Жоба әйтеке би ауданының ауылдық елді мекендеріне 2015 жылы жұмыс істеу және


Аудандық мәслихаттың Аудандық мәсдихаттың сессия төрағасы хатшысы



бет5/7
Дата19.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#148401
1   2   3   4   5   6   7

Аудандық мәслихаттың Аудандық мәсдихаттың сессия төрағасы хатшысы

Т.Әбдіжәлелов А.Ермағамбет

ЖОБА

Әйтеке би ауданының шалғайдағы елдi

мекендерінде тұратын балаларды

жалпы бiлiм беретiн мектептерге

тасымалдаудың схемасы мен

Тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлiгi туралы» Заңының 14 бабына сәйкес, Әйтеке би ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Әйтеке би ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен Тәртібі осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекiтiлсiн.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Бөлековаға жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Аудан әкімі А.Бердалин

Аудан әкімдігінің 2015 жылғы

«__» _______________ №___

қаулысына 2 қосымша



Әйтеке би ауданының шалғай елдi мекендерінде тұратын балаларды

жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың Тәртібі

1. Жалпы ережелер
1. Әйтеке би ауданының шалғай елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың осы Тәртібі (бұдан әрі – Тәртібі) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлiгi туралы» Заңының 14-бабына сәйкес әзірленген.
2. Тасымалдаушыға және автокөлiк құралдарына тасымалдау кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бөлігiнде қойылатын талаптар
2. Балаларды тасымалдау арнайы автобустармен жүргiзiледi.

3. Балаларды тасымалдау мынадай жағдайда ұйымдастырылады, егер:


aвтомобиль жолдарының өткiзу қабiлетi автобустардың тұрақты қозғалысын жүзеге асыруға мүмкiндiк берсе;

автомобиль жолдарының жай-күйi және олардың жайластырылуы жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес болған жағдайда.

4. Балаларды тасымалдауға мынадай тасымалдаушылар жiберiледi:

1) автомобиль көлiгi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бiлiктiлiгi және кәсiби жарамдылығын растайтын құжаты болғанда;

2) тасымал қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге құқықтық нормативтiк актiлер талаптарына сай келетiн және тиiстi тасымалдау түрiне жарамды көлiк құралдары бар.

5. Балаларды тасымалдау үшiн мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:

1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;

2) автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;

3) соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекiтiлген жол қозғалысының ережесiн өрескел бұзбаған.

6. Автобустарда жүк бөлiмiнен тыс жерлерде жүк тасымалдауға жол берілмейді.

7. Автокөлiк құралдарын пайдалану тасымалдаушының мiндеттi азаматтық-құқықтық сақтандыру шарттарындағы жауапкершiлiктi орындаған жағдайда жүргiзiледi. Сондай-ақ мiндеттi сақтандыруға тасымалдаушының жолаушылар алдында жол жүру және жүк тасуға арналған автокөлiктi пайдалану барысында, олардың өмiрiне, денсаулығына, мүлiктерiне залал келтiрмеу жөнiндегi азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi жатады.

8. Балаларды тасымалдау осы Тәртіптің талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен және әрбір балаға отыратын жеке орын беріле отырып жүзеге асырылады.

9. Балалардың ұйымдастырылған топтарын жаппай тасымалдауды және балаларды ұйымдастырылған топтарын алыс қашықтықтарға тасымалдауды балаларға оқытушылардың немесе арнайы тағайындалған ересек адамдардың (бiр ересек адам 15-тен артық емес балаға) еріп барған жағдайда ғана тасымалдаушымен орындалады.

10. Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдауды қамтамасыз ететiн тасымалдаушы жүргізушілердің еңбек және демалысын ұйымдастыру қағидасының талаптарына сәйкес, сондай-ақ тахографтарды және мынадай жағдайларды ескере отырып:

ұзақтығы 12 сағатқа дейiн маршруттар бойынша бiр жүргiзушiмен, 12 сағаттан астам екi жүргiзушiмен;

ұзақтығы 16 сағаттан артық маршруттар бойынша жүргiзушiлердiң және жолаушылардың кем дегенде 8 сағат толыққанды демалу үшiн (қонақ үйлерде, кемпингiлерде және т.б.) жағдайларды қамтамасыз етудi ескере отырып ұйымдастырады.

11. Балаларды автомобиль көлiгiмен тасымалдау (экскурсиялық және туристiктен басқа) жолда 4 сағаттан артық болған кезiнде және балаларды жеткiзудi басқа көліктермен ұйымдастыру мүмкiн болмаған жағдайда жүзеге асырылады.

12. Тапсырыс берушiнiң талабы бойынша қала маңындағы аймаққа немесе қалааралық қатынаста балалардың бiр жолғы тасымалдауын жүзеге асыратын тасымалдаушы техникалық жай-күйiн кезектен тыс тексеру үшiн жол полициясы бөлiмшелерiне автобусты жол жүру қарсаңында көрсетедi.


3. Автокөлiк құралдарына қойылатын талаптар
13. Балаларды тасымалдауға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық байқаудан өткен көлiк құралдары жiберiледi. Бұл ретте автобустардың конструкциясы мен техникалық жағдайы тиiстi стандарттардың

талаптарына сай болуы қажет.

Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiктерiнiң болуы және мыналармен жабдықталуы тиіс:

1) автобустың алдында және артында орнатылуы тиiс «Балаларды тасымалдау» деген төрт бұрыш айыратын белгiмен;

2) сары түстi жылтыр шағын маягымен;

3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын оңай алынатын өрт сөндiргiштермен (бiреуi - жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);

4) екi алғашқы көмек дәрi қобдишаларымен (автомобильдi);

5) екi жылжуға қарсы тiректермен;

6) авариялық тоқтау белгiсiмен;

7) колоннада жол жүргенде – автобустың алдыңғы терезесiнде қозғалыс бағытымен оң жағында орнатылатын, автобустың колоннадағы орны көрсетiлген ақпараттық тақтайшамен;

8) санитариялық паспортымен.

14. Балаларды тасымалдауға пайдаланатын автобустарда мыналар болуы қажет:

ешқандай кедергiсiз ашылып, жабылатын жолаушылар салонының есiктерi мен авариялық люктер. Есiктерде өткiр немесе олардың бетiнен алыс тұрған шығыңқы жерлер болмауы тиiс;

жабық жай-күйде жүргiзушiнiң кабинасы мен жолаушы салонына атмосфералық жауын-шашынның түсуiн толық болдырмайтын төбе, авариялық люктер және терезелер;

берiк бекiтiлген тұтқалар және отырғыштар;

жолаушыларға арналған креслолардың отырғыштары мен арқалықтарының таза және жыртықсыз тыстары;

тегiс, шығыңқы жерлерi немесе бекiтiлмеген бөлшектерi жоқ баспалдақтары мен салонның еденi.

салон еденiнiң жамылғысы жыртықсыз бүтін материалдан жасалуы тиiс;

шаңнан, кiрден, бояудан және олар арқылы көрудi төмендететiн өзге де заттардан тазартылған терезелердiң мөлдiр шынылары. Терезе ойығы ақпараттық немесе жарнамалық материалдармен 30 %-дан артық жабуға жол берілмейді;

жылдың суық мезгiлiнде жылытылатын және ыстық мезгiлiнде желдетiлетiн, құрал-сайман және қосалқы бөлшектер үйіліп тасталмаған жолаушылар салоны.

15. Автобустар мен шағын автобустардың салондарын ылғалды жинау жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау кезiнде пайдаланылатын ауысымда кемiнде бiр рет және ластану шамасы бойынша жүргiзiледi.

16. Кузовты сыртқы жуу ауысым аяқталғаннан кейiн жүргізіледі.

17. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың алдында және артында «Балаларды тасымалдау» деген айырым белгiлерi мен сары түстi

жарқылдауық шамдар орнатылады.

Жазу шрифті биiктiгi кемiнде 120 миллиметр қара түспен ресімделеді және тiк төртбұрышты қоршамаға салынады.
4. Балаларды тасымалдау тәртiбi
18. Балаларды тасымалдау техникалық жағдайы автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасының талаптарына жауап беретін, кемiнде екi есiгi бар автобустармен жүзеге асырылады.

19. Оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушы жергiлiктi атқарушы органдармен және оқу орындарының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсiрудiң ұтымды орындарын белгiлейдi.

20. Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүрiс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi үлкен болуы тиiс. Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болуы және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiнен бөлек орналасуы тиiс.

21. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға тапсырыс беруші балаларды отырғызу және түсіру орындарының жай-күйін тұрақты түрде (айына кемінде бір рет) тексереді.

22. Егер балаларды тасымалдау тәуліктің қараңғы мезгілінде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиіс.

23. Күзгі-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кірден тазартылуы тиіс.

24. Балалардың топтарын 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейін автобустармен тасымалдау, сондай-ақ көрінім жеткіліксіз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр және басқалар) жол берілмейді. Тәулiктiң 22.00 сағатынан бастап 06.00 сағатына дейiн темiржол вокзалдарына және әуежайларға және олардан, сондай-ақ жақын арадағы демалыс орнына (қонатын жерге) дейiн жолда кiдiрiп қалған кезде балаларды тасымалдауға рұқсат етiледi.

Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тапсырыс берушiге дереу хабарлайды.

25. Автобустардың қозғалыс кестесiн тасымалдаушы мен тапсырыс берушi келiседi.

Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң пайда болуы, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiледі. Тасымалдаушы кестенiң өзгеруi туралы ол балаларды дер кезiнде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайтын тапсырыс берушіні хабарландырады.

26. Балаларды жаппай тасымалдауға және алыс жерлерге балаларды тасымалдауға дайындық кезiнде тасымалдаушы тапсырыс берушiмен бiрлесiп балалардың жиналу пунктiнде және келу пунктiнде автобустардың аялдауы үшiн алаңшалардың болуын, отырғызу алаңшаларының болуын тексередi. Отырғызу және түсiру орындары автобус тұрағынан кемiнде 30 метр қашықтықта орналасуы тиiс.

27. Тапсырыс берушi балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа балалармен оларды жеткiзу орнына дейiн алып жүретiн, тапсырыс берушi-ұйым қызметкерлерiнiң немесе ата-аналарының iшiнен жауаптыларды белгiлейдi (мектепке, өзге бiлiм беру ұйымдарына балаларды тұрақты тасымалдауды жүзеге асырған кезде жауапты ретiнде ерiп жүрушiлер үшiн арнайы нұсқама алған жоғары сынып оқушыларын (16 жас және одан жоғары) белгiлеуге жол берiледi).

28. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне мыналарға жол берілмейді:

1) сағатына 60 километр артық жылдамдықпен жүруге;

2) жүру маршрутын өзгертуге;

3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;

4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;

5) автомобиль легiнде жүру кезiнде алда жүрген автобусты басып озуға;

6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;

7) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.




ЖОБА

«2015 -2017 жылдарға арналған

Әйтеке би аудандық бюджеті туралы»

2014 жылғы 24 желтоқсандағы №195

аудандық мәслихатының шешіміне

өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 9, 106 бабтарына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «2015-2017 жылдарға арналған Әйтеке би аудандық бюджеті туралы» 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №195 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4160 тіркелген, 2015 жылғы 22, 29 қаңтардағы, 5 ақпандағы аудандық «Жаналық жаршысы» газетінің №4-5, №6, №7 сандарында жарияланған) аудандық мәслихатының шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) 1 тармақта:

1) тармақшасында:

кірістер

«3 891 575,0» саңдар «3 148 659,2» саңдарымен ауыстырылсын;

оның ішінде:

трансферттердің түсімдері бойынша

«3 144 775,0» саңдар «2 401 859,2» саңдарымен ауыстырылсын;

2) тармақшасында:

шығындар

«3 981 118,4» саңдар «3 238 202,6» саңдарымен ауыстырылсын;

2) 4 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

2015 жылға арналған аудандық бюджеттен облыстық бюджетке трансферттердің тұсімдері:

Жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу бойынша сынамалауды өткізу үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес орта білім беру ұйымдарында 10-11 сыныптар үшін білім беру процессін жүзеге асыруға - 11 553,0 мың теңге көзделсін»;

3) 7 тармағында:

2 абзац бөлігінде:

«17 157,0» саңдар «14 740,0» саңдарымен ауыстырылсын;

3 абзац бөлігінде:

«35 948,0» саңдар «33 773,0» саңдарымен ауыстырылсын;

4 абзац бөлігінде:

«360 507,0» саңдар «149 240,0» саңдарымен ауыстырылсын;

5 абзац бөлігінде:

«14 893,0» саңдар «0,0» саңдарымен ауыстырылсын;

6 абзац бөлігінде:

«300 961,0» саңдар «11 553,0» саңдарымен ауыстырылсын

және келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

агроөнеркәсіптік кешендердің жергілікті атқарушы органдардың қамтамасыз етуге – 2091,0 мың теңге;

азаматтық хал актілерін теркеу жұмыстарын жүргізу бөлімінің штаттық бірліктерін қамтамасыз етуге – 963,0 мың теңге;

4) 8 тармағында:

4 абзац бөлігінде:

«5 105,0» саңдар «6 342,2» саңдарымен ауыстырылсын;

5) Көрсетілген шешімінің 1 қосымшасы осы шешімдегі 1 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың

сессия төрағасы тұрақты комиссиясының төрайымы

Ж.Б Қамбаров С.Біртаева
ЖОБА

«2015 жылдың сәуір-маусым және

қазан-желтоқсан айларында 1988-1997

жылдары туған азаматтарды мерзімді

әскери қызметке шақыруды өткізуді

ұйымдастыру және қамтамасыз

ету туралы»

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы №561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №1011 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 наурыздағы №135 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығын іске асыру туралы» Қаулысына сәйкес Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қарулы Күштерді жасақтау үшін 2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырылудан босатылуға құқы жоқ азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

2.Шақыруды өткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.

3.Ұсынылсын:

1)«Әйтеке би аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік қазынашылық коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шаралар жүргізсін.

2)Әйтеке би аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын.

3)«Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген құзыреті шегінде шақыруға байланысты іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етсін.

4.Ауылдық округтерінің әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшылары шақырылушыларға шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

5.«Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Р.Балтемиров) аудан әкіміне 2015 жылдың 15 шілдесіне және 2016 жылдың 15 қаңтарына шақыру нәтижелері туралы ақпарат берсін.

6.Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Бөлековаға және «Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Р.Балтемировке жүктелсін.

7.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Аудан әкімі: А.Бердалин
ЖОБА

Аудандық мәслихатының

2014 жылғы 24 желтоқсандағы №195

«2015 -2017 жылдарға арналған

Әйтеке би аудандық бюджеті туралы»

шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 9, 106 бабтарына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №195 «2015 -2017 жылдарға арналған Әйтеке би аудандық бюджеті туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4160 тіркелген, 2015 жылғы 22, 29 қаңтардағы, 5 ақпандағы аудандық «Жаналық жаршысы» газетінің №4-5, №6, №7 сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) 1 тармақта:

1) тармақшасында:

кірістер

«4 051 051,0» саңдар «3 891 575,0» саңдарымен ауыстырылсын;

оның ішінде:

трансферттердің түсімдері бойынша

«3 304 251,0» саңдар «3 144 775,0» саңдарымен ауыстырылсын;

2) тармақшасында:

шығындар

«4 051 051,0» саңдар «3 981 118,4» саңдарымен ауыстырылсын;

5) тармақшасында:

бюджет тапшылығы (профицит)

«-39 478,0» саңдар «-129 021,4» саңдарымен ауыстырылсын;

6) тармақшасында:

бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

«39 478,0» саңдар «129 021,4» саңдарымен ауыстырылсын;

2) 10 тармағында:

2 абзац бөлігінде:

«58 448,0» саңдар «0» саңдарымен ауыстырылсын;

3 абзац бөлігінде:

«156 879,0» саңдар «92 994,0» саңдарымен ауыстырылсын;

3) 11 тармағында:

2 абзац бөлігінде:

«37 143,0» саңдар «0» саңдарымен ауыстырылсын;

4) көрсетілген шешімінің 1 қосымшасы осы шешімінің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың

сессия төрағасы хатшысы
Ж.Б Қамбаров А.Ермағамбет

Жоба

Әйтеке би ауданы аумағында

бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер,

пикеттер мен демонстрациялар өткізу

тәртібін қосымша реттеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10 бабына сәйкес Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Әйтеке би ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының Аудандық мәслихат

төрағасы хатшысы

Ж.Қамбаров А.Ермағамбет
2015 жылғы 11 наурыздағы №222

Әйтеке би аудандық мәслихатының

шешіміне қосымша

Әйтеке би ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары









Елді мекендердің атаулары


Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары



1



Комсомол ауылы


«Комсомол» ЖШС кеңсесінің алдындағы алан
Темірбек Жүргенов көшесі

2



Қарабұтақ ауылы


Қарабұтақ ауылының орталық стадионы




ЖОБА

Әйтеке би ауданы әкімінің 2013 жылғы

19 ақпандағы №01 «Әйтеке би ауданы

бойынша сайлау учаскелерін құру туралы»

шешіміне өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына сәйкес Әйтеке би ауданы әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Әйтеке би ауданы әкімінің 2013 жылғы 19 ақпандағы №01 «Әйтеке би ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3537 тіркелген, 2013 жылғы 22 ақпанда «Жаңалық жаршысы» газетінде жарияланған) шешіміне мындай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген актінің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Аудан әкімі А.Бердалин



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет