Жүк тасушы 2- разряд Жұмыс сипаттамасы



бет2/6
Дата14.10.2023
өлшемі67.5 Kb.
#480733
1   2   3   4   5   6
разрядтар

ДЕЗИНФЕКТОР
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Химиялық улы заттармен және интексицидтармен арнаулы машиналардың және жабдықтардың көмегімен дезинсекциялау ( зиянды жәндіктердің көбеюінің алдын алу және оларды жою), дератизациялау және дезодорациялау (егеуқұйрықтарды, тышқандар мен дала кеміргіштерін жою). Арнаулы машиналар мен жабдықтарды дайындау және қызмет көрсету, жұқпасыздандыру, дезинсекциялау, дезодорациялау және дератизациялау үшін қолданылатын улы химикаттар мен басқа жем дайындауға қажетті тағамдарды нұсқаулық талаптарына сәйкес қабылдау, есебін жүргізу, сақтау, босату. Қорғаныс құралдарының: противогаздардың, арнаулы киімнің, құралдардың және т.б. сапасы мен уландыратын заттардың әсерінен ақаусыздығын тексеру.
Білуі тиіс: жұқпасыздандыру, дезинсекциялау, дезодорациялау және дератизациялау үшін қолданылатын заттардың қолданылу нысанын, турлерін және қасиеттерін; дезинфекциялау машиналары мен улы химикаттарды себуге арналған аппараттардың құрылымын және жұмыс істеу принципін; жұқпасыздандырылатын заттардың сипатына қарай дезинфекциялық камералардың құрылымын және жұмыс кестесін; қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды гидравликалық сынау әдістерін; улану белгілерін және бұл реттегі алғашқы көмек көрсету ережесін; улы химикаттармен жұмыс қауіпсіздігі ережесін; жұқпасыздандыру және дезодорация кезінде экспозиция жүргізу мерзімдерін.


КАСТЕЛЯНША
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пайдалануда болған киімді; ішкиімді және т.б. сұрыптау, белгі қою, оларды жууға, жөндеуге және жуылғаннан кейін үтіктеуге тапсыру. Пайдалануға жарамсыз болып қалған арнайы және санитарлық киімді, аяқ киімді, ішкиімді және өзге де заттарды есептен шығару жөніндегі актілерді жасауға қатысу.
Білуі тиіс: арнайы және санитарлық киімді, аяқ киімді, ішкиімді кию, ауыстыру мерзімдерін және оларға белгі қою ережелерін.


ҚОЙМАШЫ
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жүкті тиеу, түсіру және қойма ішінде орналастыру жұмыстарын басқару. Тұтынушылардың сұранысы бойынша материалдық құндылықтар партияларын іріктеп жинақтау. Бүлінген құралдарды, аспаптарды іріктеп, олар бойынша ақаулар ведомосін, жөндеуге тапсыру және есептен шығару актілерін құрастыру. Тиісті құжаттарды рәсімдеп тұрғындардың автокөліктерін уақытша сақтауға қабылдау. Қоймада сақталудағы материалдық бағалы заттарды есепке алу және олардың жылжуы бойынша есептік құжаттаманы жүргізу. Мүлікті түгендеуге қатысу.
Білуі тиіс: қойма шаруашылығын жүргізу ережелерін; қоймадағы материалдық құндылықтарды есепке алу, сақтау, жылжыту ережелерін және олардың ілеспе құжаттарын рәсімдеу ережелерін; түрлі материалдық құндылықтарды іріктеп жинақтау ережелерін; қоймадағы өлшегіш аспаптарды, құрылғыларды, механизмдерді қолдану ережелерін және олардың жұмысқа жарамдығын тексеру әдістерін; автотұрақтарда тірегіш автокөлік құралдарын қолдану ережелерін; түгендеу жүргізу ережелерін; материалдарды сақтау мен жылжыту және қызметтік жайларды ұстау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет