Жетписбаев батыр адамович



Pdf көрінісі
бет33/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

 
Əдебиеттер:
 
 Глистин В.К. Проблемы уголовно - правовой охраны общественных отношений. Л., 1979 
Каиржанов Е.К. Интересы трудящихся и уголовный закон. Проблемы объекта преступления. Алма-
Ата, 1973 
Коржанский Н.И. Объект преступления по советскому уголовному праву. М., 1960; Объект и предмет 
уголовно-правовой охраны. М., 1980
Никифоров Б.С. Объект преступления по советскому уголовному праву. М., 1960 
Таций В.Я. Объект и предмет преступления по советскому уголовному праву. Харьков, 1982 
Қажеттi қосымша объект
Қажеттi қосымша объект


7-тарау. Қылмыстың объективтiк жағы
 
§1. Қылмыстың объективтiк жағының түсiнiгi жəне оның қылмыстық-құқықтық маңызы
 
Адамның өмiр сүруi əрқашанда қандай да бiр əрекеттермен, яғни белгiлi бiр əлеуметтiк қатынастарға 
байланысты табиғи ортаға не қоғамдық ортаға белсендi араласуымен көрiнедi. Өзiнiң белсендiлiгiн бiлдiре 
отырып, жеке тұлға қандай да бiр оқиғаның пайда болуын тездетуге, өзгертуге немесе болдырмауға 
тырысады. Мұндай əрекеттер қоғам үшiн пайдалы, зиянды немесе бейтарап болуы да мүмкiн. Басқаша 
айтқанда, iс-қимылдың əрекет жағы қоршаған ортаға белгiлi бiр əсер етумен сипатталады.
Адам əрекеттерiнiң iшiнде қылмыстық iс-əрекет өзiнiң қауiптi болуымен ерекшеленедi. Осы қылмыстық 
iс-əрекетiнiң сыртқы көрiнiсi белгiлерiнiң жиынтығын қылмыстың объективтiк жағы құрайды.
Жалпы мағынада, қылмыстың объективтiк жағы бұл сыртқы дүние құбылыстары мен оқиғаларына
адамның белсендi араласуы арқылы немесе құқықтық мiндеттер жүктелген кезде араласудан бас тарту 
арқылы адамның ойлаған мақсатын əрекет жүзiнде iске асыруы. Сондықтан да, адамның ойлары, пiкiрлерi 
қоғамға қауiптi болған күннiң өзiнде, егер олар əрекет арқылы жүзеге асырылмаса қылмыс болып
табылмайды.
Қылмыстың объективтiк жағына қылмыстың сыртқы көрiнiсiн сипаттайтын мына белгiлер жатады:
-
белгiлi бiр объектiге қол сұғатын əрекет немесе əрекетсiздiк,
-
қоғамға қауiптi зардаптар;
-
əрекет немесе əрекетсiздiк пен зардап арасындағы себептi байланыс;
-
қылмыстың жасалу тəсiлi, уақыты, орны, жағдайы жəне қаруы мен құралы;
Бұл объективтi белгiлер барлық қылмыс құрамдарына тəн жəне олар қылмыстық құқықтың Жалпы
бөлiмiнде зерттеледi. 
Жоғарыда аталған қылмыстың объективтiк жағының белгiлерi мiндеттi жəне факультативтi болып екiге 
бөлiнедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет