Казахстан Республикасы бiлiм жане гылыми министiрлiгi



бет13/101
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452659
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   101
umkd tkn

Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырушы заттар:

Ви-икс- газдары аз мөлшерде буланатын түссіз сұйық түрінде кездеседі. Иіссіз, суықта қатпайды. Көл, өзендерде өте ұзақ уақыт- 6айға дейін зақымдайды. Адам терісіне, тыныс жолдары, киіміне сіңу арқылы уландырады. Жазда бір жерді 7-15 күн бойы, ал қыста 2-3 ай сақталып улайды.

Зарин- түссіз, сарғыш, ауада жақсы буланып ұшатын, қыста қатпайтын сұйық зат.Суда ұзақ уақыт сақталады. Адам терісіне, киіміне тез сіңеді. Оның буы 20км-ге дейін тарайды. Ойлы жерлерде жазда бірнеше сағатқа, қыста 2 күн сақталады.

Зоман- осы тәрізді. Теріге өтіп, тыныс алу органдарын улайды. Организмге сіңгеннен соң орталық нерв жүйесін зақымдайды. өлтіргіш қуаты бар кезінде адам жүректің сал болып ісінуінен өледі. Қорғану жолдары: противогаз пайдалану (теріні қорғау құралдарын, арнайы баспанаға жасырыну).

Иприт- теріні күйдіріп, іріңдететін улы заттардың бірі. Сарымсақ иісі бар, сарғыш, қара қошқыл түсті сұйық зат. әр түрлі лакты бояу жағылған заттарға, резинаға, саңылаулы материалдарға, адам терсіне оңай сіңеді. Адам терісі 2-3сағ. қызарады да, жараға айналып, 20-30 күн бойы жазылмайтын жара пайда болады. Адам иприт буымен демалғанда бірнеше сағаттың ішінде ауыра бастайды. Тез арада өкпесі қабынып, ісініп, тынысы тарылып, тұншығып өледі. Противогаз, тері қорғау құралдары арнайы баспалар.

Синиль қышқылы- тез буланып кететін түссіз газ. Ашық жерде тез буға айналып ұшып кетеді. Тараған ауаны жұтқаннан уланады.

Фосген- тұншықтырғыш улы газ. Түссіз, шіріген шөптің иісі шығады. Буланғанда адамды уландырады. Тегіс жерде 30-50мин, ойлы жерлерде 3 сағ. сақталады. Тыныс жолдары арқылы уланады. Осылай уланған адамға қолдан тыныс алдыруға болмайды. Противогаз кию. Ол болмаса сумен немесе ауыз ауыз суының 2% (хлор төгілген кезде) және лимон, бор қышқылының 5% (аммиак төгілгенде) ерітінділерімен шайылған кез келген мата қолданамыз. Хлордан қорғану үшін өзіңіздің немесе балаңыздың сұйық дәретімен маска жасау қажет.
3.Радиациялық ластану.     Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары – тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ қазіргі заманғы қырып-жою құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі – адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары және қарапайым жасырыну орындары жатады. Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан – ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан, бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді. Өндіріс күштерін қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан, зілзаладан, рдиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі апаттардан қорғау – маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі. Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуға тиіс. Қорғаныс ғимараттары салыну мерзімі бойынша бейбіт уақытта болсын, қауіп төнген кезде болсын жылдам тұрғызылуы керек. Мақсаты бойынша халықты жасыру немесе басқару және байланыс тораптарын орналастыруға ыңғайлы болуы қажет.

Сыртқы және ішкі сәулелену Ядролық қарудың ауа толқынының соққысынан, тек осы күшті есептеп салынған баспана немесе панахана ғана сақтай алады. Жарықты сәулелену – бұл жарылыс кезінде болатын сәулелердің қуаты. Бұнығ қызуы миллион градустан бірнеше мыңға дейін болады. Жарықты сәулелену өте қысқа мерзімде әсер етеді. Және тарауы да лезде болады. Ол күннен әлдеқайда анық, өткір, ашық сондықтан алыстан көрінеді. Оның күші бір шаршы/см ауданға перпендикуляр түсетін сәуленің мөлшерімен өлшенеді. Сәуленің мөлшері – калориямен анықталады. Жарық импулсі – 1 кал/см.

Жарықты сәулелену – адам денесін, жан-жануарды күйдіреді, соқыр қылады. Күйдіру сатысы бірнеше дәрежеде болады:

1-ші дәрежелі – 4 кал/см;

2-ші дәрежелі – 4-7,5 кал/см;

3-ші дәрежелі – 7,5-12 кал/см (тері сыдырылады);

4-ші дәрежелі – 12 кал/см-ден жоғары (терінің күйігі тереңдеп, жапырақтанып, бөлшектеніп түседі).

Жарықты сәулененуден кез келген жарық өткізбейтін бөгет қорғай алады: ағаштың көлеңкесі, аула үйдің тасасы. Жауын, тұман, қар оның әсерін азайтады. Жаз мезгілінде оның әсерінен өрт болуы ықтимал. Өткір радиация – ядролық жарылыс сәтінде бөлінетін нейрондар мен гамма сәулелері. Бұлар қорғана алмай қалған адамдар, жан-жануарлар үшін өте қауіпті. Бұл радиация бары 10-15 сек ғана созылады. Бірақ сәуле ауруларын туғызу үшін осы уақыттың өзі де жеткілікті. Алғашқы өткір радиация адамға сезілмейді, оның өткені біраз уақыттан кейін байқалады. Сәуле ауруларының ауыр-жеңіл болуы өткен радиацияның мөлшеріне байланысты, ол сәулелену дозасымен өлшенеді. Сәулелену дозасы деп қоршаған ортада 1 гр затты не 1 куб.см ауада, 00С – температурада қысымы сынап бағансымен 760 мм болғанда – 2,08 млд. пар иондардың болу деңгейі. Өткір радиация - әр түрлі нәрселерден өткенде гамма сәулелері әлсірейді, неғұрлым кедергі көп болса, соғұрлым ол әлсірей береді. Темір бетоннан салынған баспана, шахты, тау қуысы – түгел қорғайды (еш зиянсыз).

Радиоактивтік ластану – жарылыс болған жердегі топырақ, шаң жоғары көтеріліп желмен ыққа қарай жылжи береді де, жол бойы жерге түсіп ластайды – радиоактивті заттар жерге түседі. Оның 3 зонасы: 1) қауіпті зонасы;     2) күшті ластанған зонасы;     3) аздау ластанған зонасы. Ластау (ластану) мөлшеріне байланысты:  жарылыс түрінен (бомбаның);  оның күшінен (неше мегатонна);  жарылыс болғаннан кейінгі өткен уақыттан;  эпицентрдің қашықтығынан;  жарылыс кезіндегі ауа райынан;  жер бетінің рельефінен (таулы, жазық далы т.с.). Жарылыстан кейінгі өткен уақытқа байланысты радиация деңгейі азаяды. Мысалы,             1 сағат өткеннен кейінгі деңгейді -100 % деп алсақ, екі сағатта екі есе азаяды, үш сағатта төрт есе, жеті сағатта 10 есе. Осы ластану деңгейінде қалған адам тиісті мөлшерде радиациямен зақымдалады (демалғанда, тамақпен, сумен). Ол адамдар сәуле ауруларына ұшырауы мүмкін. Сондықтан осы жердегі орнатылған тәртіпті, сақтану ережелерін сөзсіз орындаған жөн. Электрлік импульс: бұлар жарылыс кезіндегі электрлік және магниттік өрістер бірнеше секунд ішінде болады, байланыс құралдарын, электр қондырғыларын істен шығаруы мүмкін. Өткір радиациямен немесе радиоактивті заттардың белгілі мөлшерден артық өтуінен адамдар сәуле ауруына ұшырайды. Бұл ауру адам 4 тәулік ішінде 100 р-н, не одан да астам сәулені алғанда ғана пайда болады. Аурудың ауырлығы өткен сәуле шамасына, адамның оған дейінгі денсаулық дәрежесіне байланысты. Денеге өткен сәулелердің шамасына қарап сәуле ауруын 4 дәрежеге бөледі: 1 дәрежелі – 100-200 р-ге дейін сәуле; 2 дәрежелі – 200-300 р-ге дейін сәуле; 3 дәрежелі – 300-500 р-ге дейін сәуле; 4 дәрежелі – 500 р-геннен жоғары, өте қатаң түрі. Сәуле ауруының әр дәрежесі 4 кезеңнен өтеді:  сәуленің өткенін алғашқы сезінуі;  ауруының жасырын кезеңі;  ауруының өз мәнінде көрінуі (разгар);  ауруының аяқталуы, жазылып кетуі не қайтыс болуы. Аурудың әр дәрежесінің қалай өтетіндігі: 1-ші дәрежесі – жеңіл. Сәуле өткендігі 3 сағаттан кейінжүрек айнып, жалпы әлсізденіп, бас ауырып, кейде құстырып сезіле бастайды. Бір тәуліктен кейін ауру адамдар өздерін жақсы сезінеді. Сөйтіп сәуле ауруы жасырын түрде 3-4 аптаға созылады. Бұл адамдар еңбекке жарамай, тек жеңіл жұмысқа ғана шамасы жетеді. Осы уақыттан кейін 200 р-н алғандардың қанында өзгеріс байқалады. Тәуір болу кезеңі 3-6 айға созылады. 2-ші дәрежесінде аурудың алғашқы белгілері 3 сағатқа жетпей, біліне бастайды: жүрек айнып лоқсиды, жалпы әлсіздік болады. Дене қызуы 37,2-37,50С-қа көтеріледі. Екінші тәуліктің өзінде-ақ ауру жасырын түріне көшіп, адам тәуір сезінеді, тек 3 аптадан асқан соң, денесі ауырлап, жағдайы төмендей бастайды. Осы уақыттың ішінде бұл адамдарды ауруханаға тез орналастыру керек. Тәуір болу кезеңі 3-6 айға созылады. 3-ші дәрежесі ауыр болып келеді. Сәуле өткендігінің алғашқы белгілері жылдам байқалады. Көздің айналасы қызарып, жалпы әлсіздік тезірек пайда болып, басы айналып, әлденеше құсып, қызуы 380С-қа дейін көтеріледі. Кейде аяғы шатасып, жүрісі бұзылады. Аз уақытқа есінен айрылып қалуы мүмкін. 2-3 тәуліктерден соң, ауру тәуір болғандай сезінеді, әлсіздік кетеді. Жасырын түрі 1-2 аптаға созылады, содан кейін ауру күшейіп, жағдайы нашарлайды. 39-400С-қа жетеді. Мұндай адамдар ауруханаға алғашқы күндері-ақ әкелінуі керек. Жазылып кету мерзімі 1 жылға созылады. 4-ші дәрежесі – өте ауыр түрі. Алғашқы белгілері 20-30 минутт-ақ көрінеді. Әлденеше рет құсып, әлсіздік күрт пайда болады, бас қатты ауырады, іш өтеді. Қызу 390С-қа көтеріледі. Сәулемен зақымдану белгілері тез дамып өршиді, ауруханаға тез жеткізу қажеттігі туады.   

Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі принциптері.  Табиғи радиоактивтілік. Біздің санамызда радиоактивтілік ластану ядро қаруынан кейін болады деген ұғым пайда болған. Ал негізінде радиоактивтілік табиғаттың өзінде де бар. Оны тек мамандар ғана біледі де, халыққа жете түсіндірілмейді. Егер осы білім көпшілікке жеткізілсе, адамдар қорғану әдістеріне мән берген болар еді. Мұндай құбылысты ғалымдардың 100 жылдан асып кеткен, ал соңғы 30-40 жылда бұл ғылым одан әрі дамуда, өйткені атомды зерттеу басталды, атом қаруы пайда болды. Ал шынында ғарыштан жететін сәулелер, табиғи радиоактивті заттардың адам денесінде сақталатындығы анықталды, оның қоршаған заттарда болатындығы сезілді. Біз үй жағдайында да сәулелерге ұшыраймыз: теледидардан, самолетпен ұшқанда, көшеде жүргенде т.т. Дегенмен ядролық қарудың жарылысынан болатын радиациялық зақымданудың әсері өте зор. Сондықтан астық, зат, азық-түлік қоймаларын, басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері сақталатын орындарды қорғау жұмыстары атқарылуы қажет. Ол үшін ғимараттардың есік, терезелерін таспен бітейді немесе тақтаймен, фанермен шегелеп, сыртынан сылақ жүргізеді. Саңылауларын тығындайды. Сыртқы есікті брезентпен, киізбен не басқа мтериалдармен қағып тастайды. Мүмкін болса қабатталған есік қондырады. Үй, семья жағдайында, тамақ пен судың таза сақталуын ескеру керек. Суды шыны не металл ыдыстарда (термос, бидон, графин, банкі) сақтап, күн сайын жаңа сумен ауыстырып отыру керек. Ең жақсы сақталатындар: консервілер, целлофанға оралғандар. Оралған тамақтар буфетте, шкафта, холодильниктерде сақталады. Әсіресе нан мен кептірілген нанды мұқият сақтау керек. Олар да полиэтилен қапшықтарға оралады. Картоп, капуста және басқа овощтарды жақсы жабдықталған үй астындағы қоймаға сақтау керек. Тасымалдайтын тағамдарды жабық фургондарда немесе цистерналарда ұстайды. Ондай көлік болмаса, брезентпен, полиэтиленмен мұқият жауып алып жүреді. Көпшілік пайдаланатын су көзін сақтау маңызды жұмыс. Елді мекендерде құдықтартар өте ұқыпты жабылуы керек. Ашық су көздері әдейі күзетке алынып, судың сапасы жиі-жиі тексеріліп тұрады. Судың, азық-түліктің радиоактивті затпен ластанғанын арнайы құралдармен тексереді. Егер ол жеткіліксіз болған жағдайда, тексеріс зертханаларда жүргізілуі тиіс. Егер су көзінің ластанғандығы анықталса, ол жерге «ластанған» деген белгілер қойылады. Осы белгі кезекті тексеруден өтіп, судың тазалығы анықталғанда ғана алынады. Ауыл шаруашылығы жануарларын қорғау үшін оларды мұқият бекітілген қораларда сақтайды. Сондықтан ол қораларда су мен жем артығымен жинақталады. Қоралардың сыртының биіктігі 1 м, қалыңдығы 40-50 см топырақпен бітеледі. Есікке брезент, киіз қағылады. Кейбір бағалы, асыл тұқымды малдарға дорба-противогаз кигізеді, үстін жабулайды. Оларға мезгілінде прививкалар жасалып тұрады. Олар үнемі бақылауда болып, жақсы бағылуы керек.
№6 дәріс тақырыбы: Техносфераның және техносфералық қауіпсіздіктің қазіргі күйі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет