Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, құрметті қонақтар. Біздің бүгінгі «Алтын күз» ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Жүргізуші



Дата08.06.2016
өлшемі31.72 Kb.
#123082
Ш.Қ.О Көкпекті ауданы Көкпекті ауылы

ҚМҚК «Шуақты Шұғыла балабақшасының

Тәрбиешісі: Бекбаева Гулжанат Мухтаровна

Тақырыбы: Армысың, Алтын күз!


Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, құрметті қонақтар.Біздің бүгінгі «Алтын күз» ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Жүргізуші: Бүгін мейрам бүгін той,

Қуанышты күн біліп қой.

Күзгі бақтай сыңғырлап.

Алақанды соғып қой.

Бұлттар соғып ызғыр сеуіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып, өңі тайып

Дала сұрғылт тартады.

Бой жэаза алмай, ойнай алмай

Денең мұздап тоңады.

Бөбектерім айтындаршы

Бұл қай кезде болады?



Жүргізуші: Балалар айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз мезгілі
Жүргізуші: Ендеше балалар, ортамызға мерекеміздің сәнін келтіретін

Күз ханшайымын шақырайық.


Келші, келші Алтын күз

Келші, келші Жарқын күз.

Мерекні жалғастырып

Ойнап күлші Алтын күз.


Әуенмен Күз ханшайымы кіреді.

Армысыңдар балалар

Күзгі бақтағы қонақтар.

Өздеріне әкелдім.

Күздің сыйын көз тартар.
Жүргізуші: Күз ханшайымы, қолыңыздағы сыйлықтарды балаларға берсек бола ма?
Күз ханшайымы. Бұл сыйымды, балалар еңбек етіп алулары керек.
Жүргізуші: Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан,

Білмеймін тойғаныма, тоңғаныма.

Жылқы ойнап, бие қашқан тай жарысқан.

Деп Абай атамыз айтқандай, біздің де балаларымыз осы күз мерекесіне арнап тақпақтарын айтып береді.

Аяжан: Алтын , сары қызыл, көк

Алуан- алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.



Талант: Ой балалар, балалар

Қоңырқай күз келіпті

Қурап жапырақ солыпты

Ел егінін орыпты.


Ералы Біреу астық түсіріп

Біреу бидай ұшырып

Жатқан мезгіл күз екен

Мейір. Жел тынымсыз гуілдеп

Болып кетті тым бұзық

Шуылдайды тал терек

Жапырағын жұлғызып.


Айзере. Алтын күзде құр тұрмайық

Ән салайық би билейік

Шаттанайық қуанайық

Қызық ойын ойнайық.


Ойын: Күн мен Жаңбыр

Жүргізуші: Берекесін сыйлауға

өлкемізге күз келді,

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.


Ән: Күз жомарт
Адель: Мен жүзіммін, жүзіммін

Моншақ болып тізілдім.


Алихан: Мен өрікпін, өрікпін

Табиғатқа көрікпін.


Лера: Мен алмамын, алмамын

Тандай жұлар бар дәмім.


Айдана: Мен шиемін, шиеін

Піскенше тон киемін.


Ажар Мен алмұртпын , алмұртпын

Аузымдамын бар жұртын.


Жүргізуші: Бүгін мейрам бүгін той

Қуаныш күн біліп қой.

Күзгі бақтай сынғырлап

Би билейік зырылдап.



Кел билейік. Ұлдардын орындауында саңырауқұлақтар биі.
Жұмбақтар: Жер бетінде шашы бар

Жер астында басы бар. Сәбіз.


Қырық қабат тоны бар

Кішкене ғана бойы бар. Капуста.


Томирис. Ой, алақай тамаша

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші тамаша

Аунар ма еді жатып ап.


Жапырақтар биі.
Жүргізуші: Жетті желмен алтын күз

Жеміс жинау салтымыз.

Жиып теріп алған сон

Той жасайтын салтымыз

Мол өнімді жинаймыз

Барлық елге сыйлаймыз.



Келесі кезекті « Шалқан» ертегісіне береміз
Күз ханшайымы. Менің сендерге деген сыйымды қабыл алыңдар, сеңдерге көп-көп рахмет. Өте өнерлі балалар екенсіңдер.
Жүргізуші: Міне, құрметті қонақтар!және балалар» Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарынызға көп

көп рахмет. Сау болыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет