Жоба ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат):
1) 476-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алым (бұдан әрі - алым) Қазақстан Республикасында әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растауға азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушысын, авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны, азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын, азаматтық әуе кемесінің типін, азаматтық әуе кемесінің данасын, азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымды, әуеайлақтың жарамдылығын, тікұшақ айлағының жарамдылығын, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметін тексеріп қарауды ұйымдастыру бойынша, аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның сертификаттауы үшін алынады.»;
2) 476-3 - бапта:
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Әуеайлақтың жарамдылығын сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с
№
|
Әуеайлақ класы (санаты)
|
Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК)
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
А немесе Б немесе В класы/санатталмаған
|
1349
|
2.
|
А немесе Б немесе В класы/І санат
|
1604
|
3.
|
А немесе Б немесе В класы/ІІ немесе ІІІ санат
|
2078
|
4.
|
Г класы/санатталмаған
|
1203
|
5.
|
Д класы/санатталмаған
|
948
|
6.
|
Е класы/санатталмаған
|
692
|
6. Тікұшақ айлағының жарамдылығын сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с
№
|
Тікұшақ айлағының типі
|
Тікұшақ айлағының класы
|
Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі
(АЕК)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
Жер беті деңгейінде орналасқан
|
Жабдықталмаған I, II, III класс
|
364
|
2.
|
Ішінара жабдықталған I, II, III класс
|
419
|
3.
|
Жабдықталған I, II, III класс
|
510
|
4.
|
Жерден сәл биікте
|
Жабдықталмаған I, II, III класс
|
328
|
5.
|
Ішінара жабдықталған I, II, III класс
|
382
|
6.
|
Жабдықталған I, II, III класс
|
437
|
7.
|
Палубалық тікұшақ айлағы немесе тікұшақ палубасы
|
Жабдықталмаған I, II, III класс
|
255
|
8.
|
Ішінара жабдықталған I, II, III класс
|
309
|
9.
|
Жабдықталған I, II, III класс
|
328
|
»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісін сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
Р/с
№
|
Аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісінің штат саны
|
Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі
(АЕК)
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
201 және одан көп адам
|
10 000
|
2.
|
101 адамнан 200 адамға дейін
|
324
|
3.
|
51 адамнан 100 адамға дейін
|
313
|
4.
|
21 адамнан 50 адамға дейін
|
302
|
5.
|
11 адамнан 20 адамға дейін
|
190
|
6.
|
10 адамға дейін
|
180
|
Ескерту: сертификаттың қызмет саласының кеңейтілген кезде
|
Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесінен 10%
|
»;
10-тармақ алынып тасталсын.
2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 13-ІІ, 83-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
293-баптың 4 және 5 – баптары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әуе кемесін жермен жүру, биіктікті алу, қонуға бет алу кезеңдерінде әуе кемесін пайдалану қауіпсіздігіне қауіп төндіретін лазер сәулесінің көмегімен бұзақылық ниетпен жасаған іс-әрекеттер, -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет –
он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, № 18-II, 92-бап; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 563-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын бұза отырып ұшқышсыз ұшу аппаратының мемлекеттік күзетілуге жататын объектінің үстінен ұшуы;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) ұшу қауіпсіздігіне анық қатер төну және авиациялық оқиғаны болғызбау жағдайларын қоспағанда, әуе трассаларынан, маршрут осьтерінен белгіленген нормалардан артық қашықтыққа ауытқуы;»;
2) 564-бапта:
5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Әуе кемесінің бортындағы адамдардың ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдай туындатса, –»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Әуе кемесінің бортына бөтен адамның кіруі –
жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) мынадай мазмұндағы 565-1 және 565-2 – баптармен толықтырылсын:
«565-1–бап. Азаматтық авиация саласындағы медициналық куәландыру талаптарын бұзу
1. Авиациялық медициналық сарапшылардың авиациялық персоналды медициналық куәландыру жөніндегі талаптарды сақтамауы, -
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
сертификатынан айыра отырып, екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ұшуларды орындау үшін қауіп төндіретін және оған белгілі ауруларын авиация персоналының көрінеу жасыруы, -
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
авиация персоналы куәлігінен айыра отырып төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
565-2–бап. Аэронавигациялық қызмет көрсетудің жеткізушісінің сертификаттық талаптардың бұзушылықтарын жоймауы немесе хабарлама ұсынбауы
Аэронавигациялық қызмет көрсету жеткізушісінің сертификаты иесінің сертификаттық талаптардың бұзушылықтарын түзету іс-қимылдары жоспарында белгіленген мерзімде жоймауы немесе оның әуе қозғалысын ұйымдастырудың функциональдық жүйесіндегі өзгерістері туралы хабарламаны ұсынбауы –
лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін –мың есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
4) 566-бапта:
1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ұялы байланыс пен радиоэлектрондық құралдарды әуе кемесінің бортында «ұшуда» деген автономды режимде пайдалануды қоспағанда, ұшудың барлық кезеңдерінде әуе кемесінің бортында ұялы, транкингтік байланыс қызметтерін, әуе кемесін жермен жүру, биіктікті алу, қонуға бет алу кезеңдерінде тұрмыстық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
5) 570-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы баптың 3 – 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындамау не тиісінше орындамау –
лауазымды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Әуежайларда жолаушыларды, қол жүктерін, багаж бен жүктерді тексерудің техникалық құралдарымен жабдықтау жөніндегі міндетті талаптарды сақтамау –
лауазымды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Тексеруден өтпеген адамдардың, қол жүгінің немесе багаждың, поштаның, борттағы қосалқы заттардың, не болмаса әуе кемесінде тасымалдауға тыйым салынған бұйымдардың немесе заттардың әуе кемесінің бортына кіруіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдамау –
лауазымды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
6) 684-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мамандандырылған аудандық және оларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары, осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 73, 74, 75 (бірінші, екiншi, бесінші және алтыншы бөлiктерiнде), 76, 77, 78, 79, 80 (төртiншi бөлiгiнде), 81 (екiншi бөлiгiнде), 82 (екiншi бөлiгiнде), 82-1, 85, 86 (төртiншi бөлiгiнде), 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 139 (екiншi бөлiгiнде), 145, 149, 150, 151 (екiншi бөлiгiнде), 153, 154, 158, 159, 160 (екiншi бөлiгiнде), 169 (екiншi, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінде), 170 (жетінші және тоғызыншы бөліктерінде), 171, 173, 174 (екiншi бөлiгiнде), 175, 176, 182, 183, 184, 185, 187(екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 189, 190 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 191, 193 (екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 199 (екiншi бөлiгiнде), 200, 211 (бірiншi бөлiгiнде), 214, 216, 219, 233 (үшiншi бөлiгiнде), 235, 236, 237, 245, 246, 247 (алтыншы бөлiгiнде), 251, 252 (екiншi бөлiгiнде), 281 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 282 (үшіншi, төртінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші бөлiктерiнде), 283, 294 (бірінші және екінші бөліктерінде), 296 (екiншi бөлiгiнде), 299 (екінші бөлігінде), 310, 311, 312 (екiншi бөлiгiнде), 313, 314, 316 (екiншi бөлiгiнде), 317 (төртінші бөлiгiнде), 319, 320 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 326 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 333 (екiншi бөлiгiнде), 356 (он төртінші бөлігінде), 357, 360 (бірiншi бөлiгiнде), 382 (екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 383 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 385 (екiншi бөлiгiнде), 389, 392 (үшiншi бөлiгiнде), 395 (екiншi бөлiгiнде), 396 (екiншi бөлiгiнде), 397 (төртiншi бөлiгiнде), 398, 399 (екінші және үшінші бөліктерінде), 400 (екiншi бөлiгiнде), 401 (алтыншы және жетінші бөліктерінде), 402 (төртінші бөлігінде), 404 (тоғызыншы бөлiгiнде), 405 (бірiншi бөлiгiнде), 407 (екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 409 (жетінші бөлігінде), 410-1, 413, 414, 415 (екiншi бөлiгiнде), 416, 417 (бірінші және алтыншы бөліктерінде), 419 (екiншi бөлiгiнде), 422, 423 (екiншi бөлiгiнде), 424 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 425 (екiншi бөлiгiнде), 426 (екінші және үшінші бөліктерінде), 427, 433 (екiншi бөлiгiнде), 434, 436, 439, 440 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 443 (екінші бөлігінде), 444 (бірінші бөлігінде), 445, 446, 449 (екiншi және үшінші бөліктерінде), 450, 451, 452 (үшінші, төртінші және алтыншы бөліктерінде және тоғызыншы бөлігінің 4), 5) және 6) тармақшаларында), 453, 454 (екiншi бөлiгiнде), 455 (төртiншi бөлiгiнде), 456, 461, 462, 463, 464 (екiншi бөлiгiнде), 465, 467, 469 (екiншi бөлiгiнде), 470 (екiншi бөлiгiнде), 476, 477, 478, 479, 480, 481, 482, 483, 485 (екiншi бөлiгiнде), 488, 489 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 490, 495 (екiншi бөлiгiнде), 496 (екiншi бөлiгiнде), 498, 506, 507, 508, 509, 512 (екiншi бөлiгiнде), 513 (екiншi бөлiгiнде), 514 (екiншi бөлiгiнде), 516, 517 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 528 (бірінші бөлiгiнде), 532, 541, 543 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 544, 545, 548 (екiншi бөлiгiнде), 549, 550, 551 (екiншi бөлiгiнде), 552 (екiншi бөлiгiнде), 563 (екiншi бөлiгiнде), 564 (бесiншi бөлiгiнде), 565-1 (екінші және төртінші бөліктерінде), 569 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 583 (екiншi бөлiгiнде), 590 (төртiншi бөлiгiнде), 596 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 603 (бірінші және екінші бөліктерінде), 604 (екiншi бөлiгiнде), 605 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 606 (екiншi бөлiгiнде), 607 (екiншi бөлiгiнде), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктерінде), 613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 615 (төртiншi бөлiгiнде), 618, 621 (үшiншi бөлiгiнде), 636 (екiншi бөлiгiнде), 637 (төртiншi бөлiгiнде), 638 (екiншi бөлiгiнде), 651, 652, 653, 654, 655, 656, 657, 658, 659, 660, 661, 662, 664, 665, 666, 667, 668, 669, 673, 674, 675, 676, 677, 678, 679, 680, 681-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
7) 685-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Iшкi iстер органдары осы Кодекстің 146, 147, 156, 190 (бірінші бөлігінде), 192, 196, 197, 198, 204, 230 (екiншi бөлiгiнде) (көлік құралдарының иелері және автомобиль көлiгiмен және қалалық рельстік көлікпен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 334, 359, 364, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 408, 420, 421, 423 (бірінші бөлігінде), 432, 433 (бірінші бөлігінде), 437, 438 (бірінші және екінші бөліктерінде), 440 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 441, 442 (бірінші және екінші бөліктерінде), 443 (бірінші бөлігінде), 444 (екінші бөлігінде), 447, 449 (бірінші бөлігінде), 458, 464 (бірінші бөлігінде), 469 (бірінші бөлігінде), 470 (бірінші бөлігінде), 484, 485 (бірінші бөлігінде), 486, 487, 489 (бірінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 492, 493, 494, 495 (бірінші бөлігінде), 496 (бірінші және үшінші бөлiктерiнде), 505, 510, 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 559 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 560, 562, 563 (бірінші бөлігінің 5-1) тармақшасы), 564 (төртінші және алтыншы бөліктерінде), 566, 572 (екінші бөлігінде), 574, 590 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 591, 592, 593 (бірінші және сегізінші бөліктерінде), 594, 595, 596 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603 (үшінші бөлігінде), 604 (бірінші бөлігінде), 605 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 606 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 609, 611 (бірінші бөлігінде), 612, 613 (он екінші және он үшінші бөліктерінде), 614, 615 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 617, 619, 620, 621 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 622, 625 (автомобиль көлiгiндегi бұзушылықтарды қоспағанда), 626, 630, 631, 632, 635-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
8) 691-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылысын:
«1. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 230 (екiншi бөлiгiнде) (темiржол көлiгiмен, теңiз және iшкi су көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 464 (бірінші бөлігінде), 564 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 565, 566 (бірінші бөлігінде), 580, 581 (бірінші бөлігінде), 582, 583 (бірінші бөлігінде), 589, 625 (теңiз және әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтар бөлiгiнде), 633, 634-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
3-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылысын:
«3. Азаматтық авиацияны саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 230 (екінші бөлігінде) (әуе көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 564 (осы баптың бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, азаматтық авиацияға жатпайтын әуеайлақтарда немесе осындай әуеайлақтар ауданында жасалған бұзушылықтар туралы iстердi қоспағанда, бесінші бөлігінде), 565, 565-1 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 565-2, 567, 568, 569 (үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 570, 571 (бiрiншi бөлiгiнде), 589, 623 (әуе көлiгiнде бұзушылықтар жасағаны үшін), 626-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
9) 699-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«699-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң органдары
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң органдары осы Кодекстiң 642, 644, 645, 646, 647, 648, 649, 650-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi органдарының атынан жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары құқылы.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әуе қозғалысын басқару органдары 563-бапта (бірінші бөлігінде, 5-1) тармақшасын қоспағанда) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әуе қозғалысын басқару органдарының атынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әуе қозғалысын басқару органдарының осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары құқылы.»;
10) 804-баптың 1-тармағында:
1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) iшкi iстер органдарының (73, 85, 100, 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 134, 135, 149, 150, 154, 160 (екінші бөлігі), 190 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 191, 200, 282 (үшінші және төртінші бөліктері), 382 (екінші және үшінші бөліктері), 383 (үшінші және төртінші бөліктері), 398, 416 (азаматтық және қызметтiк қаруларға және олардың патрондарына, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдардың айналымына байланысты химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 422, 423 (екінші бөлігі), 427, 433 (екінші бөлігі), 434, 435, 436, 438 (үшінші бөлігі), 440 (төртінші және бесінші бөліктері), 442 (үшінші бөлігі), 443 (екінші бөлігі), 444 (бірінші бөлігі), 445 (бірінші және он бірінші бөліктері), 446, 448, 449 (екінші және үшінші бөліктері), 450, 453, 461, 462, 463, 469 (екінші бөлігі), 470 (екінші бөлігі), 476, 477, 478, 479, 480, 481, 482, 483, 485 (екінші бөлігі), 488, 489 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 495 (екінші бөлігі), 496 (екінші бөлігі), 506, 512 (екінші бөлігі), 513 (екінші бөлігі) 514 (екінші бөлігі), 517 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктері), 563 (бірінші бөлігінің 5-1) тармақшасында көзделген әрекеттерге қатысты екінші бөлігі), 590 (төртінші бөлігі), 596 (үшінші және бесінші бөліктері), 603 (бірінші және екінші бөліктері), 604 (екінші бөлігі), 605 (үшінші және төртінші бөліктері), 606 (екінші бөлігі), 607 (екінші бөлігі), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктері), 613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі), 654 (590, 591, 592, 593, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603, 604, 605, 606, 607, 608, 609, 610, 611, 612, 613-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 662, 663, 665, 669, 674, 675-баптар);»;
Достарыңызбен бөлісу: |