К. А. Нариков, Г. Г. Беркалиева, С. С. Тулемисова


Штангалы скважиналы сорапты қондырғылар (ШҰСҚ)



Pdf көрінісі
бет57/77
Дата25.02.2024
өлшемі3.99 Mb.
#493135
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   77
шоғыр

Штангалы скважиналы сорапты қондырғылар (ШҰСҚ) 
Штангалы скважиналы сорапты қондырғылар (ШҰСҚ) - мұнай өндіру 
саласындағы ең кең таралған сорапты қондырғылар. Сораптың кең таралуы аз 
жəне 
орташа 
шығынды 
скважиналарды 
пайдалануда 
сəйкесті 
қарапайымдылығына жəне ыңғайлылығына негізделген.
ШҰСҚ жетектен (тербегіш-қондырғы), сағалық жабдықтан, сорапты 
штангы тізбегінен, СКҚ тізбегінен, скважиналы сораптан жəне қосымша жер 
асты жабдықтарынан тұрады [8]. 
Жетек қозғалтқыш энергиясын ілгері-кейінді қозғалатын сорапты 
штангы тізбегіне механикалық энергияға айналдырып беру үшін арналған. 
Жетек ретінде тербегіш-қондырғы төрт звеномен бірге (теңгергіш, шатун, 
кривошип жəне қозғалмайтын тірек) редуктор білігінің айналу қозғалысын 
теңгергіш басының ілгері-кейінді қозғалысына айналдырады. 
Сорапты штангы тізбегі (7.11-сурет) бір-бірімен резьбалы қосылыспен 
қосылған жеке штангалардан тұратын серіппе түрінде дайындалады, жəне 
механикалық энергияны жетектен скважина сорабына береді. 
 
 


97 
Сурет 7.11 – Сорапты штангы жəне жалғағыш муфта 
Скважина сорабы қозғалатын штанганың механикалық энергиясын 
айдалатын қабат сұйығының механикалық энергиясына айналдырады.
СКҚ тізбегі айдалатын қабат сұйығын жер бетіне көтеруге арналған 
канал ретінде қызмет атқарады жəне скважина сорабының цилиндрін ұстап 
тұруды қамтамасыз етеді. 
СКҚ тізбегінің төменгі бөлігін шектейтін якорь, қабаттық сұйықтан 
скважина сорабына келетін газ жəне құмды бөліп тұратын газ жəне құм 
якорлары, кейбір жағдайларда клапан - ажыратқыштар. 
Қосымша жер асты жабдықтары əр скважиналардың ерекшеліктеріне 
байланысты орнатылады, оларға төмендегілер жатады: 
ШҰСҚ принципиалды ерекшеліктері - орындаушы механизм (сорап) 
жəне жетек (тербегіш-қондырғы) арасында ұзын механикалық байланыстың 
болуы. Орындаушы механизмге энергия осы механикалық байланыспен 
беріледі. Берілген байланыс диаметрі бойынша СКҚ ішкі өлшемдеріне 
байланысты шектелген, яғни оның диаметрі үлкейген сайын салмағы да өседі. 
Штангы тізбегінің үлкен ұзындығы жəне сəйкесті кіші диаметрі сорапқа 
берілетін қуатты азайтады. 
ШСҚ пайдалы қуаты аз тереңдікте 28 кВт жəне орташа тереңдікте 23кВт. 
ШҰСҚ-ны қолданудың тиімді облысы 100÷120 м
3
/тəу беріліспен жəне 
1500÷1800 м тереңдікте түсірумен шектелген. 
ШҰСҚ жинақ түрінде келмейді, скважинада жекелеген түйіндермен 
жинақталады.
Зауытқа тапсырыс беретін негізгі бөлшектер: скважина сорабы
штангалар, тербегіш-қондырғы, құбырлар (СКҚ), сағалық жабдықтар. 
ШҰС ұзын цилиндр, шарикті клапан жəне ұзын жүрісті плунжерлі сорап 
түрінде жасалады. Плунжер жоғары көтерілгенде ол цилиндр қабырғасымен 
жəне штангы арасындағы сұйықты айдайды, ал плунжер астындағы кеңістікте 
скважинадан сору клапаны арқылы сұйық ағып толады. Плунжер төмен 
түскенде сораптың айдау клапаны арқылы сұйық жоғары қарай көтеріледі
яғни бұл сорап − дифференциалды. 
СКҚ тізбегіне бекітілу əдісі бойынша сораптар салынбайтын (құбырлы) 
жəне салынатын болып бөлінеді (7.12-сурет). 


98 
Сурет 7.12 – Штангалы скважиналы сорап 
1 – айдағыш клапан; 2 – плунжер; 3 – шток; 4 – шалғағыш шток; 5 – 
бағыттауыш шток, 6 – бекіткіш; 7 – муфта; 8 – цилиндр; 9 – сору клапаны. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет