К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет152/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

4.1 Аргазида кенелері 
 
Аргазида кенелері Parasіtіformes тегіне жататын ірі кенелер. Олар 
Argasіdae тұқымдасына жатады. Оның ішінде Argas және Alveonasus 
туыстарының ветеринариялық маңызы бар. Аргазида кенелері еліміздің 
Оңтүстігінде таралған, олар мал мен құс денесінде кездеседі. Әсіресе Argas 
persіcus немесе парсы кенесі, Alveonasus lahorensіs қашар кенесі мал, құс 
қораларында жиі кездеседі. 
Бұл кенелердің барлық сатылары құс баррелиозы, құс туберкулезі, құс 
сүзегі және үйрек қылауы қоздырғыштарын тасымалдайды. Кенелер құс 
эктопаразиті ретінде, құс шаруашылығына едәуір зиян келтіреді. Олар көптеп 
жабылып, құс балапандарын өлімге ұшыратуы мүмкін. Парсы кенелерінің 
дене тұрқы 4,5-9 мм, ал ені 3-6 мм. Пішіні жұмыртқа тәрізді, денесі жалпақ, 
аш кененің түсі сұр. Қанға тойынған кенелер түйебұршақ тәрізденеді. Бұл 
кенелердің көздері жоқ, тұмсығы денесінің астыңғы жағында, перитремалары 
орақ тәрізді. Кенелер Қазақстанның Оңтүстік облыстарында және Орта Азия 
республикала-рында таралған. 
Парсы кенелері тауық ұяларын, оның қонақтайтын тұғырын, тақтай 
және бөрене жарықтарын және құс қоралары маңындағы жабайы құстардың 
ұяларын мекеңдейді. Бұл кенелер тек құстарға ғана жабысады. Сүтқоректілер 
денесінде болмайды. 
Парсы кенелері жылы уақытта ғана өсіп-өнеді. Ол үшін ең кем дегенде 
20
0
С жылылық қажет. Парсы кенелерінің балаң сатысынан басқалары жарық 
сәуледен қашады, сондықтан олар қараңғыда ғана құстарға жабылады. Ал, 
ұядағы парсы кенелері құсты күндіз де шағады. Кенелер көп рет қан сорады. 
Әр қан сорған сайын ұрғашы кенелер 130 шақты жұмыртқа салады. 
Жұмыртқа ішінде 2 аптадан соң балаңкене дамиды. Олар құстың мойнына
қанат астына, клоака маңына жабысып, құстың қанын сорады. 3-10 күннен 
кейін олар түсіп қалып, бірінші нимфа сатысына, онан соң қан сорғаннан 
кейін екінші нимфа сатысына айналады. Соңғы нимфа сатысынан имаго 
немесе ересек кене пайда болады. Кененің толық өсіп-өнуі 1-2 жылда 
аяқталады. Парсы кенесі 2-3 жылдық аштыққа шыдайды.
Парсы кенелеріне қарсы кешенді шараларды жүргізу-оларды құс 


165 
қораларында толық жоюға мүмкіндік береді. Ол үшін құсты уақытша 
лагерлерге көшіріп, құс қорасын және оның маңындағы ағаштарды, 
қуыстарды мұқият зерттеу қажет. Құс қорасындағы аралық қабырғаларды 
және т.б. тетіктерді клиникалыққа шығарып ыстық сумен жуып кептіру 
керек. Қабырғадағы саңылаулардың сылағын түсіріп, жарыққа ыстық соляр 
майын немесе бояу жағады. 
Қора ішін дәрілеу үшін 1,5 % хлорофос, 1 % неоцидол, дикрезил немесе 
карбофос1 % циодрин, 4-5 % натрий фенолят эмульсиясы әр 1 м
2
көлемге 
100-200 мл. мөлшерде шашады. Бұл дәрілерді бүрку үшін ДУК, ВДМ, ЛСД 
қондырғылары және гидропульттер қолданылады. Құс қораларын 3-5 күннен 
кейін қайта екінші рет және керек жағдайда үшінші рет дәрілейді. ТАН 
аэрозоль қондырғысы көмегімен бағытталған аэрозоль тұманын жасау үшін 3 
карбофос ерітіндісі және 0,5 % ДДВФ қолданылады. 
Құсқа жабысқан балаң кенелерді жою үшін оларға акарацидтерді 
клиникалықта шашады. Негізінен құстарды 11-12 күн қорадан тыс жерде 
ұстау балаң кенелерден құтылудың ең тиімді әдісі. Құсты бұл қораларға 
күрделі жөндеуден өткізіп, қорытынды дәрілеуден кейін 5-10 күннен соң ғана 
орналастыруға болады. 
Құс қоралары мен құс фабрикаларын елді мекеңдерден алыс 
орналастырады. Оларды бақ немесе ағаш ішіне салмайды, себебі жаз 
уақытында парсы кенелері ағаш қабығы астына және ондағы құс ұяларына 
тығылып жатады. 
Кене мекеңдеген ескі құс қораларынан құрал-сайман және құрылыс 
заттарын алып, пайдалануға тыйым салынады. 
Alveonasus lahorensіs- қора кенелері. Қой денесіне бұл кенелер көптеп 
жабысып, мал басын жаппай арықтатады, кейде салдандырады. Тәжірибе 
жүзінде қой қора кенелері Anaplasma ovіs және Thelerіa ovіs 
қарапайымдыларын тасымалдайтыны анықталды. 
A.lahorensіs кенелері Кавказда, Қазақстанның Оңтүстігінде және Орта 
Азия республикаларында кездеседі. Бұл кенелер көбінесе ескі қой қораларын, 
басқа да мал қораларын мекеңдейді. Олар қора қабырғасының саңылаулары 
мен жарылған жерлерінде тығылып жатады. Бұл кенелер кеміргіштердің 
інінде, тастар қуысында, қурай арасында да болуы мүмкін. 
A.lahorensіs кенелері қойға, түйеге және басқа малдарға сирек жағдайда 
жабысуы мүмкін, кейде олар адамға да жабысады. Кене имаго сатысында 
арасына үзіліс беріп бірнеше рет қоректенеді. Кененің ұрғашылары қанға 
тойынғаннан соң жұмыртқалайды, олардан 14-15 күннен кейін балаң 
кенелер шығады. Бұл балаң кенелер 11 айдай аштыққа шыдайды. Балаң 
кенелер малға қыркүйек, желтоқсан айларында жабысады. Күзгі-қысқы 
маусымда жануарлар денесінде қоректенген балаң кенелер бірінші нимфа, ал 
кейінірек екінші және үшінші нимфаға айналады. Бұл кезең 3 аптадан бір 
жарым айға дейін созылады. Жерге түскең нимфалар бірнеше айдан соң 
имаго немесе ересек сатысына түлейді. Қора кенелері имаго сатысында 7-10 
жыл аштыққа шыдайды. 
Қора кенелерін жою үшін 1 % дилор суспензиясы, анаметрин Н 


166 
дәрісінің 0,25 % эмульсиясы, неоцидолдың (диазинонның) 0,05 % эмульсиясы 
қолданылады. Бұл дәрілерді 200-400 мл м

мөлшерде қораға шашады. Күзде 
қойды қораға қамарда оларды қайталап дәрілеу шарт. 
Малға жабысқан кенелерді жою үшін әсері ұзартылған фосфорор-
ганикалық дәрілер қолданылады. Ол үшін 0,025 г/кг мөлшерде қолданылған 
сульфидофос-20 және 0,040 г/кг мөлшердегі диоксофос жақсы нәтиже 
береді. Салмағы 40 кг қойға омыртқа жотасы тұсынан өлшегіш аспаппен 5 
мл. сульфидофос немесе 10 мл диоксофос тамызады. Бұлардан басқа ивомек, 
бутокс, протеид, неоцидол, байтикол және т.б. дәрілерді де қолдануға 
болады. 
Сульфидофос-20-мен дәріленген малды 40 күннен, ал диоксофостан 
кейін 2 аптадан соң ғана союға болады. Қой қора кенелерімен түбегейлі 
күрес жүргізу үшін ескі қоралардан арылып, жаңа стандартты қой қораларын 
салу шарт. Кенесі бар қорадан кенелер басқа қораларға таралып кетпес үшін, 
ондағы жануарларды акарицидтермен дәрілегеннен кейін ғана көшіруге 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет