«КӘСІПКЕРЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ
БАСЫМДЫҒЫ РЕТІНДЕ» бабы
Татьяна АБЛАЕВА, Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы
Жарияланды: 2015 ж. 31 қаңтардағы «Индустриальная Караганда» және «Орталық Қазақстан»
Қарағанды облысында шағын және орта кәсіпкерлікті 65 184 субъектісі белсенді әрекет етеді (немесе 2013 жылға 102%).
Кәсіпкерлік құрылымы саласында негізгі үлесін сауда және қоғамдық тамақтандыру (44%), құрылыс (18%), өнеркәсіп алады (11%).
Оларда 229 мың адам жұмыс істейді, ол облыстың экономикалық белсенді халықтың үштен бір бөлігін құрайды.
Көрсетілген жұмыстар мен қызметтердің жылдық өнім шығаруы 560 млрд.теңгені құрайды.
Шағын және орта кәсіпкерлік экономикалық белсенді халықты қолдап және жаңа жұмыс орындарын құрумен, үлкен әлеуметтік рольды атқарып қана қоймай, бюджетке маңызды салық түсімдерін қамтамасыз етеді. Шағын және орта кәсіпкерліктің салық түсімінің орта жылдық өсу қарқыны 10% құрайды, осымен бюджетке жалпы түсім көлемінің салыстырмалы салмағы 40% астамды құрайды.
Шағын және орта бизнестің үлесі жалпы аймақтық өнімде өсу тенденциясы бар және бүгінгі күні 20,4% құрайды.
Еліміздің Президентімен тапсырма берліді – 2050 жылға ЖІӨ шағын және орта бизнестің салымын 50% дейін өсіру, ол үшін барлық жағдайлар жасалған. Және бірінші орында мемлекеттік бағдарламалар шегінде жан-жақты қолдау. Бұл «Бизнестің жол картасы 2020» (бұдан әрі - БЖК) және «2012-2020 жылдарға моноқалаларды дамыту», олардың құралдарымен облыстың барлық аймақтары қамтылды.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыруының басынан (2010 жылдан) 78,2 млрд.теңге сомасына 442 жоба қолдау алды.
2014 жылы 12,5 млрд. теңге сомасына 120 жоба мақұлданды немесе 2013 ж. қарағанда 1,7 есе артық.
Банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау құралы бойынша 9,2 млрд.теңге несие сомасына 81 жоба қолдау алды.
Кәсіпкерлер арасында бөлшектік кепілдік несие танымал болды, есептілік жылда 742,3 млн.теңге сомасына 25 кәсіпкер пайдаланды, ол 2013 жылға қарағанда 3 есе артық.
Инженерлік инфрақұрылымды жеткізу 2,5 млрд.теңге сомасы бизнестің 5 нысанына мақұлданды.
Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға гранттарды 24 млн.теңге сомасына жаңа бастап келе жатқан 9 кәсіпкер алды.
Бағдарлама жобасының құрылымдық саласындағы ең көп үлесі өңдеу өнеркәсібі 56%, көлік 18% жобаларына, туризм және спорт 9,4%, денсаулық сақтау 7,5% салаларына келеді.
2010 жылдан бастап бағдарламаны жүзеге асырудың әлеуметтік-экономикалық әсері қазіргі кезеңде қатысушы кәсіпорындар шығарылатын өнім көлемі 19,2 млрд.теңгеден 70,1 млрд.теңгеге өсті, орташа еңбекақы көлемі 2 есеге өскені болып табылады, осымен бюджет пайдасына 11,5 млрд.теңге салық түсімі келіп түсті, 39,5 мың жұмыс орыны сақталып, 10,0 мың жаңа жұмыс орыны құрылды.
Бизнестің жол картасы 2020 Бағдарламасы бойынша кешендік қолдау арқасында облыс кәсіпкерлері полиграфиялық нарықта бәсеке қабілеттілікті жоғарылату үшін алдыңғы қатардағы баспа технологияларын енгізе алды («ЭКОЖАН» ӨК), ағаш өңдеу саласында көрсетілетін қызметтер спектрін кеңейте алды («ЛДСП Караганда» ЖШС), сапаны жоғарылатуға және серке тәрізді крандарды жасау өндірісінің көлемін өсіре алды («СП Оптим-кран Казахстан» ЖШС), жолаушыларды тасымалдау үшін автокөлік паркін жаңарта алды («№2 автобус паркі» ЖШС), темір арқанды өндіру саласында аймақтың экспорттық әлеуетін өсіре алды («Kaz-metiz» ЖШС), медициналық құрылғыларды жетілдіре алды («Көз микрохирургиясы орталығы» ЖШС), сонымен қатар облыста ең ірі спорттық-сауықтыру кешені «Мега – фитнес World Class» ашылды.
«Моноқалаларды дамыту бағдарламасы» екінші бағыты шегінде – аймақтқ жобаларды жүзеге асырудың басынан (2013 ж. бастап) шағын және орта бизнес пен экономиканы әртараптандыруда 7,1 млрд. теңге сомасына 178 жоба қолдау алды, оның ішінде 2014 жылы 5,1 млрд.теңге сомасында 118 жоба, ол 2013 жылға қарағанда шамамен 2 есе артық.
Несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялаумен 4,8 млрд.теңге несие сомасына 71 кәсіпкер пайдаланды.
Өз бизнесін ашуға Гранттық қаржыландыруды 102,5 млн.теңге сомасына жаңадан бастап келе жатқан 39 кәсіпкер, оның ішінде 13 кәсіпкер әйелдері алды.
Шағын несиелер 354,2 млн.теңге сомасы 133 кәсіпкерге берілді.
Өндірістік инфрақұрылымды жеткізуге 223 млн.теңге сомасына 8 жоба бойынша мақұлданды.
Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 2,7 мың жұмыс орындары сақталып, 3 мың жаңа жұмыс орындары құрылды, бюджетке 287,4 млн.теңге салық түсті.
Осы бағдарлама бойынша мемлекеттік қолдаудың көрсетілетін шаралары толығымен моноқалалардың кәсіпкерлеріне өз бизнесін жетілдіру мен кеңейтуге, құруға көмек өкрсетті, олардың арасында белгілеп кетуге болады:
- Автокөлік пен өзге арнайы техника үшін фильтр өндірісін құру «Казтехфильтр» ЖШС Жезқазған қ.;
- Метал бұйымдарын шығару бойынша білдек құрылғысын кеңейту «Инкар-I» ЖШС, «Казарматура» ЖШС Теміртау қ.;
- нан комбинаты құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыру «Пульс» ЖШС Балқаш қ.;
- Темір-бетон бұйымдарын өндіру бойынша жоба «ККК бетон» ЖШС, ірі супермаркеттің ашылуы «Optima» ЖШС Саран қ.
Моноқалалрда шағын және орта кәсіпкерлікті жандандыру үшін шағын және орта бизнеске ірі компаниялар мерзіміне дейін келісім-шартты ұсынатын әріптестік бағдарламалар жүзеге асырылады. Осы бағдарлама шегінде «Қазақмыс» Корпорациясымен және «Арселор Миттал Теміртау» АҚ Жезқазған, Сәтпаев, Балқаш, Теміртау, Абай және Шахтинск қалаларының кәсіпкерлерімен 12 млрд.теңгеден астам сомаға 665 шарттар мен қосымша келісімдер жасалды.
Шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қолдау мақсатында өңдеу өнеркәсібінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қор қаражаты есебінен 5,1 млрд. теңге сомасына 37 жоба қолдау алды.
Қазіргі уақытта облыста кәсіпкерлерге кешенді қызмет ұсынудың үш деңгейлі жүйе жұмысы ретке келтірілген: Қарағанды қ. кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, барлық моноқалаларда – 5,0 мыңнан астам адамға 13,3 мың кеңес берілген кәсіпкерлікті қолдау Орталықтары мен кәсіпкерлікті қолдау мобильді орталығы жұмыс істейді.
Кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау шараларымен (бизнесті жүргізуге оқыту мен сервистік қолдау) 2,5 мың адам қамтылды.
Бағдарламаға қатысуға Кәсіпкерлік басқармасымен аймақтық кәсіпкерлер палатасымен және «Даму» қорымен бірлесіп, тұрақты негізде ақпараттық-түсіндірме жұмыстар, кәсіпкерлермен және мемлекеттік органдармен семинарлар, мемлекеттік қолдау алған Теміртау, Қарағанды және Шахтинск қалаларының кәсіпорындар бойынша пресс-турлар ұйымдастырылды.
Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «Үздік екінші деңгейлі банк» конкурсы, жастар арасында үздік бизнес-идеяларға конкурс өткізілді.
Бөлшекті сауда көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 6,7% өсті және 582,6 млрд. теңгені құрады, ол Алматы мен Астана қалаларынан кейін Республикада үшінші орынды алуға мүмкіндік берді. Бөлшекті тауар айналымының негізгі көлемі облыс нарықтарына келеді (60%).
Сонымен қатар облыста көтерме тауар айналымының өсімі белгіленді. 2014 жылдың басынан 787,2 млрд.теңгеге тауарлар сатылды, ол 2013 жылға қарағанда 1,2% артық.
Сауданың оң динамикасына 2290,2 млн.теңге инвестиция сомасына 75 жаңа сауда нысандарының ашылуы мүмкіндік берді, осылай 1002 жұмыс орындары құрылды.
Сыртқы сауда айналымы 7 029,3 млн. АҚШ доллары деңгейінде құралды, оның ішінде: экспорт – 6014, 4 млн.АҚШ доллары, импорт – 1014, 9 млн.АҚШ доллары.
Біздің облысымыздың негізгі әріптес елдер:
- экспорттық операциялар бойынша – Қытай, Құрама корольдық, Иран, Өзбекстан;
- импорттық операциялар бойынша - Қытай, Германия, Украина.
Біздің облысымыздың 6 кәсіпорын-экспорттаушылары 2014 жылы «Экспорт-2020» мемлекеттік бағдарламасы шегінде қолдау алды.
Өткен жыл бір қатар шет елдерінің ресми өкілдері тарапынан жоғарғы деңгейлі қызығушылықтарымен белгіленді. Біздің облысымызға Пәкістан (ақпан), Польша (сәуір), Испания (қыркүйек), Түркия, Эстония және Болгария (қазан). Осы кездесулер шегінде экономиканың барлық салаларында өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Экономикалық арнайы мамандандырудың айқын индустриалдық бағытына қарамастан Қарағанды облысы туристік саланың дамуы үшін келешегі бар. Алғышарттары географиялық орналасуы, табиғат байлығы, мәдени-тарихи мұраның бірегейлігі болып табылады. Облыс аумағында 2 ұлттық табиғи саябағы (Қарқаралы, Бұйратау), 9 табиғи қорық, Балқаш көлі, Долинка ауылындағы саяси репрессия құрбандары естелігіне мұражай, «Ұлытау» тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы, Теміртау қ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің мұражайы сан алуан тарихи және мәдени ескерткіштер орналасқан.
2014-2018 жылдарға Қарағанды облысында туризм саласын дамыту бойынша Жоспарға сәйкес облыстың туристік беделін нығайту мен құру, аймақтық туристік өнімін жылжыту мен өзара тиімді әріптестік байланыстарды орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Облыстың туристік ұйымдарымен бірлесіп ҚР аумағында, және оның сыртында көрмелерге («Өзіңе және бүкіл әлемге Шығысты аш», «KITF-2014» XIV Қазақстандық халықаралық көрмесі, «ҚР туристік саланы дамыту болашағы», «Астана демалыс 2014» XI Қазақстандық Халықаралық көрмесі, «АТМ 2014» Дубай қ. халықаралық көрмесі) қатысты.
Бірлестік іс-шаралар өткізілді («Астана – менің елордамның Астанасы» жобасы шегінде Жезқазған, Қаражал және Жәйрем қ.қ. балалардың шығуы; «Менің Отаным- Қазақстан» республикалық туристік экспедицияның облыстық кезеңі, Ақтоғай ауданының Шабанбай би ауылына туроператорлар мен БАҚ өкілдері үшін ақпараттық тур).
Өткен жылдың жазында Ұлытау ауданында Қазақстандық географиялық қоғамдастығы ұйымдастырған Кешенді экспедициясы өтті. Оған тарихшылар-археологтар, сарапшылар географтар, биологтар, ботаниктер, туризм бойынша мамандар, журналистер, сонымен қатар «Авалон» Қарағанды тарихи-географиялық қоғамдастығы қатысты. Осы қоғамдастық базасында 2014 жылы «Hotline» (8-800-080-7212) жедел желісі құрылды, осының арқасында облыстың туристік инфрақұрылымдық нысандары мен туристік нысандар туралы, Қазақстан Республикасының валюталық, көші-қондық, кедендік, әкімдік ережелері, байланыстар, жұмыс кестесі мен өзге ақпараттарды алуға болады.
Осының бәрі келушілер және ішкі туризмнің келушілері санының өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
2013 жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда орналастыру орындар саны 20,7% өсті және 181 бірлікті құрады, осымен номерлік қор - 35,7%, келушілерді орналастыру саны - 20,3% (203 мың адам), орналастыру орындарқызметінің көлемі - 14,3% (2,6 млрд. теңге).
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмеге дайындалу мақсатында 2014 жылдың қараша айында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ мен Қарағанды облысының әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған.
«БЖК-2020» және «2012-2020 жылдарға моноқалаларды дамыту бағдарламасы» мемлекеттік бағдарламасы шегінде туристік инфрақұрылымды кеңейту мен құруға бағытталған жобаларға қолдау көрсетілді («Метелица» Қарағанды қ., «Нұрдәулет» Ұлытау ауданында және Шахтинск қ. қонақ үй кешендері, «Гранд Құрылыс» демалыс орны Приозерск қ.).
Толығымен шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен бизнес климатты жақсартуға бағытталған шаралар ішінде әкімдік процедуралар мен рұқсаттардың жеңілдетілгенін белгілеп кету қажет.
Осы мақсатта мемлекеттік бағдарламалар бойынша 8 мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары әзірленді және бекітілді. Барлығы өткен жылы 116 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Осы бағыт бойынша жұмыстың барлық кезеңдері Басқарма сайтында жарық көрді.
Облыста әкімдік кедергілерді төмендету мақсатында кәсіпкерлік мәселелер бойынша 19 сарапшылар кеңесі жұмыс істейді. 2014 жылы барлығы кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын 78 нормативтік-құқықтық актілер қарастырылған 68 отырыс өткізілді.
Бүгін белгілеп кетуге болады, шағын және орта бизнес халықтың жұмысбастылық мәселелерін шешуге, нақты ортаны құра отырып, нарықты отандық тауарлар мен қызметтермен толықтыруға мүмкіндік бере отырып, экономиканың дамуында негізгі орнын алды.
Президентіміздің Қазақстан Халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында басым бағыты ретінде белгіленді: индустриалдық және туристік инфрақұрылымды дамыту, 2015 жылға Басқарма жұмысының басты бағыты болатын кәсіпкерлік субъектілерінің іскерлік белсенділігін қолдау.
Достарыңызбен бөлісу: |