Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары



бет11/25
Дата24.02.2016
өлшемі2.44 Mb.
#14056
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25

4 бөлімше. Желдету құрылғылары
830. Желдету есіктері, қазбаның периметрі бойынша герметикалылығын қамтамасыз ететін, тереңдігі бойынша орналасатын қатпарларға орналастырылады.

Интенсивті тасылымды басты тасылым жолдарында желдету есіктері автоматты түрдже ашылып жабылады, немесе арнайы есікшілермен қызмет етіледі. Автоматты түрде жұмыс істейтін есіктерді бақылаушы адамдар күнделікті тексерістен өткізеді.

Қажеттілігі жоғалғаннан кейін желдету есіктері мен қатпарларды алып тастайды.

831. Егер есіктің ашылуы нәтижесінде шахтаның қалыпты желдетілуі бұзылатын болса, екі немесе бірнеше есік, біреуінен көлік өткен кезде екіншісінің жабылуын қамтамасыз ететін қашықтықта орнатылады.

832. Ағындарды бөлетін есіктерді орналастыру кезінде желдету ағынының қысқа тұйықталуын болдырмау үшін, келесі ережелер сақталуы тиіс:

1) есіктердің саны екіден кем болмай, есіктердің арасындағы қашықтық вагонеткалар составының ең үлкен ұзындығынан артық болады;

2) есіктер ауа өткізбейтін болып, металдан, темір листімен қапталған ағаштан, немесе басқа жанбайтын материалдан жасалады;

3) қазбада темір жол болған жағдайда есіктің табалдырығынан ауаның кездейсоқ шығуын болдырмайтын шаралар жасалады.

Оқпандарды (ауа жіберетін және шығаратын) біріктіретін қазбаларда екі тас немесе бетон қатпарлар орналасады, олардың әрқайсысында әртүрлі жаққа қарай ашылатын екі есіктен болады.

833. Ауа ағындарын жалпышақталық қазбалар бойынша реттеу тек қана шаң-желдету қызметі басшысының нұсқауымен, ал блоктар ішіндегі қазбаларда – шаң-желдету қызметімен келісілген жағдайда, телім бастығының нұсқауымен жүзеге асырылады.

834. Кроссингтердің құрылысын жүргізу кезінде жанғыш материалдардың қолданылуына рұқсат етілмейді.

5 бөлімше. Желдету қондырғылары
835. Жерасты қазбалары үздіксіз жұмыс істейтін бас желдету желдеткіштерінің көмегімен желдетіледі. Кейбір жеке жағдайларда, жұмыстағы шақталарда уәкілетті органдардың рұқсатымен жерасты қосалқы бас желдету желдеткіштері орналастырылады.

836. Оқпанды жүргізу кезінде желдету үшін желдету қондырғысы жер бетінде оқпаннан 15 м кем емес қашықтықта орналастырылады.

Оқпанды жүргізу кезінде желдету құбырларының забойдан қалыс қалуы жұмысты ұйымдастыру жобасымен (ЖҰЖ) анықталады, бірақ ол 15 м аспайды; грейфермен тиеу кезінде бұл қашықтық 20 м дейін арттырылады.

Құбырлар жанбайтын материалдан жасалынып, арқандарға ілінеді немесе бекітпеге тығыз бекітіледі.

837. Бас желдету қондырғылары жердің бетінде орналастырылады. Герметикалы жабық шақта, штольнялардың ауызында жыныстардан қауіпті газдардың тектоникалық бұзылған, жарылған жерлер мен скважиналардан түсуіне жол бермеу шаралары жасалады. Желдету әдісі сорылатын, үрленетін немесе соратын - үрлейтін болады.

Бас және қосалқы желдету қондырғыларының желдету арналары айына бір реттен кем емес тексерістен өтіп, кезеңмен тазаланып отырылады.

Бас желдету қондырғысының арналарында, оны тексеруге, тазалауға, сондай - ақ, ауа, депрессия шамасын өлшеуге мүмкіндік беретін жоғарғы жағынан өтетін жолы болады.

Арналардың оқпанмен тоғысу жерлерінде қоршау торлары орналасады.

838. Бас желдету қондырғылары екі жеке желдету агрегатынан тұрады, оның бірі резервті. Орналастырылатын желдеткіштердің типі мен өлшемдері бірдей болады.

839. Жер бетінен жерасты қазбаларына ауа жіберетін бас желдеткіш қондырғыларында депрессиометрлер, ал байламды жіберу кезінде тахометр орналастырылады.

840. Газды емес шақталарда бас немесе қосалқы желдету қондырғылары 30 мин. асатын уақытқа тоқтатылған кезде, адамдар барлық осы желдеткіштермен желдету схемасына қосылған және таза ауа ағысындағы кен қазбаларынан шығарылады.

Жұмыстарды қайта бастау тазарту және тұйықталған қазбаларды желдетіп, кеніштік атмосфера жағдайын бақылау қызметкерлері тексергеннен кейін жүзеге асырылады. Бас желдету қондырғысы 2 сағаттан артық уақытқа тоқтатылған кезде персонал шақтадан жер бетіне шығарылады. Шақтадағы жұмыстарды қайта бастау техникалық басшы немесе оның міндетін атқарушының рұқсатмен жүзеге асырылады.

841. Бас желдету қондырғылары қазбаларға жіберілетін желдету ағынының реверстенуін қамтамасыз етеді.

Қосалқы желдету қондырғылары аварияларды жою жоспарымен қарастырылған жағдайларда желдету ағынының реверстенуін қамтамасыз етеді.

Желдету қондырғыларын реверстену режиміне ауыстыру 10 мин аспайтын уақытта жүзеге асырылады.

Бас қазбалар бойынша реверсивті желдету режимі кезінде өтетін ауа шығыны, олар бойынша қалыпты режимде өтетін ауа шығынының 60 % кем болмайды.

842. Желдету қондырғысының реверсивті құрылғысының жұмыс қабілеттілігін ағынды ауыстырмай тексеруді айына кемінде бір рет, механик (энергетик) және шаң - желдету қызметінің басшысы жүзеге асырады.

Реверсивті құрылғыларды ағынды ауыстыра отырып тексеруді алты айда бір рет, жұмыс істелінбейтін кезде, шақтаның техникалық басшысының басқаруымен шаң - желдету қызметінің бастығы, шахтаның механигі мен энергетигі уәкілетті органның, авариялық - құтқару қызметінің аумақтық құрылымының өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырады және ол аварияны жою жоспарына тігілетін актімен ресімделеді.

Реверсивті құрылғылардың жағдайы, реверстеуді тексеру нәтижелері мен желдеткішті реверсивтілікке ауыстыруға жұмсалатын нақты уақыт шамасы «Желдету қондырғыларын бақылау мен реверсияны тексеру журналына» (17-қосымша) жазылады.

Ауыстырылатын ауа ағыны жіберілетін қазбалар жүйесіне келесі талаптар қойылады:

1) желдеткіш дебитінің едәуір көлемде ұлғаюы мен оның двигателінің шамадан тыс жұмысын болдырмау үшін, жүйе кедергісі шақтаның ауа ағынының қалыпты қозғалысына кедергісінен кем болмайды;

2) желдеткіш дебитінің қалыптыдан 60 % шамаға дейін түсуіне жол бермеу үшін, қазбалардың ағынға қарасты кедергісі қалыпты желдету кезіндегі шақта кедергісінен аспайды;

3) шақтаның желдету торабында желдету есіктері қарастырылып, олар ауа ағынының ауыспалы бағыты кезінде 1) және 2) тармақшалардың талаптарына сай келетін қазбалар жүйесін түзеді.

843. Ауа ағынын реверстеу кезінде желдеткіш двигателі бақылауға алынып, оның шамадан тыс жұмысына жол берілмейді.

844. Ауа ағынын реверстеу кезінде тағайындалып, реверстеу актісіне келесі мәліметтер жазылады:

1) желдеткіштің реверсияға дейін және реверсия кезінде түзетін депрессиясы;

2) желдеткіштің реверсияға дейінгі және реверсия кезіндегі өндіру қабілеттілігі (м / с);

3) ағын бағытын өзгертуге жұмсалған уақыт және қалыпты бағытқа кері қайту;

4) ауыспалы ағын кезіндегі желдеткіш жұмысының ұзақтығы;

5) желдету қондырғысы мен реверстеу құрылғыларында байқалған барлық ақаулар.

845. Желдету қондырғысының жұмысқа жарамдылығын аптасына кемінде бір рет шахта механигі (энергетигі) тексереді. Тексеру нәтижелері «Желдету қондырғыларын бақылау мен реверсияны тексеру журналына» жазылады.

846. Бас желдету қондырғылары мен бас желдетудің қосалқы желдеткіштерін тәулігіне кемінде бір рет шахтаның бас (аға) механигі тағайындайтын қызметкерлер тексереді. Аптасына кемінде бір рет желдету қондырғыларын шахтаның бас (аға) механигі мен шаң - желдету қызметінің бастығы немесе оның көмекшілері тексереді. Тексеру нәтижелері журналға жазылады.

Желдету қондырғысының машинистсіз жұмыс істеуіне келесі шарттар орындалған жағдайда рұқсат етіледі:

1) желдету қондырғылары желдеткіштің өндіру қабілеті мен ол түзетін депрессияны қалыпты түрде тіркейтін өздігінен жазу приборымен, желдеткіштің берілген параметрлерден (өндіру қабілеті, депрессия, электр двигательдерінің подшипниктері мен желдеткіштердің температурасы) ауытқуы туралы дистанциялы басқару пультіне сигнал беретін құрылғылармен жабдықталған;

2) желдеткіштің электр двигателінің дистанциялы қосылуы мен тоқтауы және желдету ағынының дистанциялы реверстелуі қамтамасыз етілген;

3) дистанциялы басқару мен желдету қондырғысының жұмысын бақылау пульті диспетчерлік пунктте, немесе – шақта бетіндегі үнемі қызмет етілетін стационар құрылғы орналасқан, телефондық байланысы бар мекенжайда орналасып, ол жерде сигнал беруші аппаратуралардың көрсеткіштеріне үнемі бақылау жасау және келіп түскен сигналдардың барлығын журналға тіркеу қамтамасыз етілген;

4) желдеткіштердің жұмысын дистанциялы басқару мен бақылау аппаратурасы олардың жұмысы кезінде 720 сағат ішінде алдын ала тексеруден өтеді.

Тексеру нәтижелері кәсіпорынның техникалық басшысы бекітетін актімен рәсімделеді.

Бас желдету қондырғыларынан басқа автоматтандырылған желдету қондырғыларын өздігінен жазатын приборларсыз қолдану (1 тармақша) басқару пультінде желдету қондырғысындағы барлық өзгерістерге дистанциялы бақылау жүргізу қамтамасыз етілген жағдайда рұқсат етіледі.

847. Желдету қондырғысының ғимаратында тұрақты және резервті (тасымалданатын шамшырақтар) жарықтандыру болады, онда тазалық пен тәртіп сақталады.

Дистанциялы басқару кезінде желдету қондырғысының ғимараты жабылады. Ғимаратта ішінде артық дыбыс өткізбейтін, шығарылған шақыру құрылғысы бар кабинада, жер бетіндегі шақта диспетчерімен тікелей байланыста болатын телефон орнатылады.

Ғимаратта желдеткіштің реверстеу схемасы, желдеткіштің жеке сипаттамасы, желдету қондырғысына қызмет көрсетудің технологиялық регламенті ілінеді.

Желдету қондырғысының машинисті немесе желдеткішті дистанциялы басқару кезіндегі басқару пультінің кезекшісі «Желдеткіштің жұмысын есепке алу журналын» (18 - қосымша) жүргізеді.

848. Бас желдету желдеткіштерінің жөндеу жұмыстарына тоқтатылуы немесе олардың жұмыс режимінің өзгертілуі шахтаның техникалық басшысының жазбаша түрдегі нұсқауымен жүзеге асырылады.

Жұмыстан шығу немесе энергия берілудің тоқтатылуы салдарынан желдеткіштердің кенеттен тоқтауы туралы дер кезінде диспетчерге, техникалық басшыға, бас (аға) механик пен энергетикке, шаң-желдету қызметінің бастығына және шақта бойынша кезекшіге хабарланады. Тоқтатылудың ұзақтығы мен уақыты «Желдеткіштің жұмысын есепке алу журналына» жазылады.

Жұмыс істеп тұрған желдеткіштің тоқтап, резервті желдеткішті қосуға мүмкіндік болмаған жағдайда, оқпан үстіндегі шлюзді ғимараттың есіктері ашылады.

849. Барлық шақталардың бас желдету қондырғыларында электр подстанциялары мен электр станцияларынан тәуелсіз екі кірісі болады, олардың біреуі резервті.

850. Желдеткіш қондырғылар үшін газ бен шаң бойынша қауіпті шақта үстінде қалыпты жағдайда орындалған электр жабдықтарын қолдануға рұқсат етіледі, ол үшін диффузор мен оған бекітілетін арна электр машиналық бөлімшесінде орналасқан жағдайда герметикаланады.

851. Подстанция, электр станцияларының кезекшілері техникалық басшыны немесе шақта бойынша кезекшіні (диспетчерді) мүмкін болатын электр энергиясының тоқтатылуы жөнінде, желдеткіштің тоқтауына байланысты дер кезінде шаралар қолдануы үшін хабарландырады.

6 бөлімше. Тұйықталған қазбаларды желдету
852. Тұйықталған қазбалардың забойлары үздіксіз түрде жергілікті желдету желдеткіштерімен үрленетін, сорылатын немесе құрастырылған әдістермен желдетіледі.

Желдетудің үрленетін әдісі кезінде желдету құбырларының соңынан забойға дейінгі қашықтық 10 м аспайды.

Тік оқпандарды КПВ кешенімен жүргізген кезде, сондай - ақ, қазбаларды ұзындығы 7 м дейін етіп өткізгенде забойларды ауа-су араласқан қоспамен желдетуге болады.

Тұйықталған қазбаларды міндетті түрде эжекторлар қолдана отырып, сығылған газбен желдетуге болады.

Тұйықталған қазбаларда шақта оқпанының түйісіміне дейін желдету ставы ретінде жанбайтын материалдардан жасалған құбырлар қолданылады.

Тік және 15° дейін көлденең қазбалардың забойын ТЭТ, УНП эжектор-тұмантүзушілерін қолдана отырып жергілікті желдету желдеткіштерімен желдету кезінде желдету құбырларының қалыс қалуы 20 м аспайды.

Қазбаларды комбайнмен жүргізген кезде желдету құбырларының комбайнды басқару пультінен қалыс қалуы 10 м аспайды.

853. Тік оқпанды қазбаларды жүргізу үшін шахтаның техникалық басшысы бекітетін жұмысты ұйымдастыру жобасы құрастырылады. Жобаға бекініс пен бұрғылау - аттыру жұмыстарының төлқұжаттары, жергілікті желдету желдеткіштерін орнатудың есептеулері мен схемалары кірістіріледі. Ауаның сапалы құрамын дистанциялы бақылау құралдарымен жабдықталмаған тік оқпандарды жүргізуге, сондай - ақ, ұзындығы 5 м асатын қазбаларды жоғарғы желдету горизонтымен жапсарланбаған тік оқпандардан жүргізуге тыйым салынады.

Тік оқпандарды жүргізуге қатысатын барлық жұмысшылар газды анықтаушымен (ГХА) жабдықталып, оны пайдалануға үйретіледі.

Қазбаларды жоғарғы желдету горизонтымен жапсарланбаған тік оқпандардан жүргізу тек уәкілетті органмен келісілген жоба бойынша жүзеге асырылады.

854. Жергілікті желдету желдеткіштерін тұйықталған қазбаларда орналастыру шахтаның техникалық басшысы бекіткен жоба бойынша жүзеге асырылады. Бұл жағдайда жергілікті желдету желдеткіштерінің өндіру қабілеті жалпышақталық депрессия есебінен оның сорғышына берілген ауа мөлшерінің 70 % аспайды; жергілікті желдету желдеткіштері таза ауа ағынында шығыс ағыннан 10 м кем емес қашықтықта, шығыс ағындағы ауа желдеткішке сорылмайтындай болатындай есеппен орналастырылады.

Үлкен қашықтықтағы тұйықталған қазбаларды желдету үшін турбо ауа үрлегіштер пайдаланылады.

Газ бойынша қауіпті емес шахталарда, ұзындығы 200 м асатын тұйықталған қазбаларды аралас әдіспен желдету кезінде, уәкілетті органның келісімімен, жергілікті желдету желдеткіштерін қазбаның тұйықталу бөлімінде орналастыруға болады және қажетті жағдайда, оларды сорғыш құбыр бойымен әр жерге орналастырады. Бұл жағдайда ауа құбырларының орналасуы ауаның рециркуляциясына жол бермейдіс.

Желдетудің аралас әдісі барлық желдеткіштердің бірдей жұмыс жасауына қажетті бақылау жүргізу қамтамасыз етілген жағдайда қолданылады.


7 бөлімше. Кеніштік атмосфераның жағдайын бақылау
855. Ауаның горизонттар, қанаттар, шоғырлар мен блоктар (камералар) бойынша дұрыс таралуын тексеру үшін оның мөлшерінен айына кемінде бір рет, сондай - ақ, желдету режимінің барлық елеулі өзгеруі кезінде өлшемдер жасалынады.

Ауаның сапалық құрамын анықтау үшін сынақ алу айына кемінде бір рет блоктардан (камералардан) және тоқсанда кеміне бір рет барлық басқа қазбалардан алынады.

Забойдың жарылыс жұмыстарынан кейінгі газдануы мен желдетілуін бақылау забойға адамдарды жіберуге дейін экспресс - құралдар арқылы жүзеге асырылады.

Оқпан жүргізу кезінде ауаның сапалық құрамын бақылау ретіндегі тексеру газды емес режимдегі шахталардың оқпанында айына кемінде бір рет жасалынады. Ауадан сынақ екі жерден алынады: забойда және жұмыс сөресінде.

856. Температурасы 20° С асатын шахталарда ауаның мөлшеріне сынақ алумен қатар, сол мерзімдерде ауа температурасының өлшемдері алынады.

Температура өлшемдерінің, ауаға жасалған талдаудың нәтижелері «Желдету журналына» жазылады (19 - қосымша).

857. Әрбір шақтада өлшеу станциялары болуы тиіс. Шахтаның ауаның өлшемдері алынатын горизонттарының, қанаттарының бас кіріс және шығыс ағыстарында ұзындығы 4 м кем болмайтын стандартты конструкциялы өлшеу станциялар орналасады. Өлшеу станцияларын жабдықтау үшін қазбаның бетонмен бекітілген немесе комбайнмен жүргізілген және тегіс бетті телімдерін пайдалануға рұқсат етіледі.

Басқа қазбаларда ауаның өлшемдерін алу қазбаның қабырғасына тығыз орнатлған бекітпесі бар тікбұрышты телімдерде, немесе, қабырғалары мен төбесі тегістелген телімдерде жүзеге асырылады.

Ауаның өлшемдері алынатын барлық жерлерде тақтайша орнатылып, онда келесі мәліметтер жазылады: өлшем алынған күн, қазбаның (өлшеу станциясының) көлденең кескендегі ауданы, ауа мөлшерінің есептік және нақты шамасы, ауа ағының жылдамдығы.

858. Барлық шахталарда кемінде үш жылда бір рет ауа - депрессиялық съемка жасалынады. Эквивалентті саңылауы 1 м кем болатын қиын желдетілетін шахталарда ауа - депрессиялық съемка кемінде жылына бір рет жасалынады.

Ауа - депрессиялық съемка нәтижесінде кәсіпорынның техникалық басшысы орын алған кемшіліктерді жою бойынша іс - шаралар мен олардың орындалу мерзімдерін бекітеді.

859. Шахтаның бас желдету қондырғылары мен бас желдетудің қосалқы желдеткіштерінде депрессиометрлер мен расходомерлер орнатылады.

860. Ауаның мөлшері мен құрамын анықтау үшін келесі құралдар қарастырылады: газды емес шақталарда – анемометрлер, секундомерлер, пылемерлер және ауадағы көміртегі газының, күкірттік қоспалардың, көміртегі қышқылының және азот қышқылының құрамын анықтауға арналған экспресс-құралдар; газды шақталарда (метан бойынша қауіпті) – уәкілетті органмен келісілген құралдар.

Барлық құралдар жұмысқа жарамды күйде болып, кезеңмен аттестацияланған зертханада тексеріліп, аттестацияланған кәсіпорындарда жөндеуден өтіп тұрады.



8 бөлімше. Желдету жоспарларын құрастыру
861. Әрбір шахтада желдету жоспарлары құрастырылады.

862. Желдету жоспарлары негізгі горизонттарда тау - кен жұмыстарын жүргізу жоспарларының көшірмесіне барлық желдету құрылғылары мен жабдықтарын түсіру арқылы құрастырылады.

863. Кендерді өндіретін шахталарда, жұмыстарды бірнеше горизонттарда жүргізген кезде, негізгі горизонттарды желдету жоспарлары мен желдетудің аксонометриялық схемалары құрастырылады.

Бір кен залежін өндірген кезде және жұмыстар бір горизонтта жүргізілген кезде тек қана желдету жоспары құрастырылады.

Горизонтта бірнеше залежь біріккен желдету жүйесінде болатын ортақ қазбамен ашылған кезде, жалпы горизонттық желдету жоспары жасалынады.

Желдету жоспары мен схемасын шахтаның техникалық басшысы бекітеді, ал өзара жапсарлаған шахталар үшін – кәсіпорынның техникалық басшысы бекітеді.

864. Желдету жоспарына шартты белгілермен 20-қосымшада көрсетілген келесі мәліметтер түсіріледі:

1) ауаның желдету ағының қозғалысы: тазасы – қызыл және жұмыстан кейінгісі – көк түсті бағыттауышпен;

2) желдету құрылғылары: көлденең қиындысы көрсетілген өлшеу станциялары, ағындағы ауа мөлшері мен оның жылдамдығы, қатпарлар, кроссингтер, желдету есіктері;

3) аварияны жоюға қажетті коммуникациялар мен өрт сөндіру құралдары: өрт сөндіру гайкалары мен желдеткіштері бар жерасты су құбырлары мен ауа құбырларының тораптары; ауа құбырларының су берілуге ауыстырылатын орындары, көлемі көрсетіле отырып насостар мен су жинағыштардың орналасу орны, авариялық сумен жабдықтау камераларының орналасу орындары, өртке қарсы материалдар сақтау қоймалары, өртке қарсы есіктер.

Коммуникациялар мен өрт сөндіру құралдары туралы барлық мәліметтердің орналасуын қолайлы ету үшін оларды қосалқы жоспарлардың жеке парақтарына түсіруге болады.

Шахтаның аксонометриялық схемасына түсірілетіндер:

1) ауаның желдету ағынының қозғалысы: тазасы – қызыл және жұмыстан кейінгісі – көк түсті бағыттауышпен;

2) м/с шамасымен берілген нақты және номинальді өндіру қабілеті, депрессиясы көрсетілетін бас желдетудің бас және қосалқы желдеткіштері;

3) калориферлік қондырғылар;

4) өртке қарсы су бүрку құрылғылары;

5) телефондардың орналасу орындары;

6) өрт сөндіру құралдарының орналасу орындары;

7) өздігінен қорғау құралдарының топталып сақталу орындары;

8) жергілікті желдету желдеткіштерінің орналасу орындары, олардың өндіру қабілеті мен оған берілетін ауаның мөлшері;

9) шахтаға, горизонтқа, қанаттарға, телімдерге және блоктарға (камераларға) берілетін ауа мөлшері;

10) шахтадан, горизонттан, қанаттардан, телімдерден шығатын ауа мөлшері;

11) шахталық және блоктық қосалқы шығу орындары.

Шахтада бір горизонт болған жағдайда 2), 3), 5)-тармақшалардың талаптары желдету жоспарына қойылады.

865. Желдетудің аксонометриялық схемасының кестесінде немесе желдету жоспарында келесі мәліметтер көрсетіледі:

1) жіберілетін ағындағы, шығыс ағынындағы өлшеу станцияларының саны және станциялардың жалпы саны;

2) шахтаға берілетін ауаның жалпы мөлшері;

3) сыртық және шахта ішіндегі кездейсоқ ағыстар: желдету оқпанының аузынан, герметикалық ғимараттар, қатпарлар, ағынды ауыстыруға арналған ауыспалы клапандар, оқпан жанындағы мекенжай, телімдік штректерге дейінгі ауаның қозғалысы кезіндегі желдету құралдары арқылы және телімдердегі өндіріліген кеңістіктер бойынша;

4) жеке желдеткішпен, сондай - ақ, жалпы шахта бойынша қызмет көрсетілетін шахтаның әрбір қанаты (телім) бойынша эквивалент саңылау.

866. Желдету жоспарына келесі мәліметтер көрсетілетін түсіндірме жазба беріледі:

1) бас желдетудің жұмыстағы және резервті желдеткіштерінің типтері, реверсивті құрылғылар мен телефон байланысының болуы, шақта коммутаторын телефонмен шақыру тәртібі;

2) жергілікті желдету желдеткіштерінің саны, типтері мен өндіру қабілеті;

3) дайындау қазбаларын жалпышақталық депрессия есебінен және жергілікті желдету желдеткіштерімен желдету (забойлар саны);

4) бірінен кейін бірі желдетілетін тазарту забойлар (камералар, блоктар, лавалар) саны; бұл жағдайда бірінен кейін бірі желдетілетін екі камераның екіншісі ғана есепке алынады;

5) қолдануға дайын өлшеу құралдарының тізімі және олардың қажеттілігі.

867. Желдету жоспарларын құрастырған кезде шақтадағы желдетудің жағдайын жақсартатын іс-шаралар қарастырылып, оларды орындау мерзімдері мен қажетті жабдықтар көрсетіледі. Шақтаның желдету шаруашылығын жақсарту бойынша іс - шараларды құрастырған кезде төмендегілер қарастырылады:

1) желдету қазбаларын осы ереженің талаптарына сәйкестендіру;

2) жекеленген телімдер мен блоктарды желдету таза ауа ағынын жеке параллельді ағындарға бөлу;

3) жаңадан желдету сбойкаларын, желдету шурфын, скважиналарды жүргізу арқылы желдету қазбаларының ұзындығын қысқарту, әсіресе, кездейсоқ ағыс едәуір көп кездесетін шахталарда;

4) желдету құрылғыларын салу: кездейсоқ ауа өткізуді азайтып, жергілікті кедергілерді төмендететін қатпарлар, лядалар, есіктер, кроссингтер;

5) аз қуатты желдеткіштерді едәуір жоғары қуаттылармен немесе жоғары депрессиялылармен ауыстыру, резервті желдеткіштер орнату бас желдету қондырғыларын ауа ағынын реверстеу құрылғыларымен жабдықтау.

868. Желдету жоспарлары:

1) жарты жылда бір рет үш данада құрастырылып, ай сайын толықтырылады, онымен қатар, желдету құрылғыларының (есіктер, далдалар, желдету терезелері), жергілікті желдету желдеткіштерінің, желдету ағыншаларының бағыттарының барлық өзгерістері келесі күннен қалдырмай желдету жоспарына енгізіледі және оны шаң - желдету қызметінің бастығы мен шахтаның техникалық басшысы бекітеді де, жоспарда өзгеріс енгізу күні қойылады;

2) бір данасы шахтаның шаң - желдету қызметінің бастығында, екіншісі – авариялық - құтқару қызметінде және үшіншісі – шахтаның техникалық басшысында апатты жою жоспарымен бірге сақталады.



9 бөлімше. Желдетуді бақылау
869. Әрбір шахтада шаң - желдету қызметі (ШЖҚ) қалыптастырылады.

870. Газды өлшеушілер ретінде жерасты жағдайында бір жылдан кем емес еңбек өтілі бар, оқытудан, өлшеуге жіберу үшін тексерістен өткен жұмысшылар тағайындалады.



8 бөлім. Кеніштік көлік пен көтергі

1 бөлімше. Көлденең қазбалар бойынша адамдар мен жүктерді тасымалдау

1 тарау. Жалпы талаптар
871. Көлденең кен қазбаларында жұмыс орнына дейінгі қашықтық 1 км және одан жоғары болған жағдайда адамдарды тасымалдау міндетті.

Қазбалардағы өздігінен жүретін көліктің қозғалатын жолдарының конструкциясы жобамен анықталады.

Қазбалардағы өздігінен жүретін көліктің қозғалатын жолдарының төсемесі тегіс, машинаның итеру және сілкусіз қозғалысын қамтамасыз етіледі. Қазба табаны машинаның қозғалысы кезінде тегіс емес жерлер түзетін, тұрақты емес жыныстардан болған кезде, жолдарды тығыз төсемемен қаптайды.

872. Адамдардың өтуіне арналған жерлердегі қазбаның табасты жерлері тегістеліп, немесе төсеме жабылады. Бос өту орнындағы сутөкпе арналары тығыз, мықты алынатын қалқандармен жабылады.

Рельсті емес көлікті пайдаланған кезде адамдардың өту жолы мен көлік жүру жолы шектеледі.

873. Адамдарды тасымалдау үшін вагонеткалар, автобустар, адамдық көліктік арбашалар мен жабдықталып, уәкілетті органның келісімімен пайдалануға жіберілген автокөліктер қолданылады.

Адамдарды тасымалдауға арналған автокөліктерге (тракторларға) арналған тиегіштер тежеуіштермен жабдықталады.

874. Адамдарды көліктерге отырғызу және одан түсіру орындары жарықтандырылады.

875. Адамдарды тасымалдауға арналған көліктерде көліктің өлшемдерінен аспайтын құралдар мен олардың жеке бөлшектерін тасымалдауға рұқсат етіледі.

Рұқсат етілмейді:

1) адамдарды тасымалдайтын көліктерде жарылғыш, тез жанатын материалдарды тасымалдауға;

2) адамдар отырғызылған составтарға жүк вагоншаларын тиестіруге, инструменттерді тасымалдауға арналған бір - екі жүк вагоншаларын есепке алмағанда.

876. Тәулік бойы адамдардарды тасымалдау шахтаның техникалық басшысы бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

Адамдарды уақытша жолдар бойынша тасымалдауға рұқсат етілмейді.

877. Тасылым қазбасының бойынан қазбаның атауын, пикеттердің нөмірін, жолдардың қиылысуын, тиеу және айырбастау пункттеріне жақындауын, адамдарды отырғызу орындарын, жылдамдықты шектеудің қажеттілігі мен шамасын, тежеудің басталуы мен жөндеу жұмыстарын орындау орындарын көрсететін типтік белгілік таңбалар орнатылады.

Өздігінен жүретін машиналар қозғалатын қазбаларда қозғалысты реттейтін типтік жол таңбалары орнатылады.

Тасылымдық қазбаларда адамдарға арналған бос өту орындары мен көлік жүру жерлері анықтап шектеледі (түрлі - түсті жолақпен, рейкамен және тағы сол сияқты.) Тазарту блоктарының (камераларының) қазбаларында адамдардың өту жолдары бағыттаушылармен көрсетіледі. Машинаның қозғалыс жылдамдығы 20 км/сағ асатын қазбаларда және көлденең көліктік қазбаларда, адамдардың жүру жолдарын орналастырған кезде, оларды машина басып кетуден сақтандыру мақсатында міндетті түрде уатылымдық білеулер орнату, адамдардың өту жолын көтеру және тағы сол сияқты қарастырылады. Жол таңбаларының орналасу орындарын шахтаның техникалық басшысы анықтайды.

878. Адамдарды локомотивтерде, жабдықталмаған жүк вагоншаларында, платформада тасымалдауға тыйым салынады.

Поезға қызмет көрсететін адамдарды тасымалдау локомотивтің конструкциясында қарастырылған арнайы жабдықталған орындарда, немесе осыған арнап жабдықталған вагонша арқылы жүзеге асырылады.

879. Адамдарды рельсті емес көлікпен тасымалдаған кезде қозғалыс жылдамдығы 20 км/сағ аспайды. Жолайрықтарда жылдамдық 10 км/сағ аспайды.

Ұзындығы 500 м асатын көлденең қазбаның тікбұрышты телімдерінде адамдарды тасымалдауға арналған тиелген немесе бос машинаның ең үлкен жылдамдығын шахтаның техникалық басшысының рұқсатымен

40 км/сағ дейін ұлғайтуға болады.

880. Көлденең қазбаларда тасылым мен адамдарды тасымалдау кезінде келесі максимальді жылдамдықтар рұқсат етіледі:

1) қолмен тасылым кезінде 4 км/сағ тан аспайтын;

2) шексіз арқанмен тасылым кезінде 3,6 км/сағ аспайтын;

3) электровозды тасылым кезінде 10 км/сағ аспайтын;

4) адамдарды арнайы жабдықталған жүк вагоншаларында тасымалдау кезінде 12 км/сағ аспайтын;

5) арнайы жабдықталған адамдарды тасымалдау вагоншасымен 20 км/сағ аспайтын.

Адамдарды тасымалдауға арналған поездарда вагоншаның өлшемдерінен шықпайтын және салмағы 20 кг аспайтын инструменттерді тасымалдауға болады.

881. Қолмен жүргізіп жіберу кезінде тасылымшы вагоншаны тек өзінің алдынан ғана итереді. Вагоншаны өзіне қарай немесе бүйірінен итеруге жол берілмейді.

882. Қолмен жіберу кезінде жолдың еңістігі 0,005 дейін болғанда вагоншалардың ара қашықтығы 10 м кем болмайды, ал үлкен еңісті жолдарда 30 м кем болмайды. Вагоншаларды 100 м қашықтыққа және еңіс 0,01 асатын кезде қолмен жіберуге болмайды.

883. Составтармен тасылым жасаған кезде, вагоншалардың өздігінен жүрісін болдырмайтын зауытта жасалған іліністер мен прицептік құрылымдар қолданылады.

Составта ілініспеген вагоншалардың тасылымға жіберілуіне тыйым салынады.

Тюбингтер мен темір - бетонды блоктары тасымалдау арнайы платформаларда жасалынады, олардың ұзындығы блок пен тюбингтің екі жағынан да буферге дейін кемінде 10 см дейін жетпейтіндей болады.

884. Локомотив немесе жеке вагонша осы жолда тұрған локомотив, вагонша, тиеу машиналарына және тағы сол сияқты 5 м жетпей тоқтайды.

Рельсті жолдарда клеттің оқпан жанындағы ауласында жүктік тармағы жағынан және қабылдау орындарынан бос тармағы жағынан ұстап қалушы стопорлар орналастырылады.

885. Еңістердің төменгі қабылдау орындарында буферлік ұстап қалу орындары орналастырылады. Еңістері бар аралық штректердің қиылысуы кезінде штректерде барьерлер орналастырылады.

886. Арқандық тасылымды қазбаларда міндетті түрде қазбаның кез келген жерінен машинистке сигнал беретін сигналдық құрылғы орналастырылуы тиіс. Шексіз арқандық тасылым кезінде максималь жылдамдық 1,0 м/с аспайтын, шекті арқандық тасылым кезінде – 1,5 м/с болады.

887. Шығыр немесе электровозды дистанциялы басқаруы бар тиеу және түсіру пункттерінде арқандық және электровоздық тасылым жүргізуге болады.

Составтың қозғалысы алдында сақтандырушы сигнал беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет