Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы
«МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ» ПӘНІНЕН КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ЖАЗУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
ҚАРАҒАНДЫ – 2022
2
Кіріспе
Мемлекеттік басқарудың негіздерін және оны жетілдіру бағыттарын білу «Қазақстан-2050» стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып табылатын кәсіби мемлекет құруды жүзеге асыру мақсатында кәсіби басқарушылардың жаңа буынын дайындау үшін қажет.
«Мемлекеттік басқару теориясы» курсын студенттердің оқып- білуіндегі аяқтаушы кезең болып олардың курстық жұмыстарды жазуы табылады.
Курстық жұмыс студенттердің дербес жұмыстарының маңызды формаларының бірі, курстың логикалық аяқталуы болып табылады.
Студенттер курстық жұмысты орындай отырып, күрделі теориялық мәселелерді талдау барысында өздерінің ойларын логикалық тұрғыдан нақты білдіріп, жалпы теориялық ережелерді қазіргі таңдағы шынайылықпен байланыстыруға, оны өзінің болашақ мамандығының ерекшелігімен байланыстыруға үйренеді.
Курстық жұмысты жазу барысында студенттер қажетті экономикалық әдебиетті дербес іріктеу, нақты статистикалық материалды іріктеу ептілігіне ие болады.
Курстық жұмыс орындай отырып, студенттер экономикалық пәндерді оқып-білу барысында баяндамалар, рефераттар мен өзге де дербес жұмыс формаларын дайындау тәжірибесін иеленеді.
Осылайша, оқу процесіндегі курстық жұмыстың мәні мен ролі келесілерден тұрады.
Дербес еңбек ептілігі мен дағдыларын қалыптастыру.
Пән бойынша алған білімін тереңдету, жүйелеу және жалпылау.
ҚР мен өзге елдердің мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты нақты статистикалық материалдарын жинау және талдау, оларды теориялық алғышарттар тұрғысынан жалпылау.
Алынған білімді кәсіби іс-әрекет саласымен үйлестіре білу ептілігі. Кешенді тексеру.
Аталмыш әдістемелік ұсыныста курстық жұмысты жазу бойынша ұсыныстар беріледі. Аталмыш нұсқаманы басшылыққа алу студенттерге курс бағдарламасын меңгеруге, сондай-ақ экономикалық теория мәселелері бойынша түрлі мәселелерді зерттеуге мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың орындалуы оны жазудың өзара байланысты кезеңдерінен құралады:
Курстық жұмыс тақырыбын таңдау және бекіту
Ақпарат көздерін іріктеу және талдау
Курстық жұмыстың мазмұны мен рәсімделуіне қатысты негізгі талаптар
Курстық жұмыс мәтінін рәсімдеу ережелері
Курстық жұмыстың соңғы нұсқасын рәсімдеу
Курстық жұмысты рецензиялау.
Курстық жұмысты қорғау және бағалау тәртібі.
Достарыңызбен бөлісу: |