Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты 08. 322 және роәК-ң 2006 жылғы 22 маусымындағы хаттамасымен бекітілген оқу типтік бағдарламасы негізінде әзірленді



Дата14.06.2016
өлшемі237.91 Kb.
#134436
түріЖұмыс бағдарламасы

Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/30


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Биология және экология кафедрасы

Өсімдіктер физиологиясы пәнінен

050701 – Биотехнология

мамандығының студенттеріне арналған




ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар


Кегль 14, буквы строчные, кроме первой прописной



Мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және типтік бағдарлама негізінде әзірленген жұмыс оқу бағдарламасын бекіту парағы



Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/31









БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

___________ Пфейфер Н.Э.

20__ж. «___»____________


Құрастырушы: _________ б.ғ.к., аға оқытушы Мадиева Қ.М.

Биология және экология кафедрасы
Өсімдіктер физиологиясы пәні бойынша

050701 - Биотехнология мамандығының студенттеріне арналған



ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты 3.08.322 және РОӘК-ң 2006 жылғы 22 маусымындағы хаттамасымен бекітілген оқу типтік бағдарламасы негізінде әзірленді
2010 ж. «11» қараша кафедра отырысында ұсынылған № 5 хаттама.
Кафедра меңгерушісі ______ Исимбеков Ж.М. 20__ж. «____» ________
Факультет оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған 2010ж. «25» қараша № 3 хаттама
ОӘК төрағасы ___________ Бүркітбаева Ұ.Д. 20__ж. «_____»___________

КЕЛІСІЛГЕН

ХТжЖФ деканы ____________ Ахметов Қ.Қ. 20__ж. «_____»_____________

МАҚҰЛДАНДЫ:

ОҮЖжӘҚБ бастығы ___________ Варакута А.А. 20__ж. «_____»_______


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20__ж. «___»______________ №____ хаттама




1 Пәннің мақсаты - өсімдіктердің тіршілігінің жалпы заңдылықтары туралы білімнің қазіргі заманғы жағдайын көрсету, негізгі биологических процесстердің өзара байланысын табу, сондай ақ бұл процесстердің сыртқы орта шарттарына тәуелділігін анықтау.

Пәннің міндеті - өсімдік клеткасы органоидтарының құрылысы мен атқаратын қызметтерін, фотосинтездің жарық және қараңғы сатыларының мәні мен механизмдерін, тыныс алу құбылысында өтетін тотығу процестерін, фотосинтез бен тыныс алу процесіндегі фосфорлануды, минералдық элементерінің физиологиялық мәнін және метаболизмін, су және минералдық заттардың клеткаға енуін және өсімдік бойы тасымалдануын, өсу мен даму заңдылықтарын, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігінің негіздерін білуге міндетті.

Өсімдіктер физиологиясының өсімдіктердің өнімділігін арттыруға, ауылшаруашылық өнімдерінің сапасын жасартуға бағытталған тәсілдер жүйесі үшін теориялық негіз ретіндегі мәнін, сондай ақ оның биотехнологиямен байланысын негіздеу қажет.

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттерде:


  • осы пәннен алған білімдерін өздерінің мамандығына байланысты дайындығын толықтыру үшін және іс әрекеттеріне пайдалана білуі қажет. Ол үшін тиісті физиологиялық ғылыми зерттеулердің әдістерін жеткілікті деңгейде меңгеруі керек.

  • зертханалық сабақтардың барысында студенттер клеткалардың осмос қысымын анықтауын, транспирацияның, фотосинтездің, тыныс алудың қарқындылығын анықтауды, хлорофилді бөліп алуын және оның физика-химиялық қасиеттері мен мөлшерін анықтауды, минералдық элементердің өсімдіктердің өсуі мен дамуына әсерін, өсу жөне төзімділік процестерінің көрсеткіштерін анықтауда практикалық машықтарды иемдену қажет;


2 Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет: химия, физика, биологиялық химия, генетика, молекулалық биология, т.б.


3 Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: өсімдіктер биотехнологиясын, экологиялық биотехнологияны, азық түлік биотехнологиясын, генетикалық инженерияны.



4 Пәннің мазмұны



4.1 Пәннің тақырыптық жоспары


№ р/с

Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны

дәрістер

практи-калық (сем)

Зертха-налық

СӨЖ


1

Кіріспе

2

1




10

2

Өсімдік клеткасының физиологиясы

3

2

1

10

3

Өсімдіктегі су алмасуы

4

2

1

10

4

Фотосинтез

4

2

1

15

5

Өсімдіктердің тыныс алуы

2

2

1

10

6

Өсімдіктердің минералдық қоректенуі

3

2

1

10

7

Өсімдіктердің өсуі және дамуы

2

2

1

10

8

Өсімдіктердің сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігі.

2,5

2

0,5

15

БАРЛЫҒЫ :

22,5

15,0

7,5

90


4.2 Пән тақырыптарының мазмұны



1 тақырып. Кіріспе

Өсімдіктер физиологиясының зерзаты. Молекулалық, экологиялық


және эволюциялық бағыттары. Басқа ғылымдар арасындағы орны, міндеттері. Өсімдіктер физиологиясының объектілері — фототрофтық организмдері. Өсімдіктер физиологиясының даму кезендері. Өсімдіктер физиологиясының келелі проблемалары мен жаңа бағыттары. Өсімдіктер физиологиясының биотехнологиямен байланыстылығы.

2 тақырып. Өсімдік клеткасының физиологиясы

Өсімдік клеткаларының құрылымдық бөліктері: ядро, пластидалар, митохондриялар, рибосомалар, вакуоль, эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, микротүтіктер, пероксисомалар т.б. Клетка органоидтарының физиологиялық қызметтеріне байланысты құрылымдық ерекшеліктері. Компартментация — клеткада өтетін метаболизм процестерінің жекеленуі. Клетка қабығы, химиялық құрамы және құрылысы. Ультрақұрылымы және физикалық қасиеттері. Плазмодесмалар. Протопластар. Протопластарды бөліп алу. Өсімдік клеткаларының құрылысы мен атқаратын қызметін зерттеу үшін протопластарды пайдалану. Протопластарды биотехнологияның объектісі ретінде қолдану.

Протоплазманың құрамы мен қасиеттері (өткізгіштік, түтқырлық, тітіркенгіштік). Цитоплазма мен органоидтардың қозғалысы. Мембрана клетка құрылысының негізі. Биологиялық мембраналардың құрылысы және физико-химиялық қасиеттері. Мембраналар атқаратын қызметтері Заттардың мембрана арқылы тасымалдануы.

3 тақырып. Өсімдіктегі су алмасуы

Судың өсімдік тіршілігіндегі маңызы, молекулалық құрылысы және қасиеттері. Өсімдік клеткасында судын алмасуы. Клеткадағы оның түрлері. Өсімдік клеткасына судың ену заңдылықтары. Осмос биоколлоидтардың бөртуі. Осмостық қысым. Судың потенциалы. Плазмолиз және деплазмолиз құбылыстары.

Судың өсімдік денесінде жылжуының жолдары және механизмдері. Өсімдікке судың тамыр арқылы сіңуі. Тамыр қысымы - төменгі қозғағыш күш. Судың сіңуіне сыртқы жағдайлардың әсері.

Транспирация - жоғарғы қозғағыш күш. Жапырақтың ролі: устьицелік және кутикулалық транспирация. Транспирацияның маңызы және көрсеткіштері. Сыртқы жағдайлардың транспирацияға әсері. Транспирацияның тәуліктік жоне маусымдык, өзгеруі. Әртүрлі экологиялық топтағы өсімдіктердің су алмасудағы ерекшеліктері. Су алмасудың реттелуі және өсімдіктер өнімділігі.



4 тақырып. Фотосинтез

Фотосинтез және оның маңызы туралы жалпы ұғым. Фотосинез туралы ілімнің даму тарихы. Фотосинтез - күннің энергиясын химиялық байланыстардың энергиясына айналдыру процесі.

Жапырақ - фотосинтез процесі жүзеге асатын негізгі мүше. Хлоропластардың құрылысы мен құрамы, клеткада пайда болуы. Хлоропласт пигменттері: хлорофилдер, фикобилиндер, каротиноидтар. Олардың химиялық, физикалық ерекшеліктері, спектрлік қасиеттері, хлоропласттың күйлері. Синтезделу жолдары. Бактериородопсин.

Фотосинтездің жарық сатысы. Фотосинтездегі алғашқы процестер. Пигменттердің жарықты сіңіруі. Пигменттер электрондарының қозуы. Қозу энергиясының пайдалану жолдары. Фотосинтездік бірлік. Реакция орталығы. Антеналық жиынтығы мен реакция орталығының пигменттері. Реакция орталығында энергияның өзгеруі.

I және II фотожүйелері. Екі фотожүйенің бірлесіп қызмет атқаруы жөнінде түсінік. Электрондардың айналымсыз тасымалдануы. Электрондар мен протондар тасымалдану тізбегі. Электрондардың айналымды тасымалдануы. Фотосинтездегі оттегінің бөлініп шығуы. Фотофосфорлану процесінің зерттелуі.

Күннің энергиясын пайдалану үшін биотехнологияның мүмкіңдіктері. Фотосинтез барысында сутекті бөліп алу жөне сол үшін жекеленген хлоропластар мен бактерияларды пайдалану. Күннің энергиясын пайдалану үшін галофилдік бактерияларды қолдануы.

Фотосинтездің қараңғы сатысы. Фотосинтездің алғашқы өнімдері және олардың айналуын зерттегенде қолданылған қисыны мен әдістемесі. Кальвин циклінің (С3 — жолы) реакциялары. Карбоксилдену, тотықсыздану. жөне регенерация сатылары. Фотосинтездің С4 - жолы (Хэтч-Слэк циклі). Көмірқышқыл газының С3 - жөне С4 - жолдарымен ассимиляциялану ерекшеліктері және олардың экологиялық маңызы. Жасаң шөптер тұқымдастарындағы органикалық қышқылдар метаболизмі. Жарықтағы тыныс алу реакциялары, маңызы.

Фотосинтездің экологиясы. Жарықтың, температураның, сумен қамтамасыз етуі, минералдық қоректенуі, өсімдіктің жасының фотосинтезге әсері. Әр түрлі экологиялық топтарына жататын өсімдіктердің фотослнтездегі ерекшеліктері. Фотосинтез және түсім. Фотосинтездің тиімділігін арттыру үшін гендік инженерияның мүмкіндіктері.



5 тақырып. Өсімдіктердің тыныс алуы

Тыныс алу туралы жалпы үғым. Өсімдік тіршілігінде тыныс алу процесінін маңызы. Тыныс алу мен ашу процестерінің байланыстылығы. Митохондриялар, ультрақұрылымы, қызметі және пайда болуы.

Тыныс алуға пайдаланылатын заттар және тыныс алу коэффициенті.
Тыныс алуға пайдаланылатын заттардың тотығу жолдары. Гликолиз, негізгі сатылары, маңызы. Ди- жене трикарбон қышқылдар циклі (Кребс циклі).

Глиоксилаггық циклі. Тотығудың пентозофосфаттық жолы. Тыныс алудың өсімдік организмінің басқа функцияларымен байланыстылығы.

Тыныс алу процесіндегі электрондар тасымалдану тізбегі жөне оның құрамы: дегидрогеназалар, флавопротеидтер, убихинон, цитохромдар.Митохондриядағы электрондар тасымалдану тізбегінің құрылысы. Тотыға фосфорлану процесінің механизмдері. Субстрат деңгейіндегі және митохондрияда электрондар тасымалдану тізбегінде өтетін тотыға фосфорлану. Митчеллдің хемиосмостық теориясы. Тыныс алуға сыртқы жағдайлардың әсері. Тыныс алу қарқындылығының онтогенездік өзгерісі.

6 тақырып. Өсімдіктердің минералдық қоректенуі

Өсімдіктерге минералдық элементтердің қажеттілігі және олардың мөлшері. Макроэлементтер, микроэлементтер. Иондардың өзара әрекеттесуі: антогонизм, синергизм, аддитивтілік әсері. Іn vitro өсірілетін клеткалар үшін қоректік орталар. Иондардың өзара әрекеттесуі. Топырақтың өсімдіктердің қоректенуіне байланысты ерекшеліктері.

Жеке элементтердің физиологиялық маңызы. Азот, маңызы және табиғаттағы айналымы. Өсімдіктер үшін азоттың көздері. Нитраттардың тотықсыздануы. Аммиактың ассимиляциялану жолдары. Амин қышқылдары мен амидтердің түзілуі. Аминдену. Молекулалық азоттың игерілуі және сол процесті жүзеге асыра алатын организмдер. Молекулалық азоттың тотықсыздану механизмдері. Молекулалық азоттың биологиялық игерілуінің тиімділігін артгыру үшін гендік инженерияны қолдану жолдары.

Фосфор. Клеткадағы фосфорлы қосындылардың маңызы. Фосфордың өсімдіктер үшін көздері, клеткаға енуі жөне зат алмасу процестеріне қосылуы. Күкірт, өсімдіктер үшін көздері. Негізгі күкіртті қосындылар, олардың зат алмасудағы маңызы. Сульфаттың тотықсыздануы. Күкірттің өсімдікте ассимиляциясы. Калий, кальций, магний жөне темір элементтердің физиологиялық маңызы. Олардың өсімдікке енуі жөне метаболизмге қосылуы.

Микроэлементтердің физиологиялық маңызы туралы ілімнің қазіргі кездегі деңгейі. Жеке микроэлементтер — бор, марганец, мыс, мырыш, молибден және кобальттың физиологиялық маңызы.

Иондардың клетка қабығы және мембраналары арқылы сіңу механизмдері. Диффузиялық сіңу жөне адсорбция. Ырықты және ырықсыз, метаболиттік сіңу туралы жалпы үғымдар, механизмдері. Иондардың апопластық және симпластық тасымалдану жолдары.

Минералдық тынайтқыштар, оларды қолданудың физиологиялық негіздері. Негізгі минералдық және органикалық тыңайтқыштар. Өсімдіктердің минералдық қоректенуі және түсім.

7 тақырып. Өсімдіктердің өсуі және дамуы

Өсу және даму деген ұғымдардың анықтамасы. Барлық тірі организмдерге тән өсу зандылықтары. Өсімдіктер өсуінің ерекшеліктері. Өсу, морфогенез және даму процестерінің байланыстылығы.

Өсу мен дамудың реттелу принциптері. Өсімдіктің өсуі мен дамуын реттейтін ішкі факторлар. Фитогормондар: ауксиндер, гиббереллиндер, цитокининдер, абсциз қышқылы, этилен. Гормондардың синтезделу жолдары мен орындары, физиологиялық қасиеттері. Өсуді тежейтіи фенолдық заттар. Өсуді реттейтін жасанды заттар.

Өсімдіктің өсуі мен дамуын реттейтін сыртқы факторлар. Фитохром жүйесі. Фотопериодизм. Яровизациялау. Өсудің ырғақтылыгы және мерзімділігі.

Өсімдік клеткасының онтогенезі. Клетканың бөлінуі. Клетка қабығынын түзілуі. Протоплазманың өсуі. Клетканың созылып өсуі. Клетка қабығының өсуі. Клетканың дифференциялануы және оның негіздері. Гендердің дифференциялды активтелінуі. Морфогенез механизмдері. Компетенция, детерминация, полярлылық құбылыстары. Клетканың орналасқан орнының әсері.

Клетканың тотипотенттік қасиеті. Өсімдік регенерациясы. Іn vitro және іn vivo отетін регенерация жолдары. Өсімдіктің жекеленген клеткаларын, ұлпаларын және мүшелерін жасанды орталарда өсіру. Оларды өсімдіктің даму биологиясының мәселелерін шешу үшін пайдалану.

Өсімдік мүшелерінің өсуге байланысты өзара әрекеттестіктері -үйлесімділік (корреляция). Өсімдіктің өсуі мен дамуының коррелятивтік жылдамдануы немесе тежелуі. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің өмірінің сатылары. Дамудың жастық сатысы қартаю және құру сатысы. Өсімдік мүшелерінің қалыптасуы, химиялық және физикалық факторлардың әсері. Өсімдік гүлдерінің, жемістерінің және басқа азықтық бөліктерінің түзілуі, пісіп жетілуі. Жапырақтардың түсуі. Бүршіктер мен ұрықтардың тыныштық кезеңіне өтуі.

Өсімдіктің өсуіне байланысты қимыл-қозғалыстар. Тропикалық және настиялық (икемдеушілік) қимылдар, олардың физиологиялық негіздері.



8 тақырып. Өсімдіктердің сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігі.

Өсімдіктердің қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігі - тіршілік жағдайларына бейімделушілік белгілері. Өсімдіктердің қолайсыз температуралық жағдайларына төзімділігінің физиологиялық негіздері, қуаншылыққа төзімділік. Өсімдіктердегі шынығу процестері, физиологиялық негіздері. Өсімдіктердің қоректік ортаның (топырақтың) тұздылығына төзімділігі. Өсімдіктердің індетті (патогенді) микроорганизмдер әсеріне төзімділігінің физиологиялық негіздері. Өсімдіктердегі иммунитет құбылысы, түрлері және факторлары. Ауру өсімдіктің физиологиясы. Өсімдіктердің қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігін арттырудағы гендік инженерияның мүмкіндіктері.


4.3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
Тақырып 1 Кіріспе

Өсімдіктер физиологиясының зерзаты. Молекулалық, экологиялық


және эволюциялық бағыттары. Басқа ғылымдар арасындағы орны, міндеттері. Өсімдіктер физиологиясының объектілері — фототрофтық организмдері. Өсімдіктер физиологиясының даму кезендері.

Тақырып 2 Өсімдік клеткасының физиологиясы

Өсімдік клеткаларының құрылымдық бөліктері: ядро, пластидалар, митохондриялар, рибосомалар, вакуоль, эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, микротүтіктер, пероксисомалар т.б. Клетка органоидтарының физиологиялық қызметтеріне байланысты құрылымдық ерекшеліктері.



Тақырып 3 Өсімдіктегі су алмасуы

Транспирация - жоғарғы қозғағыш күш. Жапырақтың ролі: устьицелік және кутикулалық транспирация. Транспирацияның маңызы және көрсеткіштері. Сыртқы жағдайлардың транспирацияға әсері. Транспирацияның тәуліктік жоне маусымдык, өзгеруі. Әртүрлі экологиялық топтағы өсімдіктердің су алмасудағы ерекшеліктері. Су алмасудың реттелуі және өсімдіктер өнімділігі.



Тақырып 4 Фотосинтез

I және II фотожүйелері. Екі фотожүйенің бірлесіп қызмет атқаруы жөнінде түсінік. Электрондардың айналымсыз тасымалдануы. Электрондар мен протондар тасымалдану тізбегі. Электрондардың айналымды тасымалдануы. Фотосинтездегі оттегінің бөлініп шығуы. Фотофосфорлану процесінің зерттелуі.

Күннің энергиясын пайдалану үшін биотехнологияның мүмкіңдіктері. Фотосинтез барысында сутекті бөліп алу жөне сол үшін жекеленген хлоропластар мен бактерияларды пайдалану. Күннің энергиясын пайдалану үшін галофилдік бактерияларды қолдануы.

Тақырып 5 Өсімдіктердің тыныс алуы

Тыныс алу процесіндегі электрондар тасымалдану тізбегі жөне оның құрамы: дегидрогеназалар, флавопротеидтер, убихинон, цитохромдар.Митохондриядағы электрондар тасымалдану тізбегінің құрылысы. Тотыға фосфорлану процесінің механизмдері. Субстрат деңгейіндегі және митохондрияда электрондар тасымалдану тізбегінде өтетін тотыға фосфорлану.



Тақырып 6 Өсімдіктердің минералдық қоректенуі

Жеке элементтердің физиологиялық маңызы. Иондардың клетка қабығы және мембраналары арқылы сіңу механизмдері. Диффузиялық сіңу жөне адсорбция. Ырықты және ырықсыз, метаболиттік сіңу туралы жалпы үғымдар, механизмдері. Иондардың апопластық және симпластық тасымалдану жолдары.



Тақырып 7 Өсімдіктердің өсуі және дамуы

Өсімдік мүшелерінің өсуге байланысты өзара әрекеттестіктері -үйлесімділік (корреляция). Өсімдіктің өсуі мен дамуының коррелятивтік жылдамдануы немесе тежелуі. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің өмірінің сатылары. Дамудың жастық сатысы қартаю және құру сатысы. Өсімдік мүшелерінің қалыптасуы, химиялық және физикалық факторлардың әсері. Өсімдік гүлдерінің, жемістерінің және басқа азықтық бөліктерінің түзілуі, пісіп жетілуі. Жапырақтардың түсуі. Бүршіктер мен ұрықтардың тыныштық кезеңіне өтуі.



Тақырып 8 Өсімдіктердің сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігі.

Өсімдіктердегі иммунитет құбылысы, түрлері және факторлары. Ауру өсімдіктің физиологиясы. Өсімдіктердің қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігін арттырудағы гендік инженерияның мүмкіндіктері.



Зертханалық сабақтардың мазмұны

1) 1 тақырып Өсімдік клеткасының физиологиясы. Су алмасу.

  1. Өсімдіктер тканьдерінің моносахаридтер мен полисахаридтерді сапалық анықтау.

  2. Белоктар мен липидтерге сапалық реакциялар.

  3. Тамыр қысымы. Гуттация процесіне сыртқы жағдайлардың ықпалы.

2) 2 тақырып Фотосинтез.

  1. Жапырақ ауданы бірлігіндегі устьицалық клеткалардың санын анықтау.

  2. Жасыл жапырақтың пигменттерін хроматография әдісімен қағазға және Краус әдістерімен бөлу.

  3. Хлорофилл - мен каротиннің оптикалық қасиеттері. Пигменттердің флуоресценциясы мен спектрлерді жұтуын зерттеуі

3) 3 тақырып Тыныс алу. Заттардың тасымалдануы.

1. Тұқымдардың өнуі кезіндегі тыныс алу процесінде құрғақ затын жоғалтуы.



4) 4 тақырып Минеральды қоректену.

  1. Плазмолиз түріне К+ мен Са++ иондарының әсері.

  2. Вакуольге заттардың енуі. Вакуолдың ішіндегілерді тірі кeзінде бояу (метилен көгімен, нейтраль қызылымен).

5) 5 тақырып Өсімдіктердің өсуі мен дамуы. Төзімділік.

1.Өсу қозғалыстары: өскіндердің фототропизмі мен тамырлардың геотропизмі.



  1. Төменгі температурада қанттың цитоплазмаға қорғаныштық әсері.

  1. Өсімдіктердің ыстыққа төзімділігін (Ф.Ф. Мацков бойынша) анықтау.

Әдебиет: [1-4]

4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны

4.4.1 СӨЖ мазмұны



СӨЖ түрі

Есеп беру нысаны

Бақылау түрі

Сағатқа шаққандағы көлем

1

Дәріс сабақтарына дайындалу




Сабаққа қатысу

15

2

Практикалық сабақтарға

дайындалу (сабақ тақырыбы бойынша материалды меңгеру, тапсырмаларды шешу және т.б.)



Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

10

3

Зертханалық жұмыстарға дайындалу (сабақ тақырыбы бойынша материалды меңгеру, есеп беру шаблонын дайындау)

Есеп беру шаблоны

ЗЖ рұқсат алу

8

4

Аудиториялық сабақтың мазмұнына кірмеген материалды меңгеру

Конспект

(және т.б.)



Коллоквиум

(және т.б.)



12

6

Семестрлік тапсырмаларды орындау (рефераттар, глоссарий)

Реферат, глоссарий

СТ қорғау

40

7

Бақылау шараларына дайындалу




1 МБ, 2 МБ (тестілеу)

5

Барлығы:

90


4.4.2 Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі

1. Фотосинтез - биоэнергетиканың негізі.

2. Жарық энергиясының өсімдіктердегі органикалық заттар энергиясына өзгеруі.


  1. Өсімдіктердің өсуі мен дамуы.

  2. Жоғары сатыдағы өсімдіктер онтогенезінің кезеңдері.

  3. Өсімдіктердің өсуіне сыртқы орта факторларының әсері.

  4. Тамыр қысымы.

7.Транспирация—су ағынының жоғарғы жылжытқышы екендігі.

8.Әртүрлі экологиялық топтағы өсімдіктердің су режимінің ерекшеліктері.

9.Минералдық элементтердің өсімдіктерде кездесу мелшері.

10.Азот. Биосферадағы азоттың айналысы. Азоттың өсімдіктер үшін тиімді түрлері. Ауадағы азотты фиксациялау (бекіту).

11 .Өсімдіктердің реттеуші жүйелері.

12.Жарық энергиясын таңдап, сіңіруі және оның біртіндеп электрлік, химиялық және биологиялық энергияларға (макроэнергиялық байланыстарға) айналуы.

13.Аммиакты ассимиляциялау жолдары.

14.Хлоропластар пигменттері фоторецепторлар екендігі. Олардың химиялық табиғаты мен фотоактивтілігі арасындағы байланыстылық.

15.Биологиялық мембраналар және олардың атқаратын қызметтері.

161.Өсімдіктердің тыныс алуы жөніндегі А.Н.Бах пен В.И.Палладиннің теориялары.

17.Өсімдіктер қимылы. Өсімдіктер қозғалысының түрлері.

18.Өсімдіктердің қорғану тетіктері (механизмдері). Өсімдіктердің төменгі қолайсыз температураларға төзімділігі.

19.Өсімдіктер клеткасының түрлі иондарды сіңіру тетіктері (механизмдері).

20.Микроэлементтер (марганец, бор, молибден, кобальт, мыс және т.б.)

21.Фосфор. Өсімдіктер үшін тиімді фосфордың түрлері.

22.Эукариоттар фотосинтездік системасының пигменттері. Хлорофилдер, каротиноидтер, олардың құрылысы мен атқаратын қызметтері.

23. Хлорфилл молекуласы агрегациясындағы (топтасуы) магний атомының орны мен оның спектрдың қызыл сәулесін сіңірудегі маңызы

24.Өсімдіктер клеткасыңың субклеткалық құрылымдары.

25.М.С.Цветтің хроматографиялық әдісімен бвлініп алынған а мен б хлорофилдері.

26.Күкірт. Биосферадағы күкірттің айналымы. Күкірттің өсімдіктер үшін тиімді түрлері.

27.Фотосинтездің фотохимиялық фазасы.

28.Өсімдіктердің қалпына келу (регенерация) жолдары.

29.Ауруларға қарсы өсімдіктер төзімділігі

30.Судың осмостық турде сіңірінуі.

31.Гликолиз.

32.Фотосинтез экологиясы.

33.Ди- және трикарбон қышқылдарының циклы (Кребс циклы).

34.Тотығу аркылы фосфорилдену. Митчелл теориясы.

35.Фотосинтездің - С3 және С4 жолдары.

36.Ксилемалық транспорт. Ксилемді шырынның құрамы. Флоэмалық транспорттың тетігі (механизмі).

37.Тропизмдер.

38.Жасыл өсімдіктің космостық рөлі.

39.Реттеудің гормондық системасы.

40.Фотосинтездің екі фазасы.

41.Глюкоза тотығуының пентозофосфатшқ жолы.

42.Қанттың тікелей тотығуы.

43.Су потенциалы.

44.Мембрандық потенциалдың - электрлік және химиялық компоненттері.

45.Әртүрлі экологиялық топтарға жататын өсімдіктердің осмостық потенциалын өлшеу әдістері.

5 Әдебиеттер тізімі

Негізгі:


  1. Қалекенұлы, Ж. Өсiмдiктер физиологиясы:оқулық.[2-басылым, толықтырылған, өңделген].-Алматы:Қазақстан жоғары оқу орындарының қауымдастығы,2004.-456 б.

  2. Арыстанова, Ш. Е. Өсiмдiктер физиологиясы:оқу құралы.- Көкшетау: Келешек- 2030, 2008.- 116 б.

  3. Әлжанова Р. М., Жақсылықова А.К., Зотиков В.И. Өсiмдiктердің қоректену физиологиясы: Ауылшаруашылық оқу орындарының студенттерiне оқу құралы ретiнде ұсынылған.-Астана,2001.-179 б.

  4. Якушкина, Н. И. Физиология растений:учебник для вузов.-М.:ВЛАДОС,2005.-464 с.

  5. Ермакова, И. П. Физиология растений:учебник для студ. вузов, обучающихся по биолог. спец.-2-е изд., испр.- М.:Академия,2007.-635 с.

  6. Жапарова Б.Н.Өсiмдiктер физиологиясы: экология маман. күндiзгi оқу формасындағы студ. үшiн зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдiстемелiк нұсқау/ Павлодар:С.Торайғыров атындағы ПМУ,2005

  7. Медведев С.С. Физиология растений. Изд-во СПбГУ, 2004.

Қосымша:

  1. Кузнецов, В. В. Физиология растений:учебник для вузов.-М.:Высш. шк.,2005.-736 с.

  2. Пильщикова, Н. В. Физиология растений с основами микробиологии:учебник для сред. спец. учеб. заведений.-М.Мир,2004.-184 с.

  3. Нұрғалиев Ж.Н., Нұрғалиева Қ.Ж. Қалыпты физиология бойыншы практикум:Оқу құралы.-өңделiнген,толықтырылылған 2-шi басылымы.-Алматы:Қазақ университетi,2004.-125б.



Мамандық(тардың) жұмыс оқу жоспарынан көшірме




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/32





050701 - Биотехнология мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме
Өсімдіктер физиологиясы


Оқу нысаны

Пәннің көп еңбекті қажет етуі

Семестр бойынша бақылау нысандары

Семестр

Семестр бойынша студенттердің жұмыс көлемі

кре-дит-тер

академиялық сағат

кре

дит


тер

Аудиториялық сабақ

(ак. сағат)



СӨЖ

(ак. САғат)



Бар-лығы

ауд

СӨЖ

емт

сын

КЖ-а

КЖ-с

бар-

лығы


дәр

пр.

зерт

бар

лығы


ОСӨЖ

Орта білім база-сындағы іштей

3

135

45

90

4

-

-

-

4

3

135

22,5

15

7,5

90

45

Кафедра меңгерушісі ______ Исимбеков Ж.М. 20__ж. «___» ________


Кафедра меңгерушісі ______ Омаров М.С. 20__ж. «___» ________


Жұмыс оқу жоспарының келісу парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/35




2010- 2011 оқу жылына арналған
Өсімдіктер физиологиясы

пәнінің жұмыс оқу бағдарламасының келісу парағы



КЕЛІСУ ПАРАҒЫ


Шығарушы

кафедра

Кафедра меңгерушісінің А.Ж.Т.

Қолы

Келісу күні

1

2

3

4

Биотехнология

Омаров М.С.




















Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет