Гаверов Г.С. Общие начала назначения наказания. Иркутск, 1976
Горелик А.С. Наказание по совокупности преступлений и приговоров. Красноярск, 1991
Дулатбеков Н.О. Жаза тағайындау. Астана, 2003
Кругликов Л.Л. Смягчающие и отягчающие ответственность обстоятельства в уголовном праве.
Воронеж, 1985
Карпец И.И. Индивидуализация наказания в советском уголовном праве. М., 1961
Мясников О.А. Смягчающие и отягчающие наказание
обстоятельства в теории, законодательстве и
судебной практике. М., 2002
Скрябин М.А. Общие начала назначения наказания и их применение к несовершеннолетним. Казань,
1988
Поленов Г.Ф. Назначение наказания. Алматы, 1998
Нормативтi актiлер:
ҚР Жоғары Соты Пленумының 30.04.1999 жылғы « Қылмыс тық жазаларды тағайындаған кезде соттардың
заңдылықты сақтауы туралы ң қаулысы
ҚР Жоғары Соты Пленумының 19.11.2001 жылғы « Бас бостандығынан
айыру жазасын тағайындаудың
кейбiр мəселелерi туралы ң нормативтiк қаулысы
ҚР Жоғары Соты Пленумының 15.08.2002 ж « Сот үкiмi туралы ң нормативтiк қаулысы
ҚР Жоғары Соты Пленумының 11.04.2002 ж « Кəмелетке толмағандардың қылмыстары жəне оларды
қоғамға қарсы iс-əрекеттер жасауға тарту жөнiндегi iстер бойынша сот практикасы туралы ң нормативтiк
қаулысы
18-тарау. Жазадан босату
§1. Жазадан босатудың түсiнiгi мен негiздерi
Қылмыстық жазадан босату – соттың үкiмi бойынша сотталған адамды тағайындалған жазадан толық
немесе iшiнара босату. Босатудың мəнi қоғамға аса қауiптi емес қылмыс жасаған адамға немесе қылмыстық
қудалауды үнемдеуге негiз беретiн өзге де жағдайларға сəйкес қылмыс жасаған адамға əсер етуден тұрады.
Жазадан босату институтын тағайындаудың басты мақсаты сотталған адамның түзелуiн
ынталандыру, тез арада оны қайта тəрбиелеу, сонымен бiрге жазаны қолданбай-ақ
қылмыстық құқықтың
мақсаттарына қол жеткiзуге болатын жолдарды қолдану табылады. Мұның барлығы қылмыстық заңның
гуманизациясын бiлдiредi.
Негiзiнен қылмыстық жазадан босату қылмыс жасағаны үшiн кiнəлi адамға соттың үкiмi
шығарылғанға дейiн, яғни жазаның орындалуы басталғанға дейiн, сонымен бiрге сотталған адам жазаның
бiр
бөлiгiн өтегеннен кейiн, егер сот жазаның мақсатта ры орындалды жəне сотталушыны түзеу үшiн
тағайындалған жазаның орындалуы қажет емес деп тапқан жағдайларда тағайындалады.
Қылмыстық құқық саласындағы қылмыстық жазадан босату институты қылмыстық-атқару
құқығымен ұштасып отырады.
Бiрақ та, бұл салада жазадан босату институты толық қамтылмайды.
Жазадан босату жазаны
өтегеннен кейiн не жазадан босату туралы ұсыныстан кейiн орындалады. Жазадан босатудың материалдық
негiзi сотталған адамға оның денсаулығына қатысты, немесе басқа мəн-жайлардың болуымен байланысты
немесе кiнəлiнiң түзелуi үшiн жазаны толық өтеуiнiң қажет еместiгi болып табылады. Белгiлi бiр қылмыс
үшiн көзделген жазадан гөрi неғұрлым жеңiл жаза қолдану (ҚР ҚК-тiң 55 б.-1 т.) жəне шартты түрде соттау
(ҚР ҚК-тiң 63 б.) мiндеттi белгiлер ретiнде саналады, яғни қылмыстық
жазадан босату институтымен
əсiресе осындай жаза тағайындау кезiнде тығыз байланыста болады.
Белгiлi бiр деңгейде жазадан босату қылмыстық жауаптылықтан босатуды еске түсiредi. Бiрақ
жауаптылық ұғымы жаза ұғымынан неғұрлым кең.
Достарыңызбен бөлісу: