Жоспары Кіріспе Қазақсатан экономикасының бүгінгі таңдағы жалпы жағдайы


Қазақстан Республикасының мемлекеттік экономикалық саясаты



бет2/5
Дата19.10.2022
өлшемі28.13 Kb.
#462992
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
экономика

Қазақстан Республикасының мемлекеттік экономикалық саясаты
Нарықтық экономиканы біртұтас жүйе ретінде алғанда, тұрақты да тоқтаусыз өзгеріп дамиды және күрделіне түседі. Нарықтық экономика дамыған сайын, оның бір-бірімен байланысы, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, технологиялық, экологиялық, тіпті, саяси және халықаралық т.б. даму факторлары және ішкі ұйымдық-экономикалық құрылымдары (объективтілері мен субъективтілері) қалыптасып, өзгеріп, бір-біріне ықпал жасап, әр түрлі қайшылықтарды өмірге әкеледі. Мезгілі жеткен кезде, олар шешімі күрделі әлеуметтік-экономикалық, саяси қиыншылықтарға соқтыруы мүмкін, бірақ осының жалпы басым нәтижесі — нарық механизмі тиімділігінің артуы болады. Бұл заңдылық нарықтық экономиканың барлық тарихи даму кезеңдерінде, оның қарапайым тауар айырбастау формаларының пайда болуынан бастап, ұлттык-мемлекеттік шеңберіндегі нарықтық шаруашы-лықтардың қалыптасуын қоса, осы күнгі күрделі халықаралық нарық түрлеріне дейін тоқтаусыз жалғасып келеді.

Мысал ретінде XVIII ғ. Соңы — XIX ғ. Бас кезінде Батыс елдерінде болған процестерді алуға болады. Бұл кезең адамзат тарихында әлеуметтік-экономикалық прогрестің мәнін терең түрде өзгерткен, өнеркәіптік революция (өнеркәсіптік төңкеріс) деп танылған процеспен сипатталады. Нәтижесі -экономикалық дамудың қарқынды өсуін тудырған жаңа сапалық даму деңгейі. Экономикалық өсу қарқыны артуы және нарықтық қатынастар ауқымынын кеңеюі нәтижесінде тауарларды көптеп (жаппай) өндіру әдісі машиналық-индустриялық өндірістің негізгі белгісі болады. Тауарларды жаппай (көптеп) өндіру бір өнімге (өнім өлшеміне) кеткен өндіріс шығындарын азайтуға мүмкіндік берді. Өнімнің арзандауы өндіріске тартылған халық санының өсуі және табыстардың артуы нарық айналымын елеулі түрде кеңейтті.

Өндірістің техникалық дамып өсуі кездейсоқ болған өқиға емес. Оны тек адамзат қоғамындағы білімнің қолданылуымен ғана түсіндіруге болмайды. Ғылыми-техникалык жаңалықтардың ашылуы экономикалық қажеттіліктен туындайды. Сауданың өсіп-кеңейюі, айналымдағы тауар-ақша массасының артуы бәсекелестікті өршітті. Оның үстіне Еуропаның шектеулі аумағында халықтың саны өсіп, экономикалык кеңістік тарыла түсті; бұл жағдай да бәсекелестікті одан әрі асқындырып жіберді. Бір-бірімен карсыластық, басқалардан жоғары экономикалық нәтижеге ұмтылу, өндірістегі өз орнын сақтап қалу мақсаты іскерлер қауымының көптеген өкілдерін жаңа техникалық және технологиялық шешімдер іздестіруге итермелеп, ынталандырды.

ХVIII-ХІХ ғ.ғ. экономикалық өзгерістер көптеген басқа әлеуметтік-экономикалық процестердің өзара байланыстарына, нақты айтқаңда, нарық механизмі мен мемлекет арасындағы байланыстарға жаңаша негіз қалады. Шаруашылық жүйенің күрделенуі мемлекеттің қолдау, түзету, үйлестіру әрекеттеріп арттыруға мәжбүрледі. Мемлекеттің міндеті нарық инфра-құрылымын құру болды немесе экономикалық дамуды кұқықтык институттар мен тәртіп нормаларымен қамтамасыз ету экономикалық дамудың ішкі және сыртқы қауіпсіздігін, ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау. Осындай инфрақұрылым нарық механизміне, оның тиімдірек қызмет аткаруы үшін қажет болды, арттыруға мәжбүрледі. Мемлекеттің міндеті нарық инфрақұрылымын құру болды немесе экономикалық дамуды кұ-қықтық институттар мен тәртіп нормаларымен қамтамасыз ету экономикалық дамудың ішкі және сыртқы қауіпсіздігін, ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау. Осындай инфрақүрылым нарық механизміне, оның тиімдірек қызмет аткаруы үшін қажет болды.

Осы айтылған экономикалық ақиқаттылықтардың өзара қабысу (нарық-өндірістік революция, нарық-мемлекет) тиімділігінің жоғары болғаны сондай, XX ғасырдың алғашқы онжылдықтарында экономиканың өсу қарқыны тіпті шамадан тыс артып кетті. Ол кезде шаруашылық жүйенің жалпы экономикалық тепе-теңдікті сақтап қалу механизмі әлі жоқ еді. 1929-1933 жылдардағы бүкіл әлемдік экономикалық дағдарыс — соның қасіретті айғағы. Осыдан кейін: мемлекеттің экономикаға қатысуын жаңа деңгейге көтеріп, шаруашылық механизмі мен мемлекеттің өзара байланыстарының тиімдірек нұсқасын (вариантын) табу қажет деген тұжырым жасалды. Экономика мемлекеттің жан-жақты және тұрақты қолдауын қажет ететін болды. Осылай «экономикалық саясат» деп аталатын құбылыс (феномен) пайда болды.

Өзгеріп кеткен жағдайда мемлекет инфрақұрылымдық сипатты шаралар жүйесін күрт кеңейтті. Бірақ нарық механизмінің жаңаша өзгерген түрінің негізгі қажет еткені — нарықтық экономиканы сырттан реттеп-үйлестіру әдістері болды. Нарық механизмінің өзін-өзі іштен реттеу мүмкіншілігінің шектеулі екені айқындалып, оны енді сырттан түзетіп-реттеу (корректировка) қажеттігі артты.

Сырттан реттеп-түзету шаралар жүйесіне үздіксіз дамитын нарықтық экономиканың жалпы экономикалық тепе-теңдігін сақтап тұру жатады. Тепе-теңдік ұғымының өзі экономикалық қана емес, сонымен катар, әлеуметтік реңк алды. Әлеуметтік сақтандырудың көп тармақты жүйесін жасау қажет болды.

Экономикалық саясат элементтерінің алғашқы жасалған кезеңін XIX ғасырдың соңынан бастаған дұрыс. Мысал ретінде бұл жағынан басқалардан озған Германияны алуға болады. O. Бисмарктың нұсқауымен Германияда әлеуметтік қорғау туралы заңдар қабылданды, соның негізінде жаңа сфера өмірге келді.

Алғашқы экономикалық саясаттың ерекше сипаттық белгісі — оның жеке-жеке қалыптасқан жағдайларды түзетуге бағытталған стратегиясы. Мұндай экономикалык саясат теорияда «нүктелік» (точечная) стратегия деп аталады. Оньщ шеңберінде экономикалық саясаттың келесі жекелеген түрлері практикада қолданылды: кедендік, аграрлық, өндірістік, әлеуметтік. XX ғ. Бас кезінде осындай «шашыранды» саясаттың орнына жаңа нұсқасы келді.

Кең ауқымды да кешенді экономикалық саясат жасап; оны жүргізуге қуатты ықпал жасаған және мәжбүр еткен бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар болды. Соғыс қоғам өмірінде өте өткір саяси-әлеуметтік және экономикалық проблемалар жүйесін қалыптастырды.

Бірақ сонда да нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеу мүмкіншілігіне деген сенімді түпкілікті үзген — жоғарыда айтылған, 30-шы жылдардың әлемдік экономикалық дағдарысы болды. Мемлекеттің араласуы аймақтық қана емес, жалпы экономикалық, ал кейінірек халықаралық сипат алды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет