Жұмыстардың және жұмысшы мамандарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы 4-шығарылым


§ 1. КЕСЕКШЕЛЕРДІ БУЛАУДАҒЫ АвтоклавШЫ



бет6/17
Дата13.06.2016
өлшемі1.65 Mb.
#131298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
§ 1. КЕСЕКШЕЛЕРДІ БУЛАУДАҒЫ АвтоклавШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Автоклавтарда кесекшелерді булау процесін жүргізу. Булаудың температуралық режимін қадағалау. Кесекшелердің дайындығын анықтау. Буланған кесекшелерді түсіріп алу. Автоклавтарды ұсақтардан тазарту. Қызмет көрсететін автоклавтар мен құбырлардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.

Білуге тиіс: құбырлардың сызбасын; буланған кесекшелердің сапасына қойылатын талаптарды; өлшеу құралдарының нысанын және оларды және көрсетілімдерін пайдалану ережесін; кесектелетін шикізат пен материалдардың негізгі қасиеттерін; слесарь ісі негіздерін.
§ 2. КЕСЕКШЕ ҚОСПАСЫН ДАЙЫНДАУ АППАРАТШЫСЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кеннен, пушонадан, әктастан, кварцтан және басқа қосындылардан шихтаның берілген құрамы бойынша кесекше қоспасын дайындау. Араластырғыш, сөндіргіш аппараттарды және басқа да қосалқы жабдықты басқару. Кесектас қоспасын дайындауға арналған компоненттерді дозалау. Компоненттердің қызмет көрсететін аппараттарға берілуін реттеу. Жүргізілетін технологиялық процесс параметрлерін өлшеу және реттеу. Дайын кесекше қоспасын шығару. Су мен будың берілуін ашу және жабу. Сынама алу. Белгіленген құжаттаманы жүргізу. Қызмет көрсететін жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: коммуникациялар сызбасын, кесекше қоспасының құрамын және оның ылғалдылығының жол берілетін шектеуді, кесекше қоспасының құрамына және оның компоненттеріне қойылатын талаптарды; өлшеу құралдарын қолдану ережесін; қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын; кесекше қоспасын дайындау технологиясын; слесарь ісі негіздерін.
§ 3. КЕСЕКШЕ ҚОСПАСЫН ДАЙЫНДАУ АППАРАТШЫСЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кесекше қоспасын дайындау процесін автоматтандырылған араластыру қондырғысында жүргізу. Лагерь-танктің,қайта айдау насостарының жұмысын қадағалау, термальдік пештің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Дозалаушы құрылғы жұмысын бақылау. Кесекше қоспасының берілген құрамын дайындау жөніндегі бағдарламаны белгілеу. Таразылы дозаторы бар автоматтандырылған араластыру қондырғысының жай-күйін, битум құбырын, май құбырын, бу- және ауа құбырын қадағалау. Көмір шихтасы мен битум толтыру. Дайын кесекше қоспасын түсіріп алу. Кесекше қоспасын дайындаудың температуралық режимін сақтау. Термальдік пешке оның резервуарларына дизель отынын беру және пешті берілген температуралық режимге сәйкес баптау. Өлшеу құралдарының көрсеткіштерін бақылау. Компрессор қондырғысына, автоматтандырылған араластыру қондырғысының ауа магистраліне, битумды жұмсау сыйымдылығына қызмет көрсету. Механизмдерді майлау, қызмет көрсететін жабдықтың жекелеген бөлшектері мен аспаптарын ауыстыру.

Білуге тиіс: автоматтандырылған араластыру қондырғысының, автоматты оттықтың, қайта айдау битум насостарының, компрессор қондырғыларының, термальдік пештің және басқа да қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын; қолданылатын өлшеу құралдарының жұмыс принципін; кесекше қоспасын дайындаудың және кесекшелеудің технологиялық процестерін; битумның қасиеттерін; қызмет көрсететін жабдық тізбегінің сызбасын; кесекше шихтасын дайындау рецептурасын; кесекшеге арналған мемлекеттік стандарттарды және нормаларды; электротехника негіздерін; слесарь ісін.
§ 4. ҚОЙЫЛТҚЫШ АппаратШЫСЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Радиальдік және пирамидальдік қойылтқыштарда, гидроциклондарда пульпаны, шламды ашық түстендіру, қойылту және жуу процесстерін жүргізу. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысын қадағалау. Технологиялық процессті, температураны, ерітінді концентрациясын, шламды, пульпаны, құю тазалығын қадағалау. Айналма судың мөлдірлену және шламның қойылу процесін реттеу. Коммуникацияларды қайта қосу. Ағызу тығыздығын өлшеу. Ерітіндіні қойылтқыштар бойынша таратып бөлу. Су жинағыштардағы судың белгілі бір деңгейін ұстап тұру. Қызмет көрсететін жабдықтың ақауларын анықтау және жою, оны жөндеу дайындығына және жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: шлам шаруашылығы сызбасын; қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы мен жұмыс принципін; пульпаның, шламның, ерітінділердің сапасына қойылатын талаптарды олардың негізгі қасиеттерін; қойылтқыш аппараттарының басқа да технологиялық агрегаттармен өзара әрекетін; қойылтқышты түсіру тәртібін; қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ақауларды жою әдістерін.

Біліктілігі анағұрлым жоғары қойылтқыш аппаратшысының басшылығымен жұмыс орындаған кезде - 2-разряд.


§ 5. ТОЗАҢ ТҮСІРУШІ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Циклондарды, желобтарды, құбырларды, тозаң камераларын, айналма пештерді, скрубберлерді, тоңазыту барабандарын, қоныш сүзгілері мен алаңшаларды тозаңнан тазарту. Тозаңды жинау және тиеу. Тозаңды шұңқыр арқылы қолмен және механикалық тәсілмен шығару. Тозаңды тасымалдау. Жолдарды тазалау. Тозаң камераларындағы саңылау мен сормаларды жою. Қоныштарды сүзгіден алу, оларды тазалау және жөндеу. Қоныштарды жаңадан әзірлеу, сұрыптау және ауыстыру. Қызмет көрсететін жабдықтың ақауларын анықтау және жою, оны жөндеу дайындығына және жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: тозаңның негізгі қасиеттерін; камералардың, шұңқырлардың, қоныш сүзгілерінің, скрубберлердің, циклондар мен басқа да шаң ұстағыш қондырғыларының құрылымын; тозаңның , газдардың, желдеткіш пен газ құбырлары қиыспаларының, су жеткізгіштер мен айналма пешті және бункерлерлі қондырғылардың қозғалыс сызбасын; слесарь ісі негіздерін.
§ 6. ЕЛЕКТЕУШІ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өнімділігі 100 м3/с. дейінгі електерде (елеуіштерде) материалды сулы және құрғақ електеу процесін жүргізу. Қызмет көрсету аймағындағы електердің, елеуіштердің және басқа да жабдықтың жұмысын, материалдың електерге, елеуіштерге, қоректендіргіштерге, транспортерлерге біркелкі түсуін және бөлінуін, торшаның асты мен үстіндегі материалдың келесі аппаратураға өтуін қадағалау. Бөгде заттарды алып тастау. Електеу сапасын бақылау. Електердің, елеуіштердің, қоректендіргіштердің және сулы електеу кезінде судың берілуін реттеу. Талдауға сынама алу. Ірі кесектерді, жатып қалған және жабысқан массаны бөлшектеу. Қызмет көрсететін жабдықтың үйкелетін бөліктерін тазалау және майлау. Оттықты орнату, тазалау және ауыстыру. Қызмет көрсететін жабдықтың ақауларын анықтау және жою, оны жөндеу дайындығына және жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: електердің, елеуіштердің, қоректендіргіштердің, транспортерлердің, аспирациондық жүйелердің құрылымын, жұмыс принципін; електеу технологиясын; електеу процесінде алынатын материалдарға арналған техникалық шарттарды, стандарттар мен жол берілетін ауытқуларды; електеу мен елеудің оңтайлы режимдерін; алынатын материалдың физикалық-механикалық қасиеттерін; автоматизация мен дабылдату сызбаларын; өлшеу құралдарының нысанын және олардың көрсеткіштерін; елеуішті бекіту және ауыстыру тәсілдерін; слесарь ісін.

Өнімділігі 100 м3/с жоғары және 500 м3/с. дейінгі вибрациялы електерде материалдарды, өнімділігі 250 м3/ч дейінгі вибрациялы електерде алмаз құрамды материалдарды електеу процесін жүргізу кезінде - 3-разряд;

өнімділігі 500 м3/с жоғары вибрациялы електерде материалдарды, ал өнімділігі 250 м3/ч жоғары вибрациялы електерде алмаз құрамды материалдарды електеу процесін жүргізу кезінде - 4-разряд.

§ 7. ДозАЛАУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өнімділігі 60 т/с. дейінгі дозалаушы құрылғыларды (қондырғыларды) басқару. Қоректендіргіштерге, реагент құбырларына, төрт секцияға дейінгі дозалаушы қондырғыларына қызмет көрсету және олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Шихта компоненттерін, массаларын дозалау. Шикізаттың дозалаушы және араластырушы құрылғыларға біркелкі берілуін реттеу. Келіп түсетін реагент ерітінділерін жұмсау ыдыстары пен қоректендіру нүктелеріне тасымалдау және таратып бөлу. Шихтаның құрамдас бөліктерінің немесе массаның тасымалдаушы құрылғыларға немесе қоректендіргіштерге, қалыптарға, тараға немесе технологиялық жабдыққа дұрыс берілуін кезеңдеп өлшеу. Берілген құрамды алу үшін концентраттар мен шихтаны араластыру. Шихталатын материалдардың сапасын бақылау. Реагент ерітіндісі концентрациясын бақылау өлшеулерін жүргізу. Түрлі дозалаушы құрылғылардың (қондырғылардың) және қосалқы жабдықтардың жұмысын қадағалау, оларды қосу және тоқтату. Реагент ерітіндісінің уақыт бірлігіне және өңделетін кен тоннасына шаққандағы жұмсалуын есептеу. Қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ұсақ ақауларды анықтау және жою. Реагент бактарын ерімейтін шөгіндіден кезеңдеп тазартып тұру. Қаптарды немесе контейнерлерге концентрат толтыру және оларды өлшеу. Қалыптарға масса толтыру. Қаптарды штабельдерге салу.

Білуге тиіс: шихта құрамын; шихта құрамын есептеудің тәсілі мен әдістерін; шикізаттың сапалық көрсеткіштерін (фракциялық құрамын, ылғалдылығын және т.б.) анықтау әдістемесін; реагент концентрациясын өлшеу тәсілдерін; флотация кезіндегі реагенттердің нысанын және олардың номенклатурасын; дозалаушы, араластырушы құрылғылар мен қосалқы жабдықтың құрылымы мен жұмыс принципін; аппараттар тізбегінің технологиялық сызбасын; реагент құбырлары мен реагенттерді беру нүктелерінің сызбасын; қызмет көрсететін жабдықты қосу, тоқтату және реттеу ережесін; уытты реагенттерді дозалау нүктесі көп болған кезде қолдану тәсілдерін; қызмет көрсететін жабдықтың дабылдату және автоблокировка сызбасын; автоматты жүйелермен дозалаудың берілген режимін орнату есеп жүргізу әдістерін; концентраттарды буып-түю, таңбалау және таразыда өлшеу ережесін; реагенттердің есебі мен сақтау ережесін; қызмет көрсететін жабдықты ақауларын жою әдістерін.

Өнімділігі 60 т/с. артық және 400 т/с дейінгі дозалаушы құрылғыларды басқару кезінде; реагент құбырларға, бір секцияға шаққанда реагенттердің сомаланған шығысы 20 м3/с дейінгі төрт және одан да көп секциялы дозалаушы құрылғыларға қызмет көрсету кезінде - 3-разряд;



Өнімділігі 400 т/с артық дозалаушы құрылғыларды басқару кезінде; реагент құбырларға, бір секцияға шаққанда реагенттердің сомаланған шығысы 20 м3/с артық төрт және одан да көп секциялы дозалаушы құрылғыларға қызмет көрсету кезінде - 4-разряд.

§ 8. ЖАРМАЛАУШЫ
Жұмыс сипаттамасы. Шикізатты, материалдарды, жартылай шикізаттарды жармалағыштарда, жармалау агрегаттарында, түрлі жүйедегі жармалау-сұрыптауқондырғыларында, дезинтеграторларда, копрларда, ол немесе механикалық елеуіштерде, електерде сұрыптап (елеумен), електеумен, кептіре отырып, кесумен (немесе онсыз) құрғақ және сулы тәсілмен ірі, орташа және ұсақ жармалау процесін жүргізу. Қызмет көрсететін жабдықтың және май шаруашылығының техникалық жай-күйін қадағалау; жабдықты қарау және тазалау. Дабылды қабылдау және беру. Жармалағыштарды, қоректендіргіштерді, жармалағышты қоректендіретін конвейерлерді қосу және тоқтату. Шикізат пен материалдың жармалағышқа, електерге, елеуіштерге, қоректендіргіштерге, конвейерлер мен басқа да қызмет көрсететін жабдықтарға біркелкі түсуін қадағалау. Суландыруға судың берілуін, шикізаттың, материалдың түріне және оның ірілігіне қарай жармалағыштың жұмыс механизмдері арасында біркелкі толтырылуы мен жылдамдығын, өнімділігін реттеу. Шикізат пен материалды жармалау сапасын (сыртқы белгісіне немесе елеуіш талдауына қарай) және шихта ылғалының біркелкілігін бақылау. Жармалағыш жұмысын қашықтықтан басқару. Жармалағыштан шойтастарды, бөге заттарды, сапасыз шикізат пен материалды ілмектеу және алу кезінде көтеру-тасымалдау жабдығын басқару. Жармалау процесінің аяқталғанын анықтау және жармаланған материалды сұрыптылығына қарай бункерлерге таратып салу. Гидротозаңсыздандыру жүйесін қосу және ажырату, тозаң жинағыш жұмысын тексеру. Жармаланған шикізатты қайталап жармалауға немесе келесі қайта өңдеуге, сақтауға беру. Дабылдарды қадағалау, іштен жану қозғағышымен жұмыс кезінде машиналарға жанармай құю. Сынамаларды жармалау, жеткізу және бөлшектеу. Сынамаларға биркаларды, шнуроктарды, қапшықтарды дайындау. Сынамаларды өлшеу, араластыру, қысқарту. Жұмысталған сынамаларды үйіндіге жіберу. Бөліп салу, биркаларды бекіту және сынамаларды буып-түю. Қызмет көрсету аймағындағы шашындыларды жинау. Қызмет көрсететін жабдықтың ақауларын анықтау және жою, оны жөндеу дайындығына және жөндеуге қатысу. Ілмектеу жұмыстарын орындау.

Білуге тиіс: жармалағыштардың, жармалау агрегаттарының, түрлі жүйедегі жармалау-сұрыптауқондырғыларының, дезинтеграторлардың, копрлардың, електердің, көлік және аспирационды құрылғылардың, қосалқы жабдықтардың (кептіргіштердің, элеваторлардың және т.б.) құрылымын, жұмыс принципін және пайдалану ережесін; шикізатты жармалау қондырғысына беру сызбасын; қызмет көрсететін учаскенің технологиялық сызбасын; қызмет көрсететін жабдықты реттеу мен баптау ережесі мен тәсілдерін; жармалау, елеу режимін; өлшеу құралдарының нысаны мен жұмыс принципін; компоненттер рецептурасы (номенклатурасын) мен шихта жасау ережесін; материалдардың, жартылай фабрикаттардың жармалау сапасы мен дәрежесіне қойылатын талаптарды; дайын өнімнің, қалдықтың шығу нормасын және жол берілетін шығындарды; жармаланатын материалдардың, жартылай фабрикаттардың қасиеттері, нысаны мен түрлері, ерекше белгілері мен жармаланатын шикізаттың сапасына әсер етуі бойынша сыныптамасын; елеуіштердің нөмірлерін; қызмет көрсететін жабдықтың жүктеме нормасын, қосу мен тоқтату кезектілігін, реттеу және баптау ережесін, тиімді пайдалану шарттарын; жағармай түрлерін, қызмет көрсететін жабдықты майлау жүйесі мен режимін; қызмет көрсететін жабдықты блокировкалау, дабылдату және электр желісіне қосу сызбасын; қосу аппаратурасын, автоматизация және дабыл құралдарын пайдалану ережесін; шикізатты жармалау және тасымалдау кезінде тозаңсыздандыру тәсілдерін; қызмет көрсететін жабдықты герметизациялау құралдарын; елеуіш талдауын жүргізу ережесін; таразының құрылымын және таразыны, басқа да қолданылатын жабдық пен құралды пайдалану ережесін; сынама өңдеудің мақсаты, ережесі және нақты сызбасы; сынаманы өңдеудің түрлі стадияларында қолданылатын аспаптардың, айлабұйымдар мен аппаратураның құрылымын; шығарылатын өнімді сақтау, қоймалау, трафарет түсіру (таңбалау) ережесін; шығарылатын өнімге арналған техникалық шарттарды; қызмет көрсететін жабдық ақауларының туындау себептері мен оларды жою тәсілдерін; слесарь ісі негіздерін.

Шикізатты, материалдарды, жартылай шикізаттарды (көмір мен сланецтен басқа) өнімділігі 50 т/с дейінгі жармалағыштарда, жармалау агрегаттарында, түрлі жүйедегі жармалау-сұрыпта қондырғыларында жармалау кезінде; көмір мен сланецті өнімділігі 400 т/с жармалағыштарда, жармалау агрегаттарында, түрлі жүйедегі жармалау-сұрыпта қондырғыларында жармалау кезінде; сынамаларды қолмен жармалау кезінде 2-разряд;

шикізатты, материалдарды, жартылай шикізаттарды (көмір мен сланецтен басқа) өнімділігі 50 т/с-тан 200 т/с. дейінгі жармалағыштарда, жармалау агрегаттарында, түрлі жүйедегі жармалау-сұрыптау қондырғыларында жармалау кезінде; көмір мен сланецті өнімділігі 400 т/с астам жармалағыштарда, жармалау агрегаттарында, түрлі жүйедегі жармалау-сұрыптау қондырғыларында жармалау кезінде; сынамаларды қолмен жармалау кезінде –3-разряд;

шикізатты, материалдарды, жартылай шикізаттарды (көмір мен сланецтен басқа) өнімділігі 200 т/с. артық 700 т/с дейінгі жармалағыштарда, жармалау агрегаттарында, түрлі жүйедегі жармалау-сұрыптау қондырғыларында жармалау кезінде- 4- разряд;

шикізатты, материалдарды, жартылай шикізаттарды (көмір мен сланецтен басқа) өнімділігі 700 т/с. артық 1500 т/с дейінгі жармалағыштарда, жармалау агрегаттарында, түрлі жүйедегі жармалау-сұрыптау қондырғыларында жармалау кезінде- 5-разряд;

шикізатты, материалдарды, жартылай шикізаттарды (көмір мен сланецтен басқа) өнімділігі 1500 т/с. артық жармалағыштарда, жармалау агрегаттарында, түрлі жүйедегі жармалау-сұрыптау қондырғыларында жармалау кезінде – 6-разряд.



Ескертпе. Бірнеше жармалағышқа қызмет көрсету кезінде тарифтеу жұмыстағы жармалағыштардың сомаланған өнімділігі бойынша жүргізіледі.
§ 9. ТИЕУШІ-САЛУШЫ

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Материалдарды қызмет көрсететін аспаптың немесе агрегаттың шұңқырына қолмен тиеу. Кенді ішінара қайлалау және лақтырып үю.

Білуге тиіс: материалдарды жуу процесі технологиясын; қызмет көрсететін жабдықтың құрылымы мен жұмыс принципін.
§ 10. БАЙЫТУ ӨНІМІН БАҚЫЛАУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шикізатты, жартылай фабрикаттар мен дайын байыту өнімдерін сызбасында: екі жармалау стадиясына дейін, ірілігі бойынша екі сыныптама сыныбына дейін және құрғақ және сулы байыту бір стадиясына дейін болатын жармалау-сұрыптау және байыту фабрикаларында өндіру, қайта өңдеу, қоймалау, сақтау және тиеу кезінде белгіленген технологияның орындалуын бақылау. Бастапқы шикізатты бақылау кезінде сапасына қарай электрофизикалық аспаптарды қолдана отырып қабылдау. Сынаманы іріктеу, бөлу, буып-түю, таңбалау, жеткізу және сақтау. Елеу және басқа да талдау мен механикалық сынауды жүргізу. Өнім сапасының қолданыстағы техникалық шарттар мен стандарттарға сәйкестігін тексеру. Өлшеу аппаратурасының жай-күйі мен жұмысын қадағалау. Тиелетін өнімді аттестаттау. Партиондық сертификаттарды жазып беру. Шикізат пен өнімдерді сыныбы мен сортаменті бойынша сынамалау және сынау журналын жүргізу. Белгіленген техникалық талаптарға жауап бермейтін шикізатқа акті жасау. Өндірілетін және тиелетін пайдалы қазбаның есебін жүргізу.

Білуге тиіс: кешенді сынамалау қондырғыларының, сынама бөлу жабдығының,өлшеу құралдарының және сапаны сынау және бақылау үшін қолданылатын басқа да аппаратураның құрылымы мен жұмыс принципін; шикізатты қайта өңдеу технологиясын; келіп түсетін шикізат пен дайын өнімге арналған қолданыстағы техникалық шарттар мен стандарттарды; байыту өнімінің сапасын бақылау тәсілдерін; өндіру, қайта өңдеу, қоймалау кезіндегі ақау түрлерін; сынаманы іріктеу, бөлу, сынау әдістері мен өнімді аттестаттау, таңбалау, тиеу ережесін.

Шикізаттың, жартылай фабрикаттары мен дайын байыту өнімдерінің сапасы мен технологиясын бақылауды сызбасында: екі жармалау стадиясына дейін, ірілігі бойынша екі сыныптама сыныбына дейін және құрғақ және сулы байыту бір стадиясына дейін болатын жармалау-сұрыптау және байыту фабрикаларында жүргізу кезінде - 3-разряд.



§ 11. КонцентратТАУШЫ
Жұмыс сипаттамасы. Байыту материалдарын концентрациялау процесін тұндыру машиналарында, концентрациялау үстелдерінде және басқа да байыту жабдығында жүргізу. Тұндыру машиналарының, концентрациялау үстелдерінің сумен және бастапқы материалдармен біркелкі қоректендірілуін реттеу. Торлардың және тұндыру машиналары жасанды төсемінің жай-күйін тексеру. Тұндыру мен басқа да байыту өнімдерінің барлық түрлерін талдау негізінде байыту материалының бөліну сапасын бақылау. Тұндыру машиналары мен басқа да қосалқы жабдықты қосу және тоқтату. тұндыру машиналары мен концентрациялау үстелдері механизмдерінің жұмысын қадағалау. Қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.

Білуге тиіс: тұндыру машиналары мен концентрациялау үстелдерінің құрылымын, жұмыс принципін; тұндырудың технологиялық процесін; өңделетін шикізаттың, концентраттар мен өнімдердің негізгі физикалық және химиялық қасиеттерін; әр камерадағы тұндыру машиналары жасанды төсемінің жай-күйін; қызмет көрсететін механизмдер мен қондырғыларды реттеу әдістерін; байытудың негізгі принциптерін; шығу нормасын және соңғы өнім сапасына қойылатын талаптарды; слесарь ісі негіздерін.

Жұмыс біліктігі анағұрлым жоғары концентраттаушының басшылығымен орындау кезінде-2-разряд;

концентрациялау үстелдеріне қызмет көрсету кезінде - 3-разряд;

өнімділігі 100 т/с дейінгі тұндыру машиналарына қызмет көрсету кезінде- 4-разряд;



өнімділігі 100 т/с артық тұндыру машиналарына қызмет көрсету кезінде - 5-разряд.

§ 12. Лентовой ЖИНАУШЫ

1-й разряд

Жұмыс сипаттамасы. Галерея алаңдарындағы және транспортер ленталары астындағы көмірді, кен шикізатын және басқа да шашылма материалдарды жинау, салқындату науалары мен жертөлелердегі, сондай-ақ баспалдақ кілеттеріндегі кесекше ұнтақтарын жинау.

Білуге тиіс: транспортерлердің нысаны мен құрылымын.
§ 13. КЕСЕКШЕ ПРЕСІНІҢ МашинисІ

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кесекше прес үстелінен немесе транспортер лентасынан кесекшелерді түсіру. Кесекшелерді кассеталарға, стеллаждарға, штабельге, вагонеткалар мен транспортер лентасына салу. скесекшелердің кептірілуін қадағалау. Тиеулі стеллаждарды, вагонеткаларды кептірмеге әкету, босаған вагонеткаларды кесекшелерді тиейтін жерге әкету. Кесекшелерді көлденеңінен және тігінен буып байламдау. Кесекше пресі жұмысындағы ұсақ ақауларды жоюға қатысу.

Білуге тиіс: кесекше пресі мен транспортерлерінің жұмыс принципін; кесекшелерді кептіру режимін; кесекшелерді салу тәртібін; қолданылатын айлабұйымдар мен құралды пайдалану ережесін; кесекше пресін майлау кезеңділігін және майлардың қасиеттерін.
§ 14. КЕСЕКШЕ ПРЕСІНІҢ МашинисІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көмірді, кенді, шихтаны және кесекшелеуге арналған басқа да материалдары мен шикізатты вальцті пресстерде және электр жетекті штемпельді пресстерде престеу процесін жүргізу. Торфты өнімділігі 3 т/с дейінгі кесекше немесе жартылай кесекше түрлі типтегі кесекше пресстерде престеу. Престеу режимін реттеу. Қызмет көрсететін прес жұмысы мен кесекше немесе жартылай кесекшенің шығымын, желдету жүйесін, температура режимін қадағалау. Шихтаны және салқындату (науаларын) дайын кесекше немесе жартылай кесекшелерді қабылдауға дайындау. Қызмет көрсететін престі құрғақ тәсілмен престеуге ауыстыру. Прес цехының жабдығына қызмет көрсету, өлшеу құралдырының көрсеткіштерін, тозаңсыздандыру, салқындату жүйелерін, прес ұшының қызуын, транспортерлер жүйесін қадағалау. Шығарылатын өнімнің сапасын бақылау. Қызмет көрсететін престерді жұмысқа дайындау, оларды қосу және тоқтату. Қалып бөлшектері (матрицалар) орнатылғаннан кейін престерді қабылдау. Қызмет көрсететін жабдық жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.

Білуге тиіс: кесекшелеу технологиясы негіздерін; кесекшелеуге арналған бастапқы материалдар мен шикізаттың қасиеттерін; қызмет көрсететін пресстердің, бу машиналарының (қозғағыштардың) және прес цехының қосалқы жабдығының құрылымын, жұмыс режимі мен пайдалану ережесін; құрғақ және сулы тәсілмен престеу кезінде қолданылатын технологиялық шикізаттың құрамын; шихтаның төмен түсу есебін; кесекше престері мен бу машинасының жұмыс уақытында қыздыру, қосу және қызмет көрсету ережесін; алдын алу құрылғылары мен өлшеу құралдарының жұмыс принципі мен оның механизмдерін басқару ережесін; матрицаларды құрастыру және орнату тәртібін; энергиямен қамтамасыз ету, бу және престі қыздыру және суыту үшін су беру сызбасын; тозаңсыздандыру жүйесін; электроника, жылу техникасы, электр техникасы негіздерін; слесарь ісін.

Көмірді, кенді, шихтаны және кесекшелеуге арналған басқа да материалдары мен шикізатты бу қозғағышы бар штемпельді пресстерде немесе торфты өнімділігі 3 т/с дейінгі кесекше немесе жартылай кесекше түрлі типтегі кесекше пресстерде престеу кезінде – 5-разряд_.__Ескертпе.'>5-разряд.



Ескертпе.

Біліктілігі анағұрлым жоғары кесекше пресі машинисінің басшылығымен жұмыс атқарған кезде тарифтеу бір разрядқа төмен жүргізіледі.


§ 15. ДИІРМЕН МашинисІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Материалдарды ұнтақтау, сыныптау, сепарациялау және елеу процесін біліктілігі анағұрлым жоғары диірмен машинисінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жабдықтан басқа, диірмен жабдығында жүргізу. Материалдардың немесе сұйық компоненттердің, реагенттер мен ауаның диірменге берілуін реттеу. Насос қондырғыларына қызмет көрсету. Диірмендердің, жума машиналарының, классификаторлардың, сепараторлардың, гидроциклондардың, конвейерлердің, шародозаторлардың, жаңқа ұсағыштардың, автоматты бақылау және қадағалау аспаптарына қызмет көрсету және олардың жұмысын қадағалау. Диірменнің май жүйесінде майдың болуын және температурасын қадағалау. Диірменге материалдарды, шарларды, стерженьдерді салу. Материалдардың ұнтақталу дәрежесін реттеу. Ұнтақтау және сыныптау процесін автоматты бақылау қызметін көрсету. Бөгде заттарды алып тастау. Сынама іріктеу. Өнім шығымын қадағалау. Өнім сапасын бақылау. Қызмет көрсететін диірмендерді материалдардың берілген құрамына ыңғайлау, олардың елегі мен футеровкасын ауыстыру. Өнімді диірменнен түсіру және пульпаны ағызу. Қажет кезінде материалдарды, дайын өнімді тұндыру, қойылту, сүзу, жуу, кептіру, бөліп салу, өлшеу. Аспаптар мен талдау бойынша ұнтақталған материалдың сапасын анықтау. Ұнтақталған материалдың електерге, қоректендіргіштерге, конвейерлерге, элеваторларға, бункерлерге берілуін реттеу. Қызмет көрсететін жабдықты тазалау және майлау, оның жұмысындағы ақауларды анықтау және жою. Ілмектеу жұмыстары.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін диірмендердің, классификаторлардың, сепараторлар мен басқа да жабдықтың құрылымын, жұмыс принципін; автоматты бақылау және қадағалау аспаптарының жұмыс принципін және оларды пайдалану ережесін; материалдарды ұнтақтау технологиясын; блоктаушы және қосу құрылғыларын; ұнтақтау, сыныптау және сусыздандыру нысанын; ұнтақтауға берілетін материалдардың қасиеттерін; ұнтақтаудың берілген ұсақтығы мен пульпа тығыздығын; шикізатқа, шламға, ұнтақталған материалға қойылатын талаптарды; ұнтақтау цикліне берілетін реагенттер нысанын; шламның тығыздығын анықтау тәсілдерін; слесарь ісін.

Материалдарды құрғақ ұнтақтау процесін жүргізу кезінде; материалдарды, шикізатты ұнтақтау процесін диірменнің бірнеше секциясында немесе төрт және одан артық диірменнен тұратын бір секцияда жүргізу кезінде; жарылыс қауіпті шикізатты ұнтақтау процесін жүргізу кезінде- 4-разряд;

графитті, талькті ұнтақтау процесін жүргізу кезінде; минеральді шикізатты сепарациялап және өнімдерді ұстап қала отырып, ағынды ұнтақ қондырғыларында құрғақ ұнтақтау процесін жүргізу кезінде; материалдарды ұнтақтау процесін аэрокептіру диірмендерінде, тұйық ұнтақтау циклді шарсыз диірмендерде ұнтақтау және кенді “Каскад” типті өздігінен ұнтақтау диірмендерінде сыныптау процесін жүргізу кезінде; байыту сызбасы күрделі материалдарды ұнтақтау және сыныптау процесін жүргізу кезінде; төрт және одан артық диірменнен тұратын бір секцияларды және басқа да байыту жабдығының: сепараторлардың, гидроциклондардың, конвейерлердің, классификаторлардың, қоректендіргіштердің және т.б. автоматты басқару жүйесіне бір мезгілде қызмет көрсету кезінде - 5-разряд;

құрамында алмаз бар материалдарды шарсыз диірменде ұнтақтау процесін жүргізу кезінде- 6-разряд.



Ескертпе.

Біліктілігі анағұрлым жоғары диірмен машинисінің басшылығымен жұмыс атқарған кезде тарифтеу бір разрядқа төмен жүргізіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет