Казахстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі


Оңтайлылық принципі жоспарлаудың барлық кезеңдерінің бірнеше мүмкін және алтернативті варианттарынан жақсысын таңдау қажеттігін көрсетеді



бет4/6
Дата28.06.2016
өлшемі381.5 Kb.
#163658
1   2   3   4   5   6

Оңтайлылық принципі жоспарлаудың барлық кезеңдерінің бірнеше мүмкін және алтернативті варианттарынан жақсысын таңдау қажеттігін көрсетеді.

Жоспарлаудың негізгі принциптері біздің кәсіпорындар мен фирмалар экономикалық көрсеткіштерге жетуге бағытталады.


Тақырып 4. Стратегиялық жоспарлау.
Стратегиялық жоспарлау.Стратегия” ұғымы ежелгi грек елiндегi ауқымды өкiлеттiлiкке ие болатын басқарушыны, тура аудармасында “генерал шеберлiгi” дегендi бередi.

Стратегиялық жоспарлау - қоғам алдындағы мақсатқа жетудегi басшылықпен қабылданған, кешендi жан-жақты шешiмдер жиынтығын айтады.

Басқару қызметiн жүзеге асыруда, стратегиялық жоспарлау шеңберiнде төмендегі әрекеттер орындалады(


  • ресурстарды бөлу - барлық қоғамдық ресурстардың шектеулілігімен байланысты;

  • сыртқы ортаға бейiмделу - басқару ісінің барысы көп жағдайда қоршаған ортадағы экономикалық‚ саяси‚ әлеуметтік-мәдени‚ техникалық факторлардың әсерінде болады;

  • iшкi үйлесiмдiлiктi орындау - стратегияны іс жүзіне асырудағы ұйымның ішкі мүмкіндіктерін‚ жетістіктер мен әлсіз тұстарын басқарушы зерттеу‚ бағалау арқылы мақсаттардың орындалуын қамтамасыз етуі;

  • стратегияны ұғыну - басқарудағы осыған дейінгі орын алған тәжірибе‚ кешенді жоспарлар мен деректерге сүйене отырып‚ дамудың бағытын белгілеуді ұсынады.

Стратегиялық және тактикалық жоспарлау

Стратегиялық жоспарлау дегенiмiз - бұл басшылықпен қабылданатын қабылданатын әрекеттер және шешiмдер жиынтығын көрсетедi, ол ұйымның өзiнiң мақсаттарына жетуге көмектесу үшiн арналған арнаулы стратегияларды дайындауға әкеледi.

Стратегиялық жоспарлау процесi басқару шешiмдерiн қабылдауға көмектесетiн құрал болып табылады. Оның мiндетi - қоғамдағы жеткiлiктi дәрежедегi жақсылықтар мен өзгерiстердi қамтамасыз ету.



Сурет 1. Стратегиялық жоспарлау процесі.

Жалпы мақсаттың негiзi - ол мiндеттi iсті анықтау. Мақсат - ол осы мiндеттi iстi жүзеге асыру үшiн жасалынады.

Жетiстiкке шын үлес қосу үшiн мақсаттың әртүрлi сипаттамасы болу керек.


  1. Мақсат нақты және өлшемдi болуы керек.

  2. Мақсат уақытқа бағытталуы керек. Сол үшiн ол үшке бөлiнедi:

  • ұзақ мерзiмдi;

  • орта мерзiмдi;

  • қысқы мерзiмдi мақсат.

Ұзақ мерзiмдi мақсаттың жоспарлау деңгейi 5 жылға тең. Ұйымдар бұл мақсатты ең алдымен тұжырымдайды.

Орта мерзiмдi мақсаттың жоспарлау деңгейi 1-5 жыл аралығында.

Қысқа мерзiмдi мақсаттың жоспарлау деңгейi 1 жылға дейiн.

  1. Мақсат қол жетерлiк болу керек.

4. Соңынан көптеген мақсаттары тиiмдi болу үшiн, олар бiр-бiрiне үйлесуi керек, яғни бiр мақсаттың орындалуына кедергi болмауы керек.

Сыртқы ортаны талдау және бағалау.

Мiндеттi iсi мен мақсатын анықтағаннан кейiн, басқарушы стратегиялық жоспарлау процесiнiң диагностикалық кезеңiн бастау керек. Бұл кезеңнiң бiрiншi қадамы ол сыртқы ортаны зерттеу.

Сыртқы ортаны бағалағанда үш параметрге сүйенедi(


  1. Ағымды стратегияның әртүрлi аспектiлерпге ықпал ететiн өзгерiстерiн бағалау(

  2. Фирманың ағымды стратегиясына қауiп төндiретiн факторларды анықтау(

  3. Жалпы фирманың мақсатына түзету енгiзгенде, қандай факторлардың мүмкiншiлiктерi жоғары екенін анықтау.

Сыртқы ортаны талдау процесс болып келедi, себебi ол арқылы стратегиялық жоспарды жасаушылар, фирманың мүмкiншiлiктерiн және оған келетiн қауiптi анықтау үшiн сыртқы факторларды бақылайды.

Ұйымдарда кездесетiн мүмкiншiлiктер мен қауiптерiн 7 облысқа бөлiп айтуға болады. Ол облыстар: экономика, саясат, нарық, технология, бәсекелестiк, халықаралық жағдай және әлеуметтiк тәртiп.

Сыртқы ортаны талдау арқылы ұйым қауiптер мен мүмкiндiктердiң тiзбегiн жасайды.

Келесi проблема ол басшылардың сыртқы жағдайларды пайдаланып, фирманың iшiндегi байланысын анықтау.

Iшкi проблеманың диагнозын анықтауға керек процестi басқаруды зерттеу деп атайды.

Басқаруды зерттеу дегенiмiз - ұйымның стратегиялық мықты және әлсiз жақтарын анықтайтын, функционалдық зоналарының методикалық бағасын айтады.

Тақырып 5. Мемлекеттік реттеудің негізгі құралы –жоспарлау.
.Экономикалық жоспарлар экономиканың ретгеу құралдарын, әдістерін анықтаудағы және басқару, реттеу органдарының қызмет бағыттарын, ықпал денгейлерін анықтаудағы басты қүраддардьщ бірі. Ол әлеуметгік-экономикалық дамудың негізгі бағыттарын, экономика көшенінің барлық күрделі, кешенді жағдайдарын, іщкі-сыртқы байланыстарын түгелдей қамтуы қажет. Ол үшін болжамдау төмендегідей принціптерге негізделінуі керек : ғылыми түжырымдылық, баламалық, жүйелік.

Ж^йелілік принціп, біріншіден, жалпы халық шаруашылығын түгас бірлік деп, екіншіден, әр-түрлі бағыттардағы, денгейлердегі болжамдардың жиынтығы дец қарастыруды білдіреді. Жүйеліілік принціп әлеуметтік-экономикалық болжамдарды әдістер мен модельдер жүйелері негізінде, иерархиялы (сатылы) және белгілі бір кезекте, сипатта қүруды қарастырады.

Ғылыми кегізділіқ, түжырымдылык принціпі әр денгейдегі, бағыттағы, уақыт аралығындағы болжамдар коғам өмірінің даму заңдылықтарына, макроэкономикалык жағдайлар мен қүбылыстар заңцылықтарына, отандық және шет елдік озык тәжірибелерге негізделініп жасалынуы керек екендігін білдіреді.

Баламалык принціп - болжамдардьщ көп вариантта сценарилерде болу керек екендіпн білдіредІ. Болжамдар көптеген мүмкін даму орындалу бағыттарын қамтулары керек. Сол кезде ішінен ұтымдысын, сапалысын таңдауға мол мүмкіндік болады.

3 .Көшпілік қауымға белгілі «Стратегия» термині гректердің «Стратегос» сөзінен туындаған, өз тілімізге аударранда «генерал өнері» ңемесе «адамдарды басқару өнері» деген түсініктерді беріп, болашакта максактты бағьпталған және шешуші іс-қимыл тобын жиынтығын көрсетеді.

Қазіргі заманғы түсінікте және мемлекетгік басқару ретгеу ісгерінде және кәсіпорындар, үжымдар денгейіндегі қолдануда «стратегия» бөлшектеніп нақтыланған, жан-жақты және кешенді іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін жоспар болып саналады.

Экономиканы мемлекетгік ретгеу механизмдер жүйесінде жоспарлау рөлініқ өсу қажетгілігін және еліміз экономикасын дамытуда, шектеулі ресурстармен мүмкіндіктерді тимді тиімді, ұтымды пайдалану үрдісіндегі стратегиялык

жоспарлар кажеттілігін Қазақ ғалымдары Н.К.Мамыров, Ж.Ихдаңов төмендегіше анықтайды.

Біріншіден, кез-келген басқару сатысында ұтымды шаруашылык жүргізу, егер макроэкономикалық тұрактылық пен тиімді баланстылық болмаса мүмкін емес. Ал ондай жағдайға, егер экономика жалпы мемлекеттік денгейде іске асырылатын болашақтық және айналымдағы шешімдерге сай дамитын тұтас кешенді объекг ретінде қарастырылатын болғанда ғана қол жеткізіледІ.

ЕкіншІден, жеке меншіктің басымдылық және нарықтық қатынастары аумағының кеңеюі жағдайында кәсіпкерлердін шаруашылықтық мүдделерін және мемлекепің макроденгейлік, ішкі-сыртқы экономикалық мүдделерін бір ортақ арнада дамыту мәселесІ тұрады.

Үшіншіден, территориялық енбек бөлінісі үрдісінің үздіксіздігі, сонымен бірге табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу сүрақтары жалпы мемлекеттік денгейдегі, әр уақытга болашақтык сипаты бар, өндіргіш кұштерді ықшамды орналастыру және дамыту сұрактарын көтереді.

Тақырып 6. Өндірістік инфроқұрылымды мемлекеттік реттеу.

І.Өндірістік инфрақүрылым түрлері

2.Көлік кешенінің дамуын жоспарлау

З.Әлеуметгік өрістің дамуын жоспарлау

І.Қоғамдык өндіріс екі үлкен сферадан тұрады. Оның бірІншісіне-қоғамнын матер'иадцық-затгық қажетгіліктерін қаЕағаттандыратын салалар жататын болса, екІншісіне онын, материалдык емес сүраныстарын қамтамасыз ететін салалар жатады. Дегенмен бүл сфералардың дүрыс дамуы үшін белгілі бір сыртқы жағдайлар кажет.

Экономиканың дербес сферасы болып инфракұрылым, материалдык-затгык өндІрістен қоғамдық еңбек бөлінуінің тереңдеуіне және оның сыртқы жағдайларын қамтамасыз етуге деген сүраныстың өсуіне байланысты бөлініп шықты.


Кәсіпорындардың сыртқы жағдайлары біркелкі болмағандықтан, инфрақүрылым садалары да біркелкі емес. Сол себепті, инфрақүрылымды төрт түрлі ірі салалар тобына бөлуге болады :

І.ӨндірІстік инфрақұрылым-өндірІс процестерІнің тікелей сыртқы жағдайларын қамтамасыз ететін салалар кешені. Оған жүк тасу көлігі, көтерме сауда, электрмен, газбсн, сумен камтамасыз ету, койма шаруашылығы, баЙланыс, ақпаратты өндеу салалары және іскерлік қызметтер сферасы жатады.

2.Әлеуметтік инфрақүрылым - жүмыс күшін үдайы өндірумен байланысты салалар кешені : денсаулық сақтау, білім беру. жеке сауда, жолаушылар тасу көлігі, түрғьш-үй коммуналдық шаруашылық, коғамдык тамақтандыру. демалысты үйымдастыру, т.б. салалар.

З.Институттык инфрақұрылым - экономиканы макроэкономикалық реттеуді жүзеге асырушы салалар мен кызмет сфераларының кешені. Оған мемлекеттІк аппарат, несиелік-қаржылык сфера т.б. жатады.

4.Экологиялық инфракұрылым - адам тіршілігінің зиянды жақтарынан қоршаған ортаны қорғау, қоғам өндірісІ дамуының экологиялық жағдайларын камтамасыз ету сфералары мен инженерлік құрылыстардъщ кешені,

2.Көлік кешенінің экономикалық маңызы оның орындайтын қызметіне байланысты. Көлік кез-келегн өндірІстің айырылмас бөлігі болып саналады және ол коғамдық еңбек бөлінісінін негізгі материалдық базасы больш есептеледі. Көлік тауар өндіруші мен тауар тұтынушыны, аймақ пен аймақты, кәсіпорындарды бірімен-бірін байланыстыру қызметін атқарады. Көлік халық шаруашылығының Ірі бір саласы. Оның негізгі қорлары халық

шаруашылығындағы барлық негізгі қорлардын 13 пайызын құрайды. Көлік шығындары көптеген жүхтердің бағасының 40 пайызын алады.

Республика көлік кешенін мемлекеттік реттеу жүк тасмалдау шығынының аз болуын, тасмалдау шығынының неғұрлым жоғары болуын, тасмалдаудың үздіксІз болуын камтамасыз етуі тиіс.

Қазакстан Республикасының көлік кешенінІң дамуын мемлекетгік реттеудің негізін 1994 жылы қыркүйектің 21 жүддызында кабылданған «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңы қүрайды. Қазіргі кезде Республиканың көлІк кешенін баскару ҚР Көлік және коммуникациялар министірлігіне жүктелген. Аталған заңға және осы министІрлік туралы Үкімет бекіткен Ережеге сәйкес, онын негізгі мІндеттері больга мыналар саналады:

- көлік саласындл ҚР мүдделерін қорғау ;

- көлік саласында мемлекетаралық және халықаралык қатынастарды жүзеге асыру;

меншік түрлеріне қарамай, барлык көлік түрлерінің жүмысын реттейтін

Заң актілерінің, стандартгардың, нормалардың жобасын дайындау; Республиканың тасмалдауға деген мемлекеттік қажеттіліктерІне болжау жүргізу;

ҚР көлік кешенінің жұмысын координациялау және оньщ дамуын мемлекеттік реттеу.



Көлік жүйесі - тасмалдау жүмыстарын атқаруда бірімен-бірі тығыз байланыста болатын әр түрлі көлік түрлернің кешені.

Көлік торабы - республиканың не жеке аумақтын қалалары мен ауылдарын байланыстыратын барлық жол катынастарының жиынтығы.

ЖалІІы пайдалану көлігі колданылып жүрген Зандар мен нормативтік актілерге сәйкес меншік тәуедділігіне, кім үсынғанына қарамастан жүктер мен жолаушылар тасмалдауга тиіс көлік.

Жалпы пайдалануга жатпайтын қөлік - тек қана өз ведомствасының тасмалын атқаратын және басқа клиентгердің тасмал талабын орындауға міндетті емес ведомствалық көлік.

З.Экономикаңы мемлекетгік реттеудің объеКтивті қажеттілік факторларьш карастырғанда әлеуметтік өріске ерекше көңіл бөлінген болатын, өйткені оның салаларының даму мәселелері нарықтық қатынастар шеңберінде шешіле алмайды және ҚР Конституциясы ережелеріне сәйкес мемлекепін арнайы саясат жүргізуін талап етеді. Осы салаға байланысты бұл ережелер бойынша ҚР әрбір азаматының бостандық пен жұмыс жағдайына, әлеумепік қорғауға, тұрғын үйге қол салмауға кепілденген тегін орта білім алуға, мемлекет істерін басқаруға қатысуына құкылы.

Денсаулық сақтау жүйесін қарастырғанымызда жалпы оны мемлекеттік ретгеудің кауіші ауруларлдың жеке топтары бойынша арнайы бағдарламаларды жетілдіру, сондай-ақ бұл аурулардың жайылу зардаптарын жеңу үшін шет елдік ғылыми-техникалық және қаржылык инвестицияларды ынталандыруға үйымдык-құқықтық жағдайлар жасау сияқты механизмдері мадызды рөл аткарады.

Білім беру саласының мемлекеттік секторын мемлекеттік реттеудің негізгі кұралына оның ағымдық және үзақ мерзімдІк жоспарлау жатады. Бүл жоспарларда жоғарғы оқу орындарының материалдықгтехникалық базасын нығайту мен олардың дамуын бюдджеттік қаржыландыру көрсеткіштері көрінІс табады.



Тақырып 7. Өнеркәсіптің дамуын мемлекеттік реттеу.

1 .Кез-келген елдін экономикалык жағдайы оның өнеркәсібінің даму денгейіне байланысты. Елдің өңеркәсіп кешенінін жагдайы мен даму динамикасы экономикалык тәуелсіздікті ныгайту бойынша стратегиялық және тактиаклык міндеттерді, халықтың колайлы өмір сүруі бойынша үлттык кауІпсІздіюі, тен және өзара тиімдлі жағдайда әлемдік экономикалык кауымдастыққа ену бойынша өмір сүру ортасын экономикалык сауыктыру мүмкіндіктерін аныктайды.

Үлттың экономикалык өміріндегі өнеркәсіптің ролі мен маңыздылығы келесі факторлармен анықталады :

Біріншіден, өнеркәсіп өндірісі объективті ІЖӨ, ішкі тұтыну мен экспорт үшш барлық тауар массасын кұрудың негізгі көзі болып табылады. ІЖӨ күрудағы

өнеркэсштің үлесі тұрақты дамушы елдерде шамамен 40 % құрайды. Бұрынғы КСРО елдерінде ол 90 жылдары 60 % құраған.

Екіншіден, экономика маңызды саласының ретінде өнеркәсІптід алдынғы ролі оның қоғамдық өндіріс пен барлык баска салаларды индустрияландырудың шешуші факторы болып табылатындығымен анықталады, олардың технико-технологиялық денгейін, ғылыми-техникалық база мен Ішкі және сала аралық кешендөрдің жағдайъш анықтайды.

ҮшІншІден, көп салалы өнеркәсіп кешені қалған барлық салалар мен қоғамдық өндірістің өнімі мен кызметін негізгі тұтынушы болып табыла отырып, қоғамдағы

төлем қабілетін реттейді және жылдам даму есебінен ІЖӨ көлемінІң өсуін ыыталандырады..

Жоғарьща аталаған өнеркәсіп саясатының маңызды жәнө жан-жақты роліне байланысты дамыған елдердің өзі өзінің өнеркісіп-ендірістІк кешенін дамытуды нөмірі бірінші бағыт деп санайды, себебі өнеркәсіп барлық ұлтық экономиканың жетекші звеносы болып табылады. Сондықтанда мемлекет белсенді, жан-жақты өнеркәсіптік саясаттын жүргізеді.

Әсіресе Қазақстан үшін өнеркәсіптік саясапы әзірлеу мен іске асыру өзекгі мәселе. Бұл өзектілік өнеркәсіптің кез-келген елдің экономикалық өміріндегі маңызыды және жан-жақты ролімен ғана емес, сонымен бірге экономикалық дағдарыс жылдарында өнеркәсіптің көп зиян шеккеыімен анықталады. Өнеркәсіп өндірісінің физикалық кндексі 1995 жылда 48%, 2000 жылы -58 % , 2001 жылы 59,8 % қүрап, жалпы елдің ЖІӨ үлесінің 30,7 % жетгі. Барлық өнеркәсіп салаларынын өндірістік-техыикалық аппаратында негізінен ескірген негізгі қорлар қолданылады, техникалар мен құрылғылардың орташа жасы 20 және одан көп жылдарды құрайды, ескіру дәреже-л 45-55 % .

Елдің экономикалық кешеніндегі жүріп жаткан осы және басқада жағымсыз тенденциялар мемлекет тарапынан қалыптаскан жағдайларды жақсарту бойынша белсенді Іс-қимылдарды талап етеді.

Осындай саясатты әзірлеудін бірінші тәжірибесІ 1998 жылы ҚР Үкіметі «ҚР 1999-2003 ж.ж. өнеркәсіптік саясаты» туралы мемлекеттік бағдарламасы қабылданғаннан кейін жасалды. Бүл күжатта басты мақсат болып келесі жағдайларды кұру мәселесі табылады :

а) өнеркәсіптің барлық салаларын бірдей және тиімді дамыту;

б) техникалык жаңарту және жаңа еңбек ауқымды өндірісті дамыту;

в) Қазақстанның кәсіпорындарының ішкі және сыртқы нарықта бәсекелестік қабілетін көтеру.

2003жылы бұл құжатш жетілдіру мақсатында «ҚР 2003-2015 ж.ж. индустриалды-инновациялык дамуының стратегиясы» қабылданды. Онда басты мақсаттар ретінде келеслілер белгіленді : «Ел экономикасының шикізат бағытынан өздері дайын өнімді өндіруге көшу, үзақ мерзімді жоспарда сервисті-технологиялық экономикаға өту үшін жағдайларды дайындау». Негізгі міндеттер, кезендер іске асыру мерзімі, кажетгі ресурстар мен қаржыландыру көздері, соңдай-ақ күтілетін нәтижелер қарастырылған.

2.Әдеби оқулықтарда өнеркәсіптік саясатқа назардың аударыдғанына да көп болған жоқ. Бірақта әдеби оқулықтарда «өнеркәсІп саясаты» түсінігіне салыстырмалы түрде көп анықтама берілген. Берілген анықтамаларды талдау аталған түсініктердің маңызды мінездемелерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді : осы саясаттың объектісі, оның субъектісі, мақсаты және оны іске асыру қүралдары..

Объект ретінде өнеркәсіп саласының ғылыим-техникалық денгейіне әсер ететін барлык салалар, олардың салалық қүрылымы және барлық құрылымдық бөлімшелер аныкталады.

Өнеркәсіп саясатының субъектісіне барлық денгейдегі басқару органдарынымен мемлекеттің өзінен басқа өнеркәсіп саясатын жүргізуге мүддесі, мұмкіндігі бар көптеген басқа ірі корпорация, қаржы-өнеркәсіп топтары, акционерлік қоғамдар шаруашылық субъектілері жатады. Ірі капиталдарды иемдене отырып, олардың өздерінің жеке енеркәсіптІк саясатын жүргізуге мүмкіндіктерІ бар.

Өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру кезінде маңызды ролдІ дүрыс таңдалған мақсатты іске асыру жолдары табылады. Атап айтқанда осыларға өнеркәсіптік саясатгың накты типтері, басымдылықтар жүйесі, қолданылатын қүралдардың жиынтығы, олардың нақты мазмүндары тәуедді. Бүл жерде басты мақсат ретінде - республиканың аграрлы-шикізаттык мамандануынан жоғарғы технико-технологиялық мехенизм базасында жоғарғы тиімді кәсіпорындарды және өнім өңцірушілер арасында бәсекелестік механизмін калыптастыру қарастырылады.

Орта мерзімді маңсат-бұл халық шаруашылығынын индустриалды базисін құрылымдық және технологиялық жағынан қайта күру, кеңейтілген өндірісті қалпына келтіру.

Тактикалық мақсат өндірістің күлдырауын тоқтату және экономиканың қозғалысына түрақты өсу мен түрақты мінез беру сияқты ағымдағы міндетгерді шешеді.

Өнеркәсіптік саясат тек мемлекеттік сектордағы өндірістің дамуын, олардың жеке кызмет шеңберін анықтайды, сондай-ақ басқада менші формаларындағы негізгі өнеркәсіп саларарының дамуына көмегін тигізеді.

Экономикалык әдебиеттерде мемлекеттік өнеркәсіптік саясаттың жіктелІнуінің әртүрі кездеседі :

а) экономикалык өсу мінездемесІ бойынша теңестіріжен және теңестірілмеген өнеркәсіп саясат түрлері;

б) өнеркәсіп кешеніне әсер ету тәсілі бойынша-активті және пассивті өнеркәсіптипі;

в) бағытталуы бойынша - жалпы жүйелік және селективті өнеркәсіп типі;

г) мазмұны бойынша - экспортқа бағытталған, импортты алмастыратын және өнеркәсіптік саясаттың инновациялық типі;

д) көлемі бойынша - жалпы ұлтгық және аймақтық өнекәсіп саясаты бар. Қазакстан жағдайында өнеркәсіпті қайта күру - үзақ мерзімді және кезеңді

процесс. Сондыктанда өнеркәсіп саясатын қалыптастырған кездеде қалыптаскан жағдайды есепке алған қажет : ел мен оның аймақтарынын

мамандануы,калыптасқан өнеркәсіптің салалық қүрылымын, оның технико-технологиялық жағдай, шаруашылық байланыстары. өнеркәсіптік кәсіпорындардың формасы, типі және көлемі. Бұл жағдайлар өнеркәсіптің каЙта кұрылу процесінің ұзақтығын объективті түрде қарастырады. Сондықтанда алға

қойылған өнеркәсііггік саясатгы іске асырудың нақты кезеңдерІн қарастыруды талап етеді. Елдің өнеркәсІбін дамытуда келесі кезеңдер бөліп көрсетілген :

1 кезең - 2003-2005 жылдар;

2 кезең - 2006-2010 жъшдар;

3 кезең - 2011-2015 жылдар.

Бұл елдің тек өнеркәсіп кешенінің дамуының нақта жодарын қарастырьш қана қоймай, сонымен бірге барлық үлттык экономиканың дамуын қамтиды.

З.ӨнеркәсІптік саясатта көп көңіл өнеркәсІпті қолдаудың завдык іс-шараларына бөлінеді. Бұл жерде өндіріс, инвестициялық және инновациялық дамуды ынталандырудың жалпы және мақсатгы Іс-шаралары бөлініп көрсетіледі. Жалпы шаралар барлық өнеркәсіптік кәсіпорындарға таратылады, ал мақсатгы шаралар мемлекеттің қолдауымен елдің қаржы-шаруашылық қызметін қалпына келтіруге мүмкіндігі бар ішкІ тұтынудағы жеке тауар өндірушілерге немесе мемдекеттік басымдылық бағыттағы тауарлар мен ірі шаруашылык субъектілеріне жеке қолданылады.

Жалпы шаралардың ішІнде төмендегілер неғұрлым тиімді:

І.салық жүйесі арқылы өнеркәсіпті ынталандырудың механизмдерін қалыптастыру : салықтық жещлдіктер, мүлікке салықтан босату.

2.аммортизаіщялык-қорды мақсатгы пайдалануға бақылау жасау;

З.К( сіпорынның жеке инвестициясын ынталандыру;

Өнеркәсіпті инвестициялау үшін несие беру жағдайларын өзгерту.

Мақсатты және селективті шаралар нақты кәсіпорындарға қатысты қолданылады. Осы шаралар қолданылатын кәсіпорындарды тақдау кезінде оардьщ жиынтық тиімділігін анықтайтын тиісті бағалау критерилерін баспшлыкка алау қажет. Бұл келесІ критерилер болуы мүмкін : кәсіпорынның тауарлық мамандау мүмкіндІгі; бюджепі қалыптастыруға қатынасуы; өндірістің материалды-техникалық жағдайы; инвестициялаудьщ тиімділігі.

Мақсатш шаралардың Ішінде кең қолдау алғанда қатарына жататындар : кәсіпорындардың карыздарын қайта қарастыру бойынша шаралар; салықтық несиелер есебінен айналым қорларын толтыру; мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар қатарына кіргізілген жүмыстарды жүргізу үшін жеңілдетілген инвестициялық және басқада несиелерді беру;

отандық және шет елдік инвесторларға мемлекетгік кепілдеме беру. Нақты кәсіпорындарды қолдаудың келтірілген барлык шаралар күтілетін нәтижелерді тынғылықты маркетиңггік талдау жолымен, тақдау аркылы Іске асырылады.
Тақырып 8. Ауылшылығының тұрақты дамуын мемлекеттік реттеу.
І.Ауыл шаруашылык экономикасының басқа салаларға қарағанда монополиялық денгейінің төмен болуы, яғни ондағы өндіріс процесін, өнімдерін өвдеу, сақтау және т.б жұмыстардын экономиканың басқа салаларына тәуелді.

2.Күрделі каржылардың жәй айналысы мен сала экономикасына күрделі қаржылардың өте аз бағытталуы.

З.Өндірістік және әлеуметгік жүйелердід инфракурылымдарының даму денгейлерінІң экономиканың басқа салаларына қарағанда нашар төмендігі.

З.Ауыл шаруашылык нарығын ретгеу принціптері мен кұралдары. Реттеу принціптері дегеніміз - басқару, реттеу катынастарынан және олардың заңдылықтарынан туындайтын, мемлекеттің өкілеггі органдары экономикаға ықпал жасау барысында басшылыққа алатын алғашқы басшылық негізі, ережелері жағдайлары. Ретгеу пршщіптері негізінде нарықтық экономика сүранымына сай келетін мемлекеттік басқару органдары, олардың қүрылымдары, басқару, ретгеу іс-қызметтерін іске асыру әдістері, құраддар жүйелері, түрлі мешпік жүйелерінін даму бағыттары, бір-бірлерімен байланыстарының мазмұндарына қойылатын негізгі талаптар мәндері аныкталуы тиіс.

Осы тұрғыда ауыл шаруашылығын мемлекепік жоспарлау жүйесінде төмендегідей принціптерді атауға болады ;

-аграрлық протекционизм;

-экономикалык және әлеумепік мақсаттар байланыстылығы ;

-бағдарламалы ретгеу;:

-индикативтік пен директивтіктің байланыстылығы.

Ауыл шаруашылығы нарығын жоспарлау бұл тұтынушыға да, өндірушіге де қолайлы жағдай тудыру дегенді білдіреді.

Мемлекет ауыл шаруашыльщ нарығындағы сұраным мен үсынысқа өз ықпалын кейбІр экономикалық кұралдар негізінде іске асыруға тырысады.

1 .Бараға ыкпал жасау, яғни бағаны өсІру, не төмендету, ішкі, не болмаса шет ел

сатушыларына әкімшілік, ия болмаса экономикалык ықпалдар жүйелері арқылы; 2.Салық, ақшалай жәрдем арқылы ауыл шароуашылық өндірушілерінің шығын денгейлерін өзгерту;

3. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне өндіріс мөлшерлеріне байланысты, немес өнім өндірІс шектеуімен байланысты жәрдем беру.

Осындай мақсаттар үшін төмендегідей реттеу қүраддар жүйесі колданылады ;

1.Толықтырушы қор. Ол «Буферлік»-деп аталатын принціп негізінде колданылатын қорлар. Бұл жүйенің іске асырылуы мемлекеттің тікелей араласуы аркылы іске асырылады. Мемлекет азық-түлік нарығындағы баға қозғалысын түракты бақылай отырып, тауарлар бағасы нарықта арзандаған кезде сатып алу операцияларын іске асырады, ал кымбаттаған уақытта нарыққа керІсінше сакталған тауарларды шығарып, баға денгейін белгілі-бір денгейде, ягни әлеуметтік үйлесімді денгейде үстауды іске асырады.

2.Бағаны көтермелеу мақсатында сатып алу операциялары. Ауыл шаруашылық өнімдерінің баға денгейлерін көтермелеу мақсатында мемлекет ішкі нарыққа ол

өнімдерді сату бағытында тиым салады, ия болмаса олардьщ сатылу көлемдерін азайту Іс-қызметтерін жүргізеді.

З.Импортгы шектеу. Ішкі нарыққа ауыл шаруашылық өнімдеріне және азық-түлік тауарларына жоғарғы баға ұстаудағы маңызды қүралдардың бірі. ІшкІ нарықтағы

жоғарғы баға отандық тауар өндірушілер іс-кызметтерін жандандырып, өндірісті ынталандырады.

5.Компенсациялык төлемдер. Мүндай төлемдер отандық тауар өндірушілер өніміне жоғарғы баға белгілеу аркылы оларды қолдау қүралы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет