К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет57/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

2.16 Бұқаның цистицеркозы 
 
Бұқаның цистицеркозы - бұл аурумен ірі қара мал ауырады. 
Цестоданың ларвальдік сатысы адамның ішегінде тіршілік етеді. Цистицерктер 
бұлшықаралық дәнекер ұлпасында, жүректе, тілде, сирек паренхиматозды 
мүшелерінің ұлпасында кездеседі. Аралық иелері-ірі қара, дала сиыры
солтүстік бұғы. 
Қоздырушысы Cysticercus bovis (бовистік цистицерк немесе финна) – 
сұйыққа толы, тары дәнінен бұршақтай тұрқы бар (ұзындығы 5-15мм, ені 3-
8мм) ақшылт-сұр көпіршік. Ішкі қабатында төрт сорғыш тесігімен 
жабдықталған ірі сколексі (диаметрі 1,5-2мм) орналасады. Цистицерк сыртынан 
нәзік дәнекер ұлпамен жамылған.
Ересек Taeniarhynchus saginatus сатысының ұзындығы 10м дейін, ені 12-
14мм жетеді. Қомды сколексі қаруланбаған, төрт сорғыш тесігі, рудиментелген 
тұмсығының өскіні бар. Денесі 1000-2000 бунақтардан құралған.
Жұмыртқасы шартәрізді немесе сәл сопақшалау. Жұмыртқаның сыртқы 
қабығы түссіз, бір не екі нәзік жіпше секілді өскіндері орналасқан. 
Онкосферасы сарғылт-қоңыр түсті қалың екі контурлы сызықшалармен 
өрнектелген.
Аралық иелері – ірі қара мал, буйвол, зебу, як және солтүстік бұғылары.
Қоздырғышының даму биологиясы. Зақымдалған адам ішегінен 
жетілген мүшелері клиникалыққы ортаға шығады. Аралық иелер 
онкосфераларды жұтып зақымдалады. Ірі қараның ішегінде ұрық жұмыртқадан 


69 
шығып ілгек арқылы ішектің тамырларына кіреді, сосын қанмен мүшелерге 
таралады, 4-5 ай өткесін инвазиялық цистицерк дамиды. 
Адам тениаринхозбен ірі қараның етін немесе солтүстік бұғының миын 
жеп зақымданады. (тамақ пісіргенде, шала немесе дұрыс піспеген етте 
байқалады) (строганина, шашлык, бастурма, бифштекс). Адамның қарнына 
цистицерктер түскең іш қарын сөл және өт арқылы олар сколексін айналдырып, 
сорғыштармен ішекке жабысады. Алғашқыда паразиттің өсуі байқалады. 
Цистицерк адамның ішегіне түскеңнен бастап цестоданың толық жыныс 
дамуына 3ай өтеді. Тениаринхустың өмір ұзындығы 10 жыл. 
14 сурет. Taeniarhynchus saginatus: 1-сколекс; 2-гермафродитті мүше, 3-ересек мүше 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет