Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


Қайырылатын баспалдақтардың және өзінен тығыздалатын есіктердің механизмдері – жөндеу, реттеу



бет87/108
Дата08.06.2016
өлшемі2.68 Mb.
#122400
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   108

23. Қайырылатын баспалдақтардың және өзінен тығыздалатын есіктердің механизмдері – жөндеу, реттеу.

24. Табан тіректер, моторлық осьтік мойынтіркетер, тісті жіберулер – тозған жерлерін өлшей отырып ревизия жасау.

25. Рычагты жіберулер, тежегіш жабдықтар – сынау және реттеу.

26. Паровоздың буксты және оттық мойынтіркетері – ортасына дәлдеп тексеру.

27. Рефрижераторлы пойыздардың шатунды мойынтіркетері, вагон салқындату жүйесінің механизмдері – ысқылау, реттеу.

28. Паровоздардың буксты мойынтіркетері – қиыстыру, сығымдау.

29. Цилиндрлі төлкелердің, блоктардың белдеушелері, біліктің мойындары бойынша түбірлі және шатунды мойынтіркетердің жапсырмалары, поршень саусақтары бойынша шатун мойынтіркетерінің төлкелері, май сорғыларының қақпақтары мен мойынтіркетері, тепловоз турбокомпрессорлары мен ауа үрлегіш біліктері мен роторларының мойынтіркетері – қиыстыру, қырып тегістеу.

30. Пневматикалық жабдықтардың және вагондағы рычаг берілістердің аспаптары мен арматуралы – жөндеу.

31. Тежегіш аспаптары, ауа магистралі – ревизия.

32. Жетекті электр қозғалтқыштың кардан жетектері – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.

33. Автоіліністердің табандары мен розеткалары – ауыстыру.

34. Дөңгелек мотор блокты арбалардың рамалары – құрастыру.

35. Арбалар, инжекторлар, оттықтар мен олардың мойынтіркетері, бумен қыздырғыш коллекторлары, бір дөңгелекті поршенді, паровоздың шойын тығыздағыш сақиналы сальниктер – жөндеу.

36. Гидравликалық амортизаторлы жолаушы вагондарының арбалары – жөндеу.

37. Болат құятын арбалар – күрделі жөндеу.

38. Тепловоз, электровоз, жылжымалы құрам моторвагонның арбалары, арбаларды бөлу – жөндеу, құрастыру

39. Жылу алмастыратын аппараттар және ресивер – жөндеу, сынау.

40. Рефрижераторлы пойыздардың (секцияларының) дизель генератор және орталықтандырылған электр жарақтандырумен құрылғылар – шешу, бөлшектеу, жөндеу және орнату.

§ 125. ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҰРАМДЫ ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жөнделген жабдықтың дәлдігін тексеру, сынау және тапсыру. Жылжымалы құрамның негізгі құрамалы топтарының және метро вагондарының ақауларын анықтау және алдын алу.

Білуге тиіс: тораптарды белгілеу және орнату тәсілдері; жөнделетін нысанның тораптар кешенін және жинақтау топтарының құрамының дұрыстығын тексеру тәсілдері, жылжымалы құрамның жөнделген жабдықтарының дәлдігін тексеру әдістері; бөлшектердің ақауларын айқындау тәсілдері мен оларды қалпына келтіру әдістері.

Жұмыс үлгілері

1. Жылжымалы құрамның автоілініс құрылғысы – жөндеу.

2. Дөңгелек мотор блоктар, тербету мойынтіркетері – іліністі қиыстырып құрастыру, тісті жіберуді сынау және реттеу, мойынтіркетерді толықтай ревизиялау және жөндеу.

3. Тежегіш және пневматикалық жабдықтардың магистральді поршен төлкелері – сығымдап шығару, сығымдау.

4. Дизель және қосалқы жабдықтар, отын аппаратурасы жетекті жылжымалы құрамның, вагондардың механикалық және тежегіштік жабдықтары - тексеру, жөндеу.

5. Тежегіш жабдық айналары – мысқалдарды тексеру және ысқылау.

6. Компрессорлар - шатунды-поршенді топты және газ таратуды тексеру.

7. Тоңазытқыш агрегаттарының компрессорлары – жөндеу.

8. Жолаушылар вагондарының тоңазытқышты жабдықтарының конденсаторлары мен ауа салқындатқыштары.


9. Магнитті-рельсті тежегіштер – ревизия.

10. Бу-ауа сорғыларының бу тарату механизмдері, сорғы барысын мен компрессорлар қысымын реттегіштер, машинист крандары, компрессорлар – стендіде сынау және реттеу.

11. Паровоздың параллельдері мен жіберетін реттығындары – цилиндрдің осі бойынша орнату және тексеру.

12. Паровоздардағы, қайта бөлгіш механизмдер, поршеньдер, реттығындар – тексеру және реттеу.

13. Тепловоздың тік жібергіштері – жөндеу, реттей отырып орнату. 14. Гидрожіберуді гидростатикалық реттегіш жетектері – жөндеу, құрастыру, тексеру, жылжыту.

15. Жетекті электр қозғалтқыштардың кардан мен бос білікті жетектері – баптау және реттеу.

16. Дизель иінді білігінің айналу жиілігін реттегіштер – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.

17. Арбаның рессорлық ілмесі - реттеу.

18. Турбокомпрессор роторлары – сынау.

19. Тепловоз тоңазытқыштарын басқару автоматикасы – тексеру, реттеу.


20. Жылдамдық өлшегіштер – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.

21. Паровоз турбогенераторлары, сығым май сауыттары – қозғалтқышты іске қосқанда сынау және сынамалау.

22. Тепловоздағы тораптар мен агрегаттар – дизельді іске қосқанда тексеру және сынамалау.

§ 126. ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҰРАМДЫ ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жылжымалы құрам тораптары, құрылғылары, жабдықтары стенділерін және бөлшектердің мөлшері бойынша ортасын дәлдеп, қиыстырып метро вагондарын, агрегаттарды жылжытып диагностикалау, алдын алу, жөндеу, реттеу. Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін электронды жабдықты жөндеу және баптау. Турбокомпрессорлар роторын, электр машиналары зәкірлерін, қосалқы жабдық бөлшектері мен тораптарын теңгеру.

Білуге тиіс: барлық жөнделетін сериядағы локомотив және метро вагондарының, тораптарының, құрылғыларының, жабдықтарының конструкциялық ерекшеліктері мен жүйелері, стендіде, ортасын дәлдеу, жылжыту ережесі мен реттеу технологиясы; метро локомотивтері мен вагондарын диагностикалау және сынау әдістері, жабдықтың жұмыс істейтін бөлшектеріне, тораптары, механизмдеріне қойылатын жүктемелер және ақаулардың алдын алу жөніндегі профилактикалық шаралар.

Жұмыс үлгілері

1. Дөңгелекті моторлық блоктар – бос біліктің ортасын дәлдеу, локомотивтің жұпты дөңгелегі осіндегі, мотор вагонды жылжымалы құрамның, метро вагонындағы электр қозғалтқыштың екпінін реттеу.

2. Иінді білік – түбірлі мойынтіркетерді жөндеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет