Кафедра меңгерушісі Джарасова Г. С


тақырып. Үшөлшемді графикалық примитивтер



бет4/9
Дата09.06.2016
өлшемі3.8 Mb.
#123846
1   2   3   4   5   6   7   8   9

6 тақырып. Үшөлшемді графикалық примитивтер.

Қарастырылатын сұрақтар:



  • Құрылыс конструкцияларының эскиздері.

  • Айналу денелері.

  • Геометриялық сызбаның жеке бөлшектеріне талдау жасау.

  • Құрастыру сызбаларын оқу және бөлшектеу.

Эскиз дегеніміз – заттың элементтерінің пропорциясын жуықтап сақтай отырып, тікбұрышты проекциялау ережесіне сәйкес және сызба құралдарының көмегінсіз, қолмен салынған сызба.

Эскиз жұмыс сызбасын жасау үшін қолданылады, сондықтан, ол қажетті барлық мәліметтерді қамтуы керек. Әр заттың эскизі жеке форматта масштабын көрсетпей-ақ жұмсақ қарындашпен (М н/е 2М) салынады.



Эскизді салу тәртібі:

  1. Затпен танысу.

  2. Басты түрін таңдау.

  3. Қажетті бейнелердің санын анықтау.

  4. Беттің форматын анықтау.

  5. Бетті бейнені орналастыруға дайындау.

  6. Бейнені бетке орналастыруды жоспарлау.

  7. Габаритті тікбұрыштарға заттың түрін пропорциясын сақтай отырып салу.

  8. Қималар мен тіліктерді салу.

  9. Өлшемдерін салу.

  10. Эскизді ҚҚБЖ стандартына сәйкес безендіру.

Техникалық сурет – заттың, аксонометриялық проекция түрлерінің бірінде, қолдан салынған көрнекі бейнесі.

Техникалық суретте, заттың көлемді формасын салғанда, жарық көлеңкесін де штрихтар арқылы көрсету керек.



Проекциялық сызу сызба геометриясы негіздеріне сүйене отырып, кеңістіктегі нәрселер пішінін жазықтықта бейнелеу әдістерін оқытады.

Проекциялық сызу – машина жасау сызбасының негізі. Проекциялық сызбада геометриялық денелерді кескіндеудің және оларды үйлестірудің практикалық әдістерін оқытады.

Кеңістікте орналасқан нәрсенің нүктелері арқылы жазықтыққа жүргізілген сәулелердің жазықтықпен қиылысуынан шыққан кескінді нәрсенің жазықтықтағы проекциясы деп атайды.

Техникалық сызбада проекцияларды тұрғызудың төрт әдісі қарастырылады:

1) Сандық белгілерімен проекциялау әдісі;

2) Орталық немесе перспективалық проекциялау әдісі;

3) Ортогональ немесе тікбұрыштап проекциялау әдісі (Монж әдісі);

4) Аксонометриялық проекциялау әдісі.

Машина жасау сызбасында кеңінен қолданылатыны тік бұрышты (ортогональ) проекциялар. Мұнда проекция ортасы проекция жазықтығынан шексіз қашықтықта орналасқан, проекциялаушы сәулелер параллель және проекция жазықтығымен тік бұрыш жасайды, тік бұрышты проекциялар деген атау осыдан шыққан.

Өндірісте сызбалар тікбұрышты проекцияда орындалады. Нәрсенің жазық беттері (мысалы, қабырғалары, қыры мен жақтары) проекция жазықтығына параллель болатындай етіп орналастырылады, яғни мұндай жағдайда беттер проекция жазықтығына нақты шамасында кескінделеді.

в суреті нәрсенің пішінінен толық мағұлмат бермейді, сондықтан тікбұрышты проекцияларды бір проекция жазықтығында емес, екі, үш және одан да көп өзара перпендикуляр жазықтықтарда орындау керек. Мұндай сызбалар бойынша нәрсенің пішінін елестетіп, оның барлық элементтерінің өлшемдерін табуға болады.

Аксонометриялық проекциялар

Жалпы түсінік және анықтамалар. Аксонометриялық проекция немесе аксонометрия нәрсенің бір жазықтықтағы көрнекі кескіні. Аксонометриялық проекциялауда нәрсе өзі тиісті координаталар жүйесімен бірге аксонометриялық проекцияның таңдап алынған кез – келген жазықтығына проекцияланады. Сөйте тұра нәрсені Охyz нақты координаталар жүйесімен байланыстырады, ал проекциялау бағыты координаталар осінің бағытымен сәйкес келмейді және координата жазықтықтарының біріне де параллель емес. Аксонометриялық проекциялар параллель проекциялау арқылы алынады, сондықтан оған параллель проекциялаудың төмендегідей қасиеттері тән:


  • жалпы жағдайда түзудің аксонометриялық проекциясы түзу болады;

  • егер түзулер өзара параллель болса, олардың аксонометриялық проекциялары да параллель болады;

  • егер нүкте кесіндіні қандай да бір қатынаста бөліп тұрса, онда нүктенің аксонометриялық проекциясы да кесіндінің аксонометриялық проекциясын сондай қатынаста бөледі;

  • жалпы жағдайда шеңбердің аксонометриялық проекциясы эллипс болады, ал жеке жағдайда – шеңбер немесе түзу.

Үшөлшемді жүйелердің ерекшелігі: бұйымның көлемді моделін жасағанда, бұл детальды эскиз жасау режимінде сызылатын қарапайым примитивтерге бөлу керек, содан кейін ғана, таңдап алынған тұрғызу тәсіліне қарай бұл эскизге көлем беріледі.

Құрылымдық жұмысты орындау үшін барлық типтегі графикалық құбылыстарды атқара алу керек. Оған: нүктелер, түзулер, тіліктер, айналмалар, эллипстер, айналманың доғалары және эллипстері жатады. Параметрлер мен өзгертулердің жиынтығы спецификация әдісімен біріктіріледі.



КОМПАС-ЗD жүйесінде үшөлшемдік қатты денені үлгілеудің мынадай мүмкіншіліктері бар:

– типтік қалыптастыру элементтермен буль операцияларын орындау;

– беттерді құрастыру;

– элементтер параметрлерін ассоциациялық түрде беру;

– эскиздерді, кеңістік қисық сызықтарды құру;

– конструкциялық элементтерді – фаскалар, айналдырулар, тесіктер, қатаңдық қабырғалары және жұқа қабырғалы қабыршақтарды – жасау;

– құю қалыптарын құруды жеңілдететін өзгеше мүмкіншіліктері: құю еністері, ажырау сызықтары, бөлшек пішіні бойымен қуыстары (оның ішінде қорытпаның құю шөгуін ескере алып);

– темір табақ материалдан істелінетін бөлшектер үлгілеу – темір табақ дене жасау, темір табақ денеде июлер, тесіктер, жалюзи, буртиктер, ойықтар істеу, сондай-ақ алынған темір табақ дененің жазбасын құру (оның арасында жазбаның ассоциациялық сызбасын қалыптастыру);

– құрастырулардың (сборки) қалыптастыру элементтері мен компоненттерінің массивтерін құру;

– стандартты бұйымдарды кітапханадан алып үлгіге енгізу;

– құрастырудың контекстінде компоненттерді үлгілеу, құрастырудың құрамындағы бөлшектерді өзара анықтау;

– құрастырудың компонеттеріне жанасу орындарын салу;

– бөлшектердің өзара енуін анықтау, бөлшектер мен құрастыруларды иілімді редакциялау мүмкіншілігі, бүкіл үлгіні қайта құруды керек қылатын жобалаудың кез келген мезгілінде кез келген элементтің көрсеткіштерін қайта анықтау мүмкіншілігі.

Айналу денелерін жобалайтын КОМПАС-Shaft-2D жүйесі - «айналу денелер» типті бөлшектерді: біліктер, төлкелер, цилиндрлік және конусты тісті дөңгелектер, червяктар мен червякті дөңгелектер, белдікті және тісті-белдікті, шкивтердің берілістерін, параметрлік жобалауға арналған. Үлгінің цилиндрлік, конус тәрізді, сфералы сатыларын, соңдай-ақ қимасы дұрыс көпбұрыш болып табылатын сатыларын салу мүмкіншілігі қарастырылған. Сол сатыларда шлицты, шпонкалы және бұрандалы учаскелер, ойықтар, тегіс жерлер (лыски) мен тұйық және орталық тесіктер жасау қамтамасыз етіледі. Біліктер мен төлкелер үлгілерінің күрделілігі шектелмейді, сатылар саны кез келген болу мүмкін. Айналу денелерінің бір мысалы – бұрандалар.



Бұрандалар туралы жалпы түсінік

Цилиндрдің немесе конустың айналма бетіне жанаса кез-келген жазық фигураның айналма қозғалысының нәтижесінде алынатын винттік бетті бұранда деп атайды. Жазық фигура цилиндр (конус) бетіне қатысты өз орнын өзгертпестен айнала отырып цилиндр (конус) осін бойлай қозғалады. Осылайша, цилиндрде (конуста) профиль-пішіні (үшбұрышты, шаршы, дөңгелек, трапеция немесе т.б.) мен адымы арқылы сипатталатын винттік бет түзіледі.



Техникада бұранда әртүрлі профильде қиылған винттік ойықтарды бөлшек бетіне басу арқылы алынады. Бұрандалар станоктарда кескіштердің көмегімен, сырыққа пластинамен, роликтермен жаймалау арқылы немесе плашка және із салғыш құралдарды (метчик) қолдана отырып, қолмен ойып салу арқылы алынады.

Бұрандалар классификациясы:

  • Бұранда ойылған беттің пішініне байланысты (цилиндрлік, конустық);

  • Бұранданың сырық бетіне немесе тесікке орналасуына қарай (ішкі, сыртқы);

  • Профиль пішініне қарай (үшбұрышты, тікбұрышты, трапеция тәрізді, дөңгелек);

  • қолданылуына қарай (бекіту, тығыздап қатайту, қозғалтқыш, арнайы және б.);

  • винттік беттің бағытына қарай (оң және теріс); жүрістер санына қарай (біркірмелі және көпкірмелі).

Барлық бұрандалар екі топқа бөлінеді: стандарт және стандарт емес; стандарт бұрандалардың параметрлері стандарт бойынша анықталады.

Құрастыру сызбаларын оқу және бөлшектеу.

Құрастыру сызбасын оқу деп сызбасына қарап бұйымның пішінін, өлшемдерін және жұмыс жасау принципін анықтау процесін айтады. Құрастыру сызбасын төмендегідей ретпен оқуға болады:

  • бұйым атауы мен кескіндер масштабын негізгі жазу бойынша анықтау;

  • кескіндерге қарап сызбада қандай көріністер, тіліктер, қималар орындалғанын және әрқайсысының қолданылатын орнын анықтау; сызбаға түсірілген өлшемдер мен техникалық талаптарды оқу;

  • сипаттізім мен сызбаны қатар қойып, тетікбөлшектер атауы мен кескінін ажырата білу;

  • тетікбөлшектердің өзара қалай біріктірілгендігін, бұйымның жылжымалы бөліктері жұмыс кезінде қалай орын ауыстыратындығын айқындау;

  • рет – ретімен әрбір тетікбөлшектің геометриялық пішіні мен өлшемдерін анықтау;

  • бұйымның ішкі және сыртқы пішіндерін ойша елестетіп, қызметін түсіну;

  • бұйымды ажырату және жинау ретімен танысу, яғни тетікбөлшектерді бір-бірінен қалай ажырату керектігін білу.

Сонымен бірге мыналарды естен шығармаған жөн:

  • білік, сына, тойтарма шеге, шариктер және т.б. көлденең тілікке түспейді;

  • көршілес тетікбөлшектерді тілікте немесе қимада кескіндегенде штрихтау бағыты (оңға, солға), немесе штрихтар арақашықтығы әртүрлі

  • құрастыру сызбасындағы барлық тіліктер мен қималарда жекелеген бір тетікбөлшектің штрихтау бағыты бірей және біркелкі болуы керек.

Бөлшектеу деп құрастырылған бұйым сызбасы бойынша тетікбөлшектердің сызбаларын орындауды айтады. Бұйымның құрастыру сызбасына қарап жұмыс сызбаларын орындау реті бұйымның өзіне қарап тетікбөлшек сызбаларын орындаудағыдай болып келеді. Тетікбөлшектердің пішіні мен өлшемі құрастыру сызбасын оқу барысында айқындалады. Тетікбөлшек атауы мен оның белгіленуі құрастыру сызбасының сипаттізімінен анықталады, ал материал маркасы - құрастыру сызбасында келтірілген түсіндірмеден алынады.
Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Большаков В.П. Инженерная и компьютерная графика: Практикум. – СПб.: БХВ-Петербург, 2004.

  2. КОМПАС-3D V7: Руководство пользователя. Том I. – ЗАО АСКОН. 2004.


7 тақырып. Конструкторлық кітапханалар.

Қарастырылатын сұрақтар:



  • КОМПАС-тың конструкторлық және қосалқы кітапханалары.

  • Арнайы қосымшалар.

  • Спецификациялар жобалау модулі.

Дерек базалары корпоратив  (жабық) және мамандырылған фирма-жасаушылармен коммерциялық мақсаттармен құралған жалпы қолдана алатын (мысалы, болу мүмкін APPIUS-фирмасының «Инженерлік анықтамасы») болуы мүмкін.

КОМПАС конструкторлық кітапханасында түрлі типтік машина жасау элементтерінің (болттар, гайкалар, тойтарма шегелері мен басқа бекіткіш элементтердің, подшипниктердің, прокат профильдерінің, құбырлар қосылыстары элементтерінің,  манжеталардың т.б.) 200 астам параметрлік кескіндері бар.

Стандартты бекіткіш бұйымдардың кез келген пакетін (мәселен, шпилька-гайка-шайба) құрып алып графикалық құжатқа кіргізу мүмкіншілігі қарастырылған. Пакет кескінін сызбаға енгізу кезінде бекіткіш элемент сызығының ұзындығы стандартты қатардан автоматты түрде сұрыпталады. Бекіту бұйымдары үшін тесіктер түсіруі де мүмкін. Кітапхана бекіткіш бұйымдардың дайын кешендерін ұсынады, оған қоса пайдаланушы істеген жинақтарды сақтауға болады. Стандартты элементті сызбаға кіргізгенде кейін спецификация қалыптастыру кезінде қажетті қосымша ақпарат беріледі.

Кітапхана машина жасаудың құрастыру және бөлшектеу сызбаларын дайындау үшін жұмсалатын конструктор уақытының шығындарын едәуір мөлшерде төмендетеді және құжаттың жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

Стандартты бекіткіш элементтер кітапханасы - КОМПАС-ЗD құрастыруларының үлгілеріне стандартты бекіткіш элементтерді: болттар, винттер, гайкалар, шайбалар мен шпилькаларды еңгізу үшін  керек. Олардың үш өлшемді параметрлік үлгілерді де ұсынылады.

Құрастыруға арналған кітапхана элементтері оңай редакцияланады, және де элементтер көбінде диаметрі, ұзындығы және сондай сияқты негізгі көрсеткіштерін ғана емес, стандарт нөмірін өзгертуге болады. Мысалы, бастапқы элементті жоймай және байланысу орның өзгертпей жартылай жұмыр бүршікті винтті цилиндрлік бүршікті винтпен ауыстыру. Кітапхана 60 көп стандарттарды қамтиді.

КОМПАС-ЗD V8 қосымша бағдарламалық модульдер (пайдаланушы кітапханалар) құруға және құжатпен жұмыс істегенде оларды пайдалануға мүмкіншілік береді. Сөйтіп, сызу-графикалық редактордың стандартты мүмкіншіліктері толтырыла алады, мысалы, стандартты машина жасау элементтерінің кітапханасымен.



Айналу денелерін үлгілейтін КОМПАС-Shaft-3D интегралданған жүйесі КОМПАС-Shaft-2D кітапханасының дамуы болып табылады және үш өлшемді қатты денелі үлгілеудің КОМПАС-3D пакеті ортасында істейді. Жүйе біліктер мен төлкелердің, іштен және сырттан ілінісетін тік тісті цилиндрлік тісті дөңгелектердің, үш өлшемді қатты дененің үлгілерін жобалау және жасау  үшін арналған. Ол біліктің цилиндр не конус тәрізді сатыларын, сондай-ақ «алтыбұрыш» не «шаршы» типті сатыларын түсіруді қамтамасыз етеді. Сатылардың қосымша элементтері жырықшақтар (канавки) болу ықтимал. Солар қалыптастыруды КОМПАС-Shaft-3D жеткізу кешені құрамына кіретін КОМПАС-3D үшін жырықшақтардың арнаулы кітапханасы қамтамасыз етеді.

КОМПАС-Shaft-3D жүйесі «Жадығаттар мен сортаменттер» корпоративті анықтамамен интегралданған, сонымен одан жобаланып отырған бөлшектін материалын таңдауға болады.

КОМПАС-Shaft-3D кітапханасы жәрдемімен жобаланған үлгілерді кейін КОМПАС-3D құралдарымен редакциялау мүмкін.

Айналу денелерін жобалағанда және механикалық берілістер есептегенде КОМПАС-Shaft-3D маңызды көмекші болып шығады. Ол жобаланған бұйымды көрнекі көрсетуге мүмкіншілік береді және конструкторлық құжаттар жобалау мен шығару жылдамдығын ондаған есе көбейтеді.

КОМПАС-Spring  модулі сығу және созу цилиндрлік винтті серіппелерінің, сондай-ақ тәрелке тәрізді және бұрау серіппелерінің жобалау не тексеру есептерін орындауды қамтамасыз етеді. Есеп нәтижесі бойынша көріністері, техникалық талаптар, деформациялар немесе күштер диаграммалары бар серіппе сызбаларын автоматты түрде қалыптастыруға болады.

Есеп бастапқы деректің минимал мөлшерімен орындалады және конструкторға қажет массасы ең аз серіппенің параметрлерін алуға кепіл береді.

Ең жақсы нәтижеге жету мақсатымен есеп жүрісінде конструктор серіппе көрсеткіштерін өзгерте алады (варьирование). Бастапқы деректің әрбір жинағы үшін берілген талаптар мен беріктік критерийлерінең толығымен қанағаттандыратын серіппенің бірнеше варианты анықталады. Есеп нәтижелерін басуға не кейін сызбаны салу үшін сақтауға болады.

КОМПАС-Spring серіппе жобалау жүйесі де «Жадығаттар мен сортаменттер» корпоративті анықтамамен үйлестірілген болуымен жобаланытын серіппенің затын сұрыптау мүмкін.

Серіппе сызбасын түсірген кезде іліністер типін таңдау, өлшемдер түсіру, шығарма элементтер мен деформациялар немесе күштер диаграммаларын автоматты құр мүмкін.

Тәжірибе бойынша, КОМПАС-Spring серіппе жобалау және олар үшін құжат шығару жылдамдығын 15-20 есе тездетеді.



Электр қозғалтқыштары кітапханасы айнымалы және тұрақты токты асинхронды электр қозғалтқыштары туралы дерек ұсынады. Ол 6 тараудан тұрады:

– Жалпы тағайынды үш фазалы айнымалы токты асинхронды электр қозғалтқыштары;

– Бір фазалы айнымалы токты асинхронды электр қозғалтқыштары;

– Қоздыруы тәуелсіз тұрақты токты өнер кәсіптік электр қозғалтқыштары;

– Түрлі тағайынды адымдауыш қозғалтқыштар;

– Әмбебап коллекторлық қозғалтқыштар;



Қозғалтқыштың әрбір маркасы үшін кітапханада мыналар туралы дерегі бар:

– қуаты,


– біліктің синхронды айналу жиілігі,

– сырғанауы есепке алынған нақты айналу жиілігі,

– пайдалы әсер коэффициенті,

– массасы,

– біліктің шығар ұшының диаметрі.

Қорғау дәрежелері арқылы орындалуы, суыту әдісі, жұмыс істеудің номинал тәртіптері, біліктегі айналу моменттерінің қатынастары, ауа райы үшін орындалуы туралы деректер беріледі. Электр қозғалтқыштарының нақты моделдер жайлы жобалаушы мен шығарушы кәсіп орнындары туралы кысқаша мағлуматтар беріледі. Кітапхана дерек базасында электр қозғалтқыштарын іздеу жүйесімен жабдықталған. Базада электр қозғалтқышының керекті маркасы мен өлшемтүрін тандаған соң тұтынушы оның кескінің сызбада ала алады және тиісті ақпаратты спецификацияға бере алады. Қозғалтқыш кескіні жасаушы фирмалар каталогтарында берілетін бұйымның габарит пен қосу өлшемдеріне түгел сәйкес келеді.



Кітапхананың арнаулы модулі – «Қозғалтқыштар таңдау шебері» – жетек көрсеткіштерін іріленген есебін орындап оның негізінде электр қозғалтқышының нақты үлгісін сұрыптауға арналған.

Редукторлар кітапханасында сериямен өндірілетін жалпы және арнайы тағайынды редукторлардың кескіндері мен техникалық сипаттамаларын, соңдай-ақ шығарушылар мен әкеліп жектізушілер туралы ақпарат берілген.

Кітапханада редукторлардың техникалық сипаттамалары келтіріледі: беріліс қатынастар варианттары, үздіксіз жұмыс істегенде шығар білігіндегі номинал айналу моменті, шығар және кіріс біліктегі номинал радиал күштер, ПӘК, массасы. Бұдан басқа, жұмысты ауыр, орташа, жеңіл жағдайда істегенде моменттер мен күштердің номинал шамалары, сондай-ақ редуктордың шығар және кіріс біліктерінің параметрлері (өлшемдері, конустылықтары, тістер саны мен модулі) түрлі варианттармен көрсетілген.

Берілген көрсеткіштер (типі, беріліс саны, номинал моменті) бойынша редукторды таңдауға болады, содан соң пайдаланушы оның кескінің сызбада автоматты түрде ала алады және спецификацияға қажетті деректі бере алады.

Редукторлар жайлы бүкіл ақпарат жасаушы өнер кәсіптер мен әкеліп жеткізуші фирмалардың ресми каталогтарының деректеріне сай (Кітапханада олар туралы ақпарат та бар).



Домалау подшипниктер жөнінде электрондық анықтама өнер кәсіптің барлық салалары үшін арналады. Оны дайындағанда домалау подшипниктер үшін мемлекеттік стандарттар, сондай-ақ түрлі анықтамалардың және фирмалы (зауыттық) каталогтардың міліметтері қолданған.  Анықтама КОМПАС-Графикпен толығымен үйлестірілген және келесі ақпаратты ұсынады:

  • Стандартты подшипниктердің 100 ең кенінен таралған типтер мен орындалуларының 5000 астам өлшемтиптері үшін деректер.

  • Стандартты подшипниктердің ең кенінен таралған 100 астам өлшемтиптерінің сипаттамалары мен тұтыну туралы ұсыныстар.

  • МЕСТ 3189 тиісті нөмір белгілері бойынша ресей подшипниктерін ұқсастыру (идентификация).

  • Бес кимасында екі жазықтықта әсер ететін радиал күштермен және/немесе шоғырланған июши моменттермен жүктелінген екі тіректі біліктердің тірек реакцияларын есептеу мүмкіншілігі.

  • Подшипниктермен жанасатын бөлшектердің МЕСТ 3325 сай болатын қондыруларын, дәлдігін және кедір-бұдырлығын.

  • Дерек топтарының тиісті иллюстрацияларымен жабдықталған 500 артық ұғымдар, әдебиет тізімі (200 жуық атаулар), МЕСТ пен оларға сай келетін ISO-стандарттары тізімі, подшипниктер жасаушы фирмалар тізімі мен олар өнімінің ситаппатмалары, тығыздауыштар мен майлағыш майдар туралы негізгі деректер.

Металл конструкциялар жобалау кітапханасы пайдаланудың бүкіл салаларында (өнер кәсіп құрылыс, технологиялық құрылыста т.б.) стандартты пішінді прокаттан істелінетін болат конструкцияларын жобалауды автоматтандыруға арналады.

Кітапханамен жұмыс істеу металл конструкцияларді дәстүрлі түрмен жобалаудың кезеңдеріне (геометриялық нобайдан жұмыс құжаттарға қарай) тиісті.



Пісірме жіктердің конструкцялық элементтері кітапханасы мазмұны ауыспалы өлшемдік жазулармен графикалық фрагменттерді сақтау үшін тағайындалады. Ол пісірме жіктің конструкциялық элементтерінің кескіндері мен олармен байланысты MS Excel-файлдарынан тұрады. Сонғыларда ауыспалы көрсеткіштер мәндері сақталады. Өлшемдік жазулар пайдаланушы белгілеген мазмұнымен графикалық фрагменттер КОМПАС-Графиктің активті құжатына орнатылады.

Пісірме жіктер кітапханасы пісірме қосылыстар кескіндері бар сызбаларды автоматты рәсімдеу үшін арналады. Ол пісірме жіктер катеттері кескіндерін, сондай-ақ пісірме қосылыстар кәдімгі типтерінің (түйық, бұрыштық, нүктелі) сызбаларын автоматты қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жік кескінінің геометриялық көрсеткіштері (штрихтар ұзыңдығы, штрихтар арасында және штрихтар топтары арсында ара қашықтығы, сызықтар түрі т.б.) тұтынушымен жөнге келтіріледі. Құжатқа нақты жік кескінің қоңдырған кезде оның типін (зауыттық не монтажды, түтас не үзілме) сұрыптау және жік сызығы көрінетін әлде көрінбейтін екенін көрсету мүмкін.

КОМПАС-Мастер қосымшалар дайындайтын құралы бұл динамикалы түрде қосылатын кітапханалар (DLL) жиынтығы. Оларды Windows үшін C/C++, Delphi, Visual Basic тілдерінде кез келген стандартты бағдарламалау жүйесінен ашып қолдануы мүмкін.

Машина жасау кәсіп орында АЖЖ еңгізу мерзімінде шешілетін ең маңызды есептердін бірі  пайдаланушылардың электрон құжаттармен бірге жұмыс істеуді ұйымдастыруы, құжаттар сақтау және рұқсатсыз өзгеруден қорғау болып саналады.

КОМПАС-Менеджер жұмыс топтары мен конструкторлық бөлімшелерінде, сондай-ақ жергілікті жұмыс орындарында бұйымдар, тораптар мен құрастыру бірліктерінің электрон құжаттары бірынғай базасымен жұмыс істеуді ұйымдастыр үшін қолайлы құралы болып табылады. Жүйе тұтынушының мынадай есептерін шешуге жәрдем береді:

– бұйымдар туралы ақпаратты сақтау, өңдеу, еріп жүру (сопровождение);

– құжатты рұқсатсыз өзгерістерден қорғау;

– белгілеуі не атауы арқылы бұйым құрамы элементтерін тез іздеу;

– қолданылатын бұйымдарды ұйымдастыру;

– құрастыру бірлігі құрамының мүмкін өзгерістерін баяндау;

– орындалулармен жұмыс істеу;

– хабарламалар жасау және өткізу;

– түрлі есеп берулерді құру және басуға шығару.

КОМПАС-Менеджерді жеке дербес компьютерде де, жергілікті жүйеде де пайдалануға болады, сонымен жоба құжаттарын шоғырландырып сақтауға мүмкіндік береді. Конструкторлық құжаттармен жұмыс істеуі қолайлы болу мақсатымен бұйым элементтерін бейнелеудің мынадай тәртіптері қарастырылады: құрастыру бірліктерінің «ағашы» түрінде, иерархиялық немесе түзу сызықтық тізім, сондай-ақ  «спецификацияда сияқты» бейнелеудің қосымша тәртібі. Бұйым құрамындағы әрбір элементі үшін бірнеше бағынышты құжат құру мүмкін.

КОМПАС-Менеджер құжаттардың түрлі типтерін сақтап өңдейді: үлгілер, КОМПАС сызбалары мен фрагменттері, технологиялық процестер, растрлы файлдар, SolidWorks үлгілерінің файлдары, MS Office құжаттары. Бұйымның кез келген элементі үшін қосымша ақпаратпен (соңғы өзгеріс датасы, бөлшек массасы т.б.) атрибуттарды сақтаға және редакциялауға болады. КОМПАС-Менеджерде бұйым элементтерінің атрибуттары мен құжаттағы деректердің синхрондауы қамтамасыз етіледі.

Хабарлама қағазбен жұмыс істеуді ұсынады. Хабарлама қағазды МЕСТ 2.503-90 тиісті құрастыру, оны сақтау, басу, жүргізу мүмкін. Хабарлама қағазмен қоса сол қағаз бойынша өзгерістер орындалған құжаттардың барлық версияларын сақтау арқасында конструкторлық құжаттын «өмур тарихін» бекітуге болады, сөйтіп кез келген мезгілде алғағы версияла қайталануы мүмкін.

КОМПАС-Менеджер КОМПАС пен MS Word форматтарында спецификациялар мен ведомостарды құруға және басып шығаруға мүмкіндік береді. Құрастырылған «Fast Report есеп берулердің дизайнері» пайдаланушыға өз өнер кәсібі қажеттіліктерін есепке алып өз бетімен есеп берулердің формаларын түзуге және редакциялауға мүмкіндік береді. Бұлар, мысалы, бұйым карточкалары, материалдық ведомостар, сатып алынатын бұйымдардың ведомостары т.с.с. болу ықтимал. Жоба деңгейінде есеп беруді бұйым құрамы бойынша түгел базаны талдап алып құрастыруға болады.

КОМПАС-Менеджер бар болған элементтер базасынан түрлі жағдайлар арқылы таңдамалар құру үшін сұраныстар жасау және сақтау құралдарын береді. Конструктор қол астында бұйым құрамы элементтерін іздеу үшін, түрлі құрастыру бірліктер арасында элементтерді көшіру және тасымалдау үшін қолайлы құралдар, басқа көп сервисті функциялар бар.

КОМПАС-Менеджер ашық жүйе болып табылады. Жүйе мүмкіншіліктерін кеңейтетін қосымша модульдерді түзу мақсатымен қосымшалар дайындайтын құрал-сайман пайдалану мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет