Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың


Өңірдің инфрақұрылымдық кешенін талдау



бет10/17
Дата23.02.2016
өлшемі1.59 Mb.
#7738
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

2.2.3 Өңірдің инфрақұрылымдық кешенін талдау

Инфокоммуникациялар және ақпараттық технологиялар

Еліміздің барлық аумағында қазіргі заманғы байланыс қызметтерінің қолжетімділігі экономикалық өсімнің қарқынын, халықтың өмір сүру сапасын, мемлекеттік басқару, құқықтық тәртіпті қорғау және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тиімділігін айқындайды. Қазақстанда аса кең таралған қарым-қатынас жасау түрі телефон байланысы болып табылады.

Тіркелген телефон желілерінің саны 2011 жылы - 157,8 мың, 2013 жылы 163,7 мың бірлікті құрады.

Тіркелген телефон желілерінің тығыздығы 100 адамға шаққанда 2013 жылы 26,4 бірлік құрады (2011 ж. – 25,8 бірлік).

98,7% облыстағы ауылдық елді мекен, 99,3% жалпы орта білім беретін мектеп телефондандырылған.

2014 жылдың 1 қаңтарына цифровизациялау деңгейі облыс бойынша 99,39% (2011 ж. – 98,34%, 2012 ж. – 99,15%) құрады.

Халқының саны 1000 және одан аса адамды құрайтын елді мекендерді ұтқыр байланыс қызметтерімен қамту көрсеткіші 92,23% (2011 ж. – 84%, 2012 ж. – 90%) құрады. 103 ауылдық елді мекеннің 8-і ұтқыр байланыс қызметтерімен қамтылмай отыр.

Байланыс инфрақұрылымын дамыту тең дәрежеде жүргізілмей келеді, халықтың жекелеген топтарын озық ақпараттық-коммуникациялық қызметтермен қамту деңгейінде елеулі сәйкессіздіктер орын алуда.



Техникалық жарақтандыру

Облыстық басқармалар, аудандар мен қала әкімдіктері, ауылдық әкімдіктер мемлекеттік қызметшілердің санына қарай компьютерлермен 100% жарақтандырылған. Барлық облыстық басқармалар, аудандар мен Орал қаласының әкімдіктері Интернет желісіне қосылған, 151 ауылдық (кенттік) округтің 93-і интернет желісіне қосылған.



Байланыс арналары

Облыста облыс әкімдігінің мәліметтерді берудің корпоративтік желісі жасақталған. Мәліметтерді берудің корпоративтік желісі (МБКЖ) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерін бірыңғай желіге біріктіруге арналған. БҚО әкімінің аппараты, облыстық мәслихат, тексеру комиссиясы, облыстық басқармалар (20), 12 аудан әкімдері аппараттары, Орал қаласы әкімі аппараты, Орал қаласы, Ақжайық, Бөрлі, Зеленов, Тасқала және Теректі аудандары әкімдіктерінің бөлімдері МБКЖ-не қосылған. 2014 жылдың 1 қаңтарына 107 ұйым МБКЖ-не қосылып, оларда локалды есептеу желілері іске қосылды.

Барлық мемлекеттік мекемелерде Microsoft компаниясының лицензиялық бағдарламалық қамтуы орналастырылған серверлер немесе жұмыс стансалары орнатылған. Серверлерде ақпараттық қауіпсіздік жүйелері орнатылды.

Облыс әкімдігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері арасында мәліметтерді IP VPN бойынша беру қамтамасыз етіледі. Мәліметтерді беру жылдамдығы 256 Кбит/секундтан 1 Мбит/с дейін құрайды. Байланыс арналарының саны - 60.

Мәліметтерді берудің корпоративтік желісі облыстың мемлекеттік мекемелеріндегі 1300 дербес компьютерлерді біріктіреді, электрондық құжат айналымын жүргізуге, электронды түрде мемлекеттік қызметтерді көрсетуге мүмкіндік береді, «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорына қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Мәліметтерді берудің корпоративтік желісі ақпараттарды жоғары деңгейде қорғауды қамтамаз етеді.

Облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктерді МБКЖ-не қосу облыстық өзара ықпалдасқан телекоммуникациялық (облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі) инфрақұрылымды құруға ықпал етті.

Әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының бірыңғай көліктік ортасына қосылған.

Облыста қолданылатын ақпараттық жүйелер

Қазіргі таңда электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі, «облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурсы» ақпараттық жүйесі, «Электрондық үкімет шлюзінің кіші жүйесі ретінде аймақтық шлюз» ақпараттық жүйелері қолданылады.

Облыстық басқармалардың, аудандық әкімдіктердің интернет-ресурстары жұмыс істейді. Облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурсының дизайнын жаңғырту және қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілді.

«Е-үкіметтің» базалық компоненттерін пайдалану

Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары деңгейінде жұмыс барысында қолданылатын е-үкіметтің базалық компоненттеріне мыналар жатады:

ҚР МО электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі – ҚР МО ЭҚАБЖ);

«Мекенжай тіркелімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі;

«Электрондық үкімет шлюзінің кіші жүйесі ретінде аймақтық шлюз» ақпараттық жүйесі (ЭҮАШ АЖ).

Мәліметтерді берудің корпоративтік желісіне қосылу, электрондық құжат айналымының жүйесін енгізу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының куәландыру орталығымен ықпалдасу құрылымдық бөлімшелердің ведомствоаралық электрондық құжат айналымына (қағаз нұсқасында қайталамай) көшуіне мүмкіндік берді.

«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МТ АЖ) жобасы аясында мәліметтерді «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорындағы мекенжай деректерімен салыстыра тексеру жұмыстары жүргізіліп, мәліметтерді түзету жүзеге асырылды.

МТ АЖ деректер қорына мекенжайлар 100% енгізіліп, 99,9% салыстыра тексеру жүргізілді.

2011 жылы әкімдікте ЭҮАШ АЖ енгізілді, ол электронды түрде мемлекеттік қызметтерді көрсетуге мүмкіндік береді. 2012 жылы ЭҮАШ АЖ аудандарға тираждалды. 2011 жылы «Электрондық үкімет, электрондық қызметтер» семинарларында 2195 адам оқытылды, 2012 жылы 18738 адам компьютерлік сауаттылық негіздеріне, 3546 адам «Электрондық үкімет, электрондық қызметтер» семинарларында оқытылды (оқытылғандардың жалпы саны 22284 адам), 2013 жылы 4563 адам және семинарларда – 2300 адам оқытылды (оқытылғандардың жалпы саны 6863 адам).
Құрылыс

2013 жылы 239 құрылыс ұйымы қызмет атқарды (2011 ж. – 344, 2012 ж. – 336). Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2013 жылы 58,5 млрд. теңгені құрады немесе 2012 жылдың деңгейіне 108,2%.

29 кесте

Батыс Қазақстан облысы бойынша

құрылыс жұмыстарының көлемі

млн. теңге



Көрсеткіштер

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

Барлық құрылыс жұмыстары

59170,2

51 696,2

58 466,5

құрылыс - монтаждау жұмыстары

48 916,5

38 963,1

43 917,9

ағымдағы жөндеу

4 310,2

4 260,5

5 566,0

күрделі жөндеу

5 943,5

8 472,6

8 982,6

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі, өткен жылға %-бен

68,3

81,7

108,2

Орындалған құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде ғимараттарды салу бойынша құрылыс жұмыстары (32,7%), жолдарды салу (21,8%), сұйықтарды бөлу үшін инженерлік құрылғыларды салу (7,8%), электрмен монтаждау жұмыстары (9,4%), басқа да құрылыс жұмыстары (15,9%) иемденіп отыр. Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен 12,4%-ы сумен қамту, жылыту және ауа баптау жүйелерін құру жұмыстарына тиесілі.

2011-2013 жылдары 10 жалпы білім беретін мектеп, 11 балабақша, 881,7 км су құбырлары желісі, 28,9 кәріз жүйесі, 23 км жылу желісі, 157,8 км газ жүйесі салынды.

2013 жылы барлық меншік түріндегі кәсіпорындар және ұйымдармен келесі негізгі нысандар түрі бойынша қуаттылықтар енгізілді:

өңдеу өнеркәсібінде: 4500 тонна ет және ет өнімдерін өндіретін кәсіпорындар (цехтар), 614 тонна ұзақ мерзімге сақталмайтын нан, нан өнімдерін шығаратын кәсіпорындар (цехтар);

электр энергиясын, газ және суды өндіру және тарату саласында: жергілікті газбен жабдықтау желілері – 44,7 км; жергілікті сумен қамту құбырлары – 481,3 км;

ауыл шаруашылығында: 3010 бас орындық мүйізді ірі қара малға арналған орын, 2900 бас орындық қойға арналған, 400 басқа арналған жас мүйізді ірі қара мал өсіруге және бордақылауға арналған мал өсіру кешендері.

Тұрғын үй қоры жыл сайын ұлғаюда. 2011 жылы тұрғын үй қоры 10359 мың шаршы м құрады, 2012 жылы – 11151 мың шаршы м, 2013 жылы – 11734,3 мың шаршы м. Тұрғын үйдің 98,2% жеке болып табылады (2011 ж. – 97,5%). Тұрғын үй қорының жалпы санынан 57,1% қалаға тиесілі (2011 ж. – 53,1%).

Тұрғын үй қорын абаттандыру жағдайы жақсаруда. Сумен жабдықталған барлық тұрғын үй қорының жалпы үлес салмағы 2013 жылы 96,5% құрады 2011 жылғы 49,6% қарсы, кәрізбен жабдықталғаны – 52,2% (37,0%), орталықтандырылған жылумен – 33,1% (35,0%), газбен жабдықталғаны – 98,8% (97,4%), орталықтандырылған ыстық сумен қамтылғаны – 32,2% (31,9%).
30-кесте
Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үйлерді іске қосу
жалпы ауданының шаршы м

Көрсеткіштер

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2013 жыл 2012 жылға %-бен

Іске қосылған тұрғын үйлер - барлығы

234156

244235

246959

101,1

оның ішінде қаражат есебінен













мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың

85921

51419

58030

112,9

мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың

148235

192816

188929

98,0

оның ішінде тұрғындармен

130923

186259

170327

91,4

салынған пәтерлер саны

2443

2467

2653

107,5

пәтерлердің орташа көлемі

85,4

93,1

87,8

94,3

Іске қосылған тұрғын үйлердің басым бөлігі Орал қаласында (іске қосылған тұрғын үйдің жалпы көлемінен 64% немесе 158 мың шаршы м), Бөрлі (11,7% немесе 28,8 мың шаршы м) және Зеленов (8,9% немесе 22 мың шаршы м) аудандарында байқалады.

Тұрғызылған пәтерлер саны ұлғаюда, 2013 жылы – 2653 пәтер, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 8,6%-ға көп.

Халықтың 1000 адамына тұрғын үйді пайдалануға беру 2011 жылы 342,3 шаршы метрден 2013 жылы 397,8 шаршы метрге (16,2%) өсті.

Халықтың тұрғын үймен орташа қамтамасыз етілуі 2011 жылы бір адамға 17,4 шаршы метрден ұлғайып, 2013 жылы 19,1 шаршы м құрады (2012 – 18,4 шаршы м).

Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар 2011 жылы 12,0 млрд. теңгені құрады, 2012 жылы – 14,4 млрд. теңге, 2013 жылы – 13,7 млрд. теңге.

Көп пәтерлік үйлердегі тұрғын үйдің 1 шаршы метр пайдалы ауданы құрылысының орташа нақты құны 2013 жылы 84,1 мың теңге құрады, тұрғындармен салынған тұрғын үйлерде – 52,8 мың теңге.

Халықтың тұрмысын жақсартуға және өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік беретін «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаны іске асыруға 2011 жылы - 4320,0 млн. теңге, 2012 жылы – 6740,3 млн. теңге, 2013 жылы 6061,3 млн. теңге бөлінді.

Бағдарлама шеңберінде 2011 жылы Орал қаласында ауданы 5,4 мың шаршы метр 90 пәтерлік және 75 пәтерлік тұрғын үй, Ақсай қаласында 40 пәтерлік және ауылда бір-екі пәтерлік 21 тұрғын үй (8,6 мың шаршы метр) пайдалануға берілді. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына 1,1 млрд. теңге бағытталды, 58,4 км инженерлік желі пайдалануға берілді. Бұдан әрі Бөрлі ауданының Бөрлі ауылында «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының үшінші бағыты қатысушыларына 60 отбасыға тұрғын үй пайдалануға берілді және 13 км инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы орындалды.

2012 жылы 45,6 мың шаршы м несиелік тұрғын үй, 5,8 мың шаршы м жалдамалы коммуналдық тұрғын үй салынды. Ауылдық жерлерде 6 көп пәтерлік (520 пәтер), 31 бір пәтерлік және 23 екі пәтерлік үйлер (77 пәтер) пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайғастыру үшін 2,1 млрд. теңге бөлінді, 117,5 шақырым инженерлік желі салынды.

2013 жылы 25 мың шаршы м несиелік және 33,1 мың шаршы м жалдамалы коммуналдық тұрғын үй салынды. Орал қаласында 8 көп пәтерлік тұрғын үй (812 пәтер), ауылдық жерлерде 8 бір пәтерлік, 9 бір-екі пәтерлік тұрғын үйлер пайдалануға берілді. 2,6 млрд. теңге бөлінді және 146 км инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салынды.

Сонымен қатар, алынған шараларға қарамастан, бүгінгі күнге дейін бірқатар мәселелер шешімін таппай отыр, бұлар әлеуметтік бағыттылыққа, сондай-ақ Бағдарламаны тиімді іске асыруға әсерін тигізіп отыр:

жергілікті атқарушы органдар есебінен кезекте тұрғандар үшін жалдамалы үй құрылысын жеткіліксіз қаржыландыру;

тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесінің мүмкіндіктерін жеткіліксіз пайдалану;

құрылыс индустриясының тиімді нарығы қалыптастырылмаған;

экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың негізгі бөлігін, соның ішінде жас отбасыларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мүмкін болмай отыр.

Бұдан басқа, халықтың төлем қабілеттілігінің төмендігін, жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген жер телімдерінің жеткілікті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмегендігін және т.б. атап өткен жөн.

Сонымен қатар, халықтың көшіп-қонуы, демографиялық ахуалдың жақсаруы, сондай-ақ халықтың басым көпшілігі үшін кредиттік ресурстардың шектеулі қол жетімділігі тұрғын үйге деген сұранысты ұлғайтады. 2013 жыл қорытындысы бойынша тұрғын үй алу кезегінде 15,9 мың адам тұрды.

Тұрғын үй құрылысы арқылы азаматтардың тұрғын үйге қол жетімділігін арттыруға және тұрғын үй берудің тиімді жағдайларын жасауға қол жеткізілетін болады.

Мысалы, 2011 жыл мен 2013 жыл кезеңінде жалпы ауданы 725,3 мың шаршы м тұрғын үй пайдалануға берілді.

Тұрғын үй тапшылығы проблемасын шешу үшін тиімді және қолжетімді болып табылатын жалдамалы коммуналдық тұрғын үй, сондай-ақ несиелік тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемін ұлғайту қажет.

Жолдар және көлік

Облыста Қазақстан Республикасының бірыңғай көлік жүйесіне кіретін автомобиль және темір жол, әуе және су желілерінің тарамдалған желісі орналасқан.

2013 жылы 38,9 млн. тонна әр түрлі жүк тасымалданды, бұл өткен жылдың деңгейінен 8,5%-ға көп, жолаушылар - 425,8 млн. адам (105,8%). Жүк айналымы 2634,4 млн. ткм құрады, өткен жылмен салыстырғанда 8,6%-ға өсті, жолаушылар айналымы 7087,5 млн. жкм құрады (107,4%).

31 кесте

Батыс Қазақстан облысы көліктерінің негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау, мың тонна

33 960,8

35 810,0

38 868,0

өткен жылдың кезеңіне %-бен

112,2

105,5

108,5

Жүк айналымы, млн. ткм.

2 129,9

2 426,5

2 634,4

өткен жылдың кезеңіне %-бен

137,8

113,9

108,6

Көліктің барлық түрлерімен жолаушы тасымалдау, мың адам

364 768,0

402 338,1

425 757,6

өткен жылдың кезеңіне %-бен

134,9

110,3

105,8

Жолаушылар айналымы, млн. жкм.

6 093,1

6 598,3

7 087,5

өткен жылдың кезеңіне %-бен

123,5

108,3

107,4



Автомобиль көлігі

2013 жылы автомобиль көлігімен 38,8 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2012 жылға қарағанда 8,7%-ға көп, жолаущылар - 425,6 млн. адам (105,8%). Жүк айналымы 2633,6 млн. ткм құрады, өткен жылмен салыстырғанда 8,6%-ға өсті, жолаушылар айналымы - 6899,2 млн. жкм (106,4%).

Қазіргі уақытта облыста 5 халықаралық, 2 облысаралық, 35 қалалық, 38 облысішілік, 23 ауданішілік автобус маршруттары жұмыс жасайды. Тұрақты автобус маршруттарына 13 тасымалдаушы-кәсіпорын қызмет көрсетуде.

Орал қаласының автобус маршруттарында 522 бірлік, облысішілік маршруттарда 130 бірлік автобус пен шағын автобустар жұмыс жасап жатыр.

Орал қаласында 521 бірлік такси көлігі бар 35 такси компаниясы қызмет көрсетеді.

Облыстың 444 ауылдық елді мекенінің 230-ы (51,8%) автобус қатынасымен қамтылған.

2013 жылдан бастап екі шалғай аудан орталығы Шыңғырлау және Сайқын ауылдары облыс орталығымен автобус қатынасы арқылы «Шыңғырлау-Орал», «Сайқын-Орал» маршруттарымен байланыстырылды.

Облыстың 12 әлеуметтік маңызы бар автобус маршруты айқындалып, 2013 жылы 6 әлеуметтік маңызы бар маршрут бойынша жолаушылар тасымалы облыстық бюджет есебінен 19 млн. теңге субсидияланды.

2012-2013 жылдары қалада тасымалдаушы-кәсіпорындардың автобус парктері едәуір жаңартылды, 100 бірліктен астам жаңа автобус сатып алынып, соның арқасында жолаушылар тасымалында қызмет көрсету деңгейі артты.

Орал қаласындағы «Уралтехсервис» ЖШС және «№1 жолаушы автокөлік кәсіпорны» ЖШС кәсіпорындарында көліктерді диспетчерлік сүйемелдеу орталықтары құрылды. Қалалық бірнеше маршрут GPS-навигациялық құралдармен жабдықталды, бұл автобустардың жұмысын қашықтықтан бақылап отыру мүмкіндігін жүзеге асырады.



Темір жол көлігі

Облыстың темір жол көлігіне Саратов (Ресей) және Ақтөбе (Қазақстан) қалалары арқылы «Батыс-Шығыс» магистралі қызмет көрсетеді.

Облыс аумағынан өтетін темір жолдың жалпы ұзындығы 430,7 км құрайды, соның інішде Орал темір жол бөлімшесі - 319,7 км, Жәнібек және Бөкей ордасы аудан орталықтарын облыс орталығымен байланыстыратын Привольжск темір жолы(Ресей Федерациясы) -111 км.

Біздің облыс арқылы «Астана – Киев», «Алматы – Москва», «Ташкент-Харьков» халықаралық жолаушылар пойыздары, облысаралық қатынастағы «Орал-Алматы», «Орал – Ақтөбе», «Орал – Астана» және «Орал – Озинки» және «Орал – Шыңғырлау» екі қаламаңы пойыздары өтеді.

2013 жылы «Орал – Астана» қатынасымен жаңа жолаушылар пойызы жүре бастады.

2013 жылы екі әлеуметтік маңызы бар қаламаңындағы «Орал-Озинки» және «Орал-Шыңғырлау» пойыздарды тасымалдаушылардың шығынын субсидиялауға облыстық бюджеттен 120,0 млн. тенге бөлінді.

Бөкей ордасы және Жәнібек аудандарының тұрғындары күзгі-қысқы лайсаң мезгілдерде қатты жамылғылы жолдың және тікелей темір жолдың жоқтығынан облыс орталығына жету үшін едәуір қиындықтарға тап болады.

Аталған мәселенің шешуі қазақстандық құраммен «Ақтөбе-Астрахань» қатынасындағы жолаушылар пойызын ашу болып табылады, бұл сондай-ақ облыс тұрғындарына Ақтөбе қаласы арқылы Астана және Алматы қалаларына жетуге септігін тигізеді.



Әуе көлігі

Облыс аумағы арқылы үш әуе дәлізі өтеді. Жалпы ұзындығы 1172 км транзиттік қатынаспен халықаралық жеті әуе трассасы жүзеге асырылады.

Орал қаласының әуежайы арқылы «Бек Эйр» және «СКАТ» әуекомпанияларымен облыс орталығын Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Москва қалаларымен байланыстыратын тұрақты әуе маршруттары іске асырылуда.

Орал қаласы әуежайының қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

2013 жылы әуе көлігімен 0,23 мың тонна жүк тасымалданды, бұл 2012 жылға қарағанда 24,2%-ға көп, жолаушылар - 140,1 мың адам (2,3 есеге көп). Жүк айналымы 0,5 млн. ткм құрады, өткен жылмен салыстырғанда 27,9%-ға өскен, жолаушылар айналымы - 187,7 млн. жкм (164,1%).

Су көлігі

Су көлігі облыстың көлік саласындағы жұмыс көлемі бойынша көп мөлшерде орын алмайды.

Жүктерді және жолаушыларды тасымалдау облыста Жайық өзені арқылы жеке кеме компаниялары, негізінен, «Флот» ЖШС және «Эсторал» ЖШС арқылы жүзеге асырылады.

Кеме жүзетін су жолдарының ұзындығы 623 км құрайды.

2013 жылы су көлігі кемелерімен 81,1 мың тонна жүк тасымалданды немесе 2012 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 61,8%, жолаушылар - 38,9 мың адам (101,6%). Жүк айналымы 0,3 млн. ткм құрады (37,5%), жолаушылар айналымы – 0,6 млн. жкм (46,2%).
Автомобиль жолдары

Облыс экономикасының дамуы автомобиль жолдары жүйесін дамыту қажеттілігін анықтайды.

Облыс бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6530,55 мың км құрайды, оның ішінде 1287 км – республикалық маңызы бар автожолдар және 5243,55 км – облыстық және аудандық маңызы бар автожолдар.

Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 5243,5 км құрайды, оның ішінде қара жамылғылы автожолдар - 1082,5 км (20,6%), қиыршық тасты автожолдар - 2352,45 км (44,9%), топырақты автожолдар - 1808,6 км (34,5%).

Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдар құрамына 63 көпір өткелі және 1142 су өткізгіш құбырлары.

2011-2013 жылдары жергілікті маңызы бар жолдарды салуға, қайта құруға, жөндеуге және күтіп-ұстауға республикалық және жергілікті бюджеттен 5397,7 млн.теңге бағытталды, соның ішінде 2011 жылы - 1210,2 млн.теңге, 2012 жылы - 1662,6 млн.теңге, 2013 жылы - 2524,8 млн.теңге.

2011-2013 жылдары жалпы ұзындығы 43,4 км жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары салынды, қайта жаңғыртылды, күрделі және орташа жөндеуден өткізілді (2011 ж. – 10 км, 2012 ж. – 15 км, 2013 ж. – 18,4 км).

Жергілікті маңызы бар «Жымпиты-Қаратөбе», «Чапаев-Жаңақала-Сайқын», «Ақсай-Шыңғырлау», «Алғай-Жалпақтал-Жұлдыз-Қарасу», республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент», «Чапаев-Жалпақтал-Казталов–РФ шек.», «Орал-Тасқала-РФ шек.» және т.б. автожолдар учаскелерін қайта құру және жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Орал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын қайта құру жүргізілуде. Бұл жобаны жүзеге асыру облыстың көліктік әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді.

Сапалы автомобиль жолдарының болмауы облыс үшін проблемалық мәселе болып табылады.

Облыс бойынша 444 елді мекеннің ішінде тек 62-сінде ғана қара жамылғылы жолдар бар (14%).

6 аудан орталығының (Бөкей Ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Шыңғырлау) облыс орталығымен әлі күнге дейін сенімді автомобиль қатынасы жоқ.

Негізінен облыстық және аудандық маңызы бар жолдар III – IV техникалық санатқа, ал кейбір ауылдық елді мекендерге кіреберіс жолдар V техникалық санатқа жатады. Автомобиль жолдарының топырақты және ауыспалы типті жамылғылы учаскелері қозғалыс жылдамдығы бойынша, ось салмағы бойынша да жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды.

Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдар желісін қалыпқа келтіру және оларды күтіп-ұстау бойынша ағымдағы шығыстарды қамтамасыз етуді қаржыландыру көлемі жеткіліксіз. Қанағатсыз жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі 2011 жылы 61%-дан 77%-ға артты, бұл өз кезегінде жүк және көлік тасымалдау көлемінің төмендеуіне әсер етті.

Сондықтан инвестициялық жобаларды республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландыру ауылдық жерлердегі автомобиль жолдарды қалыпқа келтіруге және қатты жамылғылы жолдарға алмастыруға болады, бұл өз кезегінде облыстың жол жүйесінің өткізу және тасымалдау қабілетінің артуына әкеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет