Жұмыс оқу бағдарламасының Нысан титулдық парағы пму ұсн 18. 3/30


Студентті психолого-педагогикалық тұрғыдан зерттеу. Студенттің темпераменті. Студенттің эмоционалды сферасы. Мінезінің басыңқы қасиеттері «Мінез акцентуациясы»



бет2/4
Дата12.07.2016
өлшемі422.5 Kb.
#195721
1   2   3   4

Студентті психолого-педагогикалық тұрғыдан зерттеу. Студенттің темпераменті. Студенттің эмоционалды сферасы. Мінезінің басыңқы қасиеттері «Мінез акцентуациясы».


«Студент» ұғымының анықтамасы. «Студент» термині латын тілінен аударғанда «жұмыс істеп жатқан», яғни білімді игеруші деген мағына береді. Студент – бұл өндірістік еңбекке дайындалып жатқан арнайы әлеуметтік категория адамдардың өкілі болып табылады. Сонымен ол жоғары оқу орнында білім алушы адам.

Студент тұлғасы – бұл белгілі бір еңбек саласындағы маманның қызметін жоғары түрде орындауға дайындалатын жас адамның тұлғасы болып табылады. Оқыту барысында студентте бұл үшін қажетті қасиеттері, қабілеттіліктері, дағдылары қалыптасуы керек.

Студент белгілі бір жас аралықтағы адам ретінде және тұлға ретінде үш жақтан сипатталуы мүмкін:



  1. Әлеуметтік жағынан, онда студенттің белгілі бір топқа, ұлтқа, класқа жатқызылуынан қалыптасатын қасиеттер, әлеуметтік қатынастар іске асырылады. Ол студенттің тұлғасында оның әлеуметтік студенттік топқа кіруіне байланысты анықталады.

  2. Психикалық үдерістердің, жағдайлардың тұлғаның қалыптасуы мен қасиеттерінің бірлігін анықтап беретін психологиялық жағы. Психологиялық жағындағы ең бастысы - психикалық қасиеттер (бағыттылық, темперамент, мінез, қабілеттіліктер және т.б.). Ал оған психикалық үдерістер, психикалық жағдайдың қалыптасуы, психикалық қалыптасуылардың анықталуы тәуелді болып келеді. Дегенмен, белгілі бір нақты студентті зерттеген кезде оның психикалық үдерістер мен жағдайының ерекшеліктерін ескеру қажет.

  3. Биологиялық жағы. Ол жоғарғы нерв іс-әрекет түрін, талдау анализаторлардың құрылысын, рефлекстерді, физикалық күшті, дене пішінін, түрдің белгілерін, тері, көз түсін, бойын және т.б. қосып алады. Бұл жақ көбінесе ұрпақ мұрагерлерімен анықталады, бірақ белгілі бір түрлерде өмірдің түрлі жағдайларының ықпалынан өзгеріске ұшырауы да мүмкін еді.

Бұл жақтардың зерттелуі студенттің қасиеттері мен мүмкіндіктерін ашады, оның жасаралық және де тұлғалық ерекшеліктерін анықтауға болады. Студенттер – жаратылыстанушылар мен гуманитарилер техниктерге қарағанда еңбек мәдениетінің қажеттілігін және өз жұмысын, ғылыми белсенділігін ұйымдастыру қабілеттілігін жоғары бағалайды. Ал техниктер басқа мамандықтың студенттерінен гөрі ұжымды басқару қабілеттілігінің маңыздылығын мойындайды. Бұнда түрлі мамандық өкілдерінің болашақ жұмысының спецификасы айғақталады. Гуманитарилер мен жаратылыстанушылар жиі түрде ғылыми-зерттеу. қызметіне бағыт алуы – 70 %-ға дейін байқалса, студенттер-техниктер мен жаратылыстанушылар (әсіресе медициналық) сәйкесінше мекемелердегі немесе өндіріс ортасындағы тәжірибелік іс-әрекет қызықтырады.

ХХІ ғасырға лайық жан жақты жетілген, білімді, дарынды, тәрбиелі ертеңгі қоғам иесі жоғары оқу орындарында білім алып тәрбиеленетіні дауыссыз. Сондықтан да бүгінгі студентке ертеңгі маман ретінде қарайтынымыз хақ.

«Студент» деген сөздің өзі латын сөзінен шыққан. Сонымен студент дегеніміз шаршамай, талмай еңбек ететін, дайындалатын, ізденетін білімді адам және кәсіптік еңбекке дайын арнайы әлеуметтік категориядағы адамдардың өкілі. Сондай ақ, ол зиялылар қатарын толықтыратын маңызды әлеуметтік топқа жатады. Олардың өміріндегі басты бағыт оқу, іздену интелектін дамыту, рухани өнегелі, физикалық, эстетикалық жағынан өсу, кәсіпті меңгеру.

Қазіргі кездегі студенттердің жоғары оқу орындарындағы орта жас мөлшерлері жас аралығында. ЖОО- да оқу барысындағы көптеген сұрақтарды шешуге мынадай аз өмірлік тәжірибе қиындық туғызады. Тіпті, орта мектепті жақсы бітіріп келген әрбір талапкер ЖОО - да жақсы ойдағыдай оқуы жиі кездесерлік жайт. Бұл үшін әрбір студент психологиялық өсуі қажет, белсенді өзіндік жұмысқа саналы түрде дайын болуы өте маңызды.

Студенттердің педагогикалық практикасы-педагогикалық жоғары оқу орындарында алғаш теориялық білімдері мен практикалық дайындықтарын тәжірбиелік сынақтан өткізетін оқу процесінің негізгі бір түрі. Болашақ оқытушылық мамандықты қалаған студенттердің өндірісте сабақ беріп үйренуі, тәжірибе алуы.

Студенттік кеңес- жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орнындағы студенттер ұжымының ұйытқысы.

Студенттік кеңес студенттер қауымының қоғамдық тіршілігін ұйымдастырып, бос уақыттарын тиімді пайдалану мәселелерімен де

студенттік кредит алушыларға тамағына, тұруына және оқу әдебиеттерін сатып алуына жұмсалатын шығындарды ішінара өтеуге берілетін нысаналы кредит.



Студенттердің психологиялық ерекшелігі.

Адамның психикалық өмірінің жан - жақты дамуы белгілі әрекетпен айналасуына байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Әрекет дегеніміз - түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған үрдіс. Ғұлама Әл Фараби «Әрекетіміз дұрыс болуы үшін біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін...анықтап алуға тиіспіз» деп бекер айтпаған. Демек, адам іс әрекеті күрделі үрдіс. Оның құрамына жеке адамдармен қозғалыстардың және әрекеттердің жүйесі кіреді. Іс - әрекет ұғымынан әрекет ұғымын ажырата білу керек.

Саналыға іс - әрекеттің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс - әрекеттің саналығы, мақсаттылығы, жоспарлығы, жүйелігі оның ең басты белгісі болса, алда тұрған міндетті шешу, ойлаған істен бір нәтиже шығару оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Адамның сана сезімі өскен сайын оның әрекеті де жаңа мазмұнға ие болады. Адам психикасының дамуында іс әрекеттің шешуші орнымен қатар біз сананың да күрделене түсуіне ықпал жасайтынын есте ұстауымыз қажет. Өйткені, адам әрекеті сан алуан. Олардың барлығына тән ортақ қасиет: белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы және жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде. Студент іс әрекеті өзіндік мақсаты және міндетімен, сыртқы және ішкі жағдайлардың мазмұнымен, құрылымының күрделігімен, психикалық үрдістердің өту ерекшеліктерімен, мотивациның пайда болуымен, ұжымдық және тұлғалық жағдайлармен және басқару, ұйымдастыру әрекеттері жағынан өзгеше болып келеді. Айрықша ерекшеленген іс әрекеттің психологиялық мазмұны мен құрылымының өзіндік міндеті, ерекшелігі бар, бұл жоғары мектеп психологиясының маңызды бір міндеті.

ЖОО оқытудың методологиялық, дидактикалық принциптері..

Әрекеттерді ұйымдастыру принципі: мақсат пен міндетті аңықтау, еңбеқтің әдістерін, тәсілдерін, қалыптарын таңдау. Педагогикалық іс-әрекетерді жоспарлау; студенттің іс-әрекетің нормалау; оқытушының іс-әрекет жүйесіндегі бақылау жұмысы; студент-оқытушы өзара қатынасы процесіндегі белсенділік.

Жоғары мектеп педагогикасының ұстанымдары. Педагогикалық зандар мен заңдылықтар мұғалімге әр түрлі оқу жағдайларында қандай әрекеттер жасау керегін көрсететін тікелей нұсақаулардан тұрмаса да олар оқыту ұстанымдарын дәлелдеу үшін теориялық негіз болып табылады.

Ұстанымдарды жете зерттеуге педагогикалық қана емес, әлеуметтік, философиялық, логикалық және психологиялық зандылықтар да әсер етеді. Олар тағы да тәрбиелеу және оқыту мақсаттарына, ортаның жағдайына, ғылымның даму деңгейіне, қоғаммен меңгерілген оқыту құралдары мен тәсілдерінің сипаттамасына және де практиканың өзіне, оқыту тәжірбиесіне сүйенеді.

Соңғы кезде дидактикада оқыту мақсатының, оның танылған заңдылықтарының негізіндегі жетістіктерінің жолдары туралы ұсыныс ретіндегі ұстанымды түсіну нығайды. Мұндай көзқарас, әрине, ұстанымдар мен зандылықтар арасындағы байланысты көрсетеді, бірақ ұстанымның мәнін де, ұстаным мен зандылықтар арасындағы байланыстар сипаттамасының да мәнін ашпайды.

В.И. Загвязинский: "Ұстанымның мәні оның - оқу үрдісінің дамуы қарама-қайшы жақтардың қатынастарын тәртіпке салудың тәсілдері, оқу-тәрбиелеу мәселелерін жеңіл шешуге мүмкіндік беретін өлшем мен үйлесімділік жетістіктері, қайшылықтарды шешу тәсілдері туралы білім жайлы ұсыныста жатыр", - дейді.

Шын мәнінде де кейбір ұстанымдар мазмұнында екі жақтылық, қайшылық көрініп тұрады. Ол тіпті, атауларында да көрініп тұрады: оқытудың өмірмен байланысы, теорияның практикамен байланысы, педагогикалық басқару мен оқушылардың белсенді қызметінің үйлесуі; жеке және ұжымдық жұмыстың үйлесімі; оқыту мен өз бетімен білім алудың байланысы, бақылау мен өзін-өзі бақылаудың байланысы. Басқа ұстанымдардың қайшылықты сипаты олардың мазмұнына қаншалықты терең үңілуге байланысты; олардың заңдылық байланыстарын қаншалықты ашқанына байланысты байқалады. Бұл, мысалы, оқытудың ғылымилығы ұстанымын нақты сипаттаудан жалпы қорытындылауға көшу, түсіндіруден жорамалдауға көшу; жүйелік ұстанымындағы элемент пен жүйенің; бүтін мен бөлшектің арақатынасы; оқытудың беріктік ұстанымындағы оқушының дамуына көмектесетін қиындықты жеңу жетістігі жатыр

4-тақырып. Жоғары мектепте оқытуды ұйымдастыру формалары және әдістері

ЖОО–да оқытуды ұйымдастыру формалары: күндізгі оқыту формасы. Күндізгі оқыту формасындағы бірінші және екінші ауысым. Сырттай оқыту формасы. Оқыту формалар жүйесіндегі цикл. Кешкі оқыту формасы. Экстернат жоғары оқу орнының формасы ретінде. Дистанциялық оқыту формасы. Жеке дара оқыту.

Егер де ұстанымдар қарама-қайшы бастаулардың жиыны, үйлесімінің жетістіктері бойынша мүғалім мен оқушының практикалық әрекеттерінің стратегиясын, бағытын білдірсе, онда бұл ұстанымдар бағыттылығының қайнар көзі, педагогикалық заңдар педагогикалық құбылыстар мен үрдістер қайшылыктарын білдіреді. Заң әрқашан түсіндіру және болжау қызметін атқарады. Педагогика ғылымының бұл логикалық бөлігі педагогикалық қүбылыстардың объективті, ішкі, мәнді және салыстырмалы түрақты байла-ныстарын көрсетеді, тәрбиелік әрекетті ғылыми басқаруға, басқару шешім-дерінің қайсыбір нәтижелерін болжауға өз әсерін тигізеді.

Демек, "заң", "заңдылық", "ұстаным" сияқты үғымдар арақатынасы логикалық бірізділік (иерархия - бағыныштылық): заң - заңдылық - ұстаным -ереже екенін көрсетеді.



Оқыту ұстанымы - бұл, қорыта келгенде, практикада заңдылыцтар мен заңдарды пайдалану бойынша нұсқау, ал ережелер - ұстанымдардың жүзеге асуының технологиясы.

Оқыту ұстанымдарының сипаттамасы. Оқыту ұстанымдары жүйесі. Жоғарыда аталып кеткендей, оқыту ұстанымдары бұл -дидактикалық жүйені ұйымдастыруға және жүргізуге деген жетекші идеялар, нормалық талаптар. Олар, оқыту үрдістерін реттейтін ортақ нұсқаулар, ережелер, нормалар сипатында болады. Негізінде, ұстанымдар оқытуды ғылыми талдау негізінде пайда болады және де ол дидактика арқылы айқындалған оқыту жүйесінің заңдылықтарымен байланысады.

Сонымен қатар, ұстанымдар қабылданған дидактикалық тұжырымдамаға да байланысты болады.

Қазіргі күнге дидактикада бұрыннан келе жатқан классикалық және де ғылым мен пркатиканың даму барысында пайда болған ұстанымдар жүйесі бар.

Ұстанымдар жүйесінің бөліну негізіне Ю.К.Бабанскийдің, В.И.Загвязинскийдің, М.Н.Скаткиннің еңбектерінде бейнеленген (сипатталған) жеке әрекеттік және басқару тәсілдері кіреді. Қазіргі жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың танымдық және практикалық әрекеті мен педагогикалық басқару циклдерінің қалыптасу және іске асу кезеңдеріне байланысты және де әр қатысушы, яғни, оқытылушы бойындағы жеке түлғаны тәрбиелеп шығару мақсатын ескере отырып, мынандай оқыту ұстанымдарының жүйесі ерекшеленеді:

- оқыту және тәрбиелеудің өзара шартты байланыстылығы;

- дидактикалық үрдістің тұтастығы мен бірлігі;

- оқытудың тәрбиелік, білімдік және дамыту қызметтерінің бірлігі;

- оқыту мазмұны мен әдістерінің ғылымилығы;

- оқушылардың ғылым, мәдениет, әрекет тәжірибесін меңгерудегі жүйелілік пен бірізділік;

- мүғалімнің жетекші рөліндегі оқушының дербестік, саналылық және шығармашылық белсенділігі;

- кешенді тәсіл корінісі ретіндегі дерексіз және нақтылының, рационалды (орынды, ұтымды) және эмоционалдының, репродуктивті және өнімділік біртұтастығы, көрнекілігі;

- оқытудың тиімділігі;

- оқыту нәтижелерінің және оқушылардың танымын дамытудың беріктігі;

- оқытудың өмірмен, демократиялық қоғамды құру практикасымен байланысы;

- оқу жұмысының ұжымдық және жеке формалары мен тәсілдерін ұтымды үйлестіру үстанымы.

Жоғарыда аталған ұстанымдардың барлығының олардың сипаттамасына сай маңыздары бірдей емес екендігі хақ. Бұл ұсынылған жүйеде олардың бәрі жетекші ұстанымға, яғни, оқытудың тәрбиелік және білім беру міндетінің біртұтастық ұстанымына бағынады. Ол білім беру барысында мүғалімнің жұмысына оқушыларды жалпы адамзаттық құндылықтарға үйрету, баулу туралы бағыт береді



5-тақырып. Студенттердің өздік ғылыми-ізденіс жұмыстары

Студенттің әдебиетпен өздігінен жұмыс жасау іскерлігі. Студенттің өздік жұмысы жүйесіндегі хронометрлік карта.Оқулықпен жұмыс жасау. Сырттай оқыту формасындағы әдебиетпен өздігінен жұмыс жасаудың ерекшеліктері Студенттің ғылыми ізденіс жұмысы.

Дәріс – дәріскердің теориялық сипатты оқу материалын жүйелі, дәйекті, монологтық түрде баяндауы. Оқытуды ұйымдастыру формасы және оқыту әдісі ретінде дәріс жоғары мектеп үшін дәстүрлі болып табылады. Оның негізінде оқу жоспарының көптеген пәндері бойынша курстар қалыптастырылады.

Әрбір дәрістің жалпы құрылымы мынадай: тақырыпты хабарлау, жоспарымен және өзіндік жұмыс үшін ұсынылатын әдебиетпен таныстыру, ал одан соң – хабарланған жоспар бойынша дәрісті баяндау.

Дәріске мынадай негізгі талаптар қойылады:

- хабарланатын ақпараттың ғылыми деңгейі жоғары болу керек, өйткені ол, әдетте, әдіснамалық, дүниетанымдық маңызға ие болады,

- дәріс мазмұнды болу керек: ол анық, тығыз жүйеленген және әдістемеленген үлкен көлемді қазіргі ғылыми ақпараттан тұру керек.

- дәрісте айтылатын ой-пікірлер дәлелді болуы тиіс,

- дәлелді фактілердің, мысалдардың, мәтіндер мен құжаттардың саны жетерлік болу қажет,

- дәріс тыңдаушылардың ойлау әрекетін белсендіруге бағытталады, сондықтан онда талқыланатын мәселелер бойынша сұрақтар қойылу керек,

- қойылған мәселелерді шешудің сан алуан түрлері, көзқарастар, ұстанымдар талдану керек,

- негізгі ой желілері, қағидалар түйінделу, қортынды шығарылу керек,

- енгізіліп отырған терминдер мен атаулар түсіндірілу қажет;

- студенттерге ақпаратты тыңдауға, түсінуге және қысқаша жазуға мүмкіндік берілу керек,

- тыңдаушылар аудиториясымен педагогикалық қарым-қатынас орната алу өте маңызды,

- мүмкіндігінше дидактикалық материалдар мен техникалық тәсілдер қолдану керек,

- мәтіннің негізгі материалдарын, конспектті, сұлбаларды, сызбаларды, кестелерді, диаграммаларды, басқа да графиктерді пайдалану мүмкін.

Жалпы теориялық курстың және әрбір жеке дәрістің құрылымы: бөлімдердің мазмұны, тақырыптары, оқу жоспары бойынша бөлінген сағат саны бағдарламада белгіленеді. Осыған байланысты әрбір дәрістің мазмұны ерекшеленеді. Әрбір дәріс жалпы теориялық курстың буыны болғанымен, оның логикалық дербестігі болу керек.



Жоғары мектеп тәжірибесінде дәрістердің бірнеше түрі қалыптасқан.

1Кіріспе дәріс оқу пәні туралы алғашқы тұтас ұғым қалыптастырады және студенттерге осы курс бойынша жұмыс істеуге бағдар береді. Дәріскер студенттерді курстың мақсаты мен міндеттері, оның оқу пәндерінің жүйесінде және мамандарды даярлау жүйесінде алатын орны туралы хабардар етеді. Курсқа қысқаша шолу жасалады, ғылым мен практиканың даму кезеңдері белгіленеді, осы саладағы жетістіктер, атақты ғалымдардың есімдері, зерттеулердің перспективті бағыттары айқындалады, Осы дәрісте курс шеңберінде жасалуға тиіс жұмыстың ерекшеліктері айтылады, есеп беру мерзімдері мен түрлері анықталады, студенттерге ұсынылатын әдебиет талданады.

2Дәріс-ақпарат. Студенттер түсініп естеріне сақтауға жататын ғылыми ақпаратты баяндауды және түсіндіруді көздейді. Жоғары мектеп тәжірибесіндегі ең дәстүрлі түрі.

3 Дәріс-шолу – бұл ғылыми білімдерді жоғары деңгейде жүйелеу, дәрістің бұл түрі ақпаратты түсіну барысында көптеген ассоциативті байланыстар табуға мүмкіндік береді, нақтылауды талап етпейді. Әдетте, баяндалып отырған теориялық қағидалардың өзегі жалпы курстың не оның үлкен бөлімдерінің ғылыми-ұғымдық және тұжырымдамалық негізі болып табылады.

4Проблемалық дәріс. Жаңа білім сұрақтың, жағдайдың проблемалығы арқылы енгізіледі. Студенттер танымдық процесте оқытушымен ынтымақтасу арқылы зерттеу іс-әрекетіне жақындайды. Проблеманың мазмұны оны шешу жолдарын іздестіру немесе дәстүрлі және қазіргі көзқарастарды қосу, талдау арқылы ашылады.

5Визуалды дәріс - оқу материалын техникалық тәсілдер немесе көрнекі материалдар арқылы беру түрі. Мұндай дәрісті оқу студенттер көріп отырған визуалды материалға (табиғи объектілерге – адамдарға, олардың әрекеттері мен қылықтарына, қарым-қатынастарына; минералдарға, реактивтерге, машиналар тетіктеріне; суреттерге, фотографияларға, слайдтарға; символдық объектілерге - сызбаларға, кестелерге, графтарға, графиктерге, модельдерге) толық немесе қысқаша түсіндірме беру болып табылады.

6Бинарлық дәріс – бұл дәрісті екі оқытушының (екі ғылыми мектепттің өкілдері ретінде, немесе ғылым және практик ретінде, немесе оқытушы және студент ретінде) диалогы түрінде оқу.

7Алдын ала жоспарланған қателіктері бар дәріс студенттерді ұсынылып отырған ақпаратты бақылауға (қате іздеуге: мазмұндық, әдіснамалық, әдістемелік, орфографиялық т.б.) ынталандырады. Дәрістің аяғында қателерге талдау жасалады.

8Дәріс-конференция алдын ала қойылған проблема және дайындалған баяндамалар - әрқайсысының ұзақтығы 5-10 минут – бойынша ғылыми-практикалық сабақ ретінде өткізіледі. Әрбір баяндама логикалық аяқталған мәтін болып табылады, ал олардың жиынтығы қойылған проблеманы жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді. Дәрістің аяғында оқытушы студенттердің өзіндік жұмысын түйіндейді, ұсынылған мәліметтерді толықтырады, дәлдейді, қотынды жасайды.

9Дәріс-кеңес - консультация әртүрлі сценарий бойынша өтуі мүмкін. Бірінші нұсқасы - «сұрақ-жауап». Екіншісі - «сұрақ–жауап-дискуссия»: дәріскер жаңа оқу материалын баяндайды, сауал қояды /не студенттер сұрақ қояды/ және қойылған сұрақтарға жауап табу үшін дискуссия ұйымдастырады.

Жоғары мектепте дәрістің басқа да түрлері пайдаланылады.

Дәрісті дайындаудың негізінде кең ғылыми материалдарды жинау, зерделеу және жалпылау, оны курстың тақырыптары мен бөлімдері бойынша топтастыру және бөлу жатады. Дәріс оқитын оқытушы өз ғылымының барлық салаларының дамуын байқап отыру керек, себебі әрбір тақырып бойынша материалды терең ғылыми түрдеберу үшін, дәріс мазмұнын уақытында жаңартып, толықтырып отыру керек

6-тақырып. Студенттің дағды, іскерлігінің бағалануы және бақылануы

Жоғары мектеп оқытушысының бақылаушы және түзетуші функциялары. Бақылау әдістері. Бақылау ұстанымдары: бақылаудың объективтілігі, оқытушының күйі мен психикалық процестерде имкульсивтікті балдырмау, білімді икем, дағдыны бағалауда рационалды критерилердің (сынның) болуы.

Семинарлық сабақтардың оқыту формасы туралы мағлұматтардың ежелгі тарихы бар. "Семинар" сөзінің өзі латынның "Seminarium" "көшет" (рассадник) алынған білімдерді тереңдету мен жаңғыртуға, дербес пікірлерге қабілеттері бар оқушылардың санасында "өсетін" (прорастающих) және оқытушыдан оқушыларға берілетін білімдердің "егіс" (посев) функцияларымен байланысты. Семинарлар ежелгігрек және римдік мектептерде пікірталастарды үйлестіру (сочетание) оқушылардың хабарландырулары, түсініктемелері мен қорытындылары ретінде өткізеді. Оқытудың бұл формасы ХVІI ғ.-дан Батыс Еуропада, ал ХIХ ғ.-дан Ресейлік университеттерде қолданылады. Семинарлық сабақтар тәжірибелік сипаты болатын және қандай да бір ғалымның жетекшілігімен студенттердің тәжірибеде пәннің теориялық курсын, ғылыми зерттеу әдісін меңгеру мектебін білдіретін.

Қазіргі кезде жоғарғы оқу орнында (ЖОО) семинар гуманитарлық және техникалық ғылымдар бойынша тәжірибелік сабақтардың негізгі түрі болып табылады. Ол студенттерде ғылыми ойлау мәдениетінің даму құралын білдіреді. Семинар пәнді тереңдетіп оқу, ғылыми танымның әдістемесін меңгеру үшін арналған. Семинарлық сабақтын басты мақсаты – студенттерге оқитын саласының ерекшеліктеріне қатысты теориялық білімді қолданудың дағдылары мен ептілігін меңгеру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. А.М. Матюшкин бойынша семинарда келесі педагогикалық міндеттер шешіледі:


  • Шығармашылық, кәсіптік ойлауды дамыту;

  • танымдық уәждену;

  • оқу жағдайларында білімдерді кәсіптік қолдану;

а) сәйкес білімнің тілін меңгеру;

б) анықтамаларды, түсініктерді, тұжырымдамаларды пайдалану дағдылары;

в) зияткерлік (интеллектуальных) міндеттер мен мәселелерді қою және шешу, жоққа шығару, өз көзқарасын қорғау дағдылары мен ептілігіне ие болу.

Одан басқа семинарлық сабақтын барысында оқытушы келесі міндеттерді шешеді:



    • Білімдерді қайталау мен бекіту

    • Бақылау

    • Педагогикалық қарым – қатынас

Заманауи ЖОО семианрлық сабақтын 3 типі аса таралған:

1. Просеминар

2. Нағыз семинар

3. Арнайы семинар



Просеминарсеминарға дайындайтын сабақтар, бірінші курста өткізіледі. Мақсаты – студенттерді өзіндік жұмыстын спецификасымен, әдебиетпен, алғашқы қайнар көздерімен, олармен жұмыс істеу әдістерімен таныстыру. Тәжірибенің көрсетуі бойынша, бірінші курс студенттері бірнеше қайнар көздерімен жұмыс істей алмайды және ұсынылатын әдебиет тізімін оқып қажетті материалды қалай іріктеп алуды, оны максимальді жинақтап (синтезеуге) және тақырыпқа сәйкес баяндап беруді білмейді. Сондықтан әдебиетпен жұмыс істеуге, материалды шығармашылық өңдеуге дағдыларын дамытуға ерекше назар аудару керек. Пікірсайыстағы екінші кезең – белгілі бір тақырыптарға рефераттарды дайындау, оларды пікірсайысқа қатысушылармен оқу және талдау, жетекшінің қорытындысы.
7-тақырып. Жоғары оқу орны мұғалімінің кәсіби іс-әрекеті мен өзіндік талдауы және педагогикалық шеберлігін жетілдіру

Оқытушының кәсіптік іс-әрекетінің өзіндік талдауы. Өзіндік талдауыдың түрлі ңұсқалары. Басқа оқытушылардың сабақтарына кіру - өзіндік талдау үшін әрекет етуші ақпарат. Оқытушының кәсіби іс-әрекетін талдау.

Соңғы жылдары педагогтар проблемалық оқытуға дамыта оқыту, оқыту процесін жетілдіру немесе оқытудың белсенді әдісі деп қарауда. Сондықтан проблемалық оқытуды бірқатар ғалымдар: педагогтар, психологтар және әдіскерлер жан жақты зерттеген/ М.А. Данилов, В.В Давыдов, М. Н Скаткин т.б/. Педагог – ғалымдар өз зерттеулерінде қазіргі жамыта оқыту мәселелерін іске асыруда шешуді орын алатын проблемалық оқытудың теориясы мен практикасының дамуын қалыптастыруда. Проблемалық оқыту арқылы оқушылардың белсенді ойлау әрекетінің дәрежесін көтеру, оларды ақыл ойдың шығармашылық әрекетінің жүйесіне үйрету болып табылады. Бұл жүйені меңгеру ақыл ой әрекетінің сапасын арттырып, ғылыми диалктикалық ойлауды қалыптастырады.

Проблемалық оқыту процесінде негізгі төрт саты айқын болуы керек:



  1. Жалпы проблемалық жағдайды түсіну;

  2. Проблеманы нақты құра білу және оны талдау;

  3. Ұсыныстар жасау, болжам жасау жолымен проблеманы шешу;

  4. Проблемалық міндеттерді шешудің дұрыстығын тексеру.

Проблемалық оқытудың мәні проблемалық жағдай тудыру, оны шешуде оқушылардың әрекетін басқару болып табылады /Н.А Сорокин/

Зерттеуші В. Оконь проблемалық ситуация тудырудың төмендегі белгілерін тұжырымдап берген:



  1. проблемалық ситуация оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын, ынталылығын тудыратындай табиғи және өмірлік сипатта болу керек.

  2. оқушылардың тәжірибесіне, біліміне, жасына лайықты қиыншылықтардың болуы керек.

  3. проблема анық, дәл қойылуы қажет.

  4. проблеманы толық немесе жартылай шешу- оның дұрысын таңдай білуі.

  5. бір ситуациядан екіншісіне өтуді бірізділік, әсерлілік сақталуын көздеу керек.

Проблемалық оқыту оқушыларды ғылыми, диалектикалық, логикалық ойлауға, кездескен қиындықтарды жеңуге үйретеді. Оқу материалының дәл, қызықты болуы, білімнің берік болып, сенімге айналуын, ұзақ есте сақталуын қамтамасыз етеді.

Проблемалық әдіс бойынша мұғалім сабақта дайын ғылым қорытындысын хабарлаумен қатар, белгілі дәрежелерде олардың ашылу жолын байқатады, проблема қою арқылы мәселенің ішкі қайшылықтарын танытады. Оны шешу үшін болжамдар жасайды, талдайды, қарсы сұрақтарға тойтарыс беріп, ақиқаттылығын дәлелдеп түсіндіреді, мүмкіндігіне қарай эксперимент жасап дұрыстығын анықтайды, яғни мұғалім оқушыларға ғылыми ойлау жолын көрсетеді. Оқушылар ақиқатқа жетудегі ой мен әрекет қозғалысын бақылап, ғылыми зерттеу ісіне қатысқандай әсер алады.


8-тақырып. ЖОО техникалық құралдарды қолдану және компьютерлік оқыту жүйесі

ЖОО техникалық құралдарды қолдану және компьютерлік оқыту жүйесі туралы жалпы қағидалар. Техникалық оқу құралдарды білім беруде ұтымды қолдануға қатысты тәжірибелік кеңестер. Ақпараттандыру техникалық оқу құралдары

Іскерлік ойын ежелгі адамдардың магиялық түсінігі негізінде, аңшылардың салт жораларына байланысты би билеу өнерлеріне қатысты, сонымен қатар оқыту қызметін атқару мақсатында дамыды. Іскерлік ойын түрлеріне XVІІ ғ. әскери ойындары, І Петр әскери амал әрекеттерін жатқызуға болады. Ең алғашқы ұйымдастырылған өндірістік ойын 1932ж. Ленинградта тәжірибеден өтті, бірақ қоғамдық тарихи себептерге байланысты КСРО- да ұмыт болып, 1957 ж. АҚШ –та ӘЕМ- ді қолдануға байланысты қайта жаңғырды. Кеңестік педагогик ғылымында іскерлік ойын мәселесі 60- жылдардан бастап белсеңді түрде талқыланды. Казіргі уакытта іскерлік ойын біліктілікті арттыратын институттарда, ғылыми- әдістемелік конференцияларда, жоғары және орта арнаулы оку орындарында жиі қолданылады.

Іскерлік ойынның педагогикалық - психологиялық қағидалары (А.А.Вербицкии бойынша)



  • Кәсіптік әрекет формасы және ойынды модельдеу қағидасы;

  • Бірлестік әрекет қағидасы;

  • Диаологтық қарым-қатынас қағидасы;

  • Қосжоспарлыльқ қағидасы;

  • Өндірістің нақтылы талаптары мен қозғалысының имитация-
    лық бейнелеу қағидасы;

  • Имитациялық модель мазмұнының мәселелік және іскерлік
    ойында сипатталу процесінін; қағидасы.

Өндірістін талаптары мен қозғалысын, маманның әрекеттері мен қарым-қатынасын модельдей отыра, іскерлік ойын практикалык ойлауды дамытудың, алған білімді қолданыста іске асырудың белсенділігін арттырады. Бірлескен әрекет нормасы мен ережесі, имитация (еліктеушілік) тілі мен байланысы ойын процесі кезінде немесе алдын ала жоспарланады. Іскерлік ойын диалогтық қарым-қатынас мерзімінде жүргізіледі. Екі жакты мақсатқа негізделген жоспарлы әрекет болып саналады.

Іскерлік ойынды ұйымдастыру

Оқу процесінде алға қойған мақсаттарға жету үшін іскерлік ойынға 5 түрлі психологиялық-педагогикалық талаптар қойылады:



  • жағдаятты жасанды модельдеу принципі;

  • іскерлік ойын мәнінің проблемалылығы мен жариялану
    принципі;

  • біртұтас әрекеттегі рөлдік қарым-қатынас принципі;

  • диалогтық байланыс принципі;

  • іскерлік ойын әрекетіндегі екі жоспарлылық принципі;

1. Жағдаятты жасанды бейнелеу принципі екі модель ұсынады:

а) өндірістің жасанды моделі;

б) кәсіптік әрекеттің болашақ моделі.

Бұл екі модель болашақ еңбектің пәндік және қоғамдық контексінің қалыптасуына ыкқпал етеді.



  1. Ойын мазмұны мен жариялылығының мәселелік принципі ойын тапсырмаларының жүйесі түрінде қалыптасқан, оның пәндік материалдарына енгізілген оқу материалдарын аныктайды. Онда проблемалың ситуациядан шығудың бір түрі болып саналатын ситуацияның ойын барысындағы қарама-қайшы әрекеттері сақталады.

  2. Бірлескен әрекеттегі рөлдік қатынас принципі рөлдік қатынас арқылы мамандардың жасанды өндірістік қызметіне негізделеді, ойын мамандардың ойлау әрекетіне жататын, психологиялық процесті күшейтетін жалпы әрі негізгі субъект-субъектілік қатынасты ұсынады.

  3. Диалогтық қатынас принципі және әріптестердің қарым- қатынасы проблемалық ситуацияны шешу және ойластыру шарты болып саналады. Ойынға қатысушылар бір-біріне сұрактар кояды. Бірлесіп ортақ шешімге келуге талпынады. Диалогтық талқылау мен ұстанған бағыттағы келісімнің, қызығушылыктың негізінде туатын ақпараттан адамдар түрлі әсер алады.

  4. Ойындық-оқу процесінің қос жоспарлылық принципі жеке тұлганың ішкі беріктігі мен шығармашылық даралығының қалыптасуына мүмкіндік береді. Маманның білім алуы мен дамуына бағытталған салмақты әрекеті ойластырылмаған ойын түрлерінде жарияланады. Өзара шарттастырылған бұл принцип іскерлік ойынның белгілі бір тұжырымдамасын түзеді және ол талдау кезінде қалай көрінсе, тарату кезінде солай көрінуге тиіс. Байқауға алмау немесе жеткіліксіз еңбек ету іскерлік ойынды нәтижесінде жоққа шығарады. А.А.Вербицкий жасаған модельде 1-бөлім екі топқа бөлінген, бірак бұл ойынның өзіндік мәні мен қарым- қатынас принципіне ешқандай өзгерістер енгізген болып саналмайды.



6 Практикалық (семинарлық, зертханалық, студиялық, жеке сабақтарының) мазмұны, олардың сағат көлемі
1-тақырып. Жоғары мектеп педагогикасының пәні, міндеттерді ұстанымдары

Жоспар:

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың «Казақстан 2030» бағдарламасына талдау жасау;

  2. Жоғары мектеп педагогиканың міндеттері.

  3. Дамыта оқыту қағидасы. Студенттің шығармашылық потенциалын қалыптасыру және дамыту қағидасы.

  4. Оқытушы тұлғасына қойылатын психолого-педагогикалық талаптар.

Практикалық тапсырма:



  • «Казақстан 2030» бағдарламасындағы білім беру саласына байланысты мәліметтерге сипаттама жасаңыз;

  • Оқытушы профессиограммасың жасаңыз.


Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар (қысқаша):

Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың «Казақстан 2030» бағдарламасына аннотация жасаңыз, Жоғары білім беру жүйесіне қатысты мәліметтер жөнінде бөлімдерге ерекше көңіл бөліңіз. Жоғары мектеп педагогиканың пәні, міндеттерін бакалавриатқа арналған «Педагогика» оқулықтарынан педагогиканың пән, міндеттермен салыстырыңыз. «Общая и социальная педагогика», «Педагогика высшей школы», және де басқа оқулықтарындағы педагогика пәнінің мәнің салыстырыңыз.


Ұсынылған әдебиет тізімі:

  1. «Казақстан 2030» бағдарламасы

  2. Бахишева С. М. Педагогикалық жобалау : теориясы мен технологиясы : Оқулық. –Алматы : ЖШС РПБК «Дәуір», 2011 -336 б.

  3. Пфейфер Н. Э., Бурдина Е.И., Ксембаева С.К. Общая и социальная педагогика : учебно-методическое пособие для магистрантов и студентов педагогических специальностей и специальности «Социальная работа» - Павлодар : Кереку, 2010. – 99с.

  4. Сорокопуд Ю.В. Педагогика высшей школы- Ростов н/Д : Феникс, 2011-541с.

  5. Педагогика профессионального образования / под ред В.А. Сластенина. – Москва : Академия, 2004-368с.

  6. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Мищенко А.И., Шиянов Е.Н. Педагогика : учебно-методическое пособие. – М.,2008.

  7. Стефановская Т.А. Технологии обучения педагогике в вузе. М.,2000

  1. Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие отв ред М. В. Буланова-Топоркова - Ростов н/Д:Феникс, 2002. - 544 с.



2-тақырып. Студенттің психологиялық-педагогикалық сипаттамасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет