«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы» «Философия» кафедрасы



Дата22.06.2016
өлшемі253.87 Kb.
#153610


Ф.7.22-17
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы»
«Философия» кафедрасы


«Бекітемін»

ҒЖ ж ХҚ жөніндегі проректор

____________Бахов Ж.К.

«____»______________2011 ж.
6М020100-«Философия»

мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның БАҒДАРЛАМАСЫ

Шымкент, 2011 ж.

Қабылдау емтиханының бағдарламасы 050201-«Философия» бакалавриат пәнінің типтік бағдарламасы негізінде құрылған.


Қабылдау емтиханының бағдарламасы «Философия» кафедрасының мәжілісінде талқыланған.

№ 10 хаттама, 23 сәуір 2011ж.

Кафедраның меңгерушісі ____________ ф.ғ.д., профессор Мусаева Н.Р.

Қабылдау емтиханының бағдарламасы «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің әдістемелік комиссиясымен мақұлданған.

№10 хаттама, 30 сәуір 2011 ж.

Төрайымы _______________________Ким Э.П.


Қабылдау емтиханының бағдарламасы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығымен келісілген.

ЖООКББО бастығы ________________________Изтаев Ж.



Кіріспе
Философияның басқа пәндер арасындағы орны оның предметі мен атқаратын қызметтері арқылы айқындалады. Ол, бір жағынан, басқа пәндердің дүниетанымдық және методологиялық маңызы бар нәтижелерін жалпылайды, екінші жағынан, олар үшін дүниетанымдық және методологиялық негіздемелер қорытыңдылайды, сөйтіп арнайыланған ғылыми білімнің салаларына қойылатын міндеттерді шешудің негізгі стратегияларын және соларға қол жеткізудің тәсілдерін анықтауға, рационалды түрде ой елегінен өткізуге көмектеседі. Ең ақыры, философия, өмірлік-практикалық тәжірибенің, дүниені танымдық және құндылықтық игерудің неше түрлі формаларына сүйене отырып, өз ұғымдары мен принциптерінде өнегелік, діни, көркемдік, саяси, құқықтық, ғылыми-техникалық сана тудыратын дүниетанымдық идеяларды тасымалдайды (трансформациялайды). Философия, практикалық білімнің көп түрлі жүйелерін синтездей отырып, дүниенің ғылыми суретін қалыитастыруға қатынасады, іс-әрекеттін барлық формаларын интеграциялауды іске асырады, мәдени-тарихи дәуірдің өзіндік санасы ретінде көрінеді. Мәдени-тарихи дәуірдің өзіндік санасы бола отырып, философия қазіргі рухани ахуалда постиндустриалдық, техногендік өркениет салаларына деген жауапкершілік сананы жасақтауға ат салысады. Философия әртүрлі мәдени-рухани позициялардың өзара әрекеттесу процесінде келісімдік, консенсустік стратегияны жасауға үлес қосады. Ол қоғамдық жүйенің тұрақты да орнықты формасының мәдени үлгісін, ұлттық қауіпсіздікке және мәдени бірегейліктің таңдап алынған үлгілеріне қатер төндіретін деструктивтік әрекеттерге қарсы тұрудың стратегиясын жасақтауға қатынасады.
1.«Философия» пәні және олардың негізгі бөлімдері
Философия мәдениет феномені

Философия мәнін түсіндірмелеудің негізгі типтері. Дүниеге қатынас және дүниетаным ұғымдары. Дүниетаным және дүниенің жалпы мәденилік суреті. Философия пайда болуының тарихи-әлеуметтік детерминанттары. Мәдениет дүниесіндегі философияның қатынасы мен тағайыны. Философия және мифология. Философия және дін. Философия және өнер. Философия және ғылым. Философия және саясат.

Мәдени-тарихи контекстегі философия

Философия және философ. Мағынаға және еркіндікке толысқан адамның өмірлік стратегиясьш қалыптастырудағы рухты көтеретін ақиқаттар мен идеалдардың маңыздылығы. Философия қатаң рационалдықтың идеалы ретінде.

Философиялық бағыттар мен жүйелерlің көп түрлілігі. Философияның мәдени-тарихи сипаты. Философия формаларының этномәдени ерекшеліктері.
МӘДЕНИЕТ КОНТЕКСТІНДЕГІ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙ КЕШУДІҢ ТАРИХИ ТИПТЕРІ

Үнділік философия қарсаңындағы (Ведалар дәстүрі) негізгі дүниетанымдық идеялар. Упанишадалардағы дүниетанымдық ізденістер дүниеден аскеттік қашқақтаудың формасы ретінде. Қайта түрленудің мәңгілік циклынан құрылудың жолдарына деген ізденістер.

Шығыс ойының өзіндік ерекшелігі. Ойлаудың кармалық стилі философияның моральдық және метафизикалық өлшемінің формасы ретінде. Карма, реинкариация және касталар жүйесі туралы ілім Үнді философиясының негіздемесі ретінде.

Буддизм Упанишадаларды сыни қайта түсіну ретінде. Буддизмнің іргелі идеялары. Күш қолданбаудың буддистік стратегиясы, оның Шығыс адамының тарихи тағдырына әсері.

Дүние-әлемнің даостық суретіндегі адамның орны. Өмірді сактау мен нығайтудың даостық тәсілі. Әділдік принципінің Космостық сипаты. Өлместікке жетудің даостық практикасы.

Моизмнің іргелі идеялары: жалпы махаббат, табыстылық, өзара пайда. Моизм прагматикалық мақсаттылықтың философиясы хақында және оның қытайлық адам мәдени стратегиясының практикалық бағыттылығының қалыптасуына әсері.

Легизм «соғысушы мемлекеттер» дәуіріндегі саяси-әлеуметтік стратегиялар философиясы ретінде. Легизмнің іргелі құндылықтары қоғамдағы тәртіп, заңдар және жарлықтар. Легизм қытайлық қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығының моделін іздеу идеологиясы хақында. Философиялық ілімдердің Қытай халқының мәдени өміріне әсері.

Платон философиясы табнғат пен қоғам үстінен Зерде басымдылығын орнықтыруды іздестіру формасы хақында.

Зерделі өмірге қол жеткізу үшін білім мәселесінің мәртебелілік және маңыздылығы. Білім алу жолдары мен құзырлылықтың мәселелену Этикалық құзырлылықтың қалыптасуы және оның зерделі іс-әрекетте туралы білімдер жинақтаудағы рөлі. Логика салиқалы ойлаудың органон ретінде. Өркениетті адам табиғатын айқара ашудың формасы ретінде. Қоғамдағы өмір Зерде мүмкіндіктерін шығармашылықпен іске асырудың шарты ретінде. Қоғамдағы зерделі өмір ретіндегі «полития» - адам қоғамдастықтың мақсаты.

Жеке бас бақытын қамсыздандыру жайлы философиялық ізденістер. Эпикуреизм - жеке бастың игілікті болуының философиясы ретінде. Гедонизмге қол жеткізу жолдарының рационализациялануы. Стоицизм жеке бас бақьггына қол жеткізудің философиясы ретінде. Киниктер немесе өмірдің табиғи салтын іздестіру философиясы. Римдік стоицизм аскеза мен саяси борыш аралығындағы қызу ізденістің рухани жолы ретінде. Табиғи құқық идеясы жалпы құқықтық тәртіп орнықтырудың негізі ретінде. Рим мемлекеттік және құқықтық өмірді ұйымдастыруға құқықтың стоицистік тұғырнамасының әсері.

Антикалық философияның адамның дүниеге рационалдық қатынасының, оның табиғат пен әлеуметтік дүниеге рационалды үстемдігі стратегиясының қалыптасуына әсері. Антикалық философияның дүниетанымдық бағдарларының адамның мәдени және саяси-әлеуметтік активнзмінің қалыптасуына әсері.
ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ МӘДЕНИЕТТЕГІ ФИЛОСОФИЯ ФЕНОМЕНІ

Негізгі қайнар көздері. Ортағасырлық мәдениеттегі христиандық дін феномені. Христиандық дүниетанымның көкжиегі. Христиандық діннің негізгі рухани құндылықтары. «Өмірлік философиядан» түңілу және антикалық рвдионалды бағдарланған философияның теоретикалық мәселдемелеріне деген құштарлығының ғайып болуы. Жер бетіндегі өмір тарихтың драмалылағы ретінде. Қайғы-қасірет және әділсіздік үшін әділ марапатталу туралы ілім. Екі мәдениет кездесуі: христианшылдық және гректік пен эллинистік философиялар.

Дүниетанымдық ізденістердің орталық тақырыптары. Ортағасырлық адамның мәдени таңдауының басты стратегияларын қалыптастырудағы А.Августиннің ролі. Батысеуропалық ортағасырлық философиялық ойға арабтық-мұсылмандық философияның әсері. Христианшылдық пен аристотелизмнің синтезі. Схоластика феномені. Схоластика кезеңіндегі философия. Схоластикалық ойлаудың өзіндік ерекшелігі. Томизм римдік католикалық шіркеудің философиясы хақында. Томизмнің іргелі идеялары. Философия және теология. Сенім мен білімнің арақатынасы мәселесі. Схоластика фнлософиясы. Томизм схоластикалық даналықтың жоғары формасы

хақында.

Исламдық мәдениет және философияның негізгі бағыттарының қалыптасуы. Мәдениеттің исламдық дүниесіндегі рационалистік дәстүрлі «Фәлсәфәнің» іргелі идеялары мен принциптері. Араб тілдес перипатетизмнің энциклопедизмі, универсализмі: Әл-Кинди, Әл-Фараби Ибн Сина, Ибн Рушд. Ең маңызды дүниетанымдық сауалдарды жасақтаудағы рационалдық дәстүр ғұламаларының үлесі.

«Құрандағы» білім тұғырнамасы. «Құран» және рационалдық құдайлық ілім. Дүниенің исламдық моделі. Адам орны және оның өмірді құрудағы негізгі максималары.

Түрік тілдес философияның қалыптасуы. Жүсіп Баласағұн философиясы. Құттылықты білім. Этика, саясат мәселелері. А.Иүгінекидің философиялық ізденістері. Махмұт Қашғаридың философиялық ізденістері. Қожа Ахмет Иассауидің суфийлік ілімінің түп-негізгі идеялары мен принциптері. Шығыс пен Батыс елдерінің рухани мәдениетіне суфизмнің әсері.

Ортағасырлық мәдениет пен ойдың мәдени-әлеуметтік трансформациялары. Ренессанстық дүниетанымның антропоцентризмі. Табиғат пен адамның жаңаша түсінігі. Антикалық және эзотерикалық ілімдердің (неоплатонизмнің, герметизмнің, каббаланың, мистицизмнің) қайта түрлеу және олардың Қайта Өрлеу философиясына әсері. Қайта Өрлеу философиясы және жаңа ренессанстық ойлаудың қалыптасуы. Дүниетанымдық сауалдар және Қайта Өрлеу Дәуірі ойшылдарының философиялық ізденістері. Философиялық ой-желістердің негізгі тақырыптары мен мәселелері.

Сенім феномені. Сенім адамдарды ақтау тәсілі ретінде. Зерде және сенім. Лютерлік теологияның волюнтаристік сипаты. Лютердің пессимистік антропологиясы.

Н.Макиавеллидің саяси философиясы және оның «күшті мемлекет» моделінің қалыптасуындағы маңызы. Философия және әлеуметтік утопия. Идеалдық мемлекет моделінің қалыптасуындағы Зерденің рөлі.

Эпистемологиялық идеалдың қалыптасуы. Жаңа рационалдықтың қалыптасуы. Ғылым философиялық рефлексиялар «предметі» ретінде. Батыс адамының дүниені рационалдық игерудің перспективаларын айқындауы. 18 ғ. екінші жартысы мен 19 ғ. бірінші жартысындагы неміс мәдениетінің ерекшелігі. Философиядағы «Коперникандық төңкеріс».

Канттық трансценденталдық философия таным теориясы ретінде. Канттың пайым мен зерде туралы ілімі. Кант диалектика туралы. Моральдық еріктің Канттық этикасы борыш этикасы ретінде. Категориялық императив шешім қабылдау үшін идеалды стандарт және азаматтық қоғам негіздемесі ретінде. Канттың құқық философиясы жанжалдарды әділ реттеудің тұғырнамасы ретінде. Адам құқықтары туралы мәселе жайындағы философиялық рефлексия.

Ағартушылық және Романтизм идеяларының Гегельдің философиялық ілімінің қалыптасуына әсері. Диалектикалық ойлау тұғырнамасы қалыптасуының қайнарында. Диалектикалық ойлаудың категориялық сипаты. Гегельдің диалектика туралы ілімі. Диалектиканың негізгі категориялары. Диалектиканың принциптері. Даму ұғымы. Диалектикалық дамудың заңдары. Диалектика таным әдісі хақында. Құл мен әміршінің диалектикасы өзіндік даму тарихи процесін түсіну формасы ретінде. Гегельдің құқық философиясы. Гегельдің саясат философиясы.

Л.Фейербахтың антропологиялық ілімі. Діни жатсыну феномені. Л.Фейербахтың христиан дінін сынауы. Л.Фейербахтың махаббат тұғырнамасы.

XIX ғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философия XIX ғ. екінші жартысының мәденитіндегі дәуірлік оқиғалар. Рационализм және оптимизм, шексіз прогресске деген сенім. Индустриалдық коғам және оның негізгі доминанттары. Техникалық прогрессі иидустриалдық қоғамның басты құндылықтары ретінде. XIX ғ. - ғылымның «Алтын ғасыры».

Саяси-әлеуметтік философияның қалыптасуы. К. Маркстың предметтік іс-әрекет туралы ілімі. Адамның әлеуметтік тұғырнамасы. Жатсыну және оны жеңу туралы ілім.

Әлеуметтік-гуманитарлық білімге деген құштарлықтың артуы. Позитивизмнің туындауы. О.Кант позитивтікі социологияның әкесі ретінде. Философия және сциентизм. Эмпириоқритицизм мен махизм позитивизмнін жалғастырушылары ретінде. Ғылыми зерттеу әдіснамасына деген құштарлық. Неокантианство және оның ғылыми-зерттеу әдісі мәселесін жасақтауы. Адамның жаңа өлшемі: «адам рәміздік жануар ретінде».

Еуропалық нигилизмі Христианшылдық пен метафизиканы сынау. Батысеуропалық философияның Батыс адамының ғылыми-техникалық қызметте белсенді өзгерістерді дамытудағы эпистемологиялық сенімділігін қалыптастыруға әсері. Батыстық адамның ғылыми рационалдығының белсенділенуіне кедергі келтіретін потенциалдық мүмкіндіктер мен себептерді анықтау.

Орыс философиясының мәдени-әлеуметтік контексті мен идеялық алғы-шарттары. «Мәскеу - үшінші әлем» идеологемасы және оның ресейлік қоғамдық санаға әсері. Славянофиндер философиясы. Сенім адам білімінің шеткері шегі ретінде. Ерік, махаббат, сосорлық ұғымдары және олардың Ресей діни философиясы дамуына әсері. Славянофилдер идеялары және олардың орыс тарихының, мәдениетінін, ұлттық өзіндік санасының өзгешелігі моделінің қалыптасуына, орыс өмірінің өзіндік болмысын насихаттауға әсері. Орыс дін философиясының орыс адамының рухани бағдарларына әсері. Орыс философиясының орыс адамының мәдени және әлеуметтік бірдейлікті іздестіруіне және табуына деген дүниетанымдық бағдарлары.
Қазақ мәдениетіндегі философия феномені

Номадтық мәдениеттің синкретизмі. Қазақтың халықтық шығармашылығындағы дүниетанымдық ізденістер. Жыраулар шығармашылығындағы философиялық сарындар.

ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ. Қазақ хандығы қайраткерлерінің саяси-құқықтық көзқарастарындағы әлеуметтік-философиялық сарындар. «Жеті Жарғының» философиялық контексті. Космолотиялық және антропософиялық ілімдер (Доспамбет, Дулати).

ІІІ.Уәлиханов пен Ы.Алтынсариннің философиялық идеяларының антропоцентризмі мен гуманнзмі.

Абай Құнанбаев адам мен Құдайдың, сенім мен білімнің арақатынасы, адам өмір сүруінің мағынасы туралы. Дін философиясы. Таңдау еркіндігі мәселесі. Абайдың адамгершілік философиясы.

XIX ғ. аяғы мен XXғ. алғашқы жартысындағы қазақ ұлттық зиялы қауымының (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, М.Шоқай, Ж.Ақпаев және т.б.) еңбектеріндегі философиялық тақырыптама. XX ғ. Қазақ зиялы қауымы шығармашылығындағы рационалистік идеялар. Марксизмге деген қарым-қатынас.

XX ғ. кеңестік мәдениет контекстіндегі маркстік философия және поспкеңестік философия

Маркстік ілімнің эволюциясы. Идеология саласындағы большевиктік партия мен кеңестік мемлекеттің саясаты. Маркстік философияның дөрекіленуі және қасаң қағидаға айналуы. И.Сталин еңбектерінің канонизациялануы. Қасаң қағидаланған марксизмнің қалыптасуы.

Кеңестік маркстік философияның коммунистік идеология, кенестік патриотизм мен ұжымшылдықтың кқлыптасуына, кеңестік өмір салтының басымдылығы моделінің нығаюына, кеңес халқының бірлігінің артуына, патриотизміне, кеңестік қоғамның халықтары арасындағы интернационалдық байланыстардың нығаюына әсері.

ТМД елдеріндегі посткеңестік философияның жалпы сипаты. Кеңестік идеология «тиым салған» мұраға бет бұру. Ұлттық мемлекеттер ерекшелігі мен даму жолдарын философиялық ой елегінен өткізу. Глобалдық мәселелерді философиялық ойластыру.

Еуропалық елдер дамуындағы өркениеттік табыстар мен кемшіліктерді сыни қайта ойластыу. Батысеуропалық халықтардың мәдени және философиялық мұрасын, XX батыстық мәдениетінің құндылықтары мен дүниетанымдық негіздемелер сыни қайта ойластыру. Батыс әлеміндегі өркениеттік даму мен мәдени трансформациялардың жолдарын философиялық іздестіру.

Э.Гуссерль еуропалық ғылымның, философияның және мәдениет дағдарысы туралы. М.Хайдеггер және батыстық әлемдегі адам өмір сүруінің трагизмі мен драматизмін қайта ойластырудың сыни тәжірибесі.

М.Хайдеггер және еуропалық нигилизмді талдау. XX экзистенциалистерінің философиялық ізденістері. А.Камю және әлеуметтік жатсыну жағдайындағы адамның сандырақ өмір сүруі тақырыбы. Бүліктің сандырақтығы және батыстық адамның сандырақ героизмі. Ж.-П.Сартр шығармашылығындағы әлеуметтік бірдейліктің философиялық ізденістері. Шекаралық ахуал жағдайларындағы адам өмір сүруінің трагизмін философиялық талдау (К.Ясперс ).

«Өзді-өзділікті жоғалту» және бұқаралық мәдениет пен мәдени идустрияның әсерінен бір өлшемділікке ие болу. Бұқаралық қоғам және мәдени индустрия жағдайларындағы «бір өлшемділік» күйін философиялық талдау (Г. Маркузе). Франкфурт мектебі философиясындағы жатсыну феноменін философиялық талдау. Ғыльім мен техниканың мәселелері идеологиялық репрессияның құралдары ретінде. Идеологияның жаңа түсінігі.

Философия және ғылым мәдениет феномені ретінде. Аналитикалық философия. Сыни рационализм философиясы. Ғылым мен философия демаркациялануы мәселелері.

Структурализм философиясы. Постструктуралистердің философиялық ізденістері. Батыстық қоғамның генеалогиясы, социум мен адам өмірінің барлық салаларына биліктік қатынастардың еніп кетуінің матрицаларын екшеу. Билік пен білім контаминациясы мәселесі М. Фуко.

Постмодернизм философиясының қалыптасуы. Постмодернистік ойлаудың өзіндік ерекшелігі. Постмодернизм философиясы және батыстық мәдениет негздемелерін сыии талдау. Постмодернистік философияның позитивтік бағдарламасы.

ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Болмыс философиясы

Айқын және бейайқын онтология. Онтологияның негізгі типтері. Болмыс және болмыс-емес мәселесі. Оны шешудің негізгі тесілдері және ол сілтеген адам болмысының негізгі страгегиялары.

Адамның заттар дүниесіндегі болмысы. Адам болмысының заттар дүниесіне жинақталғандығы (М.Хайдеггер). Заттық" тәуелділік.

Болмыс-емес феномені. Адам болмысының әрдайым болмыс-емеске қарайлылығы. Адам өмір сүруінің таянышсыздығы. Өлімді қабыл алу адам стратегиясы хақында. Өлім феномені. Мәдениет пен философиялығы өлімге деген қатынас. Танатос идеясының тууы. Соғыс өлім алдыңдағы қорқынышқа «табынушылық» және өлімге келудің жасанды формасы ретінде. Өлімнің бейнелері мен архетиптерінің кешені. Өлімді рәміздеу. Неопсихоанализ өлім жөнінде. Трансперсоналдық психология өлім феномені жөнінде. Өлімнің діни түсіндірмесі: христианшылдық пен ислам өлім феномені туралы. Неге мұсылман өлімнен қорықпайды? Буддистік тантризм және өлімді қабылдаудың сатылары. Шығыс философиясы мен мәдениетіндегі өлімге деген қатынас. Өлместік феномені. Трансперсоналдық тәжірибе және өлімді жеңу. Йога мен даосизмнің тәжірибесі. Суфизм тәжірибесі.

Корқыныш феномені. Экзистенциализм қорқыныш туралы. Қорқыныш пен қалшыл. Қорқыныш құмарлық хақында. Футурталықсытпа.

Қасірет шегу феномені. Өмір қасірет шегу ретінде. Қасіреттің христиандық түсінігі. Қасірет шегу мен адам өмір сүруінің азаптылығы. Бақытсыздық өмір ережесі ретінде (А. Шопенгауэр). Жалғыздық терең экзистенциалдық күйзелу ретінде.



Философиялық антропология

Философиядағы адамның негізгі бейнелері. Микрокосм жене макрокосм. Антропоцентризм феномені. Тәнилік пен руханилықтың гармониясы. Тән мен рухтың антиномиясы. Өмір мен рух үйлесімін іздестіру формалары. Адам өмірінің бірегейлігі. Өмір құндылық және аса қымбат тарту есебінде. Өмір алдыңдағы игі көңіл-күй. Өмірдің мағынасы. Рахатқа бату бақыты адам өмірінің мән-мағынасы ретінде. Өмірдің адамгершіліктік мағынасы: дін мен философияның тәжірибесі. Бақыт феномені.

Еркіндік құндылық хақында. Адамның еркіндіктен қашқақтауы. Еркіндік және есерсоқтық. Еркіндік және анархия Еркіндік және өктемшілдік (авторитаризм). Еркіндік адамгершілікті императив ретінде. Жеке бас еркіндігі идеясы. Конформизм және конформдық мінез-құлық. Деспотизм.

Әлеуметтік философия

Қоғам феномені. Қоғам пайда болуы (генезисі). Антропосоциогенез. Қоғам өмірінің күрделіленуі. Саясат. Мемлекет. Қоғамдық келісім идеясы. Азаматтық қоғам. Биліктерді бөлісу идеясы. Мемлекет пен қоғамның ажырасуы. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Қоғам динамикасы. Қоғамның экономикалық негіздемелері. Әлеуметтік модернизм. Еңбек қажеттілік ретінде. Адам болмысын еңбекке телу (редукциялау). Еңбек қабілет ретінде. Өндірмелі және өндірімсіз еңбек. Әйел еңбегі. Еңбекті бөлісудің гендерлік аспектілері.

Экономикалық жатсыну феномені. Әлеуметтік жатсыну феномені. Ашық қоғам. Жабық қоғам. Бұқаралық қоғам. Индустриалдық және стиндустриалдық қоғам. Ақпараттық қоғам феномені. Қазақстандық қоғам дамуының жолдары перспективалары.

Мәдениет философиясы.

Мәдениет философиясының предметі. Мәдениет генезисі. Мәдениет және табиғат. Медениет және адам. Мәдениеттің негізгі салалары. Мәдениетті типологиялау мәселелері. Мәдениет және этнос. Мәдениет және тіл. Мультикультурализм. Жастар субмәдеииеті. Бұқаралық мәдениет феномендері.

Инвективаның мәні. «Көргенділік-көргенсіздік» оппозициясының шығу тегі. Көргенсіздіктің формалары. Бейнормативті лексика мәдени-әлеуметтік феномен ретінде. Эротикалық өнер және пориография: ұқсастығы және шығармашылығы.

Жаһандану жағдайындағы мәдениет. Экологиялық мәдениеттің қалыптасуы. Қазақстанда мәдениет дамуының күйі мен перспективалары: мәдени-философиялық аспектілер.

Махаббат терең экзистенциалдық күйзеліс ретінде. махаббат философиялық түсіну «предметі» ретінде. Эрос адам құмарлығы хақында. Әртүрлі мәдени дәуірлердегі махаббат бейнесі. Адам өмір сүруінің драмасы. Көне өркениеттер тылсымшықтары (мистериялары). Күнә және өкініс. Агапэ. Романтикалық және тени махаббат. Махаббаттың түрлі пішіндері. Діни экстаз және пенделік сезім. Құдайға деген махаббат. суфизмдегі Құдайға деген махаббат.

Ана махаббаты. Әке махаббаты. Аға-іні махаббаты. Еркек пен әйел махаббаты.



Дін философиясы

Дін философиясы және теология. Дүниеге діни қатынастың ерекшелігі. Діннің пайда болуының мәдени-әлеуметтік алғышарттары. Дін пайда болуының тұғырнамалары. Теистік және теистік-емес діндер. Азонимдік құдайшалар. Діннің адамгершіліктік мазмұны. Сенім және білім. Сенім және ырымшылдық. Атеизм мен дінге қарсы болушылық.

Діни сезім. Киелі нәрселер. Киелі іс-әрекет. Киелі кітаптар. Киелі адамдар. Киелі орындар. Киелі кеңістіктер мен сандар. Діндегі рәміздер рәміздері. Діндегі таңғажайып феномені. Жұмақ және тозақ.

Конфессиялар диалогы мәселелері және діни шыдамдылық. Діни фанатизм, фундаментализм және, экстремизм. Дін мен саясаттың байланысы: тарих және қазіргі заман. Діни саяси терроризм. Халықаралық діни-саяси терроризмнің қаупі: оны тойтарудың дүниетанымдық негіздемелерін іздестірулер.



Тарих философиясы

Тарих философиясының негізгі варианттары. Тарихи процесс мәселесі. Тарихты кезеңдеу мәселесі. Тарихтың объективтік заңдылығы идеясы. Адамзаттың табиғи прогресінің жалпы теориясы. Партикуляризм және универсализм. Тарихта прогресс мүмкін бе!? Тарихтық бірлігі идеясы. Белдеулік уақыт түғырнамасы. «Тарих толқындары». Циклдер және ырғақтар. Тарихтың соңы? Өркениеттер қақтығысы. Қазіргі әлемдегі ұлттық жолдың өзіндік болмысы мәселесі. Қазақстан тарихи дилемма алдыңда. Традиционализм мен модернизмнің синтезі мәселесі. Әмбебап-адами құндылықтар: шындық пен елес.



Саясат философиясы

Саяси философияның генезисі. Саяси билік. Биліктің метаморфозалары. Билік және моралі. Мақсат пен құрал мәселесі. Саясат пен экономиканың байланысы. Саясат және идеология. Құндылықтарды таңдау саясаты. Дәстүрлік, легалдық, харизматикалық типтер.

Саясат және әлеуметтік мифология. Миф саясат инструменті ретінде Бұқаралық ақпарат құралдары саясатта. Саясат және бұқаралық психолопи Бұқараның көтерілісі. Бұқараның құбыжық болып көрінуі. Тарихтың әумесерлердің, геройлардың бейнелері. Бұқараның стреотиптік ойлауы. Ұқсап бағу эффектісі. Бүлікшілдер мен психопаттар. Манипуляциялау феномені.

Либералдық демократия. Демократияны парадокстары. Демократия және адамның құқықтары. Тоталитаризм феномені. Тоталитаризм мәдени-өркениеттік феномен ретінде.

Соғыс феномені. Этатизм және энархизм. Саяси революция феномені. Саяси экстремизм. Саяси авантюризм. Геосаясат феномені. Геосаяси қауіпсіздік. Ұлттық қауіпсіздік.

Оқу-білім философиясы

Оқу-білім философиясы және педагогикалық теория. Оқу-білім мен тәрбиенің өзара байланысы. Ом білімнің институциялануы. Педагогикалық процестің құрылымы. Оқу-білімдегі жатсыну. Жатсынған білімнің адамға сіңісуі мәселесі.

Оқу-білім ортасы. Білімдегі модельдеу. Даму және білім. Оқу-білімді саналылық пен бейсаналылық. Тұлғаның өзін-өзі іске асыруы. Тұлға және оқу-білім. Сұхбат және білім. Таным және оқу-білім. Оқу-білімдегі түсінік. Оқу-білімдегі шығармашылық.

Постмодернизмнің сыни педагогикасы. Тәртіптілік және оқу-білім. Ғылыми пән және оқу пәні мәселесі.

Оқу-білім жүйесі мәдени дәнекер ретінде. Оқу-білімнің дәстүрлі жүйесі. Альтернативтік оқу-білім жүйелері. Оқу-білімнің жалпы жүйесі билік пен құзырлықка қол жеткізудің құралы ретінде (Платон).

Оқу-білімдегі консерватизмнің құндылықтары. Оқу-білімдегі классикалық реализм. Оқу-білімдегі Сенциализм. Оқу-білімдегі аналитикалық философия. Экзистенциализм және оқу-білім. Оқу-білімнің шығыстық моделі.

Психологиялық кәмелеттік үшін оқу-білім. Өмірге бейімделу үшін оқу-білім.
Диалектика теориясының мәселелері

Көне Үнді және Көне Қытай философиясындағы диалектика. Көне Грек философиясындағы диалектиканың формалары. Классикалық неміс философиясы мен марксизмдегі диалектика. XX ғ. диалектиканың негізгі варианттары. Диалектиканың механикалық және органикалық модельдерін сынау. Гармоникалық диалектиканың моделі (Г.Батищев). Диалектика және диалогика В.С.Библер).

Диалектиканың негізгі принциптері. Обьективтік және субъективтік диалектиканың бірлігі. Диалектика категорияларының мәні. Диалектиканың категориялық аппараты. Диалектика адмның ғылыми-танымдық және практикалық түрлендірулік іс-әрекетінің логикасы және методологиясы ретінде.

Эпистемология

Тәжірибеге дейінгі білім. Білім және таным. Білім және сенім. Білімнің құрылымы. Ұғым рационалдық танымның формасы ретінде. Таным және шығармашылық. Шығармашылық және интуиция. Ақиқат. Ақиқат және адасу. Акиқат теориясы.

Ғылыми білімнің архитектоникасы. ғылыми білімнің динамикасы. Білім-билік. Білім мен билік контаминациясы мәселесі.

Танымның негізгі әдістері. Логика және әдіснама ғылыми танымның әдістері. Философиялық әдістер. Рационалдылық феномені. Ғылым және ғылымның институттандану феномені. Ғылым дамуының перспективалары. Ең жаңа ғылыми жетістіктер мен көне ғылымнан тысқары білімдердің параллелизмі туралы дискуссия.



Глобалдық мәселелер философиясы.

Экологиялық апат қаупі және оны жеңудің негізгі сценарийлерінің философиялық мағынасы. Глобалдану, глобализм және антиглобализм тарихтың қазіргі ұйғарым-талабы ретінде. Глобалдық модельдеу «Римдік клубтың» негізгі мәселесі ретінде. Глобалдық мәселелерді зерттеудің негізгі бағыттары. Футурологиялық мәселдеменің қалыптасуы. Өршіп келе жатқан экологиялық дағдарыс мәселесінің көпшілікке жайылуы. «Римдік клубтың» философиялық ізденістері. Глобалдық сана қалыптасуы мәселесі.



2.6М020100-«Философия» мамандығының магистратураға қабылдау емтихан сұрақтарының ұсынылған тізімі
1. Буддизм философиясы.

2. И.Кант философиясы.

3. Дүниетаным ұғымы. Философиялық дүниетанымның мәні.

4. Болмыс категориясының мәні мен мағынасы.

5. Ақиқат туралы философиялық ілім.

6. Көне грек философиясындағы космология. Түпнегіз мәселесі (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен).

7. Гегель философиясы.

8. Постмодернизм философиясы.

9. Болмыстың негізгі түрлері.

10. Практика, оның мәні және құрылысы.

11. Аристотель философиясы.

12. К.Маркс философиясы.

13. Философияның шығуы мен тарихи дамуы.

14. Философиядағы субстанция мәселесі.

15. Саясат философиясы.

16. Демокрит философиясы.

17. Позитивизм философиясы.

18. Философия, оның ерекшелігі, негізгі мәселелері және функциясы.

19. Материя және материалдың әлем туралы философиялық ілім.

20. Ғылыми танымның ерешелігі. Ғылыми танымның эмпириялық және теориялық деңгейі.

21. Л.Фейербахтың антропологиялық материализмі.

22. А.Кунанбаевтың философиялық көзқарасы.

23. Дж.Локктың философиясы.

24. Қозғалыс ұғымы. Материя мен қозғалыстың байланысы.

25. Гипотеза мен теория ғылыми танымның даму түрі ретінде.

26. Аль-Фараби философиясы.

27. Г.Гадамер философиясы.

28. Сократ философиясы.

29. Материя қозғалысының түрлері.

30. Эмпириялық танымның методтары.

31. Гераклит философиясы.

32. Э.Гуссерль феноменологиясы.

33. Стоицизм философиясы.

34. Уақыт пен кеңістік. Кеңістік – уақыт қатынастарының көптүрлілігі.

35. Теориялық танымның методтары.

36. Ибн-Синаның философиялық көзқарасы.

37. Славяншылдар философиясы.

38. Платонның философиясы.

39. Диалектика ұғымы және оның тарихи формалары.

40. Қоғам ұғымы, оның белгілері мен ерекшеліктері.

41. Араб-мұсылман философиясы .

42. Г.Лейбництың монадологиясы.

43. Патристика философиясы.

44. Дамудың диалектикалық және метафизикалық концепциясы.

45. Табиғат пен ел-жұрт қоғамның өмір сүруі мен дамуының қажетті алғышаттары.

46. Т.Гоббс философиясы.

47. Неопозитивизм философиясы.

48. М.В.Ломоносов философиясы.

49. Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі туралы заң.

50. Қоғамның экономикалық болмысы.

51. Классикалық неміс философиясы.

52. З.Фрейдтің психикалық талдауы.

53. Сопылық философиясы.

54. Сан мен сапа өлшемдерінің өзара ауысу заңы.

55. Қоғамның рухани болмысы.

56. Платон философиясы.

57. Ф.Ницшенің өмір философиясы.

58. Қайта өрлеу дәуірі философиясы.

59. Терістеуді терістеу заңы.

60. Құқықтың мемлекет ұғымы. «Демократия» және «азаматтық қоғам» ұғымдары.

61. Дж.Локк философиясы.

62. В.Соловьевтің бүкіл бірлік философиясы.

63. Ф.Вольтердің философиясы.

64. Диалектиканың категориялары, олардың мәні мен ерекшеліктері.

65. Қоғамның әлеуметтік стратификациясы.

66. Г.В.Ф. Гегельдің философиялық көзқарастары.

67. Марксизм философиясы.

68. Эмпиризм мен рационализм жаңа дәуірдегі философияның негізгі формалары.

69.Себеп пен салдар. Детерминизм ұғымы.

70. Тарих философиясы

71. Батысшылдық орыс философиясының бағыты ретінде.

72. Ш.Уалихановтың философиялық көзқарасы.

73. П.Фейерабенд философиясы.

74. Мүмкіндік пен шындық.

75. Әлеуметтік мобилділік ұғымы.

76. Аль-Кинди философиясы.

77. Б.Спиноза философиясы.

78. А.Камю философиясы.

79. Мән және құбылыс. Мазмұн мен түр.

80. Тұлға ұғымы, оның адам ұғымымен қатынасы.

81. Плотин философиясы.

82. Н.Бердяевтің философиялық көзқарасы.

83. Х.А.Иассауи философиясы.

84. Жеке, ерекше, жалпы. Бүтін және бөлік.

85. Мәдениет философиясы.

86. Ф.Бэкон философиясы.

87. Шәкәрімнің философиялық көзқарастары.

88. Қазақ философиясының ерекшеліктері мен негізгі даму кезеңдері.

89. Антропосоциогенез мәселесі: қазіргі ғылым адамның шығуы мен қалыптасуы туралы.

90. Қоғамдық прогресс ұғымы және оның негізгі өлшемдері.

91. Дж.Бруноның философиялық көзқарастары.

92. Ыбырай Алтынсариннің философиялық көзқарастары.

93. Легизм философиясы.

94. Адамның табиғаты, мәні.

95. Мәдениет туралы жалпы түсінік.

96. Ж.Баласағұн философиясы.

97. Орыс философиясының сипаттамасы.

98. Конфуций философиясы.

99. Адамның өмірі, өлімі және мәңгілігі мәселесі. Адам өмірінің өзіндік мәні және оның мағынасы.

100. Бүкіладамзаттық құндылықтары және олардың адамзат тарихындағы рөлі.

101. Пифагор және оның философиялық мектебі.

102. А.Шопенгауэр философиясы.

103. Үнді философиясы.

104. Адамның санасы, мәні және сипаты.

105. Өркениет ұғымы. Өркениет және қоғамдық–экономикалық формация.

106. Ф.Аквинскийдің философиясы.

107. 20 ғасырдағы философиялық антропология.

108. Үнді философиясының мектептері.

109. Философиядағы бейсаналық мәселесі.

110. Қазіргі қоғам мен табиғат, ерекшеліктері мен өзара байланысы.

111. Даосизм философиясы.

112. Батыс Европадағы ортағасырлық философия.

113. Аль-Газали философиясы.

114. Шығармашылық адамның түпкі қасиеті.

115. Ғылыми – техникалық революция, оның мәні және әлеуметтік салдарлары.

116. Конфуции философиясы.

117. Антикалық философияның мектептері.

118. Ф.Бэконның философиялық көзқарасы.

119. Адамның танымдық іс-әрекетінің ерекшелігі.

120. Діннің қоғамдағы рөлі. Н.Назарбаев діннің рухани маңызы туралы («Сындарлы он жыл» еңбегі бойынша)

121. Жайнизм философиясы.

122. М.Хайдеггер философиясы.

123. «Үш анық» (Ш.Құдайберұлы).

124. Сезімдік таным және оның формалары.

125. Ауқымды мәселелер, олардың пайда болуы, мәні, шешу жолдары.

126. Даосизм философиясы.

127. Аристотельдің материя мен форма туралы ілімі.

128. Эпикур философиясы.

129. Рационалдық таным және олардың түрлері.

130. Қоғамның негізгі салалары.

131. Платонның мемлекет туралы ілімі.

132. Еркіндік мәселесі. Еркіндік адамның мәні мен құндылығы ретінде.

133. Қазіргі әлемдегі философия.

134. Танымның маңызы мен түрлері.

135. Н.Назарбаев жаһандану заманындағы білім туралы (Гумилев атындағы университеттегі лекциясы).

136. Ж.Ж.Руссо философиясы.

137. Софистика мектебі. Протагор.

138. Ғылыми танымдағы философияның маңызы.

139. Оқу- білім философиясы

140. Синергетиканың философиялық мәселелері.

141. А.Августин философиясы.

142. Асан Қайғының философиялық көзқарасы.

143. Р.Декарттың философиялық көзқарастары.

144. Компьютер және адамның ойлауы.

145. Ғылыми революциялар ұғымы.

146. Р.Декарт философиясы.

147. О.Шпенглердің философиялық идеялары.

148. Адамның табиғатпен қарым-қатынасындағы техниканың рөлі.

149. Ж.П.Сартрдің философиялық көзқарасы.

150. Ғылымдарды классификациялау мәселесі.



ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ

Негізгі:

1.Антология мировой философии. В 4-х т. М.: Мысль, 1969-1972.

2.Барулин В.С. Социальная философия. М., 2000.

3.Бердяев Н. О рабстве и свободе человека // Бердяев Н. Царство Духа к Царство Кесаря. М., 1995.

4.Бруно Дж. О бесконечности Вселенной и мирах // Дж.Бруно. Избранное. Самара, 2000.

5. Льюис К.С. Любовь, страдание, надежда. М., 1992.

6.Ж. Ницще Фр. Веселая наука. М., 2002.

7.Сенека Луций Анний. О счастливой жизни // Римские стоики. М., 1970

8.Фромм Э. Искусство любви. М., 2004.

9.Фромм Э. Иметь или быть? М., 2001.

10.Фромм Э. Бегство от свободы. М., 2001.

11.Шопенгзузр А. Афоризмы житейской мудрости. М., 1990.



Қосымша:

1.Әбішев Қ.Ә. Философия. Алматы, 2000.

2.Абдильдин Ж.М. Соч. в 5-ти т. Алматы, 2000-2001.

3.Арендт X. Истоки тоталитаризма. М., 1996.

4.Адорно Т. Исследование авторитарной личности. М., 2001.

5.Альтюсерри Дж., Реале Дж. Западная философия от истоков до наших дней. В 8 т. М., 2000.

6.Берн Э. Секс в человеческой любви. М., 1990.

7.Бородай Ю.М. Эротика. Смерть. Табу. М., 1996.

8.Виилма Л. Светлый источник любви. Саранск, 2000.

9.Галактионов А.А., Никандров П.Ф. Русская философия IX – XI вв. История философии. М., 2004.

10.Касымжанов А.Х. Портеты: Штрихи к истории Степи. А., 1995.

11.Кон И. Лунный свет на заре: лики и маски однополой любви. М., 1998

12.Маньковская Н. Париж со змеями. М., 1995.

13.Многоликая глобализация. Культурное разнообразие в современом мире. М., 2004.

14.Московичи С. Век толп. М., 1996.

15.Норвуд Р. Не будьте рабой любви. М., 1999.

16.ІПанарин А.С. Философия политики. М., 1996.

17.Сегизбаев О.А. Казахская философия ХҮ-начала XX в. А., 1996.

18.Тоффлер Э. Метаморфозы власти. М., 2001.

19. Философия /Под ред. проф. Т.Х. Габитова. А., Раритет, 2005.

20.Философия /Под ред. проф. В.В. Миронова. М., 2005.

21.Философия культуры. М., 2000.



22.Хамидов А А. Феномен обсценного // Тамыр. 2000, №3; 2004, 2005. №5




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет