Кафедра меңгерушісі И. А. Шумейко



бет3/3
Дата01.07.2016
өлшемі0.54 Mb.
#171320
1   2   3

3.3 ИКГ аспабының суреттелуі

3.3.1 Техникалық сипаттамалар. Калибр-тығын қалпының өлшеулері мен ауытқуларын өлшеу бұл жұмыста көлденең оптиметр ИКГ өткізіледі.

Оптиметр ИКГ сыртқы және ішкі сызықты өлшеулерді өлшенетін бұйымның 1 және 2 классты шеткі мөлшерлермен немесе үлгі-тетіктермен салыстыру әдісімен түйіспелі өлшеуге арналған.

3.3.2 Аспаптың құрылымы. Аспаптың оптикалық сызба-нұсқасы негізіне телескопиялық автоколимационды құбыр принципі салынған.

Автоколлимационды бейнені алуға қызмет ететін айна өлшеу өзегімен байланысқан және өзектің орын ауыстыруы кезінде сәйкесті бұрышқа ауытқиды. Межеліктің көрінетін автоколлимационды бейнесі, объективтің фокальді жазықтығында орналаскан, жылжымайтын индексқа қатысты өлшеу өзегіне пропорционал орын ауыстырады.

Оптиметр құбырының оптикалық сызба-нұсқасы 4.7 суретте көрсетілген.


3.3 кесте – Аспаптардың сипаттамалары

Сыртқы өлшеулердің өлшеу шектері, мм

Ұзындық

350

350

Диаметр

225

225

Межелік бойынша өлшеу шектері, мм

± 0,1

± 0,1

Межеліктің бөлу құны, мм

0,001

0,001

Аспаптың межеліктің кез-келген бөліндісі үшін қателігі, мм: 0-ден ± 0,06 дейін аралықта

± 0,0002

± 0,0002

0-ден дейін аралықта

± 0,0003

± 0,0003




3.7 сурет – Оптиметр құбырының оптикалық сызба-нұсқасы

Оған кіреді: 1 — айна; 2 — объектив; 3 — толық ішкі бейнелудің призмасы; 4 — тор; 5 — окуляр. Жарықтандыру жүйесін құрайды: 6 — бағыттап ұстауыштағы айна; 7 — окуляр шектерінде орналасқан призма.

Тор 4 өзімен межелік пен индексі бар шыны тілімшені көрсетеді, мұндағы межелік бөлінділері тілімшенің бір жағында, ал индекс – басқа жағында салынған. Окуляр жағындағы межелік призмамен окуляр арқылы тек индекс пен 1 айнадан шағылған межелік бейнесін көруге ғана болатындай етіп жабылған. Тор объективтің фокальді жазықтығында орнатылған.

Жарық сәулесі 6 айнасынан шағылып, 7 призмасы арқылы 3 призмасы мен 2 объективтен өтіп межелікті жарықтандырады, олар 1 айнасына параллель құлайды, одан шағылады да қайтадан 2 объективке түседі, призма 3, тор 4, окуляр 5 өтеді және бақылаушы көзіне түседі. Оптимер құбырының өлшеу бағыттауышының осьтік орын ауыстыруы кезінде 1 айна бұрышына ауытқиды, осыдан соң окулярдың көру өрісінде межелік бейнесі жылжымайтын индекске қатысты орын ауыстырады.

Құрылымды оптиметр келесі түрдей көрінеді (3.8 сурет).

3.8 сурет – Көлденең оптиметр ИКГ
Массивті шойынды 1 негізде көлденең бағыттау 2 білік бекітілген. Білікте сол және оң жақтарында қыспақты бұрамамен қажетті күйде бекітілетін екі жылжымайтын 3 және 4 кронштейндер орналасқан. Сол жақ кронштейнде сүйеутөлке 5 бекітілген, оның ішінде серіппесі бар өзек орын ауыстырады. Өзек қажетті күйде қыспақты 6 бұрамасымен бекітіледі. Өзек ұшында ұштық 7 бар өлшеу бағыттауышы бекітілген. Сүйеутөлке ұштығының ось бойымен орын ауыстыруы микрометрлік 8 бұрамамен іске асырылады. Оң жақ кронштейнде сүйеутөлкеден 9 басқа өлшеу ұштығымен проекциялық 10 саптама мен қуат 12 көзімен жарықтандырғыш 11 бекітілген.

Кроншетйндер 3 пен 4 арасында заттық 13 үстел бекітілген. Оның келесідей қозғалыстары бар:

- тігінен қозғалыс – үстелді көтеру мен төмендету дөңгелек 14 тұтқамен, шекті бұрамамен 15 іске асырылады;

- өлшеу сызығына көлденең, тігінен, қозғалыс бастиек 16 көмегімен жасалады;

- тік ось айналасынан айналмалы – өлшеу сызығына перпендикуляр, бастиек 18 көмегімен жасалады.

3.3.3 Аспапты «нольге» реттеу. Реттеу ұзындықтың шеткі өлшеулерінің жиынтығы көмегімен іске асырылады. Жиынтық тексерілетін калибрдің шақтама өрісінің ортасына сәйкес өлшем бойынша құрылады. Мысалы, егер де калибрдің ең үлкен орындау өлшемі 30,020мм тең, ал ең кішісі 30,010мм тең болса, онда шеткі өлшеулер жиынтығын 30,015мм өлшеміне құру керек. Шеткі өлшеулер жиынтығы заттық 13 үстелге (4.8 сурет) орнатылады және бұрандалы қысқышпен бекітіледі, мұнда үстел орташа күйге шығарылады. Сүйеутөлке 5 жиынтық өлшеу ұштықтардың арасында бос кіретіндей қашықтыққа орын ауыстырады. Дөңгелек тұтқалар 14 пен 16 көмегімен жиынтықты тік және көлденең жазықтықта тексереді, осыдан кейін үстел бұл күйде бұрамамен 15 бекітіледі. Микрометрлік 8 бұрама көмегімен межеліктің саптамада 10 суретін шамамен бөліндіге орнатылады және сүйеутөлке 5 тоқтатқышты 6 бұрамамен бекітіледі, бұл бұрама микрометрлік 8 бұраманың берілісі кезінде түсірілуі керек.

Шекті өлшеулердің өлшеу сызығы аспаптың өлшеу сызығымен сәйкес келуі үшін келесідей әрекет жасайды. Қолсаптың 17 көмегімен үстел окулярда межеліктің ең төмен мәні көрінетіндей етіп бұрылады. Кейін қолсаппен 18 үстел бұрылады және межелік бойынша ең кіші есептеу табылады. Осыдан кейін межелікті «нольге» орнатады және сүйеутөлкенің өзегін бұрамамен 6 бекітеді.

3.3.4 Аспапта өлшеу. Аспапты толық орнатқаннан кейін оң жақ өлшеу ұштығын (4.8 сурет) арретирмен 19 шығармай, шеткі өлшеулер жиынтығы бар үстелді төмен түсіреді. Кейін жиынтықты алып тастайды және калибр-тығынның сәйкесті өтетін жағын осьтің үстел жазықтығына перпендикуляр болатындай етіп орнатады. Бұрандалы қысқыш көмегімен калибр үстелде бекітіледі және аспаптың өлшеу ұштықтары арасында бекітіледі. Калибрдің өлшеу сызығының аспаптың өлшеу сызығымен сәйкестендіру үшін үстел бақылаушыға бағытталып орын ауыстырылады және одан бастиек 16 көмегімен саптама проекциясының межелігінде ең үлкен көрсетуге жетпегенше. Үстелді қолсаптың 18 көмегімен өлшеу сығынына перпендикуляр көлденең ось айналасында айналдыра отырып, межелікте ең төмен көрсетуге жетеді. Осыдан соң аспаптың көрсетулерін жазуға болады. Тексерілетін өлшем аспаптың көрсетулерінің (межеліктегі таңбаны ескере отырып) және шеткі өлшеулер жиынтығының өлшеулерінің қосындысына тең болады. Калибр-тығынның өтпейтін жағын өлшеу кезінде жоғарыда аталған әрекеттердің барлығы қайталанады, бірақ шеткі өлшеулер жиынтығы калибр-тығынның өтпейтін жақтың орындау өлшеулерін ескере отырып құрылады.

Калибр-тығынның өтетін және өтпейтін жағының қалпының бойлай және қиылысқан қималарда ауытқуларын өлшеу үшін 4.9 суретте көрсетілген сызба-нұсқаға сәйкес қосымша өлшеулерді орындау қажет.

а – өтетін жақ б – өтейтін жақ
3.9 сурет – Калибр қалыптарының бойлай және қиылысқан қималарда ауытқуларын өлшеудің сызба-нұсқалары
Дөңгелек 14 тұтқаны калибрмен бірге көлденең бағытта орын ауыстыра етіп өлшеулері өлшенеді. Осыдан соң тік ось айналасында қолсап 17 көмегімен бұра отырып өлшеулері өлшенеді.
34 Жұмысты орындау реті

3.4.1 Көлденең оптиметр ИКГ (3.3 бөлім) құрылымы мен жұмыс принципімен танысу және 3.4 кестеге оның негізгі мәліметтерін жазу.


3.4 кесте

Өлшеу құрылғысының атауы мен түрі

Межеліктің бөлу құны

Көрсетулер ауқымы

Өлшеулер ауқымы








3.4.2 Өтетін калибр-тығынның орындау өлшемінің шақтама өрісінің ортасына реттеле отырып, шеткі өлшеулер жиынтықтарын жинау.

3.4.3 Аспапты желіге қосу, оны шеткі өлшеулер жиынтығы бойынша «нольге» реттеу.

3.4.4 Аспап үстелінен шеткі өлшеулер жиынтығын алу және оның орнына (тік күйде) өтетін калибр-тығынды орнату.

3.4.5 Қалыпың өлшемі мен ауытқуын өтетін калибр-тығынның қиылысқан және бойлай қималарында өлшеу.

3.4.6 Өлшеу нәтижелерін 4.5 кестеге толтыру.

3.4.7 4.5.2-4.6.6 бөлімдеріне ұқсас өтпейтін калибр-тығын үшін барлық аталған әрекеттерді орындау.

3.4.8 Аспапты желіден алу, шеткі өлшеулер жиынтықтарын бөлу және оларды футлярды сәйкесті буындарына салу.

3.4.9 3.2.3 бөлімінде көрсетілген үлгіге сәйкес калибр-тығынның орындау өлшеулерін есептеу және оның қалпына шақтамаларды тағайындау.

3.4.10 Есептеулер нәтижелерін 4.5 кестеге толтыру.

3.4.11 Өлшеулер мен есептеулер нәтижелерін салыстыру және калибр-тығынның жарамдылығы туралы қорытынды жасау.

3.4.12 Есептеулер мен өлшеулердің нәтижелерін оқытушыға көрсету.


3.5 кесте

Көрсеткіш атауы

Сандық мәні, мм

Өтетін калибр

Өтпейтін калибр

«Нольге» орнату кезінде шеткі мөлшерлерден жиынтықтардың өлшемі










Шын өлшем










Қалыптың бойлай қимадағы ауытқуы










Қалыптың қиылысқан қимадағы ауытқу










Орындау өлшемі










Тозған беттің ең кіші өлшемі










Жарамдылық туралы қорынытынды











3.5 Есептің мазмұны

Есеп келесіні құру керек:

1) қысқаша дайындалған жұмыс мақсаты

2) ИКГ метрологиялық сипаттамалары бар кесте

3) мөшерлегіш-тығынның шақтамалар өрістерінің орналасу сызба-нұсқасымен орындау өлшеулердің есептеуі

4) өлшеулер мен есептеулердің нәтижелері бар кесте


3.6 Қауіпсіздік шаралары

3.6.1 Жұмыстың тәжірибелік бөлімін орындауға ИКГ аспаптың құрылымы мен жұмыс принципін меңгерген студенттер жіберіледі.

3.6.2 ИКГ аспабында реттеу мен өлшеулерді оқу лаборантының қасында ғана жасау.

3.6.3 ИКГ аспабын кернеуі 220В желіге қосардың алдында оның төмендететін трансформаторға қосылғанына көз жету.

3.6.4 Өлшеулерді өткізгеннен кейін ИКГ аспабын желіден шығару.
Бақылау сұрақтары
1. Тегіс калибртердің тағайындалуы қандай, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

2. Тетіктің шекті калибртермен бақылау қалай асырылады?

3. Тегіс калибртердің орындау өлшеулері қалай анықталады?

4. Тегіс калибртердің жарамдылығы қалай бағаланады?

5. Көлденең оптиметрді «нольге» қалай реттеуге болады?

6. Көлденең оптиметрде калибр қалпының қателігін бойлай және қиылысатын қималарда қалай өлшеуге болады?


4 зертханалық жұмыс. Тұрқылық тетіктің дәлдігін бағалау


4.1 Зертханалық жұмыстың мақсаты

Зертханалық жұмыстың мақсаты: тұрқылық тетіктердің дәлдік көрсеткіштерін өлшеу әдістемесімен танысу, әмбебап өлшеу құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын алу.


4.2 Жалпы бөлім

Кез келген тетіктің дәлдігі оның дайындалу сатысында қамтамасыз етіледі. Дайындаудың дәлдігі деп тетік пен бұйымның шын мәндерінің, геометриялық және басқа параметрлердің олардың сызбалар немесе техникалық талаптарда берілген мәндеріне жақындау дәредесі. Тетіктердің мөлшерленген дәлдігін, яғни геометриялық немесе басқа параметрлердің есептеу мәндерінен жіберілетін ауытқулардың жиынтығын, және шын дәлдікті, яғни өлшеу нәтижесінде анықталған (жіберілетін қателікпен) шын ауытқулардың жиынтығын айра білу қажет. Тұрқылық тетіктің дәлдігі көрсеткіштер қатарымен сипатталады.

Олардың ішіндегі біріншісі болып оның жеке беттерінің арасындағы қашықтықтың ауытқуы (СТ СЭВ 145-75) келеді. Тұрқылық тетіктерде әдеттегідей тесіктердің диаметрлік өлшеулердің ауытқуларын, тесіктер осьтерінің арасындағы немесе тесіктер мен жазықтықтар арасындағы қашықтықтардың ауытқуларын, параллель жазықтықтар арасындағы қашықтықтардың ауытқуларын бағалайды.

Тұрқылық тетіктердің дәлдігін сипаттайтын екінші көрсеткіш болып беттердің немесе пішіннің орналасу ауытқуы табылады. Оларға тұрқылық тетіктің жазықтықтардың, тесіктер осьтерінің және жазықтықтарының параллельдіктен ауытқу, перпендикулярлықтан ауытқуы жатады. Сонымен бірге тұрқылық тетіктің екі немесе одан да көп тесіктердің жалпы осіне қатысты осьтестіктен ауытқу, тетіктің жеке беттерінің базалық жазықтыққа қатысты симметриялылықтан ауытқы және т.б.

Жазықтықтардың параллельдіктен ауытқуы – мөлшерленетін бөлім шектерінде жанасатын жазықтықтар арасында ең үлкен және ең кіші қашықтықтардың айырмашылығы. Осьтердің параллельдіктен ауытқуы – осьтер проекцияларының екі өзара пенпендикуляр жазықтықтарда параллельдіктен ауытқулардың геометриялық қосындысы. Базалық жазықтыққа қатысты симметриялылықтан ауытқу – мөлшерленетін бөлім шектерінде қарастырылатын беттің симметрия жазықтығы мен симметрияның базалық жазықтығы арасында ең үлкен қашықтық.

Беттердің орналасу ауытқуын мөлшерлеу мен сандық бағалау негізіне жанасатын түзулер, беттер мен пішіндер принципі салынды. Соңғылар ретінде тексеру тақталарының жазықтықтарын пайдаланады, оларға тетіктерді, тексеру сызғыштарының, бұрыштықтар мен тетіктерде орнатылатын арнайы ұстауыш жазықтықтарын орнатады.

Параллельдіктен ауытқу шамасы ретінде зерттелетін беттің жойылған екі нүктесінде орнатылатын өлшеу құралының көрсетулерінің аырмашылығын қабылдайды (4.1 сурет).



  1. өлшеу сызығы;

  2. өлшеу бастиегі.

4.1 сурет – Параллеьдіктен ауытқуды өлшеу сызба-нұсқасы





  1. ұстауыш;

  2. өлшеу бастиегі.

4.2 сурет – Параллельдіктен ауытқуды өлшеу сызба-нұсқасы


Тұрқылық тетіктердің тесіктер осьтерінің параллельдіктен ауытқу немесе осьтердің қисаюы кезінде осьтің өзі материалды болып келетінін естеу сақтау керек. Сондықтан өлшеулерді жасайтын шын бетке қатысты өткізеді, мұндай ретінде бақыланатын беттерге келтірілген ұстауыштар қолданады (4.2 сурет).

Бұйым бетінің перпендикулярлықтан ауытқуы тік бұрыштан жанасатын беттер орналасуында ауытқу ретінде қарастырылады. Бірақ беттердің, сонымен қатар тесіктер осьтерінің ең кіші бұрыштық орналасуы тексеру тақтасы мен бұрыштықтардың жазықтықтарымен (4.3 сурет) немесе оның элементтері арасында дәл тік бұрыш болатын құрылғылармен (4.4 сурет) беріледі.





  1. - бұрыштық;

  2. - өлшеу бастиегі.

4.3 сурет – Перпендикулярлықтан ауытқуды өлшеу сызба-нұсқасы



4.4 сурет – Перпендикулярлықтан ауытқуды өлшеу сызба-нұсқасы
Екі тесіктердің осьтестіктен ауытқуын өлшеу өлшеу бастиегі көмегімен іске асырыла алады (4.5 сурет), ол 2 ұстауышта бекітілген және тесіктердің біреуіне қойылған. Өлшеу ұштығы басқа тесікте орналасқан 3 ұстауыш бетімен байланысады. Бұл жағдайда осьтестіктен ауытқудың шамасы көрсеткіштің ось айналасында толық айналым жасаған кезде межелік бойынша есептеу айырмашылығының жартысына тең.

4.5 сурет – Осьтестіктен ауытқуды өлшеудің сызба-нұсқасы
Жеке беттер, беттер мен тесіктер осьтері, екі немесе одан да көп тесіктердің осьтері арасында қашықтықтардың ауытқуларын өлшеу 4.1 және 4.2 суреттерде көрсетілген сызба-нұсқаларға сәйкес өткізіледі. Бірақ бұл жағдайда беттің тек бір нүктесінде ғана өткізіледі.

Тұрқылық тетіктердің дәлдігін бағалауға пайдаланылатын дәлдік көрсеткіші бұл қалыптан ауытқу. Тұрқылық тетіктерде өте жиі жазық беттердің түзу сызықтықтан және жазықтықтан ауытқуды және тесіктердің қалыптарын олардың бойлай және қиылысатын қималарды ауытқуларын бағалау болады. Бұл көрсеткіштерді бағалау негізінде жанасатын беттер мен пішіндер принципі салынған, олар ретінде бақылау тақталарының, мөлшерлегіштердің, ұстауыштардың жұмыс беттері және т.б. пайдаланылады. Тетіктің жазық бетінің түзу сызықтылығын тексеру тәсілдерінің бірі 4.6 суретте көрсетілген.

Зерттелетін 1 бетке бірдей номиналды өлшемі болатын екі 2 шеткі мөлшерлерге тірелетін тексеру 3 сызығына орнатады. Кіші өлшемдегі шеткі 4 өлшемнің орнын ауыстыра отырып, қармауыш көмегімен саңылаудың шамасын өлшейді, ол бойынша түзу сызықтықтан ауытқудың шамасы туралы айтады.

4.6 сурет – Түзу сызықтықтан ауытқуды өлшеудің сызба-нұсқасы
Тұрқылық тетіктің тесіктер қалыптарының қиылысу қимада ауытқуларын бағалау үшін шеңберліктен ауытқу көрсеткіші мен оның жеке түрлері – сопақтық пен қырлылық пайдаланады.

Тұрқылық тетіктің тесіктер қалыптарының бойлай қимадағы ауытқулары келесідей көрсеткіштер көмегімен бағаланады – цилиндрліктен ауытқу мен оның жеке түрлері – конустәрізділік, бөшкетәрізділік, ершіктәрізділік пен қисаю. Жақтарының тақ санымен болатын қырлылық немесе тесік осінің қисаюы кезінде цилиндрліктен ауытқу тесіктің ең кіші және ең үлкен диамтетрлерінің айырымы ретінде анықталады, бұлар екі түйіспелі аспаптық көмегімен оның бақыланатын тесік бойымен жылжу арқылы өлшенеді (өлшеулер үштен кем емес қимада өткізіледі). Шеңберліктен ауытқуды бақыланатын тесіктің қиылысу қимада өлшенген диаметрлердің ең үлкен жартылай айырмашылығы ретінде анықтайды (өлшеулер екіден кем емес бір-біріне перпендикуляр қиылысқан қималарда өткізіледі).Бұл көрсеткіштерді өлшеудің сызба-нұсқасы 4.7 суретте көрсетілген.

Өлшеулердің нәтижелері бойынша тесік қалпы ауытқуларының жеке түрлерін анықтайды, бірақ та бұл кезде қиылысқан қимадағы өлшеулер саны көбейеді.

Жеке топқа келесідей дәлдік көрсеткіштерін бөлу керек: бүйірлік (I), радиаль (II) ауытқу мен тапсырылған бағыттағы ауытқу (III), олардың өлшеу сызба-нұсқасы 4.8 суретте көрсетілген.



4.7 сурет – Тесік қалпының қателігін бойлай және қиылысқан

қималарда өлшеудің сызба-нұсқасы





  1. тетік;өлшеу бастиегі;тығындар;орталықтар.

4.8 сурет – Радиаль және бүйірлік ауытқу, тапсырылған бағыттағы ауытқуды

өлшеудің сызба-нұсқасы
Бұл ауытқулар өлшенетін беттердің қалпы мен орналасудың ауытқуларының қосындылық әрекетінің нәтижесі болып келеді. Бұл көрсеткіштерді өлшеу кезінде ұстауыш, призманың қысқысы мен орталықтарды пайдалана отырып тетікті орнатады. Ауытқу шамасы тетіктің бір айналымға бұрылу кезінде өлшеу аспабының ең үлкен және ең кіші көрсеткіштерінің айырмашылығы ретінде анықталады.

Тұрқылық тетіктердің дәлдігін бағалауы үшін пайдаланатын төртінші көрсеткіш болып беттердің кедір-бұдырлығы табылады. Бұл көрсеткішке жеке зертханалық жұмыс бөлінгенін ескере отырып, ол туралы мәліметтер көрсетілмейді.

Тұрқылық тетіктің жоғарыда көрсетілген дәлдік көрсеткіштерінің әрқайсысы бойынша қарастырылатын көрсеткіштің сызба бойынша бұл көрсеткішке тапсырылған сәйкес техникалық талаптармен өлшеугеннен кейін алынған нәтижелерді салыстыру жолымен алынады. Тетік жарамды болып саналады, егер өлшенген дәлдік көрсеткіштері сызба бойынша көрсеткіштерге берілген шақтама өрістердің шектерінен шықпайтын болса.
4.3 Жұмысты орындау реті

4.3.1 Тұрқылық тетіктің сызбасын оқу (4.9 және 4.10 суреттер), сызбада келтірілген техникалық талаптарды талдау.

4.3.2 Өлшеулерде қолданылатын әмбебап өлшеу құралдарының жұмыс принципі мен құрылғысымен танысу, олардың негізгі сипаттмаларын 4.1 кестеге енгізу.

4.1 кесте



Өлшеу құралының аты мен түрі

Межеліктің бөлу құны

Көрсеткіштер ауқымы

Өлшеулер ауқымы












4.9 сурет – Тұрқылық тетік

4.10 сурет – Тұрқылық тетік

1. Дайындама қаттылығы НВ 156…241

2. В жазықтығының диаметрі 45 тесік осіне қатысты перпендикулярлықтан ауытқуы 0,2мм артық емес.

3. Диаметрі 45 мм болатын тесіктің жалпы оське қатысты осьтестіктен ауытқу 0,003 мм артық емес.

4. Диаметрі 45 беттің жалпы осіне қатысты радиаль ауытқу:

а) диамері 60 беттің – 0,6 мм артық емес;

б) диаметрі 80,5 – 0,4 мм артық емес.

5. Өлшеулердің көрсетілмеген шекті ауытқулар: тесіктердің Н14 бойынша, біліктердің h14 бойынша, қалғандардың ±IT14/2.

4.3.3 ШЦ-П штангенциркуль көмегімен диаметрі 74мм болатын бетті және диаметрі 22мм №1 тесікті өлшеу (4.9 сурет), тегіс микрометрмен диаметрі 60мм бетті және көрсеткішті нутромермен – диаметрі 45мм болатын тесікті өлшеу.

4.3.4 Тетікті бақылау тақтасына орнату және ШР штангенрейсмуспен жазықтықтар арасындағы 136,5мм және 52,5 мм қашықтықтарды өлшеу, ШЦ-П штангенциркульмен ені 12мм болатын ойық пен диаметррі 22 мм болатын №1 және №2 тесіктер арасындағы 64мм ось аралық қашықтықты өлшеу.

4.3.5 ПБ-500 құралында В жазықтығының перпендикулярлықтан ауытқуды өлшеу және диаметрі 60 мм беттің диаметрі 45 мм тесік рсіне қатысты радиаль ауытқуды өлшеу.

4.3.6 Көрсеткішті нутромер көмегімен қиылысқан қимадағы диаметрі 45 мм болатын тесік қалпының ауытқуын өлшеу.

4.3.7 Кедір-бұдырлық үлгілерін пайдалана отырып В жазықтығының, диаметрлері 60мм және 45мм болатын беттердің кедір-бұдырлығын анықтау.

4.3.8 Табылған кедір-бұдырлық классын (МЕСТ 2789-74) оған сәйкес немесе мағыналарға аударады.

4.3.9 4.3.3-4.3.7 бөлімдері бойынша орындалған өлшеу нәтижелерін 4.2 кестеге толтыру.

4.3.10 Өлшеулерді аяқтағаннан соң өлшеу құралдарын футлярларға салу және зертханашыға беру.

4.3.11 4.9 суретте көрсетілген тетікке техникалық талаптарды пайдалана отырып әрбір өлшенген дәлдік көрсеткішіне шекті өлшеулерді (ауытқуларды) есептеу және мәліметтерді 3.2 кестеге толтыру.

4.3.12 Тетіктің дәлдік параметрлерінің әрбіреуі бойынша өлшеулер нәтижелерін сәйкесті шекті өлшеулермен (ауытқулармен) салыстыра отырып, дәлдік көрсеткіштерінің әрбіреуі бойынша жарамдылық туралы қорытынды жасау және тұрқылық тетіктің жарамдылығы туралы жалпы қорытынды беру.

4.3.13 Өлшеулер мен есептеу нәтижелерін оқытушыға көрсету.
4.2 кесте

Дәлдік көрсеткіші,

мм

Шекті өлшем

(ауытқу)


Шын өлшеу (ауытқу)

Жарамдылық қорытындысы

түзелетін ақау

түзелмейтін ақау

1 Диаметр 74мм













2 Диаметр













3 Диаметр













4 Диаметр













5













6













7













8













9 В жазықтығының диаметрі 45 мм тесікке қатысты перпендикулярлықтан ауытқу













10 диаметрі 45 мм тесік қалпының ауытқуы (қиылысқан қимада)













11 Диаметрі 60 мм беттің диаметрі 45 мм тесік осіне қатысты радиаль ауытқуы













12. жазықтығының кедір-бұдырлығы













13. Диаметрі 60 мм беттің кедір-бұдырлығы













14. Диаметрі 45 мм тесіктің кедір-бұдырлығы














4.4 Жұмыстың жеке кезеңдерін орындау бойынша нұсқаулар
4.4.1 В жазықтығының диаметрі 45мм тесіктің осіне қатысты перпендикулярлықтан ауытқуды өлшеу үшін жұмыста ПБ-500 аспабы қолданылады, оның ИЧ түрлі бөлу құны 0,01 мм болатын көрсеткіші бар. Өлшеудің алдында тетіктің диаметрі 45 мм тесікке екі жағынан орталықты тесіктермен тығындар қойылады, бұл тесіктер бойынша тетік ПБ-500 аспабының орталықтарына орнатылады (4.8 сурет). Аспаптың реттеуіш бұрамаларын пайдалана отырып, көрсеткіштің ұштығы тетіктің үстіңгі В бетіне жақындатылады, «нольге» реттеледі және көрсеткіш бұл қалыпта бекітіледі (өлшенетін жазықтық ұштығының жұлынуын жоққа шығару үшін), өлшеу үрдісінде оны көрсеткіш межелігінің жартысына тең тартуымен реттейді және тек осыдан соң меңзерді бұдырланған жиекті бұрумен «нольге» шығарады. Тетікті бұрып көрсеткіштің В жазықтығының қарама-қарсы нүктесінде көрсеткіштерді анықтайды және алынған мән бойынша пернпендикулярлықтан ауытқу шамасының шын мәнісі туралы бағалайды (бұл ауытқу қарастырылатын ұзындық ретінде өлшеулер нүктелері арасындағы қашықтықты алады). Перпендикулярлықтан ауытқы шамасының жіберілетін мәні тетікке техникалық талаптарда беріледі (4.9 сурет).

4.4.2 Диаметрі 45 мм тесік қалпының ауытқуын өлшеу үшін қиылысқан қимада НИ нутромер пайдаланылады, оның өлшеу шектері 18-50 мм және өлшеу құрылғысының бөлу құны 0,01 мм (бұл жұмыс үшін нутромер 45,00 мм реттелген). Тесік қалпының ауытқуын анықтау үшін нутромердің өлшеу өзегін өлшенетін тесікке енгізеді де нутромерді тетікке қатысты шайқау жолымен көрсеткіштің ең төмен көрсетуін табады. Осыдан кейін өлшеу ұштығын бұру жолымен жаңа күйге орнатады (4.7 сурет), және барлық әрекеттер қайталанады. Өлшеулер төрт қимада өткізіледі. Әрбір қимада шын өлшемді анықтау қосу жолымен (егер көрсеткіш көрсетулері плюс белгісімен болса) немесе реттеу өлшемі 45,00 мм өлшеу нәтижелерін алу жолымен (егер көрсеткіш көрсетулері минус белгісімен болса) жүргізіледі. Қалып ауытқуының шамасы анықталады: тесіктің ең кіші және ең үлкен өлшенген диаметрінің арасындағы жартылай айырмашылық ретінде. Диаметрі 45 мм тесік қалпының ауытқуының жіберілетін шамасы 0,06 мм аспау керек.

4.4.4 Диаметрі 60 мм болатын беттің диаметрі 45мм тесіктің осіне қатысты радиаль ауытқуын анықтау үшін 4.4.1 бөлімімен ұқсас тетік ПБ-500 аспабының орталықтарына орнатылады, ал көрсеткіштің өлшеу ұштығы диаметрі 60мм бетіне жақындатылады, тартумен бірге «0»-ге реттеледі және бұл күйде бекітіледі. Орталықтағы тетікті бұрып, радиаль ауытқудың шамасын көрсеткіштің ең үлкен және ең кіші көрсетулердің айырмашылығы (бұл көрсетулердің таңбасын ескере отырып) ретінде анықтайды. Диаметрі 60 мм беттің радиаль ауытқуының жіберілетін шамасы 4.9 суретте келтірілген техникалық талаптардан алынады.

4.4.5 В жазықтығының және диаметрі 60мм беттің кедір-бұдырлығын анықтау кезінде кедір-бұдырлық үлгілерінің жиыны пайдаланылады (ГОСТ 9378-93). Тетік беттерінің кедір-бұдырлығы көзге анықталады, үлгілермен тікелей салыстыру әдісімен анықталады. Кедір-бұдырлықтың үлгісін таңдау кезінде бақыланатын беттің өңдеу түріне (мысалы, жонғылаумен өңделген бетке «жонығлау» жазуы бар үлгісін алады) және оның қалпына (мысалы, сыртқы цилиндрлік беттерге дөңес беті бар үлгі таңдалады) қарайды. Қолданылатын үлгілерде кедір-бұдырлық МЕСТ 2789-74 бойынша белгіленгенін ескерсек, алынған көрсеткішті оған сәйкес немесе мәніне аударады. Бақыланатын беттердің кедір-бұдырлығының жіберілетін шамасын 4.9 суретте келтірілген мәліметтер бойынша алынады.

4.4.6 Әрбір өлшеу құралын пайланғанның алдында оның «0»-ге реттелуінің дұрыстығын тексеру қажет.
4.5 Есептің құрамы

Жұмыс бойынша есепте болу керек:

1) қысқа түйінделген жұмысмақсаты

2) пайдаланылған өлшеу құралдарының негізгі метрологиялық сипаттамаларымен 4.1 кестеге толтыру

3) өлшелер нәтижелері мен есептеулермен 3.2 кестені толтыру

4) тексерілген тұрқылық тетіктің жарамдылығы туралы жалпы қорытынды


Бақылау сұрақтары

1. Қандай көрсеткіштер тұрқылық тетіктің дәлдігін сипаттайды?

2. Тегіс және цилиндрлік беттер қалыптрының қандай ауытқулары ГОСТ 24642-81 орнатылған?

3. Қандай орналасу ауытқулары тұрылық тетіктің дәлдігін бағалау үшін қолданылады?

4. Тетіктің екі жазықтығының перпендикулярлықтан және параллельдіктен ауытқу қалай өлшенеді?

5. Тетік тесігі қалыптың бойлай және қиылысқан қималарда қалай өлшенеді?



6. Әрбір өлшенген тетік дәлдігінің көрсеткіші бойынша жарамдылық қалай беріледі?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет