Жұмыс беруші деп аталып, және «kegoc» АҚ еңбек ұжымының конференциясы уәкілеттік берген «кеgос» АҚ қызметкерлерінің өкілі болып табылатын Қазақстанның Энерготехникалық саласы Қызметкерлері Кәсіби Одағының төрағасы


ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, СПОРТТЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ЖҰМЫСЫ



бет3/6
Дата24.02.2016
өлшемі0.91 Mb.
#11859
1   2   3   4   5   6
11. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, СПОРТТЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ЖҰМЫСЫ

89. Жұмыс беруші шарттық қатынастарда тұратын жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын уақытында аударуды қамтамасыз етеді.

90. Жұмыс беруші әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына уақытында және толық көлемінде аударады.

91. Жұмыс беруші жыл сайын белгіленген бюджет шегінде еңбеккерлерді медициналық сақтандыруға арналған шарт жасасады.

92. Жұмыс беруші қажеттілігіне қарай еңбек ұжымы өкілдерінің келісімі бойынша еңбеккерлерді жұмысқа апаруды және жұмыстан жеткізуді қамтамасыз етеді.

93. Жұмыс беруші белгіленген бюджет шегінде ұлттық, мемлекеттік және кәсіби мерекелерді өткізуге арнап ақшалай қаражат бөледі.

94. Жұмыс беруші белгіленген кірістер мен шығыстар бюджетінің шегінде Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілген адамдарға, сондай-ақ «KEGOC» АҚ-ның есебінде тұрған зейнеткер-энергетиктерге Жеңіс күніне және кәсіби мереке «Энергетик күніне» арнап әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық көмекті жүзеге асырады.

95. Жұмыс беруші кәсіподаққа белгіленген бюджет шегінде спорттық-сауықтыру жұмыстарын өткізуге (жарыстар, спартакиадалар өткізуге, спорттық залдар мен т.б. жалға алу) ақшалай қаражат бөледі.

96. Жұмыс беруші «KEGOC» АҚ еңбеккерлерінің балалары үшін жаңа жылдық шыршалар өткізуге арнап ақшалай қаражат бөледі.

97. Жұмыс беруші еңбек ұжымы өкілінің пікірін ескере отырып, «KEGOC» АҚ-ның еңбеккерлері үшін Әлеуметтік қолдау топтамасын әзірлейді және оны орындауға міндеттенеді.

98. Жұмыс берушінің кадрларды бекіту және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мақсатында әлеуметтік жеңілдіктер мен қызметтердің басқа түрлерін кеңейтуге және беруге құқығы бар.

99. Еңбекерлердің тұрғын үй мәселелерін шешуге ықпал ету үшін Жұмыс беруші еңбеккерлерге мынадай тұрғын үй бағдарламаларына қатысу құқығын көрсетеді:

1) ІНҚ-ға сәйкес «KEGOC» АҚ-ның қаражаты есебінен тұрғын үй жалдауды төлеу жөніндегі шығындарды ішінара өтеуге;

2) «Самұрық-Қазына» АҚ-ның нормативтік құжаттарына сәйкес іске асырылатын;

3) «KEGOC» АҚ-ның салынып жатқан тұрғын үй қорынан тұрғын үйді меншікке белгіленген тәртіпте тапсыру бойынша.
12. МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

100. Басқа тарапқа зиян келтірген еңбек шартының тарабы қолданыстағы еңбек заңы мен сот шешімінің негізінде өзге заңнамалық актілерге сәйкес немесе ерікті тәртіппен оны өтейді. Еңбек шартында тараптардың материалдық жауапкершілігі туралы шарттар нақтыланады.

101. Материалдық толық жауапкершілік туралы үлгі шарт, құндылықтарды сақтауға, өңдеуге, сатуға (босатуға), тасымалдауға байланысты лауазымдар мен жұмыстардың тізбесі Жұмыс берушінің актісімен белгіленген тәртіпте бекітіледі.

13. КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ КЕПІЛДЕМЕЛЕРІ

102. Жұмыс беруші мыналарға міндеттенеді:

1) кәсіподақ мүшелерінің құқығын сақтау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіподақ құрылымдарының қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасау;

2) кәсіподақ органдарына олардың қызметі үшін қажетті жайлар мен байланыс құралдарын тегін пайдалануға беру;

3) өндірістік жұмыстан босатылмаған, кәсіподақ съездеріне, конференцияларына, кеңестеріне, кәсіподақ органы шақыратын бірлескен кәсіподақ комитетінің отырыстарына жіберілген делегаттарға, сайламалы кәсіподақ органдарының мүшелеріне купелік вагондағы, соның ішінде, егер теміржол көлігінде немесе автокөлікте келген жол ұзақтығы 8 сағаттан асса, экономикалық класс тарифі бойынша әуелік көлікпен жолақысына құжаттарды төлеуді және іссапарға байланысты шығыстарды өтеуді қамтамасыз ету;

4) негізгі жұмыстан босатылмаған сайламалы кәсіподақ органадарының мүшелері болып табылатын қызметкерлерді орташа жалақысын сақтай отырып, айына 16 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық міндеттерді атқару үшін еңбек міндеттерін орындаудан босату;

5) еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі мәселелері, әлеуметтік мәселелер жөніндегі ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу және келісу кезінде еңбек ұжымының өкілдерімен талқылау және келісу кезінде;

6) кәсіподақ мүшелерінің жазбаша өтініші бойынша олардың жалақысынан мүшелік жарналарды ұстау және «Энерготехкәсіподақ» ҚБ (қоғамдық бірлестігінің) есеп айырысу шотына аудару;

7) Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзбауға, жоғары тұрған кәсіподақ органының алдын ала келісімінсіз негізгі жұмысынан босатылмаған сайламалы кәсіподақ қызметкерлерін (Обком және кәсіподақ котмитеті мүшелері) тәртіптік жазаға ұшыратпауға;

8) қосымша ақыларды, үстемеақылар, сыйақылар, сыйлықақылар және т.б. есептеу механизмін реттейтін Жұмыс беруші актілерін қызметкерлердің өкілдерімен келісу;

9) қызметкерлер өкілдерінің пікірлерін ескере отырып, Компания қызметкерлерін көтермелеу, наградтау және сіңірген еңбектерін мойындау;

10) тараптардың келісімі бойынша материалдық және техникалық құралдарды тегін пайдалануға беру.


14. ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ШЕШУ

103. Заңдарды және еңбек құқығы, ұжымдық шарт, еңбек шарты нормаларын қамтитын өзге нормативтік құқықтық актілерді қолдану мәселелері бойынша қызметкер мен Жұмыс беруші арасында туындаған жеке еңбек дауларын еңбек даулары жөніндегі комиссия қарайды.

104. Келісім комиссиясы Жұмыс беруші мен еңбеккерлердің өкілдерінің теңдей қатарынан басым бағытта құрылады және Кодекске сәйкес әрекет етеді.

105. Еңбекақы белгілеу және оны төлеу шарттарын өзгерту, ұжымдық шартты жасау, өзгерту және орындау мәселелері бойынша туындаған ұжымдық еңбек дауларын Жұмыс беруші Кодексте көзделген мерзімде қарауға міндетті. Ұжымдық еңбек дауларын Жұмыс беруші шешу мүмкіндігі болмаған жағдайда бітістіру комиссия құрылады, келісімге қол жеткізілмеген кезде бітістіруші комиссия жұмысын тоқтатады, дауды шешу үшін еңбек төрелігі құрылады. Еңбек төрелігін әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық немесее өңірлік комиссия мүшелерінің қатысуымен бітістіру комиссиясының жұмысын тоқтатқан күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде ұжымдық еңбек дауларының тараптары құрады. Еңбек төрелігі мүшелерінің саны, оның дербес құрамы, еңбек дауын қарау тәртібі тараптар келісімінде айқындалады. Еңбек төрелігі кемінде бес адамнан тұруы тиіс. Еңбек төрелігінің құрамына қоғамдық бірлестіктер өкілдері, мемлекеттік еңбек инспекторы, мамандар, сарапшылар және басқа да тұлғалар кіреді. Еңбек төрелігінің төрағасы төрелік мүшелерінің ішінен тараптармен сайланады.

Ұжымдық еңбек дауын еңбек төрелігі ұжымдық еңбек дауы тараптары өкілдерінің міндетті қатысуымен, ал қажет жағдайда басқа да мүдделі тұлғалар өкілдерінің қатысуымен қаралады. Дауды қарау рәсімін еңбек төрелігі айқындайды және ұжымдық еңбек дауы тараптарының қаперіне жеткізіледі. Еңбек төрелігінің шешімі оны төрелік мүшелерінің жәй көпшілік дауысымен құрылған күнінен бастап жеті күнтізбелік күннен кешіктірілмей қабылданады. Еңбек төрелігі мүшелерінің дауыстарын теңдей бөлген кезде төраға берген дауыс шешуші болып табылады. Шешім дәлелді болуы, жазбаша түрде мазмұндалуы және оған барлық төрелік мүшелері қол қоюы тиіс. Еңбек төрелігінің шешімі ұжымдық еңбек дауы тараптарының орындауы үшін міндеттеі болып табылады.

Ұжымдық еңбек дауы тараптарының келісімі бойынша дау-дамай делдалдың қатысуымен қаралуы мүмкін. Ұжымдық еңбек дауын қарау тәртібін тараптар айқындайды.

Делдалдар ретінде тараптармен оларға қатынасы бойынша тәуелсіз ұйымдар мен тұлғалар айқындалады. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық не өңірлік комиссия ұжымдық еңбек дауы тараптарының келісімімен ұжымдық еңбек дауларын реттеу жөніндегі жұмысқа орталық және жергілікті органдардың, қауымдастықтар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің басшылары мен еңбеккерлерін, жұмыс берушілерді, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды тарта алады.

Делдалдарды сайлаудың барлық жағдайларында олардан делдалдыққа жазбаша келісім алынуы тиіс.


15. ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТЫҢ ОРЫНДАЛУЫН БАҚЫЛАУ
106. Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылауды қызметкерлердің уәкілетті өкілдері және Жұмыс беруші атынан екі тараптың теңдей өкілдерімен келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссия жүзеге асырады.

107. Ұжымдық шарттың орындалуын бақылау жөніндегі комиссиясының мынадай уәкілеттіктері мен міндеттемелері болады:

1) Шарттың орындалу жай-күйін талдайды және белгілі бір кезеңде қызметкерлердің басшылары мен өкілдерін екі тараптың ибірлескен отырысында баяндайды;

2) тараптардың бастамасы бойынша белгіленген тәртіптеШарттың жекелеген ұсыныстарын жөндеу жөнінде ұсыныстар дайындайды;

3) кейінгі жылдарға Шарт жобасын әзірлейді немесе оны ұзарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
16. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
108. Осы Шарт бес жыл мерзімге жасалады және оған тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Осы мерзім біткеннен кейін ол жаңа шарт жасағанға дейін немесе Шарт ұзартылмайынша қолданыста болады. Егер тараптардың біреуі қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін бір айдың ішінде қолданыстағы Шартты өзгерту немесе қайта қарау бастамасын көтермесе, онда ол автоматты түрде бір жылға ұзартылған болып есептеледі.

109. Жұмыс беруші бір ай мерзімде тараптар қол қойған ұжымдық шартты мониторинг үшін аумақтық еңбек жөніндегі уәкілетті органның бөлімшесіне ұсынуға міндеттенеді.

110. Тараптар осы Шартты Жұмыс беруші де, Қызметкерлер өкілдері де қызметкерлердің назарына оған тараптар қол қойғаннан кейін 15 күн ішінде жеткізуі керек деген келісімге келді.

111. «KEGOC» АҚ-ның меншік иесі ауысқан кезде Шарттың қолданысы үш ай ішінде сақталады. Осы кезеңде тараптар жаңа шартты жасау немесе қолданыстағыны сақтау, өзгерту және толықтыру туралы келіссөздерді бастауға құқылы. «KEGOC» АҚ-ны тарату немесе оны банкрот деп жариялаған кезде Шарт тарату немесе банкроттық туралы тиісті шешім қабылдаған сәттен бастап қолданысын тоқтатады.

112. Шарт Компанияның құрылымы, басқару органының құрамы өзгерген жағдайда күшін сақтайды және қолданыста болады, сондай-ақ Компанияны қайта ұйымдастыру кезеңінде (қосу, бірігу, бөліну, бөліп шығару, құрылу) өз қолданысын сақтайды. Шарт тараптардың біреуінің бастамасы бойынша қайта қаралуы мүмкін.

113. Қазақ және орыс тілдеріндегі осы Шарттың әр тілдегі үш данасына қол қойылды, бұл ретте барлық мәтіндер ұқсас және бірдей заңдық күші бар.



«Электр желілерін басқару жөніндегі

Қазақстан компаниясы» АҚ мен оның

еңбек ұжымы арасындағы

Ұжымдық шартқа

№1-қосымша



Жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленген қызметкерлердің санаттары

р/р

Лауазымы




Мамандар

1

Аға диспетчер

2

Диспетчер

3

ӨДО технигі

4

ӨДО инженері (кезекші)

5

Инженер (ҚС-дағы кезекші)










Жұмысшылар

1

Қосалқы станцияларды қызметтеу жөніндегі электр монтері

2

Кезекші автобус жүргізушісі

3

Кезекші (жеңіл) автомобиль жүргізушісі

4

Өрт автомобилінің жүргізушісі

5

Сығымдауыш қондырғылардың машинисі

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ мен оның

еңбек ұжымы арасындағы

Ұжымдық шартқа



№2-қосымша

Жұмысы қосымша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретін ауыр жұмыстар, зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстар тізбесіне сай еңбеккерлер кәсіптері мен лауазымдарының

тізбесі

р/р

Кәсіп атауы

Жұмыс түрлері

31.07.2007ж. №182-п бұйрықтың № р/р

Демалысқа қосмша күндер саны

1.

Жоғары вольттық электр жеткізу желілерін жөндеумен жоғарыдағы жұмыстармен айналысатын әуелік электр жеткізу желілерін жөндеу жөніндегі электр монтері

Жоғарыға өрмелеу жұмыстарымен байланысты жоғары вольттық ЭЖЖ-ні қызметтеу және жөндеу

т.10.72

6 күн

2.

ТҚ жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі

АТҚ-дағы оқшаулатқыштарды тазалаумен байланысты ҚС жабдықтарын қызметтеу және жөндеу

т. 10.47

6 күн

3.

500 кВ және одан жоғары электр қосалқы станциясын қызметтеумен және жөндеумен айналысатын қосалқы станцияны қызметтеу жөніндегі электр монтері және электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр монтері

500 кВ ҚС жабдықтарын қызметтеу және жөндеу мен АТҚ-дағы оқшаулатқыштарды тазалау

т . 10.47; 10.76

6 күн

4.

Кернеуі 500 кВ және одан жоғары электр тораптарындағы жұмыспен айналысатын электр тораптарында сынақтар және өлшеулер жөніндегі электр монтері

500 кВ ҚС жабдықтарын қызметтеу

т .10.75

6 күн

5.

РҚА аппаратурсын жөндеу жөніндегі электр монтері

500 кВ ҚС жабдықтарын қызметтеу

т .10.75

6 күн

6.

Қосалқы станциядағы АБ аккумуляторщигі, аккумуляторларды қызметтеумен айналысатын еңбеккерлер

Қосалқы станциялардағы аккумуляторлық батареяларды жөндеу және зарядтау

т .46.2

6 күн

7.

Сығымдауыш қондырғылардың машинисі

Ауалық сығымдауыштарды қызметтеу

т .46.92

6 күн

8.

Инженер-химик, химиялық талдау лаборанты

Мұнайды өңдеу өнімдерін талдаумен, трансформатор майымен байланысты жұмыс, химиялық өнімдерден ыдыс-аяқты жуу

т .11.99

6 күн

9.

Электр-газ пісірушісі

Пісіру жұмыстары

т . 15.1,15.2

6 күн

10.

Сырлаушы

Нитробояулармен жұмыс, беттерді сырлауға даярлау

тармақша. 16.5; 16.8.2

6 күн

11.

Сылақшы

Сылақ жұмыстары, беттерді сырлауға даярлау

тармақша. 16.8.2; 16.11

6 күн

12.

Слесарь-сантехник

Кәріз торабын, құдықтар мен санитарлық отораптарды тексеру, тазалау және жөндеу

т .41.15

6 күн

13.

Тракторшы

Дизельдік қозғалтқыштардың отындық аппаратурасын жөндеу

т .46.204

6 күн

14.

Көліктік жол талғамайтынның жүргізушісі

Дизельдік қозғалтқыштардың отындық аппаратурасын жөндеу

т .46.204

6 күн

15.

Экскаватор машинисі

Іштен жанатын қозғалтқыштан жұмыс істейтін экскаваторды қызметтеу

т .46.101

6 күн

16.

Бульдозер машинисі

Бульдозерді қызметтеу

т .46.106

6 күн

17.

Автокран машинисі

Жүк көтергіштігі 3 тн және одан асқан автомобильдердің шассиінде құрастырылған машиналарда жұмыс істеу

т .46.95.1

6 күн

18.

Автокран машинисі

Жүк көтергіштігі 3 тн-ға дейінгі автомобильдердің шассиінде құрастырылған машиналарда жұмыс істеу

т .46.95.2

6 күн

19.

Гараж диспетчері

бензинді, жанар-жағар материалдарын босату, бензин құятын станцияны қызметтеу

т .46.94.2; 37.6.214

6 күн

20.

Бензовоз жүргізушісі

Жанар-жағар материалдарымен жұмыс (этилденген бензинді қайта айдау, ағызу және құю, этилденген бензинді, жанар-жағар материалдарын, трансформатор майын тасымалдау үшін резервуарды қызметтеу)

т .46.94.1

6 күн

21.

Автомобильдерді жөндеу жөніндегі слесарь

Газ бен этилденген бензинде жұмыс істейтін автомобильдердің, соның ішінде дизельдіктердің қозғалтқыштарын жөндеу

т .46.204; 37.6.223

6 күн

22.

Автомұнара жүргізушісі, автогидрокөтергіш машинисі, автомобиль жүргізушісі (арнайы жүктік автомобильдің (өрттіктен басқа)

Жүк көтергіштігі 1,5-нан 3 тн-ға дейінгі автомобильді қызметтеу және жөндеу

т .37.6.207.1

6 күн

23.

Автомұнара жүргізушісі, автогидрокөтергіш машинисі, автомобиль жүргізушісі (арнайы жүктік автомобильдің (өрттіктен басқа)

Жүк көтергіштігі 3 тн және одан жоғары автомобильді қызметтеу және жөндеу

т .37.6.207.2

6 күн

24.

Автомобиль жүргізушісі (жүктік)

Жүк көтергіштігі 1,5-нан 3 тн-ға дейінгі автомобильді қызметтеу және жөндеу

т .37.6.208.1

6 күн

25.

Автомобиль жүргізушісі (жүктік- СМжТ, АРГ УТЭС)

Жүк көтергіштігі 3 тн және одан жоғары автомобильді қызметтеу және жөндеу

т .37.6.208.2

6 күн

26.

қоймашы (АЭТБ МТҚБ), қойма меңгерушісі (МТҚБ)

арнайы химикаттар, еріткіштер, майлар химиялық заттектерден босаған қайтарымды ыдыстар қоймаларындағы жұмыс

т .46.59.1

6 күн

27

Өндірістік үй-жайлар жинаушысы

этилденген бензинмен ластанған өндірістік үй-жайларды жинау

т . 37.6.212

6 күн

Зарегистрировано уполномоченнм органом

Министерства труда и социальной защиты

населения Республики Казахстан

28 января 2014 года, №58



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет