтіретін құрылғыны қосу бойынша бір - біріне тәуелсіз жұмыс және сақтық механикалық тежегіш орнатылады.

1093. Көтеру машинасының сақтық тежегішінің бос жүрісінің ұзақтығы 0,5 с аспайды. Сақтық тежегішінің іске қосылу уақыты 0,8 с аспайды.

Жүк шығырларының сақтық тежегіші бос жүрісінің ұзақтығы 1,5 с аспайды.

1094. Сақтық тежегішті қосу автоматты түрде энергияның қосылуына әкеледі, ол көтеру машинасының двигателін жүргізеді. Сақтық тежегіш көтеру машинистінің авариялық кнопкасын басу арқылы сақтауды қосу арқылы іске қосылады.

1095. Барабандардың орналасуын реттеу кезінде немесе тежегіш құрылғыны жөндеу кезінде тежегіштен басқа әр көтеру машинасында арнайы стопордық құрал қарастырылған.

Ұңғымалық шығырларда және құтқару сатыларына арналған шығырларда мыналар қарастырылады: двигательдің білігінде немесе аралық валда маневрлік тежегіш, сақтандыру тежегіші, барабандағы стопорлық храповичный құрылғы және блоктау, ол сақтық тежегіш пен стопорлық құрылғы қосылып тұрған кезде жүкті түсіру бағытында электродвигательдің түсуін болдырмайды.

1096. Бірнеше көтеру құрылғылары орнатылған шахталар оқпанының әрқайсында басқару пультімен басқарылатын барлық көтеру машиналарын бір уақытта өшіретін авариялық кнопка болады.

1097. Адамдарды тасымалдаған кезде екі көтеру құрылғылардың бір кезде жұмыс істеуін болдырайтын блоктау қарастырылған.

1098. Әр көтеру машинасы мыналардан тұрады:

1) өздігінен жазатын жылдамық өлшеуіш (3 м / с жылдамдықтан асатын машиналар үшін);

2) негізгі ток сымындағы амперметрлер мен вольтметрлер және электординамикалық тежеулер;

3) тежегіш жүйедегі қысылған ауа мен қысымы көрсететін манометрлер.

1099. Көтермелі машиналардың машинисті ретінде шахтада жалпы жұмыс істеу мерзімі 1 жылдан кем емес және арнайы оқу оқып, сәйкестірілген куәлігі бар, сонымен қатар 2 айлық сынақ мерзімінен өткен, сол азаматқа шығарылған мекеменің жалпы бұйрығы бар тұлға тағайындалады. Адам және жүк таситын машиналардың машинисті ретінде көтермелі ауыр машиналарда кем дегенде 1 жыл жұмыс атқарған тұлға тағайындалады. Сынақ мерзімін шахтаның бас механигі анықтайды.

1100. Жұмыс басталардан бұрын ауысымды қабылдаушы машинист машинаны тексеруге міндетті; адамдарды түсіру мен көтеру алдын - ала жеделсатының бос тексерілуінен басталады. Көтермелі машинаның машинисті тексеріс қорытындысын арнайы журналға «Көтермелі машинаның машинистерінің ауысымды тапсыру мен қабылдау журналына» жазады

(22-қосымша).

Көтермелі машинаның машинисті барлық түзетілмеген жағдай жайында шахтаның бас механигіне немесе механигіне жеткізеді. Бұзылу себептері мен жөндеу тәсілдері арнайы журналға көтерілу механигімен жазылады.

1101. Көтермелі машинаның ішінде негізгі жарықтан басқа апат жағдайында қосылатын жарық болады.

Көтермелі машинаның іші жұмыс тәртібінде резервтік жағдайда қолданылатын жарық болады. Еденнің жазықтығына қатысты жарықтандыру нормасы кемінде 50 люксті құрайды.

Апат жағдайында жеке жарықтарды қолдануға тыйым салынады.(аккумуляторлы және тағы басқа).

1102. Әр көтермелі машинанада төмендегідей құжаттар болады:

1) көтермелі машинаның, редуктордың, парашют жабдықтарының паспорты;

2) тежегіш құралының бөлшектік сызбасы негізгі өлшемдерінің көрсетуімен;

3) электрлік сызбаның орындалуы;

4) парашют құралдарының сызбасы бақылайтын мөлшерімен;

5) эксплуатацияға берудегі технологиялық регламент;

6) баумен байланған журналдар: «Көтергіш құралдарын тексеру журналы», (23-қосымша) «Көтермелі машинаның машинистерінің ауысымды тапсыру мен қабылдау журналы»;

7) шахтаның техникалық басшысы бекіткен, уақыты көрсетілген жұмыс кестесінің, көтермелі қрылғының өндіріске қажетті тәуліктік тексеру тізімі;

8) Көтергіш құралдарды жөндеу және тексеру регламенті.

Тежеуіш құрылғының сызбанұсқасы, негізді жасалған электрлік сызбанұсқа, парашютті құрылғылардың сызба нұсқасы машиналық жайда ілінеді.

1103. Барлық жаңадан құрылған қорғау және алдын алу заттары, аппаратуралары аттестацияланған ғылыми – зерттеу мекемелерінде экспертизаға жатады.

Ілінгіш құралдарда шығарылған мерзімі мен зауыт номерінің маркировкасы болады.

Белгіленген тәртіпте аттестатталмаған өндірушінің тіркемелік және парашютті бөлшектерді дайындауына рұқсат етілмейді.

1104. Ілінгіш құралдары бар көтеру - түсіру операцияларының дұрыс және қауіпсіз атқарылуы кезінде технологиялық регламент жасалынылады:

1) көтеріп - түсіру операцияларын орындардан бұрын оқпан учаскесінің мөлшерімен жұмыс тәртібін тексеру;

2) ілінгіш құралдары тексеру тәртібі;

3) көтеріп - түсіру құралдарының тәртібімен канаттарды керу операциялары;

4) Жұмысшылар мен техникалық бақылаушыларға ара жік жасау.

1105. Жұмыс жобасына енбеген кейбір іс - шараларды участок бастығы құрып, шахтаның техникалық директоры бекітеді.

Стволдағы монтаждаумен ілінгіш құралдарының жұмыстарын шахта бойынша арнайы бұйрықпен бекітілген комиссия қабылдайды.

1106. Көтеріп - тусіру жұмыстарын атқаруда жалпы басшылық бақылаушы тұлғаларға жүктеледі.

Көтеріп - түсіру жұмыстарын атқаруда жалпы басшылық бақылаушы тұлғаларға жүктеледі.

1107. Қиын көтеріп - түсіру жұмыстары, арнайы іс - шаралар жауапты тұлғаның тікелей басшылығымен атқарылады.

1108. Түсіру - көтеру шараларына қатысатын адамдарды, осы жұмыстарды орындау үшін ұйымдардың қамтамасыз еткен арнайы сақтандарғыш белбеулері болады. Сақтандыру белдіктерін ілгектерге байланыстыруға болмайды.

Бекітпеге бекітілген сақтандырғыш белбеулерді қолдануға болмайды. Түсіру - көтеру шараларын орындаған кезде барлық жұмыскерлер өздерінің сақтандырғыш белбеулерін түсіру станоктарының сайларына немесе арнайы арқанға бекітеді. Ол арқылы олар емін - еркін қозғала алады.

Сақтандырғыш белбеулер паспорт және сынау туралы куәлікке ие болады. Сақтандырғыш белбеулер кезекпен (6 ай сайын) сынаулардан өтіп,

5 минут ішінде 2250 Н статистикалық қысымнан өтеді.

1109. Ілмекті құрал – жабдықтарды тасымалдау жұмыстары тек қана оқпанды ұңғылау жұмыстарды 1 жылдан кем емес жұмыс істеген ұңғымашы атқарады.

1110.Оқпанды ұңғылаумен түсіру - көтерілу шараларды оқпанда немесе беткейінде жұмыс істейтін адамдар әрдайым немесе бір ретті шаралармен және оларды орындау қорғаныс жоспарларымен танысады.

1111. Ілмекті құрал - жабдықтармен көтеріп - түсіру жұмыстары алдында, жұмыстарды атқаратын минималды адам санынан басқалары жер бетіне шығарылады.

Ілмелі қозғалыс құрал - жабдықтармен көтеріп - түсіру жұмыстары кезінде және оның толақ аяқталуына дейін қандай да бір басқа жұмыстармен айналысуға болмайды.

1112. Түсіру - көтерілу жұмыстары кезінде тек қана шығырмен және шахтада жұмыс істей алатын куәлігі бар жұмыскерлер қатыса алады.

1113. Бір немесе одан да көп бір уақытта қозғалатын арқандағы қозғалғыш құрал - жабдықтан біркелкі қозғалуын қамтамасыз ету үшін бірдей мөлшерлі шығырлар мен бірдей мөлшерлі құрылымдар, бірдей диаметрі мен қалындығы бар арқандар қолданылады.

1114. Құрал - жабдықтарды ілу немесе басқа мақсатта қолданылмайтын оқпандағы арқандар қолданылмайды.

1115. Бірнеше арқанға ілінген құрал - жабдықтарды түсіру кезінде олардың бір текті қозғалуын қамтамасыз етіледі. Егер арқандар бір текті қозғалмаса, олардың жүруі тоқтатылады.

1116. Түсіру - көтерілу жұмыстары аяқталғаннан кейін шығыр тоқтатылып, қорғаныш тежегіш арқылы стопорлы жабдықтар қолданылып, кернеу түсіріліп, шығыр бөлмелері құлыпқа жабылады.

1117. Ілгіш сөрелер, насостар және құрал - жабдықтар, олардың әрбір қозғалысынан кейін мықты тұрақты немесе уақытша бекітпе бекітіледі. Сораптық агрегаттар мен іске қосу аппаратурасы өз кезегінде осы қабаттар мен люлькаларға берік бекітіледі.

Аспалы шынжырлардың, ілгектердің, қабаттардың, сораптардың, құбырларды, созылмалы құрылғылар мен басқа да жабдықтардың көтергіш арқанмен қосылуы олардың өздігінен ажырау мүмкіндігін жоққа шығарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет