«ЖОҒары мектеп педагогикасы» ПӘнінен дәріс кредит саны 3 курс -1



бет6/24
Дата08.04.2024
өлшемі94.38 Kb.
#497999
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
ЖМП лекция

Бақылау сұрақтары:

  1. Мaгистрaнттaрғa педaгогикaны оқу не үшін қaжет, бірнеше дәлелдер ұсыныңыз. «Педaгогикa» және «Жоғaры мектеп педaгогикaсы» дегеніміз не?

  2. Жоғaры мектеп педaгогикaсының пәні және міндеттері не?

  3. Педaгогикa қaй ғылым сaлaлaрымен тығыз бaйлaнысты? Осы бaйлaныстaрды сипaттaңыз.

  4. Жоғaры мектеп педaгогикaсының негізгі кaтегориялaрын aтaп өтіңіз.

  5. «Оқыту – тәрбие – білім беру», «Педaгогикaлық жүйе – педaгогикaлық үдеріс» өзaрa қaлaй бaйлaнысты?



Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. С.Д.Смирнов Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности. М., 2009.

  2. Мынбаева А.И. Основы педагогики высшей школы. А, 2008, -156.

  3. Иманбекова Б. Қазақстандағы педагогикалық ойлар мен білім беру тарихы. А: Қазақ университеті, 2010. -158.

  4. Дүйсембінова, Р. Қ. Кәсіби педагогика. Оқулық / Р. Қ. Дүйсембінова ; ҚР Білім және Ғылым мин-гі. - Алматы, 2012. - 348 б.

  5. Сорокопуд, Ю. В.Педагогикавысшейшколы. Учебное пособие / Ю. В. Сорокопуд. - Ростов н/Д: Феникс, 2011. - 541 с.

  6. Громкова, М. Т.Педагогикавысшейшколы.Учебное пособие / М. Т. Громкова. - М. : ЮНИТИ-ДАНА, 2012. - 447 с.

3-дәріс. Қазақстандағы жоғары кәсіби білім беру жүйесі


Дәрістің мақсаты: Қазақстандағы жоғары кәсіби білім беру жүйесін сипаттау.
2. Негізгі мәселелер:
1. Педагогика ғылымының мәні.
2. Қазақстандағы жоғары кәсіби білім беру жүйесін сипаттау .
Қазақстанның білім беру жүйесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру, орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру деңгейлерінен тұрады. Соның ішінде жоғары білім беру. Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу-орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысты, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады. Жоғары білім берудің мақсаты - қоғамның, мемлекеттің және тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру.
Міндеттері:

  1. іргелі білімді кеңінен меңгерген, бастамашыл, еңбек рыногы мен технологиялардың ауысып тұратын талаптарына бейімделген, командада жұмыс істей білетін жаңа тұрпатты маман даярлау;

  2. білім беру процесін демократияландыру арқылы жоғары білім берудің барлық жүйесінің сапалы білім беру қызметін ұсынуға деген уәждемелерін күшейту;

  3. жоғары оқу орындарын халықаралық аккредиттеуден өтуге дайындау. Бетке ұстар жоғары оқу орындары дамытуға объективті жағдайлар жасау;

  4. жоғары оқу орындарын басқарудың жаңа принциптері мен практикасын қалыптастыру, стратегиялық жоспарлау жүйесін енгізу;

  5. студенттердің сапалы білім алуға деген құқықтарын нығайту, жоғары оқу орын басшыларының сапалы білім беру қызметін ұсыну жауапкершілігін анықтайтын тетіктерді әзірлей және енгізу.

Қазіргі таңдағы оқытудың бағыттары:
Оқытудың барлық қазіргі таңдағы бағыттары кейбір жалпы тұжырымдар тұрғысынан қарастырылуы мүмкін. Оқытушы мен оқушы арасындағы өзара әрекеттің жанамалылылығы (тікелейлігі) негізінде контактты және дистанционды оқыту формалары бөлінуі мүмкін. Контактты оқытуға барлық дәстүрлі оқыту бағыттар, ал екіншісіне - қазіргі таңда дамып келе жатқан, техникалық құралдар арқылы өзара әрекет етуге көмектесетін, қашықтықтағы оқыту формасы жатады. Сананың принципі негізінде интуитивті білім жинақтану (60ж. болған Г.К.Лозановтың суггестопедиялық бағыты жатады) және саналы оқыту бөлінеді. Саналылық принципі негізіндегі оқыту теорияларын қарастырғанда,оқыту процесінде оқушылардың ұғыну объектісі не болады деген сұраққа жауап маңызды болады. Егер тек ережелер, құралдар ұғынылса, ол Н.Ф.Талызина бойынша, «догмалық» дәстүрлі оқыту болып келеді.ал егер әрекеттердің өздері ұғынылатын болса, онда ол ақыл-ой әрекетінің қалыптасу теориясы (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина). Егер ол программанығ әрекеттер алгоритмін ұғынса, онда ол программаланған оқыту, алгоритмдік теория (Н.Ф.Талызина, Л.Н.Панда). Егер ол мәселені, міндетті ұғыну болса, онда ол мәселелік оқыту (В.Оконь,М.М.Матюшкин,И.Я.Лернер) болып табылады. Білім беру процесте басқарушылықтың бар болуы негізінде оқыту басқаруға негізделмеген (мысалы, дәстүрлі оқыту) және білім алудың негізгімеханизмі ретінде басқаруды талап ететін оқыту.(ақыл-ой әрекетінің сатылап қалыптасу теориясы, алгоритмдік оқыту). Білім беру мен мәдениеттің байланыстылығы негізінде мәдениет образының білімге проецияланған оқыту мен студенттердің проектті іс-әрекетін қалыптастыру (проектілі оқыту теориясы) және пәндік принципке негізделген(дәстүрлі оқыту) оқыту формасы. Оқытудың болашақ іс-әрекетпен байланыстылығына негізделген «белгілік- контексті», немесе «контесті» оқыту (А.А.Вербицкий) және контексттік емес типтегі дәстүрлі оқыту. Оқытуды ұйымдастыру әдісі негізінде оқытудың белсенді формалары және дәстүрлі (ақпараттық, коммуникативті) оқыту. Жоғарыда көрсетілген негіздемелерге сәйкес дәстурлі оқыту контактты (дистантты болуы мүмкін), ұғыну принципіне негізделген коммуникативті (пәннің өзін ұғыну), пәндік принципкенегізделген әдейі басқарылмайтын, контекстті емес ( жоғары оқу жүйесінде оқу процесінде болашақ профессионалды іс-әрекеттің моделін жасамай-ақ). Н.Ф.Талызинаның дәстүрлі оқытуды ақпараттық- коммуникациялық, догмалық, пассивті деп анықтау жоғарыда айтылған барлық сипаттамаларды бейнелейді. Бұл «жақсы-жаман» бағалық анықтама емес, бұл – жай хабарлаушы анықтама. М.К.Кабардова зерттеулері көрсеткендей интеллектуалды әрекеттік анализдік типімен сипатталатын адамдар – «ойлаушылар», белсенді ойындық формаларға қарағанда дәстүрлі формадағы шетел тілін меңгеруге қабілеттері болады. Білім беру саласында дәстүрлі оқыту формаларына қоса, жоғарыда айтылып өткен негіздемелер бойынша басқа да бағыттар қалыптасты: мәлелелік оқыту, программаланған оқыту, ақыл-ой әрекетінің сатылап қалыптасу теориясы негізінде оқыту (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина), алгоритмдік оқыту (Л.Н.Ланда), белгі-контекстті тип бойынша дамытушы оқыту ( А.А.Вербицкий), проектілі оқыту. В.Оконь айтқандай, қазіргі уақытта оқыту түрлі бағыттарды қосатын көпқырлы процесс
Құрылым дегеніміз - жүйе ішіндегі элементтердің орналастырылуы. Жүйе құрылымын қабылданған критерийлар бойынша бөлінген элементтер (компоненттер), сонымен қатар олардың арасындағы байланыстар жатады. Педагогикалық жүйелер арасындағы байланыстар басқа динамикалық жүйелердегі компоненттер арасындағы байланыстарға ұқсамайды. Педагогтың мақсатқа бағытталған әрекеті еңбектің едәуір бөлігі бар органикалық бірлікте жатыр. Объект – сол субъект. Үрдіс нәтижесі қабылданған технологияға, педагог және оқушының өзара әрекеттесуіне байланысты.Педагогикалық процесті жүйе ретінде талдау үшін талдау критерийлерін бекіту керек. Мұндай критерия ретінде процестің едәуір көрсеткіші немесе жеткен нәтижелердің шамалары бола алады. Оның жүйені зерттеу мақсаттарына жауап бере алатындағы маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет