Жоғары және орта мектептегі физикалық білімнің әдістемелік негіздері пәні бойынша ДӘріс тезистері


Қазіргі уақытта жаңа кестелер шығарылмайды. Оларды кестелер мазмұнын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін басқа құралдар алмастыруда



бет7/41
Дата17.03.2022
өлшемі1.59 Mb.
#456384
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
Фоә

Қазіргі уақытта жаңа кестелер шығарылмайды. Оларды кестелер мазмұнын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін басқа құралдар алмастыруда.

Физика мұғалімдерінің іс-тәжірибесіне өз сабақтары үшін қолдан жасалған плакаттар қолданысқа енді, олардың бағасы өте жоғары. Олар сабақтың мазмұнын арттырады, сабақтың көркін кіргізеді.

Плакаттардан басқа физика кабинетінде әртүрлі моделдер бар, бұл моделдердің бір бөлігі – заводта жасалған, бір бөлігі – қолдан жасалған моделдер. Моделдер сәйкес приборлармен қондырғыларды меңгеру кезінде көрнекілік функциясын арттыру ролін атқарады.

Моделдер статикалық (кристалл тор) және динамикалық, немесе кинематикалық (броундық қозғалыс моделі, бу турбиналары және т.б.). Оқушыларға моделдерді дайындау бойынша тапсырмаларды берген пайдалы.


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:


1.Оқытудың техникалық құралдары деген не?
2.Оқытудың техникалық құралдары қандай түрлерге жіктеледі?
3.Оқытудың техникалық құралдары не үшін қолданылады?
4.Дыбыстық құралдарға қандай құралдар жатады?
5.Экрандық құралдар қандай құралдар?
6.Аудиовизуальды құралдар қандай құралдар?

1

№ 4
дәріс

Тақырыбы: Демонстрациялық эксперимент, оның мәні және оған қойылатын әдістемелік талаптар.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

1. Физикалық оқу эксперименті, оның міндеттері және жүйесі.

2. Демонстрациялық эксперименттің әдістемесі және оған қойылатын талаптар.


3. Сыныптан тыс тәжірибелер және бақылаулар.

Дәрістің қысқаша мазмұны:


1.Физикалық оқу эксперименті, оның міндеттері және жүйесі
Арнаулы құралдардың жәрдемімен физикалық процестерді демонстрациялап көрсету және оқушылардың өздерінің істеп, зерттеп, бақылауы физикалық оқу эксперименті деп аталады. Физикалық оқу эксперименті физиканы оқытудағы ең негізгі көрнекі құрал болып табылады. Өйткені оны пайдаланудың нәтижесінде физикалық ұғымдар (жылдамдық, үдеу, өріс, жарық дисперсиясы және т.б.) қалыптастырылады, құбылыстар арасындағы өзара байланыстар (күш пен масса, ток күші мен кедергі, жылудың механикалық эквиваленті) тағайындалады, физикалық заңдар (Ньютон, Ом заңдары және т.б.) тексеріледі.
Демонстрациялық эксперимент немесе тәжірибелер сабақ үстінде көрсетіледі. Демонстрациялық экспериментті көрсеткенде оқушылар пассивті түрде бақылаушы ролін атқарады. Лабораториялық экспериментте оқушылар өздері белсене қатынасады, физикалық құбылыстарды өздері қолымен істеп көріп, өлшеулер жүргізеді, физикалық шамалар мен тұрақтыларды тағайындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет