Жұмыс бағдарламасы Қр мжмбс 08. 057-2006 Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, типтік оқу жоспарының негізінде жасалды



бет1/2
Дата01.07.2016
өлшемі392.29 Kb.
#170959
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2



Пән бағдарламасының (Syllabus)титулдық парағы





Нысан

Ф СО ПГУ 7.18.4/19







Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Журналистика кафедрасы


Практикалық стилистика бойынша
ПӘН БАҒДАРЛАМА (Syllabus)

5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған

Павлодар




Пән бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы





Нысан

Ф СО ПГУ 7.18.4/19





Бекітемін

Факультет деканы_________

___________ Сарбалаев Ж.Т

(қолы) (Т.А.Ә.)

«___»_____________20__г.

Құрастырушы: ф.ғ.к.,__________Капасова Бақытгүл Қасымбайқызы


5В050400 Журналистика мамандығының студенттеріне арналған
Практикалық стилистика бойынша
Пән бағдарламасы (Syllabus)
Журналистика кафедрасы

Жұмыс бағдарламасы ҚР МЖМБС 3.08.057-2006 Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, типтік оқу жоспарының негізінде жасалды.


Кафедра мәжілісінде ұсынылды «__» ______201__ж. №__ хаттама
Кафедра меңгерушісі ________Алдабергенов Қ.М. «__» ______201__ж.
ГПФ оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

«__ » __________ 201___ж. №__ хаттама.


ОӘК төрайымы______________________ Ксембаева С.К.

1. Пәннің төлқұжаты.
Пәннің атауы «Практикалық стилистика»

Міндетті компонент
Кредит саны және оқу мерзімі

Барлығы – 2/2 кредит

Курс: 3,4

Семестр: 5,7

Барлық сағат саны -90/90

Дәріс -15/15

Тәжірибешілік/семинар сабақ -15/15

СӨЖ- 60/60

ОСӨЖ- 40

Барлық сағат саны -90/90



Бақылау түрі Емтихан

Пререквезиттер Стилистика және редакциялау,

Журналистің тіл мәдениеті



Постреквезиттер Журналистикалық шеберлік,

Мәдениаралық коммуникация негіздері



2. Оқытушы туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты Қапасова Бақытгүл Қасымбайқызы

Ғылыми дәрежесі, атағы____филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Кафедра «Журналистика», аудитория №262

телефон: 67-36-85 (ішкі 12-45), 50-83-92

Е-mail:kapasova1970@mail.
3. Пәннің мақсаты мен міндеттері
Пәннің атауы «Практикалық стилистика» деп аталындықтан да Стилистика ғылымында оның көптеген түсінігі бар. Олай болу себебі, біріншіден, стилистика ғылымының тарихи даму жағдайымен түсіндірілсе, екіншіден, «стиль» ұғымының күрделілігінен туындайды. Стиль – латынша стyлос (қазақша – жазу құралы) деген сөз. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі «жазу мәнері» деген мағынада қолданылатын болған. Стилистика – ең алдымен стиль туралы ғылым. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін айтамыз. Бір ұғымды айтып, не жазып жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануға болады.

Дәстүрлі практикалық стилистикада «стиль» термині тілдің нормативті-стилистикалық ережелеріне сәйкес келу дәрежесін білдіреді (мысалы, «жақсы стиль», «жаман стиль»). Стиль терминінің кең мағынасы – сөйлеу мәнерін білдіріп келсе, тар мағынасы – жеке шығарманың немесе жазушы шығармашылығының тілдік ерекшелігі (көркем әдебиет стилистикасы тұрғысынан алғанда) дегенді білдіреді. Соңғы мағынасында «стиль» термині әдебиеттік стилистикада да қолданылады.

Барлық жағдайда да «стиль» термині тілдік қолданымға байланысты айтылады. Стильді тілдің стилистикалық бояуға ие құралдарының жиынтығы ретінде түсіну тілдік құрылымның стилистикалық белгілеріне арнайы назар аударудан туған түсінік Ғылымда «тіл стилі», «сөйлеу стилі» ұғымдары да бар. Тіл стильдері мен сөйлеу стильдерінің ерекшеліктері тіл мен сөйлеудің ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Тіл – қатынас құралы, сөйлеу – сол құралдың іске асуы, яғни белгілі бір қызметтегі көрінісі. Сондықтан сөйлеу стильдері дегенді тіл стильдерінің іске асуының нәтижесі, іс жүзіндегі көрінісі деп қарауға болады. Сөйлеу стильдері әр уақытта жанрлармен байланысты болып келеді.

Тіл стильдері, сөйлеу стильдері, сөйлеу жанрлары арасындағы тәуелділікті мынадан байқауға болады. Тіл стильдері сөйлеу стильдерімен сәйкесті болса, соңғыларының нақты көрінісі сөйлеудің әртүрлі композициялық формаларында немесе жанрларында жүзеге асады. Пәнді оқыту мақсаты. Студенттердің жазу мәнерін қалыптастыру, ой түйінін ашу тәсілдерін үйрену, образдар жүйесінің тұрақты бірлігін ажырата білуге төселдіру көркемдік компоненттер мен түр ерекшеліктерін өз қажетіне асыру, мазмұн байлығын тереңдете түсуде суреткердің стилдік ерекшелігі айқындау. Пәнді оқытудың міндеттері.



  • қарым-қатынастың түрлерін білу және тілдік ортаға ыңғайлай қолдана алу;

  • әдебиетте көркем құралдар тұтастығы, әдіс ретінде қолданыла білу;

  • стиль суреткердің қолтаңбасын анықтаумен қатар, сөз өнеріндегі көркемдік әдіс-тәсілдерді, әдебиеттің бағыт-бағдарын ажырататынын түсіндіру;

  • стильдің жұмыс стилі, газет стилі, ғылым стилі, т.б. түрлерімен жұмыс істеуге үйрену;

  • тыңдаушы, оқушыға әсер естерліктей ойды жеткізе білудің әдіс-тәсілдерін жетік білу;

  • түрлі тақырыпта ойды жүйелі, ұтқыр дәлелдей білуге төселдіру міндеттері шешілген.



4. Пәнді оқу қорытындысында студент мыналарды білуі керек:

а) Пәнді игертуде студенттермен жүргізілетін жұмыстың негізгі бағыттарының бірі – көркем әдебиетпен жұмыс істей білу;

б) стиль түрлерін, жүйесін білу, жазу мен оқу, басылым беттеріндегі тілдің қоғамдық қызметін түсіну үшін өз стиильдерін қалыптастыру үшін жазбаша және ауызша ойларын еркін жеткізе алулары қажет;

Пәнді оқу қорытындысында студент мынаны істей алуы керек:

а) әдебиетті талдай білу;

б) студенттер қазақ тілін ресми сөйлеу құралы ретінде қолдана алу;

в) мамандығына сәйкес білімді меңгеріп кез-келген ақпараттармен жұмыс істей білу;

г )қазақ тілінің негізгі заңдылықтарын теориялық және практикалық тұрғыда игеру;

д) қазақ тіл білімі салалары,стиль түрлері және лексикалық қабаттары бойынша қажетті білімдерінің болуы;

ж) тілдік және сөйлеу үлгілерін еркін қолдана алу;

з)өз ойын, пікірін ауызша және жазбаша жеткізу;



5. Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары
Сабақ түрлеріне қарай академиялық сағатқа бөлу





Аудитор сағат саны

СӨЖ



Тақырыптың атауы

Дәрісс

Тәжіриб

студиял

лабор

барлығыы

ӨСОЖ

1

Практикалық стилистика курсының пәні

2

2







8

1

2

Тіл стильдері, сөйлеу стильдері, сөйлеу жанрлары

2

2







8

1

3

Сөйлеудің әртүрлі композициялық формалары

2

2







8

2

4

Ұлттық тіл және стилистика

2

2







8

3

5

Қаламгердің жазу мәнері, ой түйінін ашу тәсілдері, образдар жүйесінің тұрақты бірлігі.

2

2







8

3

6

Стиль түр мен мазмұнның бірлігі, көркем мәтіннің тұтастығы

2

2







8

3

7

Әдебиеттану ғылымында стильдің орны

2

2







8

3

8

Стильдеу, стилизация

2

2







8

3

9

Көркем мәтіндермен жұмыс тәсілдері

2

2







8

3

10

19-ғасырға дейінгі әдебиеттер стилі

2

2







8

3

11

20-ғасыр әдебиеттері стилі

2

2







8

3

12

Тәуелсіз кезең әдебиеттері стилі

2

2







8

3

13

БАҚ тілінің стилі

2

2







8

3

14

Газет тілінің стилі

2

2







8

3

15

Сайт тілі стилі

2

2







8

3




Барлығы : 180 (4 кредит)

30

30







120

40


6. Дәріс сабақтарының мазмұны
Дәріс № 1. Практикалық стилистика курсының пәні

  1. Стиль ұғымы және тілдік қатынастар

  2. Практикалық стилистика пәнінің мақсаттары.

  3. Пәнді жаңа қоғамға икемдеу және БАҚ-тағы орны

Дәріс кезінде қамтылатын негізгі ақпараттар тезисі .

Студенттердің қазақ тілін ресми сөйлеу құралы ретінде қолдана алуы үшін төмендегідей талаптар қажеттігі мен жұмыс түрлері қамтылатындығы көрсетіледі. 1.Мамандығына сәйкес білімді меңгеріп кез-келген ақпараттармен жұмыс істей білу. 2.Қазақ тілінің негізгі заңдылықтарын теориялық және практикалық тұрғыда игеру. 3.Қазақ тіл білімі салалары, стиль түрлері және лексикалық қабаттары бойынша қажетті білімдерінің болуы үшін игерер теориялық білім мазмұны: - тілдік және сөйлеу үлгілерін еркін қолдана алу; - өз ойын, пікірін ауызша және жазбаша жеткізу; - - ресми терминдерді біліп, қолдану; - өз мамандығы бойынша іскери-ресми ақпараттармен жұмыс істеуге дағдылануы; -- қазақ тілінің көркемдігін құрайтын мақал – мәтел, қанатты сөздер, фразеологизмдерді қажетіне қарай күнделікті қолданыста орнымен қолдана білу; - қажетіне қарай түрлі стильде өз ойын еркін дұрыс жеткізе білу;

- қарапайым және ғылым салалары бойынша сұрақтар қоя білу және өзінің ойын дәлелдей білу. Жазбаша және ауызша қысқа тәжірибелік талаптар төмендегідей.


  • Оқығаны туралы өзінің бағасын бере отырып, пікірін, ойын дұрыс айта білу;

  • Күрделі пікір-сайысқа қатысып, өз ойын дәйектеп, дәлелдей білу;

  • Өзінің кәсібі туралы әңгіме құра білу, сипаттау:

өз ойын анықтаушы, сипаттаушы компоненттермен күрделендіріп бере білу; кез келген ортада өзінің пікірін еркін айту, еліміздегі әлеуметтік жағдай, бұқаралық ақпарат құралдары туралы көзқарасын жеткізе білу;

  • мамандығы бойынша ғылыми еңбектерді оқып түсіну және хабарлама, баяндама, мақала жаза білу;


Дәріс №2 Тіл стильдері, сөйлеу стильдері, сөйлеу жанрлары

1.Стилистика – стиль туралы ғылым

2.Тіл стильдері, сөйлеу стильдері, сөйлеу жанрлары арасындағы байланыс.

3. Тілдегі функционалды стильдердің анықтамасы.



Стилистика ғылымында оның көптеген түсінігі бар. Олай болу себебі, біріншіден, стилистика ғылымының тарихи даму жағдайымен түсіндірілсе, екіншіден, «стиль» ұғымының күрделілігінен туындайды. Стиль – латынша стyлос (қазақша – жазу құралы) деген сөз. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі «жазу мәнері» деген мағынада қолданылатын болған. Стилистика – ең алдымен стиль туралы ғылым. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін айтамыз. Бір ұғымды айтып, не жазып жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануға болады. Дәстүрлі практикалық стилистикада «стиль» термині тілдің нормативті-стилистикалық ережелеріне сәйкес келу дәрежесін білдіреді (мысалы, «жақсы стиль», «жаман стиль»). Стиль терминінің кең мағынасы – сөйлеу мәнерін білдіріп келсе, тар мағынасы – жеке шығарманың немесе жазушы шығармашылығының тілдік ерекшелігі (көркем әдебиет стилистикасы тұрғысынан алғанда) дегенді білдіреді. Соңғы мағынасында «стиль» термині әдебиеттік стилистикада да қолданылады. Барлық жағдайда да «стиль» термині тілдік қолданымға байланысты айтылады. Стильді тілдің стилистикалық бояуға ие құралдарының жиынтығы ретінде түсіну тілдік құрылымның стилистикалық белгілеріне арнайы назар аударудан туған түсінік. Ғылымда «тіл стилі», «сөйлеу стилі» ұғымдары да бар. Тіл стильдері мен сөйлеу стильдерінің ерекшеліктері тіл мен сөйлеудің ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Тіл – қатынас құралы, сөйлеу – сол құралдың іске асуы, яғни белгілі бір қызметтегі көрінісі. Сондықтан сөйлеу стильдері дегенді тіл стильдерінің іске асуының нәтижесі, іс жүзіндегі көрінісі деп қарауға болады. Сөйлеу стильдері әр уақытта жанрлармен байланысты болып келеді. Тіл стильдері, сөйлеу стильдері, сөйлеу жанрлары арасындағы тәуелділікті мынадан байқауға болады. Тіл стильдері сөйлеу стильдерімен сәйкесті болса, соңғыларының нақты көрінісі сөйлеудің әртүрлі композициялық формаларында немесе жанрларында жүзеге асады.
Дәріс №3 Сөйлеудің әртүрлі композициялық формалары

  1. Сөйлеу тілінің сипаттары.

  2. Әдеби тілмен байланыс: стиль орны.

  3. Көркемдік және стиль

Стиль тіл көрінісі ретінде өнердегі стильден ерекшеленіп, шығарманың мағыналы түрі, эстетикалық тұтастық ретінде мойындалды. Реалистік романның дамуы стильге жаңалықтар әкелді. М.М. Бахтинның пікірінше, пікірталас қарама-қайшылықтары жаңа стильді қалыптастырушы күшке ие болды. Қазақ әдебиеттану ғылымында А.Байтұрсынов “Әдебиет танытқыш” еңбегінде стиль туралы “Әр ақын, әр жазушы сөздің басын өзінше құрастырып, өз оңтайымен тізеді, әрқайсысының лұғатында өзіндік айырымы, өзіндік белгісі болады. Ол белгі әркімнің өз ыңғайымен сөз тізіп, әдеттенуінен, салттануынан болады. Ол салттар жалпы сөз тізу салттарынан, шарттарынан аса алмайды. Сөз шығарушылар, әуелі сөз ұнасымына керек жалпы шарттарды орнына келтіріп, өзінің өзгеше әдісі болса, соның үстіне ғана қосады. Сондықтан сөз шығарушылар бәрінен бұрын лебіз дауысынан шыққан сөздің асыл болуының жалпы шарттарын білуі қажет” дейді. Ол стильді тіл қисыны мен лұғат қисынының бірігуі деп таниды. Абайдың стилін тануда ол: “Не нәрсе жайынан жазса да Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады. Сөзі аз, мағынасы көп, терең. Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына оның шеберлігі керек, мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де болған” дейді. Зерттеуші Қ.Жұмалиев “Стиль – өнер ерекшелігі” (1966) атты еңбегінде қаламгердің жазу мәнерін, көркемдік шеберлігі мен талант табиғатын, ал З.Қабдолов “Әдебиет теориясының негіздерінде” суреткерге тән шығарм. ерекшелікті стиль ретінде қарастырды. Кеңестік әдебиетте төңкеріс кейіпкерлерінің тілі, сөйлеу мәнері бейнеленіп, қарапайым адамның сөзі, оның әңгімелері стиль ретінде көрініс тапты. Мыс., Б.Майлиннің “Мырқымбайы”, т.б. М.Әуезовтің алғашқы әңгімелеріндегі қыр өмірінің суреттері, “Абай жолы” роман-эпопеясында дәуір келбеті мен адам іс-әрекеттері негізінде кең тыныспен өріс алса, С.Сейфуллиннің “Альбатрос” поэмасында өзгерістер лебі танылды. Бұл шығармалардан қаламгерлердің өздеріне ғана тән стильдік ерекшеліктері, шеберліктері көрінеді. Т.Әлімқұлов, А.Сүлейменов, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, Қ.Ысқақ, О.Бөкей, С.Мұратбеков, Д.Исабеков, т.б. туындыларында қарапайым халық тілі жаңа стильдік арнада көрінді.[1]
Дәріс №4 Ұлттық тіл және стилистика

  1. Қазақ ұлттық тілі және стиль.

  2. Тұрмыстық-әлеуметтік тіл стилінің ерекшеліктері

  3. Көркем әдебиетпен жұмыс.

XIX ғасырдың аяғында жүргізілген санақ бойынша, Казакстанда негізінен бір текті тілдік орта қалыптасқан болатын. Жергілікті ұлттың үлес салмағы 81,1% (пайыз) еді. Қазақ тілі бұл кезде бүкіл қоғамның қажеттіліктерін толық етеп тұрды. Сібір тарихының білгірлерінің бірі Я.Ядринцев бұл ретте "Әскер түрған жердің шетінде, бекет бойында, казактар өз тілдерін ұмытты десе де болады, ұдайы қырғызша (казақша дегені ғой) сөйлеседі. Қырғыздармен (казақтармен) жиі араласқандыктан бұл тіл, тіпті, олардың үй-тұрмысына да дендеп еніп алды. Стансаларда казак бикеші, казак шенеунігінің қызы, өз кызметшісіне қырғызша (казақша бұйрык беріп тұрғанын жиі кездестіруге болады, бұл ретте қырғыз тілі (казақ тілі) мұнда француз тілінің орнына жүреді десе де болады. Омбыда бізге даладан келген бір казак шенеунігін көрсетті, ол істің жайын орысша баяндай алмай, орта жолда ұмытып қалып, ары қарай казакша жалғастыруға мәжбүр болыпты", -деп жазады. Тағы бір танымал орыс ғалымы Г. Н. Потанин де: "...тіпті бүкіл тұрғындар қырғыз тілінде (қазақ тілі.) сөйлейді десе де болады. Көпшілігі үшін - бұл бесіктен бойына сінген тіл деуге болады, өйткені күтушілер мен тағам дайындаушылар кырғыз әйелдері (казақ әйелдері) ғой. Бар жерде кырғыз тілін ғана естисіз (казақ тілі - жол шетінде жантайып, әңгіме соғап жатқан қазақтар да, стансада өткінші шенеуніктің ат-арбасыньң манында әбігерге түскен ат айдаушылар да сол тілде сөйлейді. Кейде, тіпті, сотта да солай. Мүндағы қазақтар арасында қырғыздармен (қазақтармен) орысша емес, қазакшаа сөйлесіп, тез тіл табысатын адамдар жеткілікті", - деп жазған екен.Яғни XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында казақ тілі өзінің қоғамдық-әлеуметтік, керек десеңіз, мемлекеттік қызметін толық атқарған. Бұл тілдік ахуалмен Ресей билеушілері де санасуға мәжбүр болған. Қазақ қоғамына қоңсы қонушылар мен етене жақындасуга ниет еткендер қазақша үйренсе, губернатор мен оның төңірегіндегілер тілмәштар ұстаған. Қазақша білу - патша шенеуніктеріне қойылатын қатаң талаптар қатарына жатқызылған. Мысалы, Түркістан өлкесінің губернаторы - генерал-лейтенант Д. И. Субботин жергілікті отарлау басқармасы қызметкерінін тіл білмеуін мүлдем төзгісіз жай ретінде бағалап, 1908 жылғы 7 акпандағы шешімімен төтенше комиссия құрады. Оған "әкімшілік қызметкерлерін жергілікті тілдерді үйренуге мәжбүрлейтін" (бұл - құжат сөзі )шаралар ойлап табу міндеті жүктелген.

Абай сөз жұмсау қызметінде алғаш халықтың ауыз әдебиеті үлгілерін тұтынған, кейін шәкірт кезінде иран-шағатай әдебиетінің романтикалық сарындарына еліктеп жазған, ал әлеумет өміріне белсене араласқан шағында орыстың және сол арқылы Европаның озық әдеби дәстүрлерін игеріп, қазақ тілінің өз мүмкіндіктерін сарқа пайдалана отырып, ұлттық көркем әдебиетті, әсіресе оның поэзия жанрын классик. деңгейдегі жазба әдеби Стиль мәртебесіне көтерген. Абай ақындық өнерімен қатар ғылыми және діни көпшілік бағыттағы публицистика Стилін де қалыптастырған. Оның «Ғақлия-сөздері» орта ғасырлық кітаби тілді сопылық философия тілінен арылтып, қазақтың халықтық тілінің табиғатына бойсұндыра жасаған эпистоляр (хат) түріндегі дидактика. Стиль туындылары болды. Ал «Бірер сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» деген еңбегімен Абай өз халқының ұлттық ғылымының салиқалы стилін орнықтырды.



Дәріс №5.Қаламгердің жазу мәнері, ой түйінін ашу тәсілдері, образдар жүйесінің тұрақты бірлігі.

1. Қаламгердің жазу мәнері.

2. Ой түйінін ашу тәсілдері.

3. Образдар жүйесінің тұрақты бірлігі.



А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанұлы, Х.Досмұхамедұлының ғылым-білімнің қара шыңарағының тұғыр тасын қаласып, уығын шаншып, керегесін кеңейтуге көп күш жұмсаған, әз тұтатын ағаларымыздың жаңа қолданыс, терминология мәселелері жөнінде айтқан ойларын, тұжырымдарын, істеген істерін қайта-қайта қайталаумен шектелмей сол ағаларымыздың бастап берген істерін заман талабына сай әрі қарай дамыту және қолдану аясы тарылып, тұрмыстық салаға ығысып бара жатқан, қағажу көріп, кінәратқа ұшырап отыған ана тілімізді сақтап қалу, оның беделін, мәртебесін көтеру.Жалпы тіл білімінде ұлттық тілді антологиялық зерттеудің түпқазығын сол тілде тілде сөйлеуші халықтың жан дүниесімен, ой-санасымен, тарихы және мәдениетімен тығыз байланыста қарау В.Фон Гумбольдт, И.Гердер, Г.Пауль, В.Аундт, Г.Штейнталь, Э.Сепир, Б.Уорф, А.Потебня т.б. ғалымдардың есімдерімен байланыстырылады. Тілдің дамуын, сөз мағынасының дамуын уақыт пен кеңістік шеңберінде, яғни өзі өмір сүретін адамзат қоғамының белгілі бір кезеңіне сай дүниетанымымен тығыз байланысты деп қарап, қазақ тілін өз табиғатына сай зерттеуді мақсат еткен проф. Қ.Жұбановта жоғарыдағы тіл философтары қатарынан орын алауға әбден лайық. Оның нақты көрінісін күн көру, күнелту, безгені ұстады, Кенжеқара т.б. сөздерге қатысты тарихи-этимологиялық талдауларынан көреміз.Бірақ тіл білімінің әрі қарай даму барасында тілді, негізінен, танбалық жүйе деп қарау және қатты дами бастаған дәл ғылымдардың әсерімен тілдік единицалардың құрылымы мен қызметіне ерекше назар аударылуы ішкі форма, семантика мәселелерін ығыстырып шығара бастады. Соның негізінде тілдің негізгі қызметі қарым-қатынас құралы деп бағаланып, оның танымдық, руханилық қызметіне кеңестік тіл білімінде дұрыс мән берілмеді. Бүгінгі тіл ерекшеліктерін талдау үшін тарихқа сүйене отырып, реконструкция жасауды, яғни тарихи принципті ұсынған Қ.Жұбанов былай деп жазды: «Тіл – адамзат тарихының қоймасы тәрізді. Жердің тарихын білем дегендерге белгілі бір тәртіппен бірінің үстіне бірі орналасқан қатарлар арқылы із қалдырып, жердің геологиялық дамуының кезеңдерін көрсететін жер қабаттары тәрізді тілдің де әр бір кезеңі даму тәртібіне сай тілде қаланып, қалыптасып, сақталады».Осы қағидаға сай мағынасы күңгірттенген атаулардың түбірлері сол түбірлермен тектес, тұлғалас және мағыналас элементтерді ең алдымен өз тілімізден (ішкі реконструкция), одан табылмаған жерде көне жазба ескерткіштер тілінен немесе туыстас түркі тілдері мен оның диалектілерінен (сыртқы реконструкция) іздестіріледі. Осыған орай қазақ тілінің лексикасы – қат-қабат, сарқылмас. Мол қазына. Ол байлықтың ең бір сүбелі қабаты – этнографиялық лексика. Оңда мағынасы күңгірттеніп, қолданыстан шығып қалған, өткен өмір мен ескірген әдет-ғұрыпты бейнелейтін, әр түрлі кәсіпке байланысты ұмыт болған атаулар мен сөз тіркестері көптеген кездеседі.Мысалы, қазақтың бұрынғы тұрмысында қойдың ішегінен орап, өріліп пісірілетін жөргем деген тамақ болған. Ол көшпелі өмірдің қажет нәрселерінің бәрі мал өнімдерінен жасалатын қазақтың тұрмысына сай келеді. Қазірде ұмыт болғанмен, оның атауы «жүргенге жөргем ілігеді» деген мақала сақталған. Енді оның тілдік табиғатын, жалпы сол сөздің мағынасын қалай ашуға болады? Қазіргі алтай тілінде «дьоргом» - кушанье из кишок и желудка», «кишки, начиненные кусочками баранины и сала», «колбаса» деп қолданылады. Ал ескі түркі сөздігінің дерегіне сүйенсек; (йөргемеш) – кушанье, разновидность колбасы, приготовленной из мелких кусков требухи (ДТС). Сонымен бірге оның деп негізгі деп қарауға болатын (йөрге=) - «обвертывать, заворачивать, наматывать» етістігі де берілген. Қазақ тіліндегі жас нәрстені орайтын атау ретіндегі жөргем, дьөргөм, йөргөмеш, йөрге, жөргек түбірлес сөздерінің бәріне ортақ мағына - «орау». Ортақ түбірі – жөр // дьор // йор. Н.А. Баскаков кумандықтар диалектісінде осы мағынада дьор формасын көрсетеді. Осы гомогендік қатарға біз қазақ тіліндегі ора етістігін де қосамыз. Севортянның атап көрсеткендей, ол - осы мағынада қалыптасқан кейінгі форма.

Дәріс №6 Стиль түр мен мазмұнның бірлігі, көркем мәтіннің тұтастығы

1.Түр мен мазмұнның бірлігі.

2. Көркем мәтіннің тұтастығы

Қазақ тілі жалғамалы (агглютинативті) тілдер қатарына жатады. Тіліміздегі сөз жасаудың ең өнімді тәсілі қосымшалар арқылы жүзеге асады. Қоғамның ғылым мен техниканың дамыған кезінде тілімізге еніп жатқан көптеген ұғымдар мен атауларға қазақ тілінен балама табуда сөз тудырушы қосымшалардың атқаратын қызметі ерекше. Қазіргі қазақ тілінде көптеген қосымшалар тілде жаңа сөз жасайтын қызметті атқарады. Мысалы: -шы, -ші, - лық, -лік, -лы,- лі қосымшалары қазақ тілінің байырғы сөздерінің құрамынан ғана табылып қоймай, орыс тілінен енген сөздерге де жалғанып, жаңа сөз жасай алады. Мысалы: футболшы, аграрлық, инженерлік, техникалы т.б.Қосымшалардың сөзге жалғануының жаңа сөз жасауының өзіндік заңдылықтары бар. Кез келген сөзге зат есім тудыратын қосымшалар жалғаса бермейді немесе басқа сөз таптарына тиісті жұрнақ жалғап жаңа сөз жасай алмаймыз. Тіл мәдениетінде ескеретін нәрсе қосымшалардың да атқаратын қызметін ескерумен бірге өзі жалғанған сөзге үстемелейтін лексикалық мағынасының бар екендігі ұмытылмау қажет. Қосымшалар өзі жалғанған сөздерге жаңа мағына үстейді немесе бүтіндей мағынаны өзгертеді. Жұрнақ арқылы жасалған жаңа сөз әдеби тілдің нормасына айнала беруі де шарт емес. Бірқатар сөздер әлеуметтік –тұрмыстық қолданыста жұмсалса, келесі бір сөздер термин ретінде айналысқа түседі. Қосымшалардың сөз жасаудағы қызметі тілдік талғам, күнделікті қолданыстағы қажеттілік, жұмсалу жиілігі, лингвисталық заңдылықтар, ұлттық танымның шеңберінде жұмсалуы керек.Әліпби атауларының жүйесі жайлы.Қазақ тілінің мәртебесі іскери тіл дәрежесіне көтерілу үшін оның қолдану аясы үнемі кеңейіп отыру керек. Ал оның қолдану аясы кеңи түсу үшін тілдегі ұғымдар мен олардың атаулары дамып отыру керек. Мұның әзірге екі жолы бар.Біріншісі – көз үйреніп, құлаққа сіңген орыс тілді ұғым-атауларға арқа сүйеу. Осы бағытты қолдаушылар жан қинамай жүре беретін осы бір төте жолдың дайын тұрғандығын көлденең тарта береді. Жылдар бойы көкірекке орнығып, санаға сіңіп алған орыс тілді ұғым-атаулар үйреншікті көрінеді де тұрады.Алайда орыс тілді ұғым-атауларды сол күйінше ала берсек, оның тіл (әсіресе қазақ тілінің айтылым үлгісін) бұзар әсері күшейе бермек. Ендеше ол ұғым атаулардың айтылымын икемдеп алудың жолын не одан бас тартудың жолын ойлау керек.Екіншісі – қазақ тілінің ішкі мүмкіндігін пайдаланып, уәжді (мотивированный) ұғым-атаулар құрастыру керек. Бұл бағытты қолдаушылар да аз емес. Қәзіргі кездегі баспа беттерінде жаппай орын алып отырған жаңа ұғым-атаулар осы үрдістің дәлелі болса керек. Осындай жаппай әрекетті әзірге қолдаған жөн сықылды. Төл ұғым -атаулар көп бола берсін, екшеле дұрыстары тілімізде орнығып қалады. беретінбіз. «Жирный шрифпен жаз» деп ауызымыздан шыққан сөздің ерсі екенін де ескери бермейтінбіз (әлі де мән бере бермейміз).


Дәріс №7. Әдебиеттану ғылымындағы стильдің орны

1.Көркемдік және стиль.

2.Көркем әдебиет стилі.

3.Көркем шығарма талдау.



Қазақ тілінің функционалды стильдерінің бір-бірінен өзгешелік белгілері осы уақытқа дейін айтылып келеді. Осы басты белгілер отандық тіл ғылымы мен орыс тіл ғылымының ортақ танымдық деңгейінің көрінісінің нәтижесінде қаралып келеді. Ол тек стилистика ғылымына ғана қатысты емес, тіл ғылымының басқа салаларына да қатысты деп айтуға болады. Бұның басты себептері - тілдегі функционалды стильдердің анықтамасы, зерттеу бағыттары, түрлері, стильдердің табиғаты, лингвистикалық тілдік кұрылымның болмысы, ортақ, бірдей немесе ұқсас қызметінің әмбебаптық сипаты,т.б. Адамзат болмысының қоғамдық өмірде санасы, қабілеті,талғам-өрісі кеңейген кезде, ғылымның ғажайыптары игеріліп, жаңа техника мен компьютерлік жүйенің дұрыс немесе кері ықпалы жетілген тұсында стильдердің әр саласының атқаратын қызметі күннен күнге күрделеніп отыр. Қазақ тіл ғылымында функционалды стильдерді былайша топтастырып жүр: 1) ауыз -екі сөйлеу стилі; 2) ғылыми стиль; 3) ресми стиль; 4) публицистикалық стиль; 5) көркем әдебиет стилі. Бүгінгі таңда стилистика ғылымының негізгі теориялық әрі практикалық мәні артып, функционалды стильдерінің қоғамдық қызметі артқаны белгілі, сондықтан тілдің стильдік табиғатты жан-жақты тану, тереңнен зерттеу талабын міндетке алып отыр. Стиль туралы М.Серғалиев 4 түрлі қасиетін былай түйіндейді: 1) Әдеби тілдің бір түрі; демек сол тілде сөйлейтін баршаға түсінікті сөздер мен конструкциялар; 2) Стиль - тарихи категория; 3) Стиль- қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады; 4) Тілдік кұралдардың қалай болса тіркескен тобы емес, шартты тұйықталған тобы. Бұл тұжырым стиль жөнінде айтылған "белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолдану принциптері" деген анықтамалардың кеңейген, қазіргі стиль мәселесіне терең үңіліп, әртүрлі қасиетін танудан туған деп айтуға болады. Стилистиканың зерттейтін саласы — стиль. Біріншіден, стиль - тарихи категория. Тарихы көне дәуірден бастау алған, өз қоғамына қызмет етіп отырған мемлекеттік мәртебесін алған тілдің тарихын тану, функционалды стильдердің әр дәуірде біреуінің ерте, біреуінің кеш даму сатысын бастан кешіргенін жүйелеу стильдің тарихи категория екенін толық дәлелдейді. Екіншіден, стиль әдеби тілдің бір түрі болғандықтан, қазақ әдеби тілінің даму сатысымен қатарласа сөз болып жүр. Әдеби тілдің басты белгісі нормаланған, сұрыпталған тіл болу шартын көрсетсе ол стильдің негізгі ұстанымы болып табылады. Ауызша және жазбаша әдеби тілдің ортақ тілдік белгілерінің нәтижесінен де стильдің салалары бөлініп шықты. Үшіншіден, стиль қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады, стильдерді жіктегенде осы қызметі толық анықталуы қажет. Мысалы: публицистикалық стильдің, ғылыми стильдің де, көркем әдебиет стилінің де қоғамдық қызметі белгілі ортада өз мақсатына жетті.

Дәріс №8 Стильдеу, стилизация

  1. Стильдеу – көркемдік пен нақтылық.

  2. Стильдегі бейнелілік орны.

  3. Көркем мәтінмен жұмыс.

Функционалды стильдің экстралингвистикалық факторларға да байланыстылығына әкеледі. Лингвистикалық стилистика негізінен таза стилистиканың ерекшеліктерді сөз етумен қатар, басқа факторлар да қажетті екендігіне әлеумет назарына ілікті. Ол кез келген стильдің қоғамдық қызметі, қолдану аясы, қоғамға кызмет ету құзіреті, т.б. Мысалы: тоқырау жылдарында қазақ әдеби тілінің өркендеуіне (ол XX ғасырдың басында толық орнықты десек те) біріншіден, публицистикалық стильдің қызметі зор ықпал етті. Екіншіден, ол қолдану ортаға қоғамдық сапасының толық орнығуына әсер етті, адам санасының түрлі информациялық хабарға қанығуына жол ашты, үшіншіден, тілімізге енген көптеген сөздердің пайда болуы, іске асуы әдеби тілдің қатарынан орын алып халықтық қолданысқа жарауға болатын сөздер бұқаралық ақпарат кұралдары арқылы тарайды. Төртіншіден, стиль тілдік кұралдардың қалай болса, солай тіркескен тобы емес, шартты түрде тұйықталған тобы деген анықтамасының бір тармағына басқаша қарауға тура келеді. Белгілі ғалым Р.Сыздықова "Тілдік нормадағы функционалды стильдерге қарай ажыратып тануда олардың бір стиль шеңберінде тұйықталатын сипаты жоғын білу керек. Нормалардың бір функционалды стильдің ішінде ғана емес, азды-көпті стиль аралық "ауыспалы-тіркестер" жүріп жатады" дейді. Мысалы публицистикалық стильде ғылыми стильдің ерекшеліктері, көркем әдебиеттің элементтері кездесіп отыратыны белгілі стильдердің басты қағидаларының бірі екені оның сол стильге тән лингвистикалық белгілерінің толық қамтитын бөлігіне байланысты да тану мүмкіндігін көрсетеді. Мысалы: көркем әдебиет стильдерінде (бұл стиль түрінің де сан алуан іштей жанрларға бөлінуіне байланысты ерекшеліктері мен өзгешеліктері шығып жатыр) ғылыми стильдің де, ресми кұжат тілінің ауызша түрі немесе сот залынан көрініс суреттесе, заң тілінің де элементтері кездеседі. Ресми құжат тілі мен іс кағаздар тілінде де ғылыми стильге тән дәлдік, нақтылық бола отырып, реттілік көрсеткіштері, сөйлемдерінің тілдік кұрылымдық ерекшеліктерінің ұксас комплектерге жіктелген түрлерін кездестіруге болады. Публицистикалық стильге БАҚ-тың тілі жатады. Ол қай кезеңде де қазақ әдеби тілінің толық орнығуына тікелей ықпал етуде. Егемендік кезеңде публицистикалық стильдің қызметі жаңаша қырынан көрінді. Қазақ тіл ғылымының барлық салаларына қатысты оның көкейкесті мәселелерінің негізгі түйін қорытындыларын осы публицистикалық стильде жазылған шығармалар беріп отырады. Жаңа сөздердің енуі, сөз мағынасының кеңеюі, кейбір сөздердің мағынасы тарылуы, тіпті қолданыстан шығып қалуы, терминдердің енуі, жаңаша, мәндес тіркестердің пайда болуы - бәрі осы публицистикалық стиль арқылы танылды.

Дәріс №9. Көркем мәтіндермен жұмыс тәсілдері

  1. Көркем мәтіндегі стильді анықтау белгілері.

  2. Шығарманың тақырыптық-идеялық сипаттары.

  3. Көркем әдебиетпен жұмыс.

Публицистикалық стильдің орасан зор ақпарат таратушы қызметінен, оның жеке өз алдына зерттеу бағыттар-нысандары, қазақ әдеби тілін дамытудағы рөлі, жазылу мақсаты мен міндеттерін жете саралап қарайтын уақыт жетті. Публицистикалық стильде сауатты, мәдениетті сөйлей алмаудың өзіндік себептері жоқ емес: біріншіден, қазақ тілінде көпшілік ортасында және ресми ортада сөйлеудің қажетті болмауынан (тоқырау кезінде казақ тілінде сөйлемеудің салдарынан), екіншіден, әрине бізге айтуға ауыз болсада айтпауға тиісті тілімізді қадірлемеуден, қадір-қасиетін бағаламаудан, үшіншіден, орфоэпиялық нормаларды сақтамаудан, ойдың логикалық желісін сақтамаудан, төртіншіден, ұлттың ойлау желісін жоғалту үстінде екенінде жасыруға болмайды, бесіншіден, сөздерді бір-бірімен үндестіріп айтысу, сөйлемдерді дұрыс құрамау сияқты толып жатқан кемшіліктердің ашып айту қажеттілігі туындап отыр. Публицистикалық стильде адамның жете танымдық қабілетіне де байланысты, әрі сөйлеу үстінде тілдік-құрылымдық қазақ тілінің заңдылықтарын дұрыс игермеуге байланыстылығын баса айтуға тура келеді. Бұл тек қана публицистикалық стильдің өзіне де тікелей қатысты салаға тән кемшілік екені белгілі. Публицистика (латынша: publicus – көпшілік, әлеумет) – қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т.б. шығармаларды, шешендік сөздерді публицистикалық стильдің ауызша түріне жатқызып жүр. Публицистикалық стиль – қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық әдебиетте, бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылатын функциональдық стильдердің бірі. Публицистикалық стиль тыңдармандар мен оқырмандардың арасына кең таралымымен, бейнелілігімен, баяндаудың шешендігімен, жағымды және жағымсыз мағынадағы мәнерлілігімен сипатталады. Тіл деңгейлеріне байланысты публицистикалық стильдің ерекшеліктері болады. Лексикада – қоғамдық-саяси терминдер мен сөздердің (митинг, ереуіл, демократия, парламент), эмоциялық баға беруші сөздердің (еңбек озаты, көшбасшы, еңбеккер, дем беруші), экспрессивтік бояуы бар сөздердің (қоян-қолтық, нық қадаммен), фразеологияда – перифразалардың (ақалтын – мақта, күріш; қара алтын – көмір, мұнай; екінші тың – қой шаруашылығы, көгілдір тың – құс шаруашылығы); морфологияда қос сөздердің (қоғамдық-әлеуметтік, бұқаралық-саяси, үгіт-насихаттық); бұйрық рай тұлғасының (орындайық, табысқа жетеміз), синтаксисте – сөйлемдегі сөздердің инверсиялық орын тәртібінің, қаратпа сөздердің, риторикалық сұрақтардың, жай сөйлем бөліктерінің, сан алуан қайталамаларының т.б. жиі қолданысқа түсуі публицистикалық стильдің басқа стильдерден өзгешеліктерін көрсетеді. Публицистикалық стильді шағын стильдерге (подстиль) бөлу жөнінде бірізділік байқалмайды. Дегенмен кейбір зерттеушілердің, Мысалы А. Н. Васильеваның дәлелдеуінше, мынандай шағын стильдерге жіктеледі: 1) ресми-ақпараттық публицистикалық стиль; 2) ақпараттық-іс публицистикалық стилі; 3) ақпараттық-аналитикалық публицистикалық стиль; 4) ақпараттық-экспрессивтік публицистикалық стиль; 5) бейресми-ақпараттық публицистикалық стиль; 6) жалпы публицистикалық стиль директивалық публицистикалық стиль; 7) салтанатты-декларативтік публицистикалық стиль; 8) таза публицистикалық стиль; 9) экспрессивтік публицистикалық стиль; 10) репортаж публицистикалық стилі; 11) фельетон публицистикалық стилі.

Дәріс №10. 19-ғасырға дейінгі әдебиеттер стилі.

1.19-ғасыр әдебиетінің негізгі сипаттары.

2.Жыраулық стильдің белгілері.

3.Жаңа тақырып және жаңа стиль негіздері.



Қазақ халқы тарихында XIX ғасыр ұлт тағдырына, танымына әсер еткен өзгеше оқиғаларға толы болғаны белгілі. Сол өткен күн оқиғаларының, ой, сезім, күйлерінің сыры – XIX ғасыр әдебиетінде бар көркем айшығымен, кестесімен суреттеледі. Әдебиетте ел мен жер тағдыры, ұлт бүгіні мен ертеңінің жай – күйі бейнеленді. Көркем ой үлгілері құрылымы мен мазмұны жағынан да байыды. XIX ғасыр әдебиеті өткен ғасырлар дәстүрі – жыраулық үлгілерден бастау алады. Батырлық пен ерлікті елдікпен сабақтастырған Қазтуған, Доспамбет, Бұқар т.б. жыраулар жырлары, толғаулары Махамбетпен жалғасты. Ақын ел мен жер жайын жырға қосты. Махамбет әдебиетте жаңа батыр бейнесін жасады. Батырлық үлгісі ретінде әдебиетте Исатайдың бейнесін – батыр ағасының бейнесін сомдады. Ауыз әдебиетінде жасалған, жыраулық әдебиетте сомдалған батырлар жалғасы еді. Өзгешелігі – өз заманы мен ортасының бар қасиеттерін жинақтаған батыр бейнесі болғандығында. Әдебиеттегі ақын-жыраулардың келесі өкілдері – Дулат пен Мұрат. Бұл ақындар қазақ тұрмысы мен дәстүрінің ғасырлар қалыптастырған қалпына өзгеріс әкелген капиталистік қатынастарды өлеңге қосты. Жаңа өзгерістерді жұрт жанын басқа қиырға апарар сын басы деп қабылдаған Шортанбай өлеңдерінде заманды суреттеп қоймай, келешекке болжам айтты. XIX ғасырдағы ел билеу тәртібіндегі жаңалықтар қоғамдық қатынастарды өзгертті. Дәстүрлі ел санасына сіңген қалыптан бөлек жаңа қатынастарды шығарды. Халық танымынан алыс әдеттер шыға бастады. Әдебиеттегі басты тақырыптардың бірі осы болды. Ақындар ел көңіліне жақпаған, ұлт түсінігінен алыс тұстарды жырға қосты. Халық қамынан гөрі өздерін ойлаған ел билеушілерді Сүйінбай, Дулат жырларында сынады. Елдегі саяси-әлеуметтік, қоғамдық өзгерістерді терең бойлап, қанығына жете қоймаса да, әдебиетте халық жанына керек жайларды тақырып болды. Отарлау саясаты қазақ даласына ықпалын күшейте түсті. Ресей отарлау саясатын жүргізген патша чиновниктері мен ел ішіндегі байлық пен мансапқа құмартқан қазақ билеушілері халықты екіжақтан қанады. Олардың халыққа көрсеткен қыспағы, қоғам шындығы әдебиетте бар айшығымен, көркем бояуымен ғана емес ой тереңдігімен де ашылды. Ресей отарлау саясатымен бірге қазақ даласына жаңа мәдениет пен өнер, білім, ғылым да келді. Орыс халқының, батыстың алдыңғы қатарлы білімі мен ғылымын, мәдениетін, кәсібін т.б. ұлтты алға апарар үлгілерін үйренуге шақырған ағартушы-демократтар – А.Құнанбайұлы, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин жаңа ой, бағыт бастаушылары болды. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ ұлтының тарихы мен танымындағы халыққа қажет тұстарды бейнеледі. Абай шығармалары мен тұңғыш ғалым Шоқан Уәлиханов еңбектері, алғашқы ұстаз Ыбырай Алтынсарин туындылары – ағартушылық кезең басы ғана емес, ой, жаңалық шағы. Абай ізін баса шыққан Шәкәрім шығармалары – ақыл мен ой, талап пен талант, еңбек пен қайрат, сабыр мен салмақ т.б. туралы әлем ойшылдары идеяларымен сабақтасып жатады. Қазақ әдебиеті ғана емес, ел танымындағы дін, иман мен халықтық адамшылық ортасының алтын өзегін жалғаған Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы туындылары жанрлық жағынан да мол мұра екені даусыз. Мәшһүр – ақын ғана емес фольклор үлгілерін жинаушы. Мәшһүр шығармалары – өз заманындағы ғана емес сандаған ғасырлар жасалған ел танымының тұнық бұлағы. Әлеуметтік ойларының айнасы. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі ақын-сазгерлер шығармашылығы қазақ халқының өнер жайындағы таным көкжиегін аша түседі. А.Қорамсаұлы, Б.Қожағұлұлы, Ы.Сандыбайұлы, Ә.Найманбайұлы, Б.Баймырзаұлы т.б. ақын, сазгер, орындаушы сияқты бірнеше өнердің басын біріктірген талант иелері болатын. Осы ақын-сазгерлер шығармасына талдау жасала отырып, дала өнері мен мәдениеті бар сипатымен ашылады. Әдебиет өнері – қазақ халқы үшін дүние таным, өмір, табиғат, қоғам жайындағы түсініктерінің көрінісі. Қазақ тарихындағы ұлттық ояну мен халықтық танымның жаңа басы болып саналатын XIX ғасырдың қоғамдық өміріндегі сыртқы, ішкі тарихи оқиғалардың көркем суретімен, бояу, нақышымен бейнелегенін шығармалар арқылы көз жеткізесіңдер. Оқулықта аталған ғасыр әдебиетінде өз өрнек, тақырып, идеяларымен өзгешеленген шығармалар талданады.

Дәріс №11. 20-ғасыр әдебиеттері стилі

1.20-ғасыр әдебиетіндегі қаламгерлік стильдер мен қоғамдық өзгеріс байланыстары.

2. Қазақ баспасөзінің дамуы.

3. Көркем мәтінмен жұмыс.

Оқу ағарту мен білім идеяларын бұқара арасында насихаттау мен бастауыш білім беру жүйесін кеңейтуде «Айқап» журналы, «Киргизская степная газета», «Степной край», «Қазақ» газеттері елеулі рөл атқарды. 1911 жылы Троицкіде «Айқап» журналының бірінші нөмірі жарық көрді. Журналдың редакторы Мұхаметжан Сералин болды. Журнал әдебиеттің дамуы мен қазақ әдеби тілінің қалыптасуына үлкен үлес қосты. Онда ауыз әдебиеті, этнография, тарих жөніндегі зерттеу мақалалар жарияланды. Сол уақытта «Айқап» журналы далада мектептер мен медреселер ашу, ескі мектептерге реформа жасауды насихаттады. Журналда түрік және парсы тілдерінен аударылған шығармалар да (Фирдаусидің «Шахнамасы») жарияланды. 1911 жылдан бастап (редакторы Сағынгерей Бөкеев) «Қазақстан» газеті шыға бастады. Газетте саяси мақалалардан басқа қазақтар мен ноғайлардың халық әдебиеті жөніндегі зерттеу мақалалары да жарияланды. Ұлттық баспасөздің дамуында Орынбор мен Торғайда 1913-1918 жылдар аралығында Ахмет Байтұрсыновтың редакторлығымен шығып тұрған «Қазақ» газеті ерекше рөл атқарды. Газеттің негізгі міндеттері қазақ халқының мәдениетін көтеру, қазақтың әдеби тілі мен әдебиетін дамыту болды. Газет беттерінде Ә. Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтармен бірге Ж.Аймауытовтың ұлт тәуелсіздігі жолында күрескен зиялылардың қазақ тарихы, мәдениеті, бүгіні мен болашағы, ділі мен діні, тілі мен қазақ әдебиеті т.б. жөніндегі еңбектеріне көп орын берілді. Бұл аталған баспасөз мен оқу орындарының қазақ оқығандарының жаңа қатарын қалыптастыруға көп себебі болғаны сөзсіз. Қазақ қоғамындағы мәдени, оқу, білім жұмыстарын насихаттауда Ж.Аймауытовтың М.Әуезовпен бірге 1918 жылы «Абай» журналын шығарады. Бүгінгі ел тәуелсіздігінен кейін қайта жаңғырған «Абай» журналы сол жылдардың жалғасы. 20-ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі оқығандар бейнесі – қазақ ұлтының тарихи дамуының заңды белесі;



Дәріс№12. Тәуелсіз кезең әдебиеттері стилі 1. Тақырыптық-идеялық ерекшеліктер және стиль. 2. Жаңа стильдік белгілер және БАҚ –пен байланыс. XX ғасырдың соңғы он жылдығы мен XXI ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиетінде әлемдік жаһанданудың алдында ұлт руханиятының күретамыры есебінде әдебиетті жаңа бағыт ретінде ұстану қажеттігі қайта туындап тұрғанын байқатады. Жаңа дәуір әдебиетінің көркем бейнесі қандай болуы керектігі бүгінді ғана айқындамайды, ертеңге де жол ашады. Қазақ әдебиетті ғасырлар тоғысында таным мен сенімнің жаңа бет-бейнесімен көруі заңды да болатын. Әрі қазақ қана емес, басқа ұлттар үшін де ғасырлар тоғысы өзгерістермен ерекшеленеді. 20 ғасырдың соңғы он жылдығы мен 21 ғасырдың бірінші жартысынан бастап, қазақ қоғамында да әлеуметтік, саяси өзгерістер аз емес. Әрине, бұған дейінгі көркемдік әлемде де кейіпкер арқылы ұлттық сипат пен таным, дәстүр мен тағлым, сенім мен сезім сырлары сан түрде, алуан үлгіде ашылды. Бірақ кейіпкер жан дүниесіне үңілу оны құбылыс ретінде араластыру, даму, аяқталуы бар жүйе екені қалпында қабылдаудың жаһандық кезеңде жаңа үлгісі керек. Бүгінгі қоғамның кейіпкері - оқыған, білімді, әлемдік жаңалықтардан хабардар ғана емес, сол ақпарат пен қоршаған орта жайындағы түсініктерге өз ой-пікірін көзқарасын білдіретін бейне. Осы тұрғыдан көркем шығармадағы кейіпкердің философиясын ашу арқылы қоғамдық өзгерістер мен ғаламдық, аһанданудың қазақ ұлтына әсерін айқындау- әдебиеттану ғылымының міндеті ретінді маңызды болары сөзсіз. Сондықтан да ғаламдық өзгерістер кезеңіндегі қазақ ұлттық кейіпкерін, әдебиет сұранымын бұрынғыдан гөрі жүйелірек, көркем қалыпта, жаңа таныммен ашу қажеттігі туындап отыр. Әдебиеттің негізгі мәселесі қай кезде де адам тағдыры болғаны белгілі. Кейіпкердің адамгершілік мінез сипаттары оның рухани күшімен анықталады. Рухани күшінің қайнар көзі моральдық адамгершілік келбеті ретінде қоғамда ашылады. Адамгершілік қалыптарды жасайтын басты ұлттық рухани құндылықтарды негіздейтін көркем әдебиет. Ал рухани ұлттық құндылықтардың көздері фольклор, ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет–ғұрып, салт–дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге–өсиеті бар мақал–мәтелдерден басталған көркем сөз үлгілер кейінгі кезеңдерде сөз өнерінде өзгеше өріс алып, тақырып ауқымын кеңейтіп, идеялық түйіндерін нақтылағаны белгілі. Құндылықтар әлеміндегі әдебиеттің қоғамға ұсынары мол, танытары шексіз әлем. Ендеше қазіргі Қазақстан халқы яғни 21- ғасырдың оқырманы үшін, көп ұлтты мемлекеттің кз келген жұрты өкіліне жаһандану үдерісіндегі уақыт ағымында әдеби танымдық құндылық ретінде нені ұсынады? Қазақ ұлтының жаһандық тұтастығы кезеңіне дайындығы қандай, қазіргі қазақ әдебиетіндегі идеал кім деген сұрақтарға жауап бере білуі қажет. Әдеби қоғамдық рухани феномені жөнінде тарихи үдерісінде әр кезеңнің қаламгерлері қандай тақырыпты қозғап, қай мәселені адыңғы қатарға шығарды деген сұрақтар жауабы да анықтауды қажет етеді. Қоғамдағы көптеген көкейтесті мәселелердің қайнар көздерін олар немен, қандай үрдістермен байланыстырады? Мне, осындай көптеген сұрақтарға тиесілі жауаптарын табуға бұл еңбектегі талпыныстар оның өзектілігі ретінде танылады деп білеміз. Құндылықтар өзгеруі дамып бір түрден екінші түрге ауысуы, трансформацияға ұшырауы, жойылып кетіп жаңасы пайда болуы мүмкін. Құндылықтарды жасайтын да, қажетіне жарататын да жалпы адамзат, яки Адам. Бүгінгі жаһандану заманы әр ұлт әдебиетінің өз ұлты үшін қызметін нығайту мақсатын белгілеуі мен бірге сол әдебиет білімдерін, танымын қоғам үшін пайдалану мәселесі де жатады. Мәдени майдандасулар алғашқы орынға рухани ұлттық құндылықтардың құрылымдық сипатын шығарады. Алайда, әлеуметтік даралықты сақтауға кепілдік бермейді. Әлеуметтік даралық әлсіз, түп-тамыры босаң болса, жаһандық өзгерістер күшіне қарсы тұра алмасы анық. Жаһандық өзгерістер қоғам мен адам және оның ішкі жан-дүниесінің мүмкіндіктерін сынайды.
№№13,14,15 «БАҚ тілінің стилі», «Газет тілінің стилі», «Сайт тілі стилі» тақырыптарында «Сарыарқа самалы», «Егемен Қазақстан», «Абай», «Серке» құралдары материалдары талданады.
Әдебиеттер:

1. Әлкебаева Д. Стилистика және оның проблемасы/Д. Әлкебаева//Қазақ тілі мен әдебиеті.-2004.-№4.-Б.41-43. 2. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы.- Алматы: Мектеп,1974. 3. Васильева А. Н. Практическая стилистика русского языка.-М.,1989. 4. Кейбір стилистикалық ұғымдар мен категориялар туралы// ҚазМҰУ "Хабаршысы".-1997.- №8. 5. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы.-Алматы,1982.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет