Жұмыс бағдарламасы биохимия, биология және микробиология кафедра мәжілісінде талқыланды Кафедра меңгерушісі, м.ғ. к., Есіркепов М. М. хаттама №



бет6/23
Дата17.06.2016
өлшемі2.33 Mb.
#141636
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

7. Бақылау (есептер, тесттер.)

Жағдайлық есептер:

  1. Анаэробтардың таза дақылын алу үшін лаборант тоңазытқыштан алынған Китта-Тароцци ортасына зерттелетін материалды егеді. Сосын инкубация кезеңінде термостатқа салады. Таза дақыл алуда қандай қателік жіберілді?

  2. Шымкент қаласында ішек инфекциясының өршіген кезінде лабораторияда бір топ аурудан дизентерия, іш сүзегі, тырысқақ вибрионы бөліп алынып талданған. Бөлінген қоздырғыштарды арнайы микробиологиялық терминдермен негіздеңіз.

3.ОҚО 1998 ж. Келес ауданындағы тырысқақтың өршіген кезінде тырысқақ вибрионы бір уақытта судан, аурудан және тасымалдаушыдан бөліп алынған. Осыны арнайы микробиологиялық терминдермен негіздеңіз.

4.Бактериялардың бірқалыпты популяциясын бөліп алу үшін врач - бактериолог өскен микроорганизмнің қасиетін зерттеу үшін тығыз қоректік ортадағы бөлінген колонияның бір бөлігін алады. Бұл процестерді арнайы микробиологиялық терминдермен негіздеңіз.

5.Гисс ортасына егілген бактериялық дақылдың инкубациялық тәуліктен кейін глюкозасы бар пробиркадағы қоректік ортаның түсі газ түзе өзгереді. Бұл өзгеріс нені білдіреді?

6.«Шұбар» қатардағы егілген дақылдың 24 сағаттан кейін пептонды суы бар пробиркада Гисс ортасының бұлдырауы байқалады. Ортаны 1 атмосфералық қысымда лаборант стерилдеген болатын. Дифференциалды көміртегісі бар ортаны дайындау және стерильдеу кезіндегі қателіктер мен дұрыстарды атаңыз.



Тесттер:

1.... иректелген бактерияларға жатады.



  1. Спирохеттер

  2. Стафилакоктар

  3. Бацилалар

  4. Стрептококтар

  5. Сарцилалар

2.Анилинді бояулармен бояу әдісі:

  1. жай

  2. күрделі

  3. физикалық

  4. химиялық

  5. фиксирленуші

3.... шар, таяқша, иілген пішінді микроағзаларға жатады.

  1. Бактериялар

  2. Вирустар

  3. Саңыраукұлақтар

  4. Ашытқылар

  5. Қарапайымдылар

4.... шар тәрізді, сопақша, ланцет пішінді микроағзаларға жатады.

  1. Коктар

  2. Спирохеттер

  3. Вибриондар

  4. Актиномицеттер

  5. Таяқша

5.Бактериялардың биноминальды номенклатурасында аталатын негізгі сатылар:

  1. туыстас пен түр

  2. бөлім мен клас

  3. клас пен қатар

  4. қатар мен тұқымдас

  5. тұқымдас пен туыс

6.Микробиологияда негізгі таксономиялық бірлік болып табылады.

  1. түр

  2. класс

  3. тұқымдастық

  4. туыстастық

  5. қатар

7.Сәйкес перпендикуляр жазықтықта бөлінетін, пакеттер түзуші коктар:

  1. сарциналар

  2. стрептококтар

  3. тетракоктар

  4. стафилококтар

  5. диплококтар

8.Микроағзалар қауіптілік дәрежесі бойынша ... топқа бөлінеді.

  1. төрт

  2. екі

  3. үш

  4. бес

  5. алты

9.Бактерияның химиялық құрамы күрделі, тұрақты элементі:

  1. жасуша қабырғасы

  2. мембрана

  3. капсула

  4. спора

  5. валютин дәндері

10.Бір талшықты жасуша:

  1. монотрих

  2. перитрих

  3. амфитрих

  4. лофотрих

  5. L -пішінді

3.


Тақырыбы: Микроорганизмдердің генетикасы. Хромосомадан тыс тұқым қуалау факторлары. Плазмидиялар, IS-факторлар. Модификация, мутация, рекомбинация.

2. Мақсаты: Бактериальды популяциялардың рекомбинаттары мен мутанттары селекциясының әдістерін, сондай-ақ бактерия плазмидияларын айқындау әдістерін толық меңгере білу

3. Оқыту мақсаты: Трансформация, трансдукция және конъюгация тәжірибелерінде генетикалық рекомбинация туралы түсініктерді тұжырымдау.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Бактериялардың генетикасының ерекшеліктері бұл олардың табиғатта түр ретінде анықталуының негізгі талабының бірі.

  2. Бактериялардағы ДНҚ репликациясының ерекшеліктері, олардың типтері.

  3. Бактериялардың генетикалық информациясының ерекшеліктері.

  4. Трансформация және трансдукция.

  5. Трансдукция және сексдукция.

  6. Конъюгация

  7. Транспонирлеуші генетикалық элементтер, олардың кластары: элементтері, транспозондар және эписомалар.

  8. Бактериялардың хромосамалық картасын жасау, геномдардың ұйымдасуын үйрету.

  9. Бактериялардың плазмидалары өте қарапайым организмдер ретінде таныстыру.

  10. Мутация, оның жіктелуі.

  11. Бактериялардың модификациясы өзгергішітігінің сипаты?

  12. Бактериалардың жасушадағы репарациялық процесі.

  13. Бактериялардың диссоциациясы. Оның биологиялық маңызы.

  14. Медициналық микробиологиядағы гендік иженерия.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Пікірталас.

6.Әдебиет:

Негізгі:

1. Медицинская микробиология: учебник / под ред. Покровского В. И. – 4-е изд,испр – М,2008.

2. Рамазанова Б.А.., Қ. Құдайбергенұлы, А.Л. Котова және т.б.-Жалпы микробиология. Оқу-әдістемелік құрал.-Алматы. 2008 ж. 391 бет.

3. Рамазанова Б.А.., Құдайбергенұлы Қ. Медициналық микробиология оқулық-Алматы 2010

4. Медицинская микробиология: оқулық /Б.А. Рамазанова (ж.б.); ҚР Білім және ғылым министрлігі.-Алматы: «Print-S», 2011.-200 экз.

5. Поздеев О.К. Медицинская микробиология: учебник/под ред Покровского В.И. -4-е изд, испр.-М,2008.

6. Жеке бактериология: оқу құралы/ Б.А. Рамазанова (ж.б.).-Алматы: Б.ж., 2010.-32 экз.

7. Микробиология: учебник/ под ред. В.В. Зверева, М.Н. Бойченко.-М.: ГЭОТАР-Медиа, 2012.-30экз.

8. У.Т. Арықпаева., А.Н. Саржанова., Е.Х. Нуриев. Медициналық микробиология оқу құралы 1-2 том.-Қарағанды 2012.

Қосымша:

1. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-2-е изд., испр. –СПб., 2000

2. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002

3. www.google.kz

4. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.

5. Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама. – Астана, 2000.

6. Бактериялардың генетикасы: оқу құралы. –Астана, 2000

7. Колонизация резистенттілік Дисбактериоз. Коррекциясы: әдіст.құрал.-Астана, 2000.

8. Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама. – Астана, 2000.

7. Бақылау (есептер, тесттер.)

Жағдайлық есептер:


    1. Созылмалы стафилококты инфекциямен ауыратын науқастың, ұзақ уақыт химиотерапиялық препараттармен емделгеннен кейін, ЖСА-да колония түрінде алтындатылған стафилококк дақылы бөлініп алынды. Стафилококтардың колонияға ауысуын қалай түсіндіруге болады?

    2. Ультракүлгін сәулелермен сәулелендіргенде капсула түзуші клебсиелла дақылдары капсула түзу қабілетітілігін жоғалтады. Сондай-ақ тышқандардың аурушаңдық қасиеті де жоғалады. Аурушаңдықтың жоғалуы мен капсула синтездеу қабілетітілігін қалай түсіндіруге болады?

Тесттер:

1.ДНҚ –вирусты геномының репликациясы дегеніміз - жасушалық ... қатысуымен жүретін ДНҚ молекуласының синтезі.



  1. ДНҚ-полимераза

  2. эндонуклеаза

  3. транскриптаза

  4. ревертаза

  5. РНҚ-полимераза

2.Күрделі вириондардың жасушадан шығуы ... арқылы жүреді.

  1. бүршіктену

  2. адсорбция

  3. пенетрация

  4. «жарылыс», деструкция

  5. ену

3.Қосымша зерттеудің қажеттілігі бөлінген вирустың таза дақылын алу үшін,бөгде микроорганизмдермен контаминациялау - ...дақылдаудағы кемшілік

  1. зертханалық жануарларды

  2. сұйық қоректік ортада

  3. жартылай қоректік ортада

  4. тауық эмбрионында

  5. тығыз қоректік ортада

4.Бактерия жасушасына енуге қабілетті, сол жерде көбейетін және оларды лизиске ұшырататын бактерия вирустары:

  1. бактериофагтар

  2. сферопластар

  3. микоплазмалар

  4. риккетсиялар

  5. фагоцитоздар

5.Көптеген фагтар ... тұрады.

  1. ДНҚ және ақуыздан

  2. РНҚ және ақуыздан

  3. ДНҚ, РНҚ, суперкапсидтен

  4. ДНҚ, РНҚ, ақуыздан

  5. ДНҚ немесе РНҚ, ақуыздан

6.Фагтар ... қарағанда химиялық және физикалық факторларға төзімді.

  1. вирустарға

  2. хламидиялар

  3. риккетсиялар

  4. қарапайымдылар

  5. бактериялар

7.Микробты жасушасының әлсіз фагтармен бірігуінің нәтижесіндегі симбиозының биологиялық кұбылысы :

  1. лизогения

  2. вириопексис

  3. фагоцитоз

  4. пенетрация

  5. эндоцитоз

8.Медициналық тәжірибеде фагтарды фаготиптеуде, фагодиагностикада, алдын алу және емдеу үшін кеңінен қолдануы, олардың … қасиетімен байланысты.

  1. түрспецификалылық

  2. бейспецификалылық

  3. топспецификалылық

  4. гетероспецификалылық

  5. типспецификалылық

9.Эпидемиялық ошақта тұратын адамдарға кейбір ауруларды ескерту:

  1. фагопрофилактика

  2. фаготиптеу

  3. фаготерапия

  4. фагодиагностика

  5. фагодифференциялау

10.... вирус репродукциясының бұзылуы жүреді.

  1. Абортивті формада

  2. Интегративті формада

  3. Продуктивті формада

  4. микст-инфекция кезінде

  5. эндоцитоз кезінде

4


1.Тақырыбы: Вирусологиялық зерттеу әдістері. Вирустарды және бактериофагтарды дақылдандыру.

2. Мақсаты: Облигатты паразиттер мен вирустарды дақылдау әдістерін меңгеру.

3. Оқыту мақсаты: Бірқабатты клетка дақылын дайындау этаптары туралы түсінік беру. Тауық эмбрионын зарарландыру, қоршаған ортадан фагтарды бөліп алу техникасы мен әдістерін меңгеру. Қоректік орталарды дайындау әдістерін, жекелеген колониялардан таза дақыл бөліп алу мақсатында қоректік орталарға егу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Вирустардың жасушамен өзара әсерлесу механизмі.

  2. Вирустардың қожайын жасушасына өту механизмі.

  3. Вирустарды дақылдау әдістері және таза дақыл бөліп алу.

  4. Ұлпалық дақылдардың жіктелуі. Оларды алудың негізгі этаптары.

  5. Жасуша дақылында вирустардың көбеюі, оларды табу әдістері (цитопатикалық әсер, теңбіл дақтар әдісі, түрлі түсті сынама, гемоагглютинация не болмаса гемоадсорбция реакциялары).

  6. Тауық эмбрионында вирустарды дақылдаудың жетістігі мен жетіспеушілігі.

  7. Вирустарды идентификациялау әдістері (типтеу).

  8. Бактериофагтардың биологиялық ерекшеліктері (фагтардың), олардың пішіні.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Жұптасып жұмыс істеу.

6.Әдебиет:

Негізгі:

1. Медицинская микробиология: учебник / под ред. Покровского В. И. – 4-е изд,испр – М,2008.

2. Рамазанова Б.А.., Қ. Құдайбергенұлы, А.Л. Котова және т.б.-Жалпы микробиология. Оқу-әдістемелік құрал.-Алматы. 2008 ж. 391 бет.

3. Рамазанова Б.А.., Құдайбергенұлы Қ. Медициналық микробиология оқулық-Алматы 2010

4. Медицинская микробиология: оқулық /Б.А. Рамазанова (ж.б.); ҚР Білім және ғылым министрлігі.-Алматы: «Print-S», 2011.-200 экз.

5. Поздеев О.К. Медицинская микробиология: учебник/под ред Покровского В.И. -4-е изд, испр.-М,2008.

6. Жеке бактериология: оқу құралы/ Б.А. Рамазанова (ж.б.).-Алматы: Б.ж., 2010.-32 экз.

7. Микробиология: учебник/ под ред. В.В. Зверева, М.Н. Бойченко.-М.: ГЭОТАР-Медиа, 2012.-30экз.

8. У.Т. Арықпаева., А.Н. Саржанова., Е.Х. Нуриев. Медициналық микробиология оқу құралы 1-2 том.-Қарағанды 2012.

Қосымша:

1. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-2-е изд., испр. –СПб., 2000

2. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002

3. www.google.kz

4. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.

5. Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама. – Астана, 2000.

6. Бактериялардың генетикасы: оқу құралы. –Астана, 2000

7. Колонизация резистенттілік Дисбактериоз. Коррекциясы: әдіст.құрал.-Астана, 2000.

8. Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама. – Астана, 2000.

7. Бақылау (тесттер)

Тесттер:

1.Бактерия жасушасымен әсерлескенде, инфекцияның интегративті типін тудыратын фагтар ... деп аталады.



  1. әлсіз

  2. вирулентті

  3. дефектілі

  4. құнды

  5. тікелей

2.Әлсіз фагтар дефектілі түрде болуы мүмкін және ... қабілетіне қарай ажыратылады.

  1. фагтық тұқым түзбеу

  2. вирулентті фагқа өту

  3. протопластарда адсорбциялану

  4. фагтық тұқым түзу

  5. лизистік

3.Бактериялық дақылдарды фагтық дифференциялдау белгілі ... жатуын анықтау үшін жүргізеді.

  1. түрге

  2. тұқымға

  3. туыстастығына

  4. топқа

  5. ұрпаққа

4.Эпидемиологиялық тәжірибеде көптеген инфекцияларды фаготиптеу , ... анықтау үшін қолданылады.

  1. инфекция көзін және оның берілуін жолдарын

  2. қоздырғыш түрлерін

  3. инфекцияның берілу жолдарын

  4. инфекцияның берілу факторларын

  5. инфекцияның берілу механизмдерін

5.... дегеніміз-жасушалық геномның қайта қалпына келу процессі.

  1. Репарация

  2. Модификация

  3. Мутация

  4. Диссициация

  5. Рекомбинация

6.Генетикалық материалдың реципиентті жасуша донорынан тікелей берілуі ... деп аталады.

  1. трансформация

  2. трансдукция

  3. конъюгация

  4. диссоциация

  5. репарация

7.Плазмидалардың …

  1. жеке генетикалық ақпараттық жиынтығы бар.

  2. ақуыздық сыртқы қабаты бар.

  3. барлық тірі жасушаларда паразиттік тіршілік етеді.

  4. трансдукция процесіне қатысады.

  5. жасушаның ішінде де, жасушадан тыс жерде де көбейеді.

8.Бактериялардың антибиотиктерге геннің өзгерісімен байланысты болатын тұрақтылығы ... кезінде туады.

  1. мутация

  2. модификация

  3. трансформация

  4. конъюгация

  5. рекомбинация

9.Плазмидалардың вирустардан ерекшелігі, ...

  1. тек қана бактерияларда кездеседі.

  2. эукариоттар паразиттері.

  3. геном тек қана бір жіпшелі РНҚ тұрады.

  4. сыртқы қабаты бар.

  5. негізгі мақсаты жасушаны жою.

10.... бактериялардың хромосомадан тыс тұқымқуалаушылық факторлары болып келетін молекулалар.

  1. ДНҚ

  2. РНҚ

  3. Полипептидтер

  4. Ферменттер

  5. Ақуыздар

5


1. Тақырыбы: Антибиотиктер. Микробтардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау.

2. Мақсаты: Антибиотиктер терапиясының эффективтілігін анықтау әдісін игеру. Бактериялардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау.

3. Оқыту мақсаты: Антибиотиктердің негізгі топтарының әсер ету механизмдері туралы түсінік беру, бактериялардың антибиотиктерге сезімдалдығын сандық және сапалық әдістер арқылы анықтау.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Химиотерапевтикалық препараттарға анықтама беріңіз.ХТП-ға жалпы сипаттамалар беріңіз.

  2. ХТП негізгі топтарын атап өтіңіз?

  3. “Антибиотик” терминіне анықтама беріңіз. Антибиотиктердің шығу табиғатына, химиялық құрамына, әсер ету механизмі бойынша жіктелуі.

  4. Антибиотиктердің микроорганизмдерге әсер ету спектрі бойынша жіктелуі.

  5. Бактериялардың дәріге тұрақтылығы, оны жою жолдары.

  6. Вирустардың ХТП-ға тұрақтылығын біріншілік себебі.Вирустық инфекция емдеудегі ХТП-ның аз қолдану себептері.

  7. Инфекциялық ауруларды емдеудегі антибиотикотерапиялық жанама әсері.

  8. Бактериялардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау әдістері.

  9. Микробиологияда және медицинада әртүрлі температура параметрлерін практика жүзінде қолдану.

  10. Медицинада және микробиологияда физикалық фактордың маңызы /РН/ орталардың реакциясы, ылғал не болмаса кептіру иондық радиация, ультрадыбыс және қысым.

  11. Микроорганизмдерге химиялық заттардың әсері, дәрігерлердің медициналық практикада қолдануы.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: пікірталас.

6.Әдебиет:

Негізгі:

1. Медицинская микробиология: учебник / под ред. Покровского В. И. – 4-е изд,испр – М,2008.

2. Рамазанова Б.А.., Қ. Құдайбергенұлы, А.Л. Котова және т.б.-Жалпы микробиология. Оқу-әдістемелік құрал.-Алматы. 2008 ж. 391 бет.

3. Рамазанова Б.А.., Құдайбергенұлы Қ. Медициналық микробиология оқулық-Алматы 2010

4. Медицинская микробиология: оқулық /Б.А. Рамазанова (ж.б.); ҚР Білім және ғылым министрлігі.-Алматы: «Print-S», 2011.-200 экз.

5. Поздеев О.К. Медицинская микробиология: учебник/под ред Покровского В.И. -4-е изд, испр.-М,2008.

6. Жеке бактериология: оқу құралы/ Б.А. Рамазанова (ж.б.).-Алматы: Б.ж., 2010.-32 экз.

7. Микробиология: учебник/ под ред. В.В. Зверева, М.Н. Бойченко.-М.: ГЭОТАР-Медиа, 2012.-30экз.

8. У.Т. Арықпаева., А.Н. Саржанова., Е.Х. Нуриев. Медициналық микробиология оқу құралы 1-2 том.-Қарағанды 2012.

Қосымша:

1. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-2-е изд., испр. –СПб., 2000

2. Коротяев А.И. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология: учеб.-3-е изд., испр. И доп.-СПб., 2002

3. www.google.kz

4. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология: учеб. /ред. А.А. Воробьев. 2-е изд., испр. И доп.-М., 2006.

5. Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама. – Астана, 2000.

6. Бактериялардың генетикасы: оқу құралы. –Астана, 2000

7. Колонизация резистенттілік Дисбактериоз. Коррекциясы: әдіст.құрал.-Астана, 2000.

8. Микробиология саласына еңбегі сіңген ғалымдар: қысқаша анықтама. – Астана, 2000.

7. Бақылау (есептер, тесттер.)

Жағдайлық есептер:


  1. Науқастан бөлінген дақылдың антибиотиктерге деген сезімталдығын анықтады. Полипептидті антибиотиктерге-полимиксинге және ристамицинге қоректі агарда диск бойынша қайталап зерттегенде тұрақтылық байқалады. Бірақ сериялы түрде араластырғаннан кейін осы микроорганизмдерде антибиотиктерге сезімталдығын өте төменгі концентрацияның өзінде байқалды. Осы зерттеу әдістерінде сезімталдықтың әртүрлі болу себебін дәлелдеңіз.

  2. М. науқасының сарысуынан бөлінген микроорганизмдер пенициллиннің терапевтикалық дозасына сезімтал,ал стрептомициннің максимальды дозасына ғана сезімтал. К. науқастан бөлінген дақыл гентамициннің максимальды концентрациясына сезімтал емес. Аурулардан бөлінген дақылдардың АБ деген сезімталдылық дәрежесін анықтаңыз.

  3. Аурудан дақылы бөлінді. Осы қоректік ортада диск әдісі бойынша зерттегенде пеницилинге сезімтал болып шықты. Бір тәуліктік инкубациядан кейін аурудан бөлінген дақылдың қасында стандартты штамм өсіп шықты. Неге стафиококтың пеницилинге сезімтал стандартты штамм өсіп шықты.

  4. Автоклав жұмысының эффективтілігін бақылау үшін автоклавқа стерилизацияланатын обьектпен бірге бензой қышқылын орналастырамыз. Автоклавтаудың барлық жағдайын ескере отырып, стерилизация жасап болғанан кейін (t-ны, уақытты, қысымды) бензой қышқылы еріген.

  5. Автоклавтау температурасын және стерилизация эффективтілігін анықтаңыз.

  6. Қоректік ортаның стерилизациялау нәтижесіндегі стерилизация эффективтілігін бақылау үшін автоклавқа балқыту температурасы 110 0С-тан бензонафтол орналастырады. Стерилизация нәтижесінен кейін бензонафтол ерімеген. Автоклавтаудың дұрыс жүргізгендігі және қоректік ортаның стерилизациялау сапалығына мінездеме беріңіз.

Тесттер:

1.Әртүрлі микроорганизмдерден бөлініп алынатын химиотерапиялық препараттар:



  1. нитрофурандар

  2. антибиотиктер

  3. хинолондар

  4. сульфаниламидтер

  5. тетрациклиндер

2.Сульфаметоксазол және триметоприм қоспасынан тұратын, грам «-» және грам «+» бактерияларға әсер ететін комбинирленген препарат:

  1. бисептол

  2. фурагин

  3. сульфапиридазин

  4. норсульфазол

  5. сульфамонометоксин

3.Микроб жасуша қабырғасындағы компененттер синтезін тежейтін антибиотик:

  1. пенициллин

  2. хинолин

  3. макролид

  4. тетрациклин

  5. аминогликозид

4.Қоршаған ортадан адам организміне,қоректік ортаға,таңу материалдарға және құрал-жабдықтарына микроорганизмдердің түсіп кетпеуіне алдын алу шаралар жиынтығы:

  1. асептика

  2. стерильдеу

  3. дезинфекция

  4. антисептика

  5. дезинсекция

5.Бактериялардың өсуі мен көбеюін толық немесе жартылай тежейтін химиотерапиялық препараттың әсері... деп аталады..

  1. бактериостатикалық

  2. антимикробты спектр

  3. бактериоцидтік

  4. антитоксикалық

  5. химиотерапевтік индекс

6.Актиномицеттермен ... өндіріледі.

  1. левомецитин

  2. пеницилин

  3. цефолоспорин

  4. нистатин

  5. грамицирин

7.Бактерияларға қарсы препарат:

  1. рифампицин

  2. интерферон

  3. азидотимидин

  4. рубомицин

  5. леворин

8.Қайнату:

  1. стерилизацияның физикалық әдісі

  2. дезинфекцияның химиялық әдісі

  3. стерилизацияның механикалық әдісі

  4. антисептика

  5. дезинфекцияның физикалық әдісі

9.Бактерияның өліміне алып келетін антибиотиктің әсері:

  1. бактериоциттік

  2. бактериостатикалық

  3. микробтық сан

  4. химиотерапиялық индекс

  5. антимикробтық спектр

10.Вирусқа қарсы препарат:

  1. ремантадин

  2. фурагин

  3. тетрациклин

  4. леворин

  5. пенициллин

№6
1. Тақырыбы: Дезинфекцияның, стерилизацияның, асептика, антисептиканың микробиологиялық негіздері. Дезинфекция және стерилизацияның сапасын қадағалау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет