Жоспары: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім


Жаңа бағыттың экономикалық саясаты –пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм



бет2/6
Дата18.04.2024
өлшемі50.34 Kb.
#499121
1   2   3   4   5   6
РЕФЕРАТ

Жаңа бағыттың экономикалық саясаты –пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм.

  • Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау – ұлттық экономиканың жетекші күші.

    1. Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары – әлеуметтік кепілдемелер мен жеке жауапкершілік.

    2. Білім және кәсіби біліктілік – қазіргі білім жүйесінің, кадрлерді даярлау мен қайта даярлаудың кілтті бағыттары.

    1. Мемлекеттіліктің одан әрі дамуы және қазақстандық демократияның дамуы.

    1. Дәйекті және жорамалды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді өрлету және аймақтық пен жаһандық қауіпсіздікті нығайту.

    1. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялық қоғамның жетістік негізі.

    Бұл стратегиялардың көмегімен біз болашақта Қазақстанның қандай қуатты мемлекетке айналғанын күллі жаһаннамға көрсете аламыз. Осы стратегияларды басшылыққа ала отырып жұмыс жасасақ алға қойып отырған мақсат- міндеттерімізге жетуіміз соншалық тез болмақ.
    Елбасымыз сонымен қатар өз жолдауында 10 негізгі жаһандық сын- қатерді атап көрсетті.
    ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері:
    Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі.
    Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік.
    Үшінші сын-қатер - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер.
    Төртінші сын-қатер - судың тым тапшылығы.
    Бесінші сын-қатер - жаһандық энергетикалық қауіпсіздік.
    Алтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуы.
    Жетінші сын-қатер - Үшінші индустриялық революция.
    Сегізінші сын-қатер - үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық.
    Тоғызыншы сын-қатер - өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы.
    Оныншы сын-қатер - жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі.
    Бұл сын- қатерлер біздің болашақта қазақ ұлты болып қалуымызға кедергі болмақ. Осылардың алдын алу үшін, болашақ ұрпақтарымыздың өз өткенін білуі үшін сын- қатерлерді түзетуіміз қажет. Әрине жалғыз елбасымыз ғана емес барша Қазақстандық жиылып , бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарсақ алынбайтын асу жоқ екені рас. Әлбетте, өзіміздің тарих қойнауына толы өткенімізбен тек қана жарық сәуле шашатын ертеңімізге жетуіміз үшін бүгінімізді бағалай білейік. Дәл осы сәттен бастап алға қарай қадам жаасауымыз керек. Қандай да болмасын елбасымыздың айтқан әрбір сөзін егжей- тегжейлі оқып, санамызбен түсіне біліп ой қорыта білуіміз керек. Қазақстанда қанша халық болса сонша көзқарас бар. Демек, әркім өзі тұрып жатқан Қазақстанды таныту үшін жан аямай еңбек етіп, жарқын болашақты жасай білуі шарт.
    2.2 «Қазақстан- 2050» стратегиясындағы патриотизм
    7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялық қоғамның жетістік негізі.
    Бұл стратегиялық басымдылықтың жүзеге асуы қоғамдық келісімінің сақталуы мен нығаюынан тұрады. Осы мақсатта келесі шараларды орындау қажет:

    1. Этникалық айырмашылықтан тыс, барлық қоғамды біріктіретін

    Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастыру.

    1. Барлық этностардың теңдігін ұстануды қамтамасыз ету.

    2. Қазақ тілі мен тілдердің үштұғырлығының дамуын қамтамасыз

    ету, оны барлық салаларда қолдану.

    1. Мәдениетті, дәстүрлерді және өзіндік ерекшелікті барлық сан алуандығы мен айбындылығында сақтау, мәдениеттік дәулетімізді түйірлеп жинау.

    2. Ұлттық интеллигенцияны қалыптастыру.

    3. Елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни

    сана-сезімді қалыптастыру.

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Біздің басты жетістігіміз – тәуелсіз Қазақстанды құрғанымыз», – деп, Қазақстан халқының тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерін талдап, саралап, оның ішінде «Қазақстан – 2030» стратегиясының қорытындысын, нәтижелерін, жетістіктерін айтып өткен еді. Дәл қазіргі таңдағы қоғамдық тұрақтылық пен келісімнің арқасында халықаралық аренада таныла бастағанымызды айтқан Елбасы халықтың мерейін өсіріп, бір серпілтіп тастаған еді.


    Осы Жолдаудағы маңызды бағыттардың бірі – жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру болғаны баршаға аян. Осыған кеңірек тоқталатын болсақ, дәл қазіргі таңда патриотизмді қалыптастыру мәселесі бұрынғыдан гөрі өткір болып тұрғандай. Себебі жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру жолына мемлекет басшылары да ерекше ықылас танытып, көңіл бөліп отырғаны анық. Бұл туралы Елбасының соңғы Жолдауында айтылуы тегін болмаса керек. Жолдаудың жетінші тармағында «Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» екені айтылып, Елбасы өз сөзінде: «Біздің бұл бағыттағы басты мақсатымыз қарапайым және түсінікті: біз қоғамдық келісімді сақтауға және нығайтуға тиіспіз. Бұл – біздің мемлекет ретінде, қоғам ретінде, ұлт ретінде өмір сүруіміздің айнымас шарты. Қазақстан патриотизмінің іргетасы – барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі», – деп ерекше атап өтті.
    Егер қазақы патриотизмнің қайнар көзін бажайласақ, біздің ұлтқа ол ешқашан жат болмағанына, қайта бесіктегі сәттен бастап ұлттық тәрбиемен бірге бойға дарығанына көз жеткізуге болады. Бағзы ата-бабаларымыз Отанды қорғауда жан-тәнін аямай, патриотизмнің ең озық үлгісін көрсеткен. Себебі, ол табиғаттан, ұлттық тәрбиеден берілген сезім болатын. Қазыбек би: «Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады. Атадан жаман ұл туса, көшінің соңы болады», – деген. Осындай аталы сөздер ғасырлар бойы халқымызды жігерлендіріп, қанына сіңген қасиетке айналған. Біз әлі де осы қасиеттен ажыраған жоқпыз. Алайда ендігі мәселе ұлттық патриотизм үлгісін жаңа қазақстандық патриотизммен ұштастыру, басқа ұлттарға өзіміздің елімізді, жерімізді, ұлтымызды, мемлекетімізді сыйлауына жол, бағыт көрсету болмақ. Бұл, әрине, құптарлық мәселе.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет