Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



Дата26.06.2016
өлшемі331.81 Kb.
#159759




Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

министрінің 2012 жылғы 14 тамыздағы

324-ө-м бұйрығымен бекітілген



Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің

бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (47-шығарылым)




1-бөлім. Жалпы ережелер

1. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі - БТБА) (47-шығарылым) «Парашют өндірісі».


2. Жұмыс разрядтары олардың күрделілігі бойынша, еңбек жағдайларын есепке алмай белгіленген (еңбектің күрделілік деңгейіне және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды жоғарылауына әсер ететін экстремалдық жағдайлардан басқа).

3. Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік анықтамасының екі бөлімі болады.

«Жұмыс сипаты» бөлімінде жұмысшы орындай білетін жұмыстары жазылады.

«Білуге тиic» бөлімінде жұмысшыға арнайы білімге, сондай-ақ жұмысшы қолданатын ережелерге, нұсқаулықтарға және басқа да басшылыққа алатын материалдарға, әдістер мен құралдарға қатысты біліміне қойылатын негізгі талаптар болады.

4. Тарифтік-біліктілік сипаттамаларда жұмысшы кәсібінің осы разрядына арналған үлгідегі жұмыстарының тізбесі көрсетіледі. Бұл тізбеде жұмысшы орындай алатын барлық жұмыс түрлері көрсетілмейді. Жұмыс беруші сайланбалы кәсіподақ органының немесе қызметкерлердің басқа да өкілетті органының пікірін есепке ала отырып, жұмысшылар кәсіптерінің тиісті разрядтарының тарифтік-біліктілік сипаттамасындағы олар орындайтын жұмыстың күрделілігіне сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей және бекіте алады.

5. Жұмысшы «Жұмыс сипаты» бөлімінде көзделген жұмыстардан басқа ауысымды қабылдап алу және тапсыру, жұмыс орнын, ыңғайланған құрал-саймандарды, құралдарды жинау, сондай-ақ оларды тиісті тәртіппен ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жұмыстарын орындауы керек.

6. «Білуге тиic» бөліміндегі теориялық және практикалық біліміне қойылатын талаптармен қатар жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелерін, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану ережелерін, орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына, жұмыс орнында еңбекті тиімді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды, жарамсыздық түрлерін және оның алдын алу және жоюды, өндірістік дабылды білуі керек.

7. Жоғары білікті жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жұмыстардан басқа білікті төмен жұмысшының тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындауды, сондай-ақ осы кәсіптің төмен білікті жұмысшыларына басшылық жасауды білуі керек. Осыған байланысты тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген разряды төмен кәсіптер жоғары разрядттардың сипаттамасында көрсетілмейді.

8. Тарифтік-біліктілік сипаттамалары сегізінші разрядтың тарифтік кестесіне қолданылатындай әзірленген.

9. Тарифтік-біліктілік сипаттамалар ерекше айтылған жағдайлардан басқа, осы бөлімде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдарда, меншік және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, жұмыстарды тарифтеу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.

10. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш қосымшада көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.

2-бөлім . Парашют өндірісі
1. Парашют-десант техникасының сынаушысы
Параграф 1. Парашют-десант техникасының сынаушысы, 3-разряд
11. Жұмыс сипаттамасы:

арнайы стендтерде парашют - десант техникасы бұйымдарының беріктігін 30 күш тоннасы (бұдан әрі-т.с.) дейін күш түсіріп сынау;

парашют - десант техникасы бұйымдарына механикалық, динамикалық, статикалық сынақтар, сондай-ақ ашық су қоймаларында сынақтар жүргізуге қатысу;

сынақтар өткізетін стендтердің, қондырғылардың және бейімделген құралдардың әзірлігін тексеру, ақауларын, ойылған, жарылған, сызылған жерлерін анықтау мақсатында парашют - десант техникасы бұйымдарын температуралық сынақтарға әзірлеу, бензинмен жуу, ауа үрлеу, сырттай қарап тексеру;

лебедкаларды, тальдарды қолданып массасы 5 тоннаға дейін парашют - десант техникасының сынау стендтерін, жеке түйіндерін және бұйымдарын көлденең және тіке жылжыту, үйлестіру, арбаға, платформаға бекіту және орнату жөніндегі жұмыстарды орындау.

12. Білуге тиіс:

парашют-десант техникасы бұйымдарына сынақ жүргізу әдістемесін, сыналатын бұйымдардың тағайындалуын;

парашют-десант техникасына сынақ жүргізу кезінде ыңғайланған құралдарды, приборларды қолдану ережелерін;

слесарлық-монтаждау және өлшеу құралдарын пайдалану ережелерін, парашют-десант техникасын жылжыту ережелерін білуі керек.

13. Жұмыс үлгілері

1) гидроаккумуляторлар, поршеньдер, штоктар, помпалар – пресстің қысымымен сынау;

2) автоматты ағыту бекіткіштері, байлау түйіндері – беріктігін сынау;

3) парашют звенолары – статика режимінде 30 т.с. күш түсіріп беріктігін сынау;

4) аумағы 20 кв. метрге дейін парашют күмбездері – қатты қоршауға қаптау әдісімен беріктігін сынау;

5) массасы 5 тоннаға дейін парашют-десант техникасының пішіндері – сынау жүргізу;

6) орамаға (камералар, контейнерлер) жинап салынған парашюттер– статика режимінде керіп сынау.

Параграф 2. Парашют-десант техникасының сынаушысы, 4-разряд
14. Жұмыс сипаттамасы:

арнайы стендтерде парашют-десант техникасы бұйымдарының беріктігін 30 т.с.-дан 100 т.с. дейін күш түсіріп сынау;

парашют - десант техникасы бұйымдарына механикалық, статикалық, электротехникалық динамикалық, климаттық сынақтар жүргізуге қатысу;

гидравлика жүйесін қысыммен сынау, майдың температурасын және қысымын қадағалау;

сынақтан өткізілетін бұйымдарды стнедтерге орнату, ұшу аппараттарына ілу, статикалық сынақ жүргізуге арналған тұтқыш жүйелерін, түйіндерін және агрегаттарын жинау және орнату;

стендтерді және жабдықтарды сынақтар жүргізуге әзірлеу;

тальдарды, якорьларды, діңгектерді (мачталарды) және полиспасттарды қолданып массасы 5-тен 25 тоннаға дейін парашют-десант техникасының сынау стендтерін, жеке түйіндерін және бұйымдарын көлденең және тіке жылжыту, үйлестіру, арбаға, платформаға бекіту және орнату жөніндегі жұмыстарды орындау;

парашют - десант техникасын сынау журналын жүргізу.

15. Білуге тиіс:

жүргізілетін сынақтардың тағайындалуын;

техникалық шарттарын, бағдарламаларын және әдістемелерін, сынақ жүргізу кезінде қолданылатын жабдықтармен және ыңғайланған құралдармен жұмысты орындау ережелерін;

парашют - десант техникасының сынақтан өткізілетін бұйымдарының тағайындалуын және орналасуын;

парашют-десант техникасының жекеленген түйіндері мен бұйымдарын жылжыту жөніндегі жұмыстарды жүргізу ережелерін;

механиканың, пневматиканың, гидравликаның, парашют - десант техникасының бұйымдарын сертификациялау негіздерін білуі керек.


16. Жұмыс үлгілері

1) парашют звенолары – статика режимінде 30 т.с.-дан 100 т.с. дейін күш түсіріп беріктігін сынау;

2) парашют - десант техникасының массасы 5 тонна амортизация жүйесі бар бұйымдары – шойын тоқпақпен сынау;

3) аумағы 20-дан 100 кв. метрге дейін парашют күмбездері – беріктігін және жел ағынында жұмыс істеуін сынау;

4) массасы 5-тен 10 тоннаға дейін парашют-десант техникасының пішіндері – сынау жүргізу.

Параграф 3. Парашют-десант техникасының сынаушысы, 5-разряд
17. Жұмыс сипаттамасы:

парашют - десант техникасы бұйымдарына механикалық, статикалық, электротехникалық динамикалық, климаттық, температуралық, сондай-ақ ашық су қоймаларында сынақтар жүргізу;

арнайы стендтерде парашют-десант техникасы бұйымдарының беріктігін 30 т.с.-дан 100 т.с. дейін күш түсіріп сынау;

парашют-десант техникасының бұйымдарына кешенді қорытынды сынақтар жүргізуге қатысу;

якорьларды, тальдарды, діңгектерді (мачталарды) және полиспасттарды қолданып массасы 25-тен 50 тоннаға дейін парашют-десант техникасының сынау стендтерін, жеке түйіндерін және бұйымдарын көлденең және тіке жылжыту, үйлестіру, арбаға, платформаға бекіту және орнату жөніндегі жұмыстарды орындау;

сынақтар жүргізу үшін жабдықтарды, қондырғыларды, стендтерді, аэродинамикалық құбырларды және бақылау - өлшеу приборларын орнату;

сынақтар жүргізу кезінде қолданылатын қондырғылардың, стендтердің, ыңғайланған құралдардың регламентті және техникалық куәландыру жұмыстарын орындау;

парашют - десант техникасының сыналатын бұйымдарының ақауларын анықтау және жою, орнынан алу, жекеленген түйіндерін және агрегаттарын ауыстыру;

парашют - десант техникасының аэродинамикалық түтікшелерін сынақтар жүргізуге әзірлеу.

18. Білуге тиіс:

парашют-десант техникасының сынақтан өткізілетін бұйымдарының және сынақтан өткізетін жабдықтардың тағайындалуын, орналасуын, іс - қимыл принциптерін, жүргізілетін сынақтардың техникалық шарттарын, бағдарламаларын және әдістемелерін;

аэродинамкалық құбырларды парашют - десант техникасының бұйымдарын сынақтан өткізуге әзірлеудің техникалық шарттарын;

механиканың, баллистиканың, электротехниканың, пневматиканың, гидравликаның сынақ жүргізетін көлемдегі негіздерін білуі керек.

19. Жұмыс үлгілері

1) парашют - десант техникасы бұйымдарының бекіткіштері – орнату, регламентті жұмыстар жүргізу;

2) парашют - десант техникасының массасы 5 - тен 10 тоннаға дейін, амортизация жүйесі бар бұйымдары – шойын тоқпақпен сынау;

3) парашют - десант техникасының массасы 5 - тен 10 тоннаға дейін бұйымдары – жинау, орнату, ұшу аппараттарына орнату, стендтер, платформалар;

4) аумағы 100-ден 300 кв. метрге дейін парашют күмбездері – беріктігін және жел ағынында жұмыс істеуін сынау.

Параграф 4. Парашют-десант техникасының сынаушысы, 6- разряд
20. Жұмыс сипаттамасы:

парашют-десант техникасы бұйымдарының беріктігін массасы 10 тоннадан асатын бұйымдарын шойын тоқпақпен сынау;

парашют - десант техникасының бұйымдарын ракета тректерінде әр түрлі жылдамдықпен сынақтан өткізілетін бұйымның параметрлерін өлшеп сынау;

сынақ жасайтын жабдықтардың агрегаттарын жеткізу және реттеу, олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, тапсырылған сызба, техникалық шарттар және сынау бағдаламасы бойынша бақылау-өлшеу приборларымен жасақтау;

сынақтан өткізілетін бұйымдардың және қолданылатын жабдықтардың ақауларын анықтау және жою;

массасы 50 тоннадан асатын парашют-десант техникасының сынау стендтерін, жеке түйіндерін және бұйымдарын көлденең және тіке жылжыту, үйлестіру, арбаға, платформаға бекіту және орнату жөніндегі жұмыстарды орындау;

жылжытатын және орнатылатын бұйымдардың және конструкциялардың массасын және салмақ ортасын анықтау.

21. Білуге тиіс:

парашют-десант техникасының сынақтан өткізілетін бұйымдарының құрылысын және іс-қимыл принципін;

сынақ жүргізуге арналған стендтерді және бақылау - өлшеу аппаратураларын күйге келтіру және реттеу ережелерін;

парашют - десант техникасының бұйымдарын кешенді сынақтан өткізу тәртібін және әдістемесін, сынақтан өткізілетін бұйымдардың және қолданылатын жабдықтардың ақауларын анықтау және жою әдістерін, сынақтан өткізілетін бұйымның параметрлерінің рұқсат етілген бірліктерін және оларды өлшеу әдістерін, сынақтан өткізілетін бұйымдарға және қолданылатын жабдықтарға регламенттік жұмыс жүргізу тәртібін;

жүргізілетін сынақ көлемінде механиканы, баллистиканы, электротехниканы, пневматиканы, гидравликаны, автоматиканы, сертификатталған бұйымдарға қойылатын талаптарды білуі керек.

22. Орта кәсіби білім қажет.

23. Жұмыс үлгілері

1) сынақтар жүргізуге арналған қондырғылардың және ыңғайланған құралдардың , стендтердің гидравликалық цилиндерлері – жөндеу, жеткізу, қысыммен гидравликалық сынақтан өткізу;

2) парашют-десант техникасының бұйымдары – аэродинамикалық түтікшелерде сынау;

3) массасы 30 тонна, амортизация жүйесі бар парашют-десант техникасының бұйымдары – шойын тоқпақпен, адамдармен, қатты жел ағынын елестетіп сынау;

4) аумағы 300 кв. метр парашют күмбездері –жел ағынында сынау;

5) аумағы 1000 кв. метр парашют күмбездері – динамикалық режимде керіп, беріктігін сынау.

Параграф 5. Парашют-десант техникасының сынаушысы 7- разряд


24. Жұмыс сипаттамасы:

парашют - десант техникасы бұйымдарының тәжірибелік және экперименттік үлгілеріне механикалық, статикалық, ресурстық, климаттық, кешенді және басқа да сынақтар жүргізу;

сынақтар жүргізуге арналған қондырғыларда және сынау стендтерінде күрделі түйіндер және агрегаттар жүйесін жолға қою жөніндегі эксперименттік-зерттеулік және жеткізу жұмысын жүргізу;

парашют - десант техникасының жаңа бұйымдарына сынақтар жүргізу және техникалық шарттар сызбасын жасау;

парашют - десант техникасының жаңа бұйымдарына сынақтар жүргізу әдістемелерін және бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;

парашют - десант техникасының жүйелеріне және түйіндеріне диагностика жүргізу.

25. Білуге тиіс:

парашют - десант техникасының сынақтан өткізілетін бұйымдарының тәжірибелік үлгілерін пайдалану ерекшеліктерін;

парашют-десант техникасының тәжірибелік және эксперименттік бұйымдарын кешенді сынақтан өткізу тәртібін, әдістемесін және ерекшеліктерін, сынақтан өткізілетін бұйымдарының және қолданылатын жабдықтардың жүргізілетін сынақ көлемінде аэродинамикасын;

автоматикасын, диагностикалау және анықталған ақауларын жою әдістерін білуі керек.

26. Орта кәсіби білім қажет.

27. Жұмыс үлгілері

1) парашют - десант техникасының бұйымдары, тәжірибелік үлгілері – аэродинамикалық түтікшелерде сынау режимдерін жүргізіп толық препарация жасау;

2) аумағы 1000 кв. метрден асатын парашют күмбездері, тәжірибелік үлгілері – динамикалық режимде керіп, беріктігін сынау;

3) эксперименттік үлгілерді сынауға арналған стендтер – жаңа техниканы меңгеру кезінде ыңғайланған құралдарды және бақылау-өлшеу аппаратураларын жинау, орнату, жеткіжу.

2. Материалдар мен бұйымдарды бақылаушы


Параграф 1. Материалдар мен бұйымдарды бақылаушы, 2- разряд
28. Жұмыс сипаттамасы:

түйіндер мен детальдарды дайындау үшін қолданылатын, парашют жүйесінің ауадағы жұмысына әсер етпейтін материалдарды және конструкциясы қарапайым жартылай шикізаттарды сызбасы және техникалық шарттары бойынша бақылау, қабылдау және жарамсыздарын алып тастау;

бауларына іріктеп бақылау жасау.

29. Білуге тиіс:

бақылау жүргізілетін материалдардың және бұйымдардың техникалық шарттарын және мемлекеттік стандарттарын;

қарапайым түйіндерді дайындауға арналған сызбалар мен техникалық шарттарды оқу ережесін;

тексерілетін материалдардың және бұйымдардың сапасын бақылау әдістемесін;

қарапайым бақылау - өлшеу құралдарын пайдалану ережесін білуі керек.

30. Жұмыс үлгілері

1) формасы төрбұрышты мата дайындау – сапасын іріктеп бақылау,

2) оттегі қалталары және басқа да парашют приборлары – дұрыстығын, көлемін және негізіне тігу сапасын бақылау,

3) коуштарды созбай орау – көлемін, дұрыстығын және орау сапасын бақылау,

4) жорық және орнықты полотнолар – бақылау, сұрыпталуын тексеру және ақауларын анықтау;

5) таспа – ашқаннан кейінгі көлемін бақылау, ұштарын орау сапасын бақылау;

6) коуштардың, қосу буындарының, жастықтарының қаптары – дайындау көлемін және сапасын бақылау;

7) жұмсақ қаптарға, сумкаларға, рюкзактарға арналған баулар – көлемін және ұштарын балауыздау сапасын бақылау.

Параграф 2. Материалдар мен бұйымдарды бақылаушы, 3- разряд
31. Жұмыс сипаттамасы:

дайындау және жинау жұмыстарын орындағаннан кейін қарапайым детальдар мен құрастырмаларға сызбалары және техникалық шарттары бойынша бақылау жасау;

мемлекеттік стандарттарға және техникалық шарттарға сәйкес жүк тасымалдаушы парашюттерді дайындауға арналған ленталарды, бауларды, маталарды және басқа материалдарды бақылау, қабылдау және жарамсыздарын алып тастау;

космос аппараттарын түсіруге және техника мен адамдардың бірлесіп десант жасау кешенін орындауға арналған парашюттерден басқа әртүрлі типті парашюттерді дайындауға арналған маталардың ұзындығын өлшеу, полотноларының санын есептеу және жиналған төсеніштерімен салыстыру;

пішіннің қалдықтарын санаттары бойынша сұрыптау;

материалдардың жарамдылығын зертханалық талдаулар мәліметтері бойынша анықтау;

бақылау жүргізілетін материалдар мен бұйымдарды қабылдау құжаттамасын ресімдеу.

32. Білуге тиіс:

бақылау жүргізілетін материалдардың және бұйымдардың техникалық шарттарын және мемлекеттік стандарттарын;

олардың тағайындауларын, қолданылуын және қасиеттерін;

парашюттердің құрастырмасын және түйіндерін дайындауға арналған сызбалар мен техникалық шарттарды оқу ережесін;

материалдар шығының нормаларын, технологиялық шығын пайызын, маталардың, полотнолардың нақтылы өлшем нәтижелерін есепке алу тәртібін;

материалдардың және бұйымдардың сапасын бақылау әдістемесін, тексерілетін материалдардың және бұйымдардың ақауларының түрлерін және оларды жою тәсілдерін, бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану ережесін білуі керек.

33. Жұмыс үлгілері

1) парашютті қосу буындары – жинау кезіндегі жүктеме режимін бақылау;

2) керілетін және жүк тасымалдау парашюттерінің қарапайым формалы күмбездері – сызбалары бойынша дайындалуын бақылау;

3) парашюттің арқан жіптеріне және ранецтерге арналған материалдар – жарамдылығын зертханалық талдаулар мәліметтері бойынша анықтау;

4) жұмсақ қаптар, ранецтер, рюкзактар – сызбалары бойынша дайындалуын бақылау;

5) парашюттің арқан жіптері – топтамасының толық екенін және дұзақтарының болмауын бақылау;

6) парашют қаптары – габариттік көлемін, тігісінің дұрыстығын және тоқу көлемін бақылау.

Параграф 3. Материалдар мен бұйымдарды бақылаушы, 4- разряд
34. Жұмыс сипаттамасы:

дайындап, жинаудан кейін парашюттың әр түрлі бөліктері, түйіндері мен бауларының сызбалары мен техникалық жағдайларын қадағалау;

құтқарушы, десантты, тежегіш парашюттар жасау үшін мата, лента, бау және басқа материалдарды бағалау, қолдану және ақауларын табу;

паспорттар, ақпартізімдерді рәсімдеу, маталарды қосып тігу, қисық жерлерін кесіп алып тастау;

сызбалар мен инструкциялар бойынша қалып,бүктемелерін тексеру;

адамдар мен техниканы бірге кешенді түрде десанттауға, космостық аппараттарды түсіруге арналған парашюттар жасауға арналған материалдардың белгіленген, пішілген тұстарын бақылау.

35. Білуге тиіс:

мата, бау, таспа және басқа материалдарды, сонымен қатар, парашюттардың түйіндері мен бауларын қолдануға техникалық шарттарын, олардың не үшін арналатынын, жинау, пішу;

дайындаудың технологиялық үрдісін, бақылаудағы материалдардың атауы мен түрлерін;

металл бөліктер жабындыларының түрлерін, оларды қолдану мен бақылау әдістерін, қолданылып жатқан бақылау - өлшеу құралының құрылымын;

жинау сызбаларын оқу ережелерін, бақылаудағы материалдардың физикалық қасиеттерін, бұйымдарды сертификаттау және материалтануға кіріспенің негіздерін.

36. Жұмыс үлгілері:

1) жүк және тежегіш парашюттарының камералары – соталардың өлшемдері, жүгендерін монтаждауды бақылау;

2) таспалық тежегіш парашюттардың күмбездері – экваториалды таспалардың қосылуын, үдету баулары бар бір немесе екі рет бүктелген таспаларды тігілуін бақылау;

3) құтқаруға арналған және десанттық парашют күмбездері – бақылау, контроль, қолдану, ақауларын табу;

4) металл қысқыштары бар сынабекітпенің шырмаулары – шырмауларды бақылау, құлыптар мен қысқыштарды монтаждау;

5) созылатын парашюттар – күмбездер, арқандар, серіппелерді монтаждауды бақылау;

6) жұмыр десанттық парашюттар – ішкі бауларды, серіппелер биіктігін, тоқыма бау тігілуінің сапасын бақылау;

7) саңылаулы тежегіш парашюттар – күмбездер, арқандар, қалталар жапсырмаларын монтаждауды бақылау;

8) парашюттық асатын сөмкелер – үлкен өлшемдерді, пластиналар, конустар, турникеттер қадалықтары кнопкаларының орналасу сапасы мен дұрыстығын бақылауға алу;

9) таспалық парашют арқандары – таспаларды орналастыру кезектігі мен айналдыруды бақылау.

Параграф 4. Материалдар мен бұйымдарды бақылаушы, 5- разряд


37. Жұмыс сипаттамасы:

эталондар мен техникалық жағдайларға сәйкес парашюттардың күрделі түйіндерін және құрама бөліктерін бақылап, ақауларын анықтап, қабылдау;

парашюттық жүйелердің жинақтылығын және жиналуын бақылауға алу;

герметивтілігін тексеру үшін сынақ ұйымдастыру. Кешенді сынақтан соң парашюттарды қарап шығу;

бақылауға алынған бұйымдарға және материалдарға ақаулар тізімін құрастыру, даяр болған бұйымдарды тапсыруға акт рәсімдеу;

даяр болған бұйымдарға паспорттар мен формуляр дайындау.

38. Білуге тиіс:

парашюттың күрделі түйіндері мен бөліктеріне техникалық жағдайларды, әр түрлі парашюттарды бақылаудың технологиясын;

парашюттар түйіндері мен бөліктерінің ақауларын, олардың шығу себептері және олардың шығуын алдын алу;

қабылдау-тапсыру құжаттарын рәсімдеу және бұйымдардың өндірістік паспортизациялау ережелерін;

парашюттардың жердегі сынақтар жүргізу, пайдалану, салу әдістемесін, парашют жүйелерін жинақтау мен олардың жұмыс істеу ережелерін;

бұйымдарды сертификаттау негіздерін.

39. Орта кәсіби білім қажет.

40. Жұмыс үлгілері

1) құтқаруға арналған, десанттық парашюттар – арқандар, күмбез, аспа жүйесін монтаждауды, жасақтауды бақылау;

2) спорттық парашюттар – басқару арқандарын монтаждауды бақылау;

3) аспа жүйелері – парашюттық құлыптарға түсірілетін жүктеме мен оларды дұрыс жинауды бақылау;

4) жүк парашюттық жүйелері – монтаждау, орналастыру, жинақылықты бақылау;

5) тежегіш парашюттық жүйелер – жинақылықты бақылау.

Параграф 5. Материалдар мен бұйымдарды бақылаушы, 6- разряд


41. Жұмыс сипаттамасы:

экипажсыз космостық аппараттар түсіруге арналған өте күрделі парашюттық жүйелерді тапсырыс берушіге беру және бақылау, парашюттық жүйелерді орап салуды бақылау және оларды сынауға қатысу;

парашюттық жүйелерді сынақ өткізгеннен соң қарап шығу, қарау актыларын рәсімдеу және қосалқы құжаттарды құрастыру;

тапсырыс берушінің шағымдарын талқылауға қатысу.

42. Білуге тиіс:

бақылаудағы парашют жүйелерінің жұмыс істеу принциптері мен шарттары, құрылымы, міндетін, оларды жасап шығаруға арналған техникалық жағдайларды;

бақылаудағы бұйымдарды жөндеу, қарау, тексеру әдістемесін, парашют жүйелерін сынаққа алғандағы және жинаған кезінде анықталған негізгі ақаулар, парашют жүйелерін жинау және қолдану ережелерін;

бұйымдарды сертификациялағанда қойылатын талаптар.

43. Орта кәсіби білім қажет.

44. Жұмыс үлгілері

1) космостық аппараттарды түсіретін парашюттық жүйелер – контейнерлерге бұйымдарды дұрыс орналастыру және металл контейнерлердің герметивтілігін бақылау;

2) апат жағдайындағы экипажды құтқару жүйелері – жасалу, сынау, орналастыруды бақылау.

Параграф 6. Материалдар мен бұйымдарды бақылаушы, 7- разряд
45. Жұмыс сипаттамасы:

экипажсыз космостық аппараттар түсіруге және адамдар мен техниканы бірге десанттау кешенін жүзеге асыруға арналған өте күрделі парашюттық жүйелерді тапсырыс берушіге беру және бақылау;

сынақ полигондары, базалары, стендтарда парашют техникасының тәжірибелі бұйымдарды сынауды(механикалық, электрлік, динамикалық, статикалық, ресурсты, климаттық, кешенді тағы басқа) жүзеге асыруға қатысу және жоғары деңгейде аэродинамикалық сапалық монтажды, жоспарлы бұйымдарды беру және бақылау;

парашюттық жүйелерді сынақ өткізгеннен соң қарап шығу, қарау актыларын рәсімдеу және қосалқы құжаттарды құрастыру;

белгілі бір келісім-шарттар бойынша негізделген парашют техникасын жасап шығару жұмыстарын бақылау;

құрастырушы құжатнамасын қайта жасау және жаңа бұйымдарды сынау бағдарламаларына қатысу;

тапсырыс берушінің шағымдарын талқылауға қатысу.

46. Білуге тиіс:

бақылаудағы парашют жүйелерінің жұмыс істеу принциптері мен шарттары, құрылымы, міндетін;

оларды жасап шығаруға арналған техникалық жағдайларды;

парашют-десантты техникасының бақылаудағы бұйымдардың жұмыс істеу ерекшеліктерін;

олардың жеке түйіндерінің жұмысын;

оларды жөндеу, қарау, тексеру әдістемесін, парашют жүйелерін сынаққа алғандағы анықталған негізгі ақаулар;

парашют жүйелерін жинау және қолдану ережелерін.

47. Орта кәсіби білім қажет.

3. Бөлшектерді өруші


Параграф 1. Бөлшектерді өруші, 1- разряд
48. Жұмыс сипаттамасы:

жоғырғы деңгейдегі бөлшектерді өрушінің бақылауында парашюттық техниканың қарапайым бөліктерін әр түрлі материалдармен өру, шырмау;

бөлімдерді өруге қатысты дайындық және қосалқы жұмыстарды атқару.

49. Білуге тиіс:

қарапайым бөліктерді өрудің технологиясын;

қолданылатын материалдар түрлерін, қарапайым өлшеуіш құралды қолданудың ережелерін.

50. Жұмыс үлгісі

1) арқан – шырмалған жерлерін изоляциялық таспамен өру;

2) баулар – байлау жерлерін изоляциялық таспамен өру.

Параграф 2. Бөлшектерді өруші, 2- разряд


51. Жұмыс сипаттамасы:

сызба бойынша рұқсат етілген шектермен, өлшемдерге, техникалық шарттарға сәйкес қарапайым бөліктерді әр түрлі материалдармен орау, өру;

бөліктерді орауда ақауларды түзей.

52. Білуге тиіс:

қолданылып жатқан материалдарға техникалық жағдайларды, рұқсатнамалар жайлы мәліметтер,орындалып жатқан жұмыстарға талаптар;

бөліктерді ораудың ақауларының болу себебін және оларды жөндеудің тәсілдерін.

53. Жұмыс үлгісі

1) баудан сынабеітпе – изляционды таспамен орау;

2) жұмсақ қаптар –резеңке амортизаторларды орау.

Параграф 3. Бөлшектерді өруші, 3- разряд


54. Жұмыс сипаттамасы:

техникалық жағдайларға сәйкес парашют техникасының бөліктерін және түйіндерін орта деңгейде өру;

бөліктерді өруге арналған механикалық үстелді, өру құралын дайындау;

жұмыс үрдісі кезінде өру механизмін реттеу.

55. Білуге тиіс:

парашют техникасының орта деңгейдегі бөлшектерін өру техникалық жағдайларын, сызбаларды оқу ережелерін;

рұқсатнама жүйесін, бөлшектерді өруде ақаулардың алдын алудың тәсілдерін;

механикалық үстелдегі жұмыс істеу ережелері мен оны құру;

қолданылып жатқан материалдардың механикалық қасиеттері.

56. Жұмыс үлгісі

1) батуттардың амортизаторлары – өру;

2) созылмалы және реттеуші парашюттардың сынабекітпесі – созбай өру;

3) алынатын резеңке соталар – жасап шығару.

Параграф 4. Бөлшектерді өруші, 4- разряд


57. Жұмыс сипаттамасы:

көп өзара байланысты өлшемдерді негізге ала отырып және созып парашют техникасының күрделі бөліктерін өру;

бөлшектерді өру үшін механикалық үстелді дайындау.

58. Білуге тиіс.

парашют техникасының күрделі бөлшектерін өру технологиясын, механикалық үстелдің құрылысын және оны құруды, дайындалып жатқан түйіндер мен бөлшектердің жұмыс міндеттері мен шарттарын, қолданылып жатқан құралдардың және бақылау-өлшеуіш құралдардың жұмыс істеу принциптерін, бұйымдарды сертификациялау негіздерін, қолданылып жатқан материалдардың физико-механикалық қасиеттері.

59. Жұмыс үлгісі

1) қосатын және өткізуші бөліктер – монтажсыз өргенде;

2) жүк парашюттарының камерасы – парашюттың арқандарын ілмектерімен;

3) жүк парашюттарының сынабекітпесі – металл құлыптармен қатар өру.

Параграф 5. Бөлшектерді өруші, 5- разряд


60. Жұмыс сипаттамасы:

экипажсыз космостық аппараттар түсіруге және адамдар мен техниканы бірге десанттау кешенін жүзеге асыруға арналған өте күрделі бөлшектерді өру;

тәжірибелі және дара парашют техникасының бөлшектерін өру, орындалып жатқан жұмыстың сапасы, анықталған ақауларды жою;

парашют техникасы бұйымдарына паспорт құрастыруға қатысу.

61. Білуге тиіс:

ерекше міндеттері бар парашют техникасын жасаған кездегі өру технологиясын;

жұмыс принципі мен шарттарының ерекшелігі, қолданылып жатқан бақылау-өлшеуіш құралдарды құру әдісі;

материалтануға кіріспе, бұйымдарды сертификациялау негіздері.

62. Жұмыс үлгісі

1) жүк және тежеуіш парашюттың жалғайтын бөліктері – антенна, тығырық, қаппен монтаж, созып және өріп;

2) айналмалы парашюттердің сына бекітпелері – өру;

3) жүк және тежеуіш парашюттары шідерлері – жүктеме астында механикалық үстелде монтаж және өру.

4. Бұйымдарды жинаушы
Параграф 1. Бұйымдарды жинаушы, 2- разряд
63.Жұмыс сипаттамасы:

қарапайым парашют түйіндері мен бөлшектерін жинау, монтаждау және белгілеу;

парашют техникасын жинау және құрғанда, қарапайым бөлшектер мен түйіндер жасаған кездегі дайындық жұмыстарын жасау;

универсалды тігу машиналарда кішкене қарапайым бөлшектер мен түйіндер жасау;

тігістердің сапасын, бұйымдардың, бөлшектер жіптерінің түстерінің сәйкестігі;

бұйымдардың салмағы мен өлшемдерін ескере отырып қарапайым парашют амортизаторларын қолмен толтырушы материалдарымен толтыру.

64. Білуге тиіс:

парашют техникасы қарапайым жасау және жинау технологиясын, жиналып жатқан бөлшектер мен түйіндердің атауларын, қолданылып жатқан материалдардың негізгі физико-механикалық қасиеттерін;

қарапайым бөлшектерді белгілеу тәсілдерін;

қарапайым бақылау-өлшеуіш құралын қолдану ережелерін;

қарапайым парашют ароматизаторларын толтыруға техникалық шарттарын;

толтыратын материал түрлерін, тігін машиналарда жұмыс істеу ережелерін.


65. Жұмыс үлгісі

1) жұмсақ қаптардың цилиндрлары, жастықшалары, қаттылық дөңгелектері – материалдармен толтыру;

2) қатты доньялар – түйінге кіргізу;

3) құлыптар карабиндары, айылбастары, тік айылбастары – қайыспен жинау;

4) тік тігілген қалталар – бүгу және тігу;

5) арқанды сақиналар – жинау;

6) серіппе механизмдері – бұйымға тағу;

7) конустық және сөмкелік серіппелер – бұйымға тағу;

8) жүктің ілмектері, түйіндері – тігіп шығу;

9) қапсырмалар – жинау, монтаж;

10) скрепкалар, күшейткіштер – қолмен орналастыру;

11) арқан, қосатын бөліктердің қаптары – қайрау;

12) резеңке баулар – сот таратушысы таспасымен монтаж.

Параграф 2. Бұйымдарды жинаушы, 3- разряд
66. Жұмыс сипаттамасы:

орта деңгейдегі парашют техникасының түйіндері мен бөлшектерін жинау, монтаждау және белгілеу, жинау кезінде анықталға нақауларды жою;

орта деңгейдегі парашют техникасын жинаған кезде қажет бөлшектер мен түйіндердің өлшемдерін есептеу;

универсалды тігін машиналарында орта деңгейдегі парашют техникасының бөлшектері мен түйіндерін жасау;

қолмен күрделі парашют ароматизаторларын бұйымдардың салмағы мен өлшемін негізге ала отыра толтырушы материалдарын толтыру.

67. Білуге тиіс:

орта деңгейдегі парашют техникасының бөліктерін, түйіндерін жасау, жинау, монтаждау технологиясын, ароматизаторларды толтырушы материалдармен толтыру технологиясын;

орта деңгейдегі парашют техникасының бөлшектері мен түйіндерін жинау шарттары технологиясын;

жиналып жатқан түйіндердің құрылымын және жұмыс істеу принциптерін, қосатын және күшейткіш тұстарының тігістерінің түрлерін;

жасалып жатқан бұйымдардың ақауларын табу және жою;

орта деңгейдегі парашют техникасының бөлшектері мен түйіндерін белгілеу тәсілдерін, қолданылып жатқан бақылау-өлшеуіш құралдарының құрылымын, толтырушы материалдардың құрылымын;

қолданылып жатқан тігін машиналардың негізгі механизмдерінің әрекеттесуі мен жұмыс істеу ережелерін, тігін инелердің түрлерін және оларды ауыстыруды.

68. Жұмыс үлгісі

1) созылыңқы парашюттардың күмбездер – тарам тігістерге арқан қою;

2) әр түрлі күмбездер – төменгі жиек таспаларын белгілеу, полюсты саңылаулар мен төменгі жиектерін тігіп шығу;

3) реттегіш және тежегіш парашюттар күмбездері – сынабекітпемен арқанды монтаждау;

4) жұмсақ қаптар –амортизаторларды толтыру;

5) парашюттардың асылатын сөмкелер – қаттылық шегін орналастыру, құралдардың пластиналарын монтаждау, жинау;

6) аваиялық қордың асылатын сөмкелері – жинау, желімдеу;

7) жүктің қайыстар, жинақ, байламдары, ілгіштері – толық жасап шығару;

8) аспалы жүйелер – баулар көмегімен асылатын сөмкелерді монтаждау;

9) күмбездер қаптары – күшейткішті тігу, алжапқып саңылауларын реттеу;

10) дюриттік шлангтар – арқан мен шідерлермен.

Параграф 3. Бұйымдарды жинаушы, 4 – разряд


69. Жұмыс сипаттамасы:

парашют техникасының күрделі бөлшектері мен түйіндерін реттеу, монтаждау, жинау, жалғайиын бөліктерді сәйкестендіріп тігу;

стаикалық жүктемежде парашюттарды монтаждау;

дәрежесі жоғарырақ бұйымдарды жинаушының қадағалауымен күрделі парашют техникасын жинау, монтаждау, сынауға қатысу;

әр түрлі типтегі тігін машиналарында парашют техникасының күрделі бөлшектері мен түйіндерін жасау;

жасау кезінде және сынақтан соң табылған парашют техникасының күрделі бөлшектері мен түйіндерінің ақауларын жою, түзету, жөндеу.

70. Білуге тиіс:

парашют техникасының күрделі бөлшектері мен түйіндерін жасау, жинау және монтаждау техникалық шарттары мен технологиясын;

олардың жұмыс істеу принциптерін және құрылымын;

парашют техникасының күрделі бөлшектері мен түйіндерін белгілеу;

жиналушы бұйымдардың қолдану шарттарын, тігін машиналарының құрылымы жіне жұмыс істеу принциптерін, сызба оқу ережелерін, қолданылып жатқан материалдардың физико-механикалық қасиеттерін, өткізу шегі және тігу жүйелерін;

жинақталушы бұйымдарды сертификациялау негіздерін.


71. Жұмыс үлгілері

1) қосатын бөліктер – сынабекітпе тығырық пен қаптармен монтаж жасау;

2) жүк және тежегіш парашюттар камералары – соталармен жинау және монтаж жасау;

3) күмбездер – шеңбер тірек таспаларын, күшейткіш және сақиналы таспаларын, төменгі жиекті, арқанды монтаждан кейін тігіп шығу;

4) жүк парашюттары күмбездер –белбеу мен секторларды жинау;

5) тежегіш парашюттардың күмбезі – ауа өткізбеу үшін саңылаулар белгілеу және қию;

6) парашют күмбездері – арқандармен, асатын сөмкелермен, аспалы жүйелермен монтаж жасау;

7) асатын сөмкелер – құралдар қалталарын дайындау, тігу, аралық түптегі саңылауларды реттеу.

Параграф 4. Бұйымдарды жинаушы, 5- разряд


72. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі парашют жүйелерін жинау және монтаж жасау, техникалық шарттарға сәйкес парашюттарды динамикалық жүктемемен қалыпқа келтіру және монтаж жасап, оларды белгіленген ретте тапсыру, парашюттық жүйелер мен парашюттарды жинау және монтаждау кезінде анықталған ақауларды жою. Тігін машиналарымен парашют техникасының күрделі бөлшектері мен түйіндерін жасау;

парашют жүйелерін жердегі сынақтарына қатысу.

73. Білуге тиіс:

күрделі парашют жүйелері мен парашюттарды жасау, жинау және монтаж жасау технологиясы мен техникалық шарттарын;

олардың құрылысын, жұмыс істеу принциптері мен қолдану ерекшеліктерін, динамикалық жүктемелер қоюдың тәсілдерін;

күрделі парашют жүйелерін жинау кезінде қолданылатын құралдардың құрылымдық ерекшеліктерін, жиналушы жүйелерді реттеу әдістемесін, материалтануға кіріспе;

бұйымдарды сертификациялау негіздері.


74. Жұмыс үлгісі

1) парашют күмбездері– полюстік саңылауды қиғаш пішімнің жағасымен өңдеу, тарамдалған тігістерді «құлып сияқты» екі немесе төрт инелік тігін машинасымен қосу;

2) жүктік парашюттық жүйелер – басты бауды жинау, аспалы жүйеелерді, қосатын бөліктерді, арқан, күмбездерді монтаждау;

3) көп күмбезді парашютты жүйелер – динамикалық жүктемемен жинау, монтаждау, қалыпқа келтіру;

4) шлангтар – аспалы жүйеге монтаж жасау.

Параграф 5. Бұйымдарды жинаушы, 6- разряд
75. Жұмыс сипаттамасы:

экипажсыз космостық құралдарды түсіруге арналған аса күрделі парашют жүйелерін техникалық шарттарына сәйкес жинау, монтаждау, қалыпқа келтіру және тапсырыс берушіге тапсыру;

қолдану сипаттамаларымен сәйкес жиналудың дұрыстығын бақылау. Аса күрделі парашют жүйелерін жасау, жинау, монтаж жасау кезінде анықталға нақауларды жою;

жинақталушы бұйымдарға паспорт жасағанда қатысу.

76. Білуге тиіс:

жиналушы парашют жүйелерінің құрылысын және жұмыс істеу принциптерін;

парашют жүйелерін сынау және қалыпқа келтіру әдістерін;

оларға кірілетін құралдарды, жиналушы бұйымдар түйіндерін жинақталушы ережелері мен белгілеу ережелерін;

оларға техникалық паспорттар толтыру, аса күрделі паршют жүйелерін жинау және монтаж жасауға техникалық шарттарды;

сертификацияланған бұйымдарға қойылатын талаптар.

77. Орта кәсіби білім қажет.

78. Жұмыс үлгілері

1) парашют жүйелерінің қосатын, ұзын бөліктері – екі жақты қапшықтарға монтаж жасау;

2) парашют жүйелерінің камерасы – соңғы тігістерін қосу;

3) космостық парашюттық жүйелерінің күмбездері – камера, алжапқыш, маңдайшамен монтаж жасау.

Параграф 6. Бұйымдарды жинаушы, 7- разряд


79. Жұмыс сипаттамасы:

экипажсыз космостық құралдарды түсіруге арналған және техника мен адамдарды кешенді түрде бірге түсіруге арналға н, тәжірибелі бірінші деңгей үлгідегі аса күрделі парашют жүйелерін техникалық шарттарына сәйкес жинау, монтаждау, қалыпқа келтіру және тапсырыс берушіге тапсыру;

қолдану сипаттамаларына сәйкес парашют жүйелерін дұрыс жиналуын бақылау, табылған ақауларды түзету;

арнайы мақсаттарға арналған парашют техникасының тәжірибелі үлгілерін жасау;

жаңа парашют жүйелері бұйымдарын сынау бағдарламалары, әдістемелері, құрастыру құжатнамасын жасауға және тапсырыс берушінің шағымдарын қарастыратын коммисияның жұмысына қатысу.

80. Білуге тиіс:

жиналушы парашют жүйелерінің құрылысы мен жұмыс істеу принциптерін;

арнайы мақсаттағы парашюттық жүйелер және бірінші сериялы парашют жүйелерінің үлгілерін жинау технологиясы ерекшеліктерін;

жинауға сәйкес техникалық шарттарды, ақауларды табу және жою әдістерін, материалтануға кіріспені.

81. Орта кәсіби білім қажет.

5. Бұйымдарды салушы-монтажшы
Параграф 1. Бұйымдарды салушы-монтажшы, 2- разряд
82. Жұмыс сипаттамасы:

апаттық-құтқару бұйымдарды салу (жүзуге қажетті заттарды, үрленетін сәкілер, апаттық жабдықтар және байланыс құралдары);

апаттық-құтқарушы жабдықтарға техникалық қызмет көрсету кезінде дайындық-аяқтау жұмыстарын жүргізу, олардың жұмыстарындағы жеңіл ақауларын жөндеу;

қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың механизмдары мен түйіндерін жуу, химиялық тазалау.

83. Білуге тиіс:

жүзуге қажетті заттарды, үрленетін сәкілер, парашюттардың негізгі құрылымдық және техникалық сипаттамаларын;

техникалық қолднау, жуу, құрғату және қоймаларда сақтау ережелерін, қызмет көрсетіліп жатқан жабдыты химиялық тазалауға арналған материалдарды;

қолданылып жатқан материалдардың кірлену түрлері мен оларды кетіруді.

Параграф 2. Бұйымдарды салушы-монтажшы, 3- разряд
84. Жұмыс сипаттамасы:

техникалық жабдықтау мен қолдану ережелерімен сәйкес жүк парашюттарын камераларға салу;

парашюттарды және апаттық-құтқарушы құралдарды құолданғанан соң салу;

дәрежәсі жоғарырақ бұйымдарды салушы-монтажниктің қадағалауымен парашюттардың мен апатттық-құтқару жабдықтары ақауларын жою жөнінде техникалық қызмет көрсету мен басқа да жұмыстардың регламентінің жеке түрлерін орындау;

парашют және апаттық-құтқару жаюдықтар түйіндері мен бөлшектерін жинақтау және дайындау;

шарттар мен ережелерге сәйкес тапсыру мен қабылдау кезінде парашюттар мен апаттық-құтқару жабдықтары түйіндерінің жинақталуы мен белгіленуін тексеру.

85. Білуге тиіс:

техникалық сипаттамалар , жиналмалы парашюттарды салу, жабдықтау ережелерін;

салынбалы, кіретін бұйымдардың және олардың түйіндерінің атауларын, парашют бөлшектері мен түйіндерін белгілеу мен жинақтау ретін;

оларды салуға тізімді рәсімдеуді, ұшу аппаратының және апаттық-құтқару жабдығының парашют-тежегіш жүйесі құрылымын, парашюттар мен апаттық-құтқару жабдықтарына техникалық қызмет көрсетудің технологиясы мен техникалық регламентін;

табылған ақауларды жою тәсілдерін анықтауды, парашюттарды беру мен қабылдау ережелерін;

парашюттарды және апаттық-құтқаршы жабдықтарды салу, жөндеу, сақтау және беру шарттарын.

Параграф 3. Бұйымдарды салушы-монтажшы, 4- разряд
86. Жұмыс сипаттамасы:

қолдану, техникалық жабдықтау, сызбалар шарттарына сәйкес парашюттар мен парашюттық-жүктік жүйелерді аспалы сөмкелерге, бірнеше күмбезді тежеуіш жүйелерді контейнерлерге салу;

парашют техникасына техникалық қызмет көрсетудің жеке регламенттерін орындау;

парашюттарды және парашюттық жүйелерді десанттауға тиіс бұйымдарға монтаждауға дайындау;

сынақтан кейін полигонда парашюттар мен парашюттар жүйелерін жинау және эвакуация жасау.

87. Білуге тиіс:

парашюттар мен парашюттық жүйелерді салу мен жабдықтаудың техникалық сипаттамаларын, салынып жатқан бұйымдардың атауларын және әр бұйымның салынуының ерекшеліктерін;

техникалық шарттар мен сызбаларға сәйкес парашют күмбездерін аспалы жүйелерге монтаждау реттігі;

парашют техникасын қолдану шарттарын, күмбездер материалдарына сәйкес парашют қалталары мен қақпақтарын жинау әдістемесін;

парашюттардың жердегі сынақтарының әдістемесін, бұйымдарды сертификациялау негіздерін.

Параграф 4. Бұйымдарды салушы-монтажшы, 5- разряд
88. Жұмыс сипаттамасы:

қолдану, техникалық жабдықтау, сызбалар шарттарына сәйкес арнайы мақсаттағы парашюттар мен парашюттық-жүктік жүйелерді аспалы сөмкелерге, контейнерлерге, камераларға салу;

десанттайтын жабдықтарға парашют пен парашюттық жүйелерді монтаждау;

иеленушіге десантталатын бұйымдарды ілу(орау);

жеке белгісі бар парашюттарды салу;

парашюттар мен паршюттар жүйелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша регламенттік жұмыстардың барлық түрін жүзеге асыру, табылған ақауларды жөндеу.

89. Білуге тиіс:

арнайы мақсаттағы парашюттар мен парашюттар жүйесін контейнерлер, камера, аспалы сөмкелерге салу ерекшеліктерін;

салынып жатқан бұйымдардың құрылымын және жұмыс істеу принциптерін;

десанттағанда парашюттар мен парашюттық жүйелерге дұрыс монтаждалуын бақылау әдістерін;

парашюттық жүйелерді қалыпқа келтірудің ережелері, бұйымдарды сертификациялау негіздері.

Параграф 5. Бұйымдарды салушы-монтажшы, 6- разряд


90. Жұмысқа сипаттама:

экипажсыз космостық құралдарды түсіруге арналған парашюттық жүйелерді салу;

парашюттық жүйелерге жерде сынақтар өткізуге қатысу және түсірілетін бұйымдарға паспорттар толтыру;

техникалық нұсқау жүргізу.

91. Білуге тиіс:

экипажсыз космостық құралдарды түсіруге арналған парашюттық жүйелерді салу және жабдықтаудың техникалық ережелері мен шарттарын;

ілеспе құжатнама рәсімдеудің реттілігі;

парашюттық жүйелерге жерде сынақ жүргізудің реттілігін, сертификацияланған бұйымдарға қойылатын талаптарды.

Параграф 6. Бұйымдарды салушы-монтажшы, 7-разряд
92. Жұмысқа сипаттама:

экипажы бар космостық жабдықтарды және техника мен адамдарды бірге кешенді түрде десанттауға арналған жүйелерін салу;

тәжірибелі парашют жүйелерін салу, бірінші сериялы парашют жүйелерін салу;

парашют техникасының жаңа үлгілерін сынау бағдарламалары мен әдістемелері, жинақтауыш құжатнамасымен жұмыс істеуге қатысу, тапсырыс берушіден түскен шағымдарды қарастырушы комиссия жұмысына қатысу

93. Білуге тиіс:

салынатын парашют жүйелерін салу мен жабдықтаудың техникалық шарттары мен ережелерін;

тәжірибелі парашют жүйелерін салу, бірінші сериялы парашют жүйелерін салудың ерекшеліктерін, парашют техникасының салынатын бұйымдарының құрылымдық ерекшеліктерін;

парашюттық жүйелерді реттеу мен дайындау ережелерін.

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің

бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына



(47-шығарылым) қосымша
Жұмысшылар кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші



п/п

Мамандықтар атаулары

Дәреже диапазондары

Беті

1.

Парашют-десант техникасының сынаушысы

3-7

2

2.

Материалдар мен бұйымдарды бақылаушы

2-7

7

3.
Бөлшектерді өруші

1-5

12

4.

Бұйымдарды жинаушы

2-7

14

5.

Бұйымдарды салушы-монтажшы

2-7

19


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет