Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет103/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

20
 
 
МАШИНАЛАРҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ 
ЖҮРГІЗУДЕГІ НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР
 
Алдымен, «нано» ұғымының мағынасын анықтап алайық. Грек 
тілінен аударғанда «nannos» сөзі «карлик» деген мағынаны береді. 
Физикалық шама бірлік атауларының бірінші құрамдас бөлігі және ол 
миллиард үлес бірлігіне тең үлестік бірлікті құрау үшін 
пайдаланылады.
Машинаға жөндеу жүргізу мен техникалық қызмет көрсету үрдісіне 
нанотехнологияларды енгізу барлық әлем шаруашылығы үшін жаңа 
сала және машинаның ресурсы мен сенімділігін арттырудың жаңа 
бағыты болып саналады. 
Ресей Федерациясында РОСНАНО мемлекеттік құрылымы 
құрылып, табысты жұмыс істеп жатыр. 
Техниканың жөндеу жұмысын жүргізу аралық ресурсын ұзарту 
үшін жаңа наноматериалдарды ойлап шығару жұмыстарын біздің 
мемлекетте ГОСНИТИ институты іске асырып жатыр. Мысалы, 
қозғалтқыш пен трансмиссия жұмысын сынақтан өткізу барысында 
қимылдайтын детальдар арасындағы үйкелісті кеміту арқасында 
жасалған зерттеулердің нәтижесі де бар. 
Нанотехнологияларды дамыту және детальдарды қалпына келтіру 
мен беріктігін арттыру мақсатында ГОСНИТИ-де Наноорталығы 
құрылды. 


20
 
Бақылау сұрақтары
1. 
Машиналарға жөндеу жүргізу және техникалық қызмет көрсетудің 
стратегиялары қандай болуы мүмкін?
2. 
Болашағы мол жөндеу жүргізу кәсіпорындарының желісі не себепті 
дамып, жұмыс істеуін нық жалғастыруы керек?
3. 
Болашағы мол кәсіпорындар желісі жол және құрылыс машиналарының 
қандай құрамдас бөліктері мен жиналмалы бірліктеріне қатысты 
болатынын айтыңыз.
4. 
Қандай машиналарда бәсекеге қабілетті жөндеу жүргізу көлемінің 
қарқыны үздіксіз өсуде?
5. 
Отандық жол-құрылыс саласында жөндеу жүргізудің болашақтағы 
өндіріс стратегиясы не себепті өзекті?
6. 
Бәсекеге қабілетті жөндеу жүргізу өндірісінде отындық басым үш 
деңгейлі бағытты атап өтіңіз.
7. 
Оқу-өндірістік сектор не үшін керек және инновациялық 
технологиялардың салааралық зертханасы несімен маңызды?
8. 
Жөндеу жұмысын жүргізу өндірісінде қандай шаралар ойлап табу керек 
және олар қандай мақсаттар үшін қажет?
9. 
Жол және құрылыс машиналарына жөндеу жұмысын жүргізген кезде 
композиттер, керамика, пластмасс, полиамид түріндегі төзімді 
материалдарды пайдалану немен байланысты? 
10. 
Қымбат және металлды көп қажет ететін детальдарды, жиналмалы 
бөліктерді және машинаның құрамдас бөліктерін не себепті қайта 
қалпына келтіру керек? 
11. 
Жаңа наноматериалдарды ойлап табудың нәтижесі қалай байқалады және 
ол нәтижелерге қалай қол жеткізіледі?


Терминдердің қысқаша сөздігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет