Катонқарағай ауданының 2014 жылдың 1 тоқсанындағы
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
АҚПАРАТ
Өнеркәсіп
Өнеркәсіп өнімдерінің мөлшері – 550,5 млн. теңгені немесе 101,7 пайызды, ал табиғи көлем индексі 92 пайызды құрады.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі аудан бойынша 1915 млн. теңгені (қаңтар-наурыз 2013 жыл – 1887,9 млн.теңге) немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,4 пайызды құрады. Өнімнің табиғи көлем индексі 106,4 пайыз.
2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ет – 108,1 пайызды құрады (2461,6 тонна), сүт – 103,1 пайызды (8355,6 тонна), жұмыртқа – 105,4 пайызға өсті (1062,4 мың дана).
Ауданда ірі-қара мал басы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111 пайызды немесе 44850 басты, жылқы – 103,9 пайызды немесе 22351 басты, шошқа – 84,4 пайызды немесе 3501 баств, құс – 85,9 пайызды немесе 68510 басты, қой мен ешкі – 96,1 пайызды немесе 106722 басты, марал мен теңбіл бұғы 97,6 пайызды немесе 5548 басты құрады.
2014 жылы «Амир» шаруа қожалығы базасында 1000 бас ірі-қараға арналған асыл тұқымды шаруашылық-репродуктор құру жоспарланған, жалпы сомасы 700 млн.теңге, аталған жоба индустриялизациялау картасына енегізіледі деп жоспарлануда.
Ауданда 17 асыл тұқымды шаруашылық, оның 8-і асыл тұқымды марал өсірумен, 3-і жылқы асылдандырумен, 1-і солтүстік қазақи меринос тұқымды қойлармен, 5-і омарта шаруашылығымен айналысады.
Сонымен қатар, ауданда 2 мал сою цехы Үлкен Нарын және Катонқарағай ауылдарында, 17 мал сою алаңы, 12 ірі қара малын қолдан ұрықтандыру пункттері, 18 мал көмінділері құрылған.
Аудан бойынша 230 ұсақ шаруа қожалықтары 28 ірі ауылшаруашылық құрылымдарына кіріп, қарапайым серіктіктестік негізінде жұмыс атқаруда (7592 га жерлері бар).
Құрылыс
Ағымдағы жылдың есеп беру кезеңінде – 230,9 млн. теңгенің инвестициясы ауданға тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 135,5 пайызды құрады. Негізгі капиталға тартылған инвестиция өнімінің табиғи индексі 133,2 пайызды құрады. Өз қаражаты есебінен тартылған инвестиция көлемі– 186 млн.теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 135,9 пайызды құрады, ТКИ – 133,8% болды.
2014 жылдың 1 тоқсанында салушылардың өз қаражаты есебінен 223 шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді, соның ішінде 1 тұрғын үй Үлкен Нарын ауылында – 169 м.кв., 1 тұрғын үй Ақмарал ауылында – 54 м.кв. (2013 жылдың қаңтар-наурыз айларында бұл көрсеткіш – 0 болған).
Берілген жоспар-тапсырма – 100 кв.м. болса, аталған көрсеткіш 223 пайызға орындалды (+123 м.кв.).
Құрылыс жұмыстарының көлемі 88,9 млн.теңгеге жетті, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 123,5 пайызды құрады. Құрылыс жұмыстарының табиғи көлем индексі 123 пайызды құрады.
Берілген жоспар-тапсырма 74,6 млн.теңге болғанда, бұл көрсеткіш 19,2 пайызға артық (+14,3 млн.теңге) орындалды.
Шағын бизнес
Аудан бойынша тіркелген кәсіпорындар саны 2014 жылдың 1 сәуіріне 113 құрап, 99,1 пайыз болды (қаңтар-наурыз 2013 жылы – 114 бірлік болған), соның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны – 81 бірлік немесе 96,4 пайыз (қаңтар-наурыз 2013 жылы – 84 бірлік болған), оның ішінде белсенді шағын бизнес кәсіпорындарының саны өткен жылдың тиісті деңгейінде қалып, 75 кәсіпорынды құрады (100 пайыз).
2014 жылдың 1 сәуіріне тауар айналымының көлемі 459,3 млн. теңгені құрады, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 108,3%. Тауар айналымының табиғи көлем индексі 101,9 пайызды құрады.
Бюджет
Ауданның өздік бюджетіне 125,3 млн. теңге көлемінде салықтар мен басқа төлемдер түсті, немесе болжамның 102,7 пайызы, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны – 105,6 пайыз.
Бюджеттің шығыс бөлігі 864,6 млн. теңгеге орындалды (2013 жылғы қаңтар-наурыз айларында – 780,6 млн.теңге немесе игерілуі – 99,6% болған), немесе қаржылардың игерілуі 99,5 пайызды құрады.
Айлық номиналды орташа жалақы мөлшері 2014 жылдың қаңтар-ақпан айларында 57865 теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,1 пайыз болды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру
2014 жылдың 1 сәуіріне тіркелген жұмыссыздар саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8-ге азайып, 113 адамды құрады.
Жылдың басынан жұмыспен қамту бөліміне жұмысқа орналастыру бойынша 105 адам жүгінген болса, оның 63 жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналасу үлесі 60 пайызды құрады.
Өткен жылдың тиісті кезеңінде 263 жаңа жұмыс орны ашылса, ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша ауданда 265 жаңа жұмыс орны ашылды немесе 0,7 пайызға артық.
Білім беру. Мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамту 100 пайызды құрады.
2014 жылдың 1 сәуіріне 86 нәресте туды, немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4 балаға артық.
Өлім деңгейі, 2014 жылдың 1 сәуіріне 96 адам қайтыс болды (былтыр осы кезеңде – 81 адам) немесе 118,5 пайыз.
2014 жылдың 1 сәуіріне ауданда туберкулез ауруымен ауыратын 4 адам анықталды, өткен жылдың тиісті кезеңінде 6 адам ауырған, немесе 66,7 пайыз.
Қылмыс деңгейі, қаңтар-наурыз аралығында 42 қылмыс жасалған, былтырғы жылмен салыстырғанда 80,8 пайыз. Қылмыстарды ашу – 72 пайызды, 2013 жылдың сәйкес кезеңінде – 63,5 пайыз болған.
Тіркелген ауыр және аса ауыр қылмыстар саны - 3, былтырғы жылы – 4 болған. Аса ауыр қылмыстарды ашу – 75 пайыз болды.
Экономика және бюджеттік жоспарлау
бөлімінің басшысы Ж. Большманова
Достарыңызбен бөлісу: |