Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді. Негізгі еңбекақыға мынандай төлемдер жатады: мерзімдік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу
кезінде орындалған жұмыстың сапасы және мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер;
еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімнен тыс жұмыстар
үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерде және т.б. күндері жұмыс жасағаны үшін төленетін
төлемдер; қызметкердің кесірінсіз тоқтап қалулар үшін төлемдер; сыйлықтыр және т.б.
Қосымша еңбекақыға ұжымдық келісім-шарттарда және еңбек туралы заңдарда қарастырылған,
жұмыс жасалмаған уақыттар үшін төлемдер жатады: демалыс уақыттарына ақы төлеу;
мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыттары үшін ақы төлеу; кішкентай
балалары бар аналарға жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу; жасөспірімдерге белгіленген
жеңілдік сағаттарға ақы төлеу.
Кәсіпорында еңбекақы төлеуді ұйымдастыру 3 өзара байланысты және өзара тәуелді
элементтермен анықталады: тарифтік жүйе - әр түрлі топтағы және категориядағы
қызметкерлердің еңбектерінің сапалық сипаттамасына тәуелді, олардың еңбекақыларын
саралауды және реттеуді жүзеге асыра алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін нормативтердің
жиынтығын көретеді; еңбекті нормалау – уақыт нормасы, өндіріс, қызмет ету, адам санының
нормасы; еңбекақыны төлеудің нышаны – кесімді және мерзімді.
2. Еңбекқының жүйелері мен нышандары өз алдына еңбектің нәтижесін қамтып көрсететін, сандық және сапалық көрсеткіштер жиынтығының көмегімен жұмсалған еңбектің санына және
сапасына тәуелді еңбекақы мөлшерінің бекітілу тәсілдерін көрсетеді.
Кәсіпорында еңбекақы төлеудің кең тараған түрі кесімді және мерзімді еңбекақы төлеу.
Мерзімдік ақы төлеу кезінде еңбек өлшемі болып пайдаланылған уақыт табылады, ал табыс
болса, нақты пайдаланылған уақыттың жалақысына немесе қызметкердің тарифтік
мөлшерлемесіне байланысты есептелінеді.