Негізгі капиталдағы инвестициялы құрылыс
(қаржыландыру көзі бойынша)
|
2005 ж. қаңтар маусым айында нақты баға, млн. тенге
|
Жалпы инвестицияның капиталдағы негізі %
|
қаңтар – маусым
|
2003
|
2004
|
2005
|
Өндірістерде меншіктің барлық түрі
|
64790
|
100,0
|
100,0
|
100,0
|
Мемлекеттік меншік
|
20404
|
42,8
|
23,5
|
31,5
|
Жеке меншік
|
38206
|
56,8
|
69,0
|
59,0
|
Басқа мемлекет, олардың заңды және жеке тұлғалары
|
6180
|
0,4
|
7,5
|
0,5
|
Бірлестік сферасындағы қиын жағдай заңды жүйеге, салыққа байланысты банктік жүйе, рыноктық қор капиталының негізгі қозғалысы бола алмады. Бірлестікті жандандыру үшін қорды қолдану керек. Қордың өндірістің дамуына көмегі тиюі үшін жағдай мен күш керек. Ол үшін банктік жүйеде негізгі қаражат керек.
Соңғы кезде Республикамызда ішкі капиталдардың ағымын реттейтін заңды базасы көптеген өзгерістерге ұшырады. Көптеген заңды актілер, құқықтық жеңілдіктер шықты. Бірлестік саясаттың мақсатты іске асуы үшін бірлестіктің мемлекеттік комитеті құрылды.
Бірақ шешілмеген мәселелер көп. Ол валюта, банктік құрылысқа кепілді заңды қолдану кепілдіктің мерзімі, шаруашылық сұрақтарына байланысты. Шетел бірлестіктерінің өзіне тартудың негізгі формасы шетел бірлестіктеріндегі жеке меншік пен өндірістік бірлестіктерді біріктіру. Мұны шетел капиталы шетел фирмаларының басқаруымен бірге іске асырады.
6 ай ішінде 2005 жылы Қазақстан Республикасы негізгі қор 65,6 млрд. Тенге, 2004 жылмен салыстырғанда 61 пайызға көбірек. Шетел инвесторлары 2003 жылға қарағанда 9 есе өскен.
3 кесте
Негізгі капиталдағы ірі, орта кәсіпорындардың
инвестициялық құрылысыiii
|
2005 (қаңтар маусым) нақты бағасы млн. Тенге
|
Жалпы капиталдағы нвестиция мөлшері пайызбен есептегенде
қаңтар маусым
2004 2005
|
Негізгі капитал инвестициясы, барлығы
|
64790
|
100,0
|
100,0
|
Соның ішінде қаржыландыру: өнеркәсіп, кәсіпорын, тұрғындар арқылы
|
35995
|
71,1
|
55,6
|
Бюджеттен
|
11615
|
4,3
|
17,9
|
Оның ішінде Республикалық бюджет
|
10573
|
3,2
|
16,3
|
Жергілікті бюджет
|
1042
|
1,1
|
1,6
|
Бюджеттен тыс қор
|
3915
|
4,3
|
6,0
|
Шетел инвестициясы
|
13265
|
20,3
|
20,5
|
Шетел инвесторларының қызығушылығын түрлі-түсті, қара металдар алып тұр. Мұнай – газ саласның ең ірі инвесторлары– Оңтүстік Корея, АҚШ, Турция, Ұлыбритания, Италия, Норвегия, Германия, металлургия – Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Жапония, Канада, Ресей әзір инвесторлық сұрауға онша көп көңіл бөлмей келеді.
Осыған қарамастан өзіне тартудың да орны бар. Бұл орын жалпы шарттармен анықталады.
Шетел капиталы Қазақстанда монополистік капиталдың филиалы сияқты. Сондықтан негізгі сипаттамасы монополисттік капиталдың сұранысымен анықталады, әрі қарай ең аз деген дәрежесі Қазақстан сұранысы.
Бұл біріншіден, жеке меншік капиталдың қозғалысы өндіріс және қосымша бағаны иемденуімен байланысты. Екіншіден, жеке меншік капиталы ең жоғары кірісті алуды көздейді.
Бұл капитал, сол дамыған елдерде жүреді, ал Қазақстанда тек энергия, шикізат салаларымен ғана шектеледі, болмаса ішкі нарықты басып алуы көзделген.
Қазақстанның тікелей шет ел инвестицияларын донор – елдерінің 2005 жылдың 1 кварталы аралығында игеруі
1 сурет
Сонымен Республикада инвесторлық өндірістің жаңа жүйесін құру қажеттілігі туындады. Бұл мәселені шешу, бірлестік құрылысты құру, ал рыноктық жағдайда құрылыс өзі дами алатындай болуы керек. Неге десеңіз, приоритетті бағдарлама бойынша бірлестік бағдарламасы бірлестік жобасын жасап, таратуы қажет. Бұл форма, Ресей мен Қазақстан үшін өте тиімді.
Жақын арада Қазақстан мен Ресей шаруашылық байланысын қолға алу мақсатында сапалы жаңа деңгейде экономикалық қатынас құруға жағдай жасады. Екі елдің құрылыс негізінде тауар айналысы ешқандай өзгерісті қажет етпейді.
Өтпелі кезеңдегі жекешелендіру негізгі көрініс болды. Оның темптері бойынша, Қазақстан ТМД елдері арасынан бірінші орынға ие. Сонымен қатар, республикада өндірістік құрылымдар құрыла бастады. ТМД әр түрлі елдерінің өндірісін біріктіруші құрылымдар құрыла бастады.
Бес ірі технологиялық концерндердің (“Магнитогорск”, “Қарағанды”, “Титан”, “Алюминий”, “Эртекс”) құрылуы туралы келісім-шарт пайда болды. Олар Қазақстан, Ресей, Украина, Тәжікстан, Моңғол рудниктерін, пайдалы комбинаттарды, металлургиялық зауыттарды, титан, алюминий, қорғасын өнеркәсіптерін қамтиды.
ТМД арасындағы нарықтық қатынас, жекешелендіру экономикалық жағдайға әсер ете қоймады, кәсіпкерлік, жекеменшіктік экономикаға әсер ететін жағдайда дами қойған жоқ.
Геополитикалық, демографиялық жағдай (42 пайыз қазақтар, 37 пайыз орыстар) халықаралық қатынастарға, әсіресе Ресеймен, Қытаймен достық пайдалы қатынастарды қолдауды, талап етеді. Тек қана осы елдермен қарым-қатынасқа ғана қол қоймай, Қазақстан Оңтүстік Батыс Азия, Орта Батыс Еуропа, Латын Америка елдерімен де қатынас жасамақшы. Мұндай саясаттың іс жүзіндегі мысалы ретінде Қазақстанның Қытай, Иран, Турция темір жол қатынасы, өз саясатында Қазақстан саяси, сауда – саттық басқа да халықтық қатынастарды қолданумен бірге Ислам факторын да қолданады.
Қазақстан Ресейден табиғи газ, мұнай, кокс, қара метал, темір трубалар, алюминий, қорғасын, қалайы, апатит, пластмасса жасайтын шикізат , ағаш материалдарын, қағаз, машина жасау өнімдерін алып пайдаланады.
Өз кезегінде Қазақстан Ресейге мұнай, көмір, ауыр металлургия, түрлі-түсті металдар, химиялық өнімдер, жүн, тері, бидай, ауыл шаруашылық өнімдерін және басқа да өнімдерді бере алады.
Қазақстан мен Ресей өнімдерінің негізгі тұтынушылары ауыр металлургияны – Магнитогорск, Челябинск металлургия комбинаттары; түрлі - түсті металдарды – Красноярск, Новокузнецк, Братск; цинкті – Белов заводы, металдың цинкті Кемеров заводы ;
Қалайыны – Тюмень, Комсомольск на Амуре; Барит қоспасын – Тюмень мұнай өнеркәсібі Барнаул АТИ заводы, “Утяжитель” Бийск зауыты және т.б. болып табылады. Қазақстанның негізгі сауда серіктестері қазіргі кезде Ресей (тауар айналысы 60 пайыз) болып табылады.
Екі мемлекет арасындағы шаруашылық байланыстарының даму талдауын Ресей мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстың бұзылуы, екі мемлекетке де экономикалық зиян тигізгенін көрсетті.
Қазақстанның рыноққа өту және экономиканы түрақтандыру кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдету және ертеңгіге қалдырылмайтын антикризистік шаралардың бағдарламасы, оның соңғы мақсаты – жақын болашақта рыноктық механизмдерді және сонымен бірге, экономиканың әлеуметтік бағытталған элементтерді, және де ресейлік экономикасының тұрақтандыру туралы құжаттары өзара пайдалы келіссөз жүргізуге, балансталынған жолын анықтау қажет.
Өтпелі кезеңнің негізгі мақсаттарының бірі болып, екі мемлекеттің экономикасындағы интеграциялық процесстерді қолдау және рационалды экономикалық байланыстарды қайта құру және де әлемдік рыноктың конъюктурасы мен алғы технологиялар базасында жаңадан қалыптастыру болды. Бұрынғы Одақ Республикаларының басқа рыноктарға бет бұруы қысқа мерзім ішінде мүмкін емес, өйткені Батыс рыноктары тауар массасы бойынша тарихи түрде құрылып бітті. Батыс рыноктарына жақсы кіру үшін әлемдік стандарқа сай, сапалы тауарларды өндіру шартын қажет етеді,себебі мұндай тауар массасына әлемдік талаптар деңгейіндегі өнімнің сапалығы туралы сертификат керек. Сондықтан шетелдерге экспортталатын өнімдердің негізгі құрылымдық түрлері шетелде тапшылыққа ие болатын энергоұстаушылар және кейбір арнайы тауарлар топтарымен байланысты болады.
Осыған байланысты экономиканы тұрақтандыру және біркелкі экономикалық кеңістікті сақтау процессіндегі ынтымақтасу мемлекеттерінің экономикалық қарым-қатынастарының орны туралы проблема туындайды.
Сондықтан мемлекеттердің рыноктық қатынастарға кіру деңгейіне байланысты мемлекетаралық экономикалық қатынастар дамуының, байланыстардың коммерционализациялануының, сонымен бірге ҚР-ң және Ресейдің әлемдік қоғамдастыққа кіруінің нүсқаларын есептеу қажет, оларды жаңалармен, пайдасы молырағымен алмастыру керек.
Қазақстан мен Ресейдің екі жақты экономикалық келісім шартын сақтаған кезде, екі мемлекеттің рыноктық қатынастар жүйесіне интеграциялану процесстері өзара пайдалы және ауыртпалықсыз болуы мүмкін.
Қазақстанның және басқа да Достастық елдерінің экономикасына дұрыс бағыт беру үшін, жақын болашақта Ресей мен Қазақстанның экономикалық байланыстарының интенсивтілігі шикізат, отын және электроэнергияның жабдығымен ең аз мөлшерде сипатталынуын қарастыру керек. Ал машина жасау өнімдерін, химиялық және мұнай-химиялық өндірісті, азық-түліктерді айырбастау жөніндегі байланыс сақталады.
Қазақстанның Ресейге тау-кен, отын-энергетикалық және машина жасау кешенінің, жеңіл өнеркәсіптің өнімдерін айырбастау, бидайдың қатты және күшті сорттарын, ет өнімдерін, жүнді әкелу жөніндегі байланыстарды сақтауда маңызы зор.
Ресейдің және Қазақстанның, сонымен қатар ТМД елдерінің экономиканы және экономикалық байланыстарды дамытудың тұрақтандыру факторы Достастық елдерінің трансұлттық корпорацияларды (ТҰК) құру негізіндегі өнеркәсіп салансын тұтыну өндірісін рыноктық реттеуі болып табылады.
Бұл мақсатқа жету үшін Қазаақсттанның және ТМД елдерінің экономикаларын сатылық құрылымдық өткізудің мемлекетаралық координациялайтын бағдарламаларды жасауды қажет етеді, яғни олардың экономикаларын жаңа технологияларға, қорғаныс кешенін конверсиялауға, инвестициялау және салық салу жеңілдіктер түріне өтуді білдіреді.
Қазақсттан мен Ресейдің экономикалық қарым-қатынасының қазіргі кездегі деңгейі бұл мемлекеттерді егемендігі есебінде негізделген жаңа сапалы деңгейдің байланыстарының құрылуымен, олардың экономикалық дамуындағы өзгерістерімен және шетелдермен байланысуының жоғарғы үлесімен, этномәдени факторының дамуымен, мемлекеттердің әрқайсысының мүдделерінің өзара пайдалылығымен, бұрынғы Одақ республикаларының ішкі рыноктарындағы бәсекенің өсуімен сипатталады.
Қазақстан, сонымен қатар Ресей үшін мемлекетаралық экономикалық ынтымақтасу аймағындағы байланыстар приоритетті болып қала береді.Бұл олардың терең интеграциясы мен жалпы әлеуметтік-экономикалық мүдделерімен, геосаяси жағдайымен, экономикалық потенциалдың даму деңгейімен, жалпы экономикалық кеңістікті жалпы Европалық және Евразиялық рыноктарды құруға бірлескен талпыныстармен, жалпы алғышарттары бар экономикалық кеңістік масштабтарымен сипатталынады, ал ол аумақтың ерекшеліктері және қаржы-несиелік қарым-қатынастарға байланысты екі мемлекеттің экономикасының жылдамдығын қамтамасыз етеді.
Шикізат салаларында жақсы байланыстардың орнатылуы екі мемлекеттің экономикасының тұрақтандыруындағы бірінші қажетті сатысы ретінде қарастыруға болады, ал машина жасау және химиялық кешендеріндегі өндірістік-кооперациялық байланыстардың дамуы маңызды және перспективалық сатысы болып табылады. Ресей мен Қазақстан арасындағы мұндай салалардың ішінде байланыстардың дамуының өндірістік-ұйымдық нысанындағы қаржы - өнерәсіптік топтар (ҚӨТ) болып табылады.
Өтпелі экономикасы бар елдердің шаруашылық жағдайына талдау жүргізудің нәтижесінде құрылымдық өндірістердің негізгі шарты мыналар болып табылатынын көрсетті:
-
экономикалық өсудің «нүктелерінң, «бастамаларынң мемлекет тарапынан тиімлі қолдау;
-
ішкіұлттық жиынтық сұранысты қанағаттандыру;
-
экспорттық потенциалын барлық жағынан күшейту: коммерциялық банктердің және сауда фирмаларының қаржылық активтерін көбейту;
-
экономиканы басқаруды қалпына келтіру;
-
ақылдасқан мемлекеттік өнеркәсіптік және қаржылық саясатты жүргізу;
-
жеке бастамашылықты қолдау.
ҚӨТ, соның ішінде ТҰҚ үкіметтік құрылымдар мен нақты өндірушілер арасында орташа деңгейде, шаруашылық звено ретінде қызметін атқаратын, тек жоғарыда көрсетілген міндеттерін шешуге ғана көмектеспейді, сонымен қатар, ТМД мемлекеттеріндегі орталықтандырылған жоспарлауды өткізуден пайда болған басқарудағы нышаны толтырады. Мемлекеттік ұйымдық құрылымдардың бұзылуынан үлкен мөлшерде ұсақ тауар өндірушілердің, фирма делдалдарының, биржалардың, шағын кәсіпорындардың, кооперативтердің, жауапкершілігі шектеулі қоғамдардың және өзінің тәуекеліне үлкен және артта қалған байланыстары жойылған мемлекеттік сектормен қатар, жұмысты бастаған кәсіпкерлердің стихиялық түрде пайда болу сатысы басталды.
Тұрмыс-тіршілік шаруашылық субъектілерін, жаңа серіктестерді, жабдықтарды, тұтынушыларды, қаржылық несиелерді іздеуге, теледидар және пресса арқылы жарнаманы өткізуге, үкіметтік және банктік құрылымдардың өкілдерімен байланысуға, рыноктық жағдайда өмір сүру мақсатында бірлесуге итереді.
ТМД Экономикалық Одағының нақты құрылуы, ең алдымен саяси уәждарға (мотивтерге) байланысты жақын арада өзекті мәселелелі болып тұр, ал ҚӨТ және ТҰК-ң жиынтығы шаруашылық жаңа экономикалық жағдайларға жақсы бейімделуге, сонымен бірге жаңа қағидаларының негізінде, тек ТМД елдері емес, СЭВ-ң де, бірыңғай экономикалық кеңістігін қайта құруға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге келесі бір маңызды факторға да көңіл аудару керек. Бұл фактордың мәні - ТМД елдерінің мемлекеттік ұйымдары үшін ҚӨТ және ТҰК мемлекетаралық деңгейіндегі экономика және саясат саласын координациялаудың механизмі болып табылады. ҚӨТ-ң арқасында ТМД үшін де танымал ұран маңызды болады: «Форд үшін не жақсы болса, сол Америка үшін де жақсы болады. Экономист-зерттеушілер бұрынғы Одақ кеңістігіндегі интеграциялаудың саяси жағын көз алдыларынан жіберіп отыр. Сондықтан да, Ресейге байланысты американдық саясатының шынайы және ұзақ мерзімді мақсаты «Евразиялық империяны қайта құруының басын алу, өйткені ол Америкаға жаңа Евроатлантикалық жүйені құруға кедергі жасайды деген сөзін үнемі есте сақтау керек.
Мемлекет деңгейіндегі ұсақ амбициялар кәсіпорындардың және ұлттық экономиканың экономикалық дамуына кедергі жасайды, өтпелі экономикасы бар елдерді дамыған мемлекеттердің шикізат көздеріне, арзан жұмыс күшінің рыногына және төменгі сортты өнімдерді өткізу рыногына айналдырады.
Білім қажеттілігін тану және ҚӨТ түрінің белгілі ұйымдасудың құндылығы. ТМД елдері экономикасының құрылымында және дәстүрлі түрде ТҰК фактор ретінде жақындасты. Бұл ұлттық экономиканың тұрақтануына алып келді. Ал бұл дегеніміз, Әлемдік шаруашылықтың және жекелеген елдердің құрылымды «диспропорциясыныңң көрінуіне әкелді. Бұл саяси түрде көрінді. Дәлірек айтқанда, тәжірибе жүзінде өтпелі кезеңдегі елде және КСРО елдерінің зерттеуі нәтижесінде және көпұлтық компаниялардың ұйымдасуы ретінде көрінді. Олардың экономикаға әсері, яғни оларды аймақты және континентальды деңгейде ұстануы, көпұлтты ҚӨТ құруды қызықтыратын, бұл оның көмегімен үлкен масштабты мәселені шешу нәтижесінде бақылауды қаржылық-өндірістік концентрацияланған үлгісін құру болып табылды. Бұл үлгі шаруашылық байланысты алдымен сақтануды қамтамасыз ету және өндірістің ғылыми дамуы, жаңа технологияның енгізілуі, соңғы бәсекелестік өнімге бағыттау.
Қазақстан және Ресейдің ғылыми потенцилы және шикізаты, өндірістік, қаржылық бірігуі экономикадағы дағдарыстың көрінуін жеңетін болса, тағы рынокты дамыған елдердің экспансиясынан және жорықсыз бәсекелестерден сақтайды.
Елдің даму деңгейіне байланысты көптеген фирмалардың бірігуі ТҰК еншілес кәсіпкерліктердің экономикасының өсу деңғейінің жоғары еместігі мақсаттың ерекшелігін немесе бөлектігін көрсетеді. ТҰК инвестициялары шикізат көздеріне бағытталған, арзан жұмысшы күшін қолдану, өткізу рыноктарын бөлу және жаулап алу соңғы кезде ТҰК-ң белсенділігі дамушы елдердің өндіру өнеркәсібінде көрінеді. Соның ішінде біріккен кәсіпорындар формасын құруда ерекше көрінеді. Бірақ та, бұл жердегі капиталдың басты саласы ретінде қиын емес техниканы шығару және еңбекті өнімге бағытталады. Бұл дегеніміз автомобиль бөлшектері өнеркәсібі, трактор, радиотехникалық аппараттар және басқа тауарлар болып таылады. Жалпы бұл бірлесудің пайдасы – дамушы елдерге, негізінен қазіргі өнеркәсіп ұйымдарына менеджент тәжірибесін меңгеруі.(жоғарғы технологияға жол жоқ) деп айта кетеліе. Сол кезде «Қайтарма өндірісң өніміне толу үшін ішкі товар рыногының бәсекелестігінің күшеюіне алып келеді. Іскерлік байланыс және ғылыми-техникалық жеке ірі және күшті ұлттық компаниялардың алдыңғы елдердің фирмаларымен бірігуі, бірлесуі болады. Бұларға мысал ретінде көпжылдық бірлескен РАҚ «Газпром және неміс Рургаз, РАҚ Газпром және белорусь ПО Азот бола алады. Соңғы кезде үкімет шеңберінде, соның ішінде Батыс елдерінде қажетті альянс бірлестігінде РАҚ Газпром Шелл, ОНЭКСИМ Бритиш Петролиум, МАЗ, МАН,. ДЭУ Өзбекстандағы автотракторлық прицептер зауыты (Ферғана қаласы), Ресей-белорусь мұнай компаниясы Славнефть, белорусь автомобиль ярослав мотор жасау зауыттары.
Аталған мысалдар бірлесудің пайдалылығын ғаламдық өндірістік-техникалық және қаржылық байланыстарын көрсетеді, ол тығыз байланыс және қор рыногына, ішкі және сыртқы рыногына әсер етеді.
Кәсіпорындардың Достастық мемлекеттері жабдықтаушылары-ның алдындағы өз қарыздарын акциялармен өтеуі бұл мемлекеттердің кәсіпорындарының базасында ҚӨТ-ң құрылуын тездетеді. Мұндай түрдегі интеграциялық процестер, әсіресе, интеграциялы жоғары деңгейі бар мемлекеттерді- Ресей, Украина, Қазақстан және Белорусия өнеркәсібін қамтиды.
Әртүрлі бағалаулар бойынша 100 әлемдік ТҰК-ң үлесіне шетелдердегі әлемдік инвестициялардың үшінші бөлігі келеді, ал 1/3 корпорациялар АҚШ-тың үлесіне тиеді. Соңғы екі жылда Жапонияның ТҰК-ң сонымен бірге шығыс және оңтүстік-шығыс Азия мемлекеттерінің үлесі автивизацияланды, соған қарамастан, негізінен, электроника және жаңа технологиялар саласында қызмет ететін жапондық ТҰК әлемде аймақтық жүйелерді құруы бойынша алдыңғы орын алады және Жапониядан тыс 6 мың өкілдіктері бар.
Батыс және посткеңестік материалдық кешеннің қызмет етуін талдауда мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Яғни, қазіргі ҚӨТ техника-экономикалық талдау КСРО-да 70-80 жылдары құрылған бірлестіктер мен ғылыми-өндірістік және өндірістік кешендерді көрсетеді. Бұл жағдайда және қарастырып отырған зерттеуде ірі өндіріс бірлестіктері (Ондыққа қосылатын жүздеген кәсіпорындар, ҒЗИ (НИИ) КБ, транспорттық бөлімшелер, бұлар банкпен тығыз байланысты ұстанды) туралы сөз қозғалды.
Қаржы-өнеркәсіптік топтардың Қазақстан үшін басымдылығын құрайтын, актуалдылығын қамтамасыз ететін жалпыға танымалы өнеркәсіпке бағытталған алғышарттар бар және олар нақтылы болып табылады.
Оларға мыналар жатады:
-
бәсекеге жарамды өндіру бойынша қалыптасқан кооперациялау және технологиялық байланыстарды үлкейту қажеттігі, сонымен қатар жалпыға танымал әлемдік тәжірибе негізінде оларды дамыту;
-
өнеркәсіпті инвестициялау қажеттігі;
-
рыноктық жағдайда өзін-өзі дамытуға қабілеті бар біріктірілген құрылымдарды құру;
-
өнекәсіптердің потенциалды инвесторлары болып табылатын сауда фирмалары мен коммерциялық банктердің қаржылық активтерін ұлғайту;
-
әсіресе, жоғары технологиялар мен НИОКР салаларындағы құрылымдық және қаржы-инвестициялық дағдарыс;
-
отандық кәсіпорындардың дербес сыртқы рынокқа шығуына тәжірибенің жетіспеушілігі және қиыншылығы;
-
ірі шетел өнімдерінің, сонымен қатар трансұлттық компаниялардың пайда болуынан Қазақстанның ішкі тауар рынок үлесін жоғалтуы.
Инвестициялық ресурстарды шоғырландыру және саясатты жүзеге асыру құралы ретінде ҚР-нда қаржы-өндірістік топтардың құрылу процесі әлеуметтік және экономикалық саладағы дағдарыстарды жою үшін және ынталандыруға бағытталған банк капиталы мен ұйым жобаларын толық сараптау және дербес пысықтауға негізделуі керек.
Бірлескен қаржы-өнеркәсіптік топтарды жобалау үшін басым бағыттар сипатындағы мақсаттар:
-
әлемдік рынокқа, бәсекеге қабілетті өнімдер өндіруге және шығаруға бағытталған инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру;
-
өзара тиімді кооперациялау байланыстарын ұйымдастыру және Ресей кәсіпорындары және мемлекеттермен бірге инвестициялық бағдарламаларды бірге жүзеге асыру;
-
ұйымдық экономикалық байланыстарды талдау;
-
инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру, ал олар мемлекеттің құрылымдық саясатында анықталған экономика саласының приоритеттеріне сәйкес болуы керек;
-
мемлекеттік емес қаржылық-несиелік және инвестициялық институттары үшін коммерциялық тиімді инвестициялық жобаларды әзірлеу.
Ұлттық қаржылық-өндірістік топтар пайда болғанда, оның негізгі мақсаты болып дүниежүзілік рынокта қазақстандық тауарлардың бәсекелестік қабілеті жоғарылауы және кәсіпорын жұмыстарының артуы болып табылады.
ҚӨТ ұйымдық-құқықтық алғышарттары белсенді жасалуы кезінде Ресейдің тәжірибесі көрінеді. Бұл процесс үш жолмен жүреді:
-
өзін-өзі реттеу көмегімен. Бұл жағдайда ҚӨТ, ірі компаниялар мен банктер маңында капитал консолидациясының табиғи жолымен ұйымдастырылады. Берілген топтар ҚӨТ формасындағы заңды құжаттауға асықпайды. Осындай ҚӨТ ережеге сай ресейлік коммерциялық банктер негізінде топтастырылады (Менатеп, Империал, Инкомбанк, Альфабанк және т.б.);
-
екінші топ ҚӨТ болып жасалған. Мұнда ҚӨТ түрінде заңды түрде құжатталмайды. Бірақ, бірінші топқа қарағанда, ерекшелігі бұл нормативтік актілер шеңберінде жасалады. Сонымен бірге, капиталдың негізгі үлесі мемлекеттік кәсіпорындарға тиесілі.
Берілген топтарда ҚӨТ барлық белгілері болса да, акционерлік қоғам формасында немесе холдингтік компания ретінде тіркеледі. Мұндай топтарға: РАҚ Газпром, Лукойл мұнай компаниясы, РФО «ЕЭС Ресей« және т.б. түрлері жатады. Олар сонымен қатар, ірі россиялық банктермен байланысты. Әрине, мұндай топтардың туындауына объективті негіздеме бар. Біріншіден, бұлардың көбісі аралас мемлекеттік меншіктік кәсіпорын ретінде, немесе ақша және өндірістік капитал ретінде шығады. Сонымен бірге бұл ірі корпоративтік бірігу өндірістік типтегі шаруашылық дербес субъектісі болып құрылады.
Бірақ ҚӨТ құрудың мұндай әдісі «бөлуге« жақын тері элементтерін де ішінде сақтайды. Мұндай құрылымдарды басқара отырып, олар коррумпиялық топтардың жеке баюы мақсатында жеке және мемлекеттік капиталды қолдануы мүмкін.
Мұны болдырмау үшін ҚӨТ құрылу процесін мемлекеттік реттеудің күшті экономикалық, әлеуметтік және саяси механизмдері қажет.
-
Үшінші топ - бұл заңды құжаттау. Мұндай топтар 2003 жылдың ортасында Ресейде 35 болған.
Бұл ҚӨТ құрылу әдісі де объективті шартталған. Олардың жасалу қажеттігі әртүрлі көзқарастармен ақталады. Ұлттық экономиканың даму мүддесіне жеке ақшалай өндірістік және сауда капиталының өсіру процесін реттеуге мемлекет мақсатты бағытталуы мүмкін.Өркениетті жүйедегі және дамыған рыноктық экономикалық және кәсіпкерлік мәдени жүйедегі елдерде ҚӨТ тіркелуі жүргізілмейді. Осындай жағдайда ҚӨТ өзін-өзі реттеуі - қалыпты процесс, бірақ осындай тәжірибенің Россияның немесе Қазақстанның жер қойнауына механикалық тасымалдау өтпелі кезеңің өзіндік ерекшелігін бейнелейді. Бір жағынан, ҚӨТ заңды құжаттау процесі капиталдың өсуі және концентрациясы процесін мемлекеттік бақылауға қояды. Бірақ, басқа жағынан бюрократиялық аппаратқа тиімді күрделі формальды, басқарылуы қиын процедурада қарастыратын процесті жасайтын тиісті корпоративтік құқықтық нормаларды оптимизациялауға көңіл аударуға болады. Қазақстан экономикасына қатысты нақты рекомендацияларды жасау үшін Ресей тәжірибесіне көңіл аударайық, бұл жерде ҚӨТ-ті мемлекеттік тіркеуден өткізу қажеттілігінің көзқарасы құқықтық жағынан қамтамасыз етілді.
ҚӨТ құрудың құқықтық базасы РФ Президентінің 05.12.1993 ж. № 2096 “Қаржылық өндірістік топтар туралы” Жарлығынан негізделеді. Осыған сәйкес қаржы - өнеркәсіптік топ болып осы шарттарға сәйкес капиталдардың қосылуы жүрген корпорациялардың тобы саналады. Әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпорындар, меншіктің түрлі нысандары, түрлі несие-қаржылық және басқа да инвестициялық компаниялардың, оның ішінде шетелдік те, топтың қатысушылары болуға құқықтары бар.
ҚӨТ қалыптасуының жағдайында 3 әдіс қарастырылады: өзі жеке немесе бірігу жолымен басқа қатысушының акциялар пакетін сатып алатын әрбір қатысушы; (РФ Үкіметінің шешімімен) үкіметаралық келісім негізіндегі РФ Үкіметінің шешімі. Соңғы жағдайда трансұлттық ҚӨТ құрылады. Осы жағдайда ресми тіркелген ҚӨТ-ке белгілі жәрдем көрсетілген, бірақ оларды қалыптастыруда көп тежеулер (заңды және заңсыз) енгізілді .
Сонымен ұзақ дискуссиядан кейін 1995 жылғы 30 қарашада “Қаржы - өнеркәсіптік топтар туралы” заң қабылданған болатын. Онда ҚӨТ құруды тежеу мәселелері шешілді. Қазір ҚӨТ өмір сүруге толық құқық алды.
Қазіргі уақытта ҚӨТ оның алдында көрсетілген алуан түрлі түріне, сыныптамасына байланысты пайда болып келе жатыр. Ресейде күшті сала және салааралық ҚӨТ, аумақ, аумақаралық, ұлттық және трансұлттық ҚӨТ бар. Негізінен, соңғы көрсетілгендері болашаққа негізделген, ең алдымен трансұлттық ҚӨТ Украинаның, Белоруссияның және Қазақстанның бірлестіктерімен құрылып келе жатыр. Консолидация негізінде бірнеше мемлекет капиталының трансұлттық ҚӨТ-тері ұйымдастырылуда. Яғни, “Нижгородскідегі автомобильдер” ҚӨТ бұрынғы КСРО -ң 9 мемлекетінің бірлестігіне қатысады.
Қазақстан мен Ресей кәсіпорындары капиталының консолидациясы негізінде детрансұлттық ҚӨТ тиімді болып келеді.. Тиімділіктің осы мәселеге байланыстылығын екінші бөлімде қарастырайық, яғни екі мемлекеттің инвестициялық қарым-қатынастық бірігуі негізіне байланысты инвестициялық дағдарыстың жеңуі механизмін ойлап шығару.
Ресейде мамандандырылған (РАҚ Газпром, АҚ Автоваз, БК Логоваз, “Скоростной флот”, “Морская техника” және т.б.) құрылуда, диверсификацияланған (“Уральские заводы”, “Русхим”) конгломераттық ҚӨТ жақсы мысал ретінде ҚӨТ күшті конгломераты “Менатеп” болып табылады, оның негізі -“Роспром” басқару компаниясы. Осы топтың құрамына “Менатеп” банкі кіреді, инвестициялық компания “Альянс Менатеп”, Екатеринбургтағы СКБ-банкі “Менатеп” банкімен орталықталған, аффирленген “Токобанк”-пен “ЮКОС”-қа кіретін ”Юганскнефтегаз” мұнай өндіретін кәсіпорындары арқылы “Менатептің” қаржылық құрамындағы өзіндік капиталының мөлшері шамамен 1900 млрд руб. Топтың өнеркәсіп блогы 5 бағыттан тұрады:
-
ЮКОС- қор бойынша ең ірі мұнай компаниясы Ресейдегі өндіру бойынша екінші орында. Компанияға өндіруге арналған ”Юганскнефтегаз” және “Самаранефтегаз”, Новокуйбышевский НПЗ, “Куйбышевнефтеоргсинтез” кәсіпорындары кіреді, өнім өткізетін кәсіпорындар, “Нафта-Москва” ірі сауда компаниялары
-
азық өндіруге бағытталған, яғни “Колос”, “Ерденеевское”, “Моспищекомбинат” көкөніс бірлестігінің “Кейчинский комбинаты”, “Сладость”, “Геркулес”, “Супермаркет” кәсіпорындары, “М-фуд” өнім өткізетін кәсіпорны да оған кіреді.
-
Тоқымалық бағытында: 5 ірі тоқыма өнеркәсібі бірлестіктері;
-
Құрылыс кешені: құрылыс-монтаждық ұйым және 8 ірі өнеркәсіп құрылыс материалдары кәсіпорындары;
-
Таухимиялық бағыт: “Апат” бірлестігі.
Сонымен қатар ҚӨТ -қа мыналар кіреді: 5 ірі мыс өндіретін бірлестік кіретін “Инвестбанк”, Березниковский титан-магний комбинаты, Волга құбыр заводы және химиялық өнеркәсіптің кәсіпорындарымен байланысты ; “Менатеп Импекс сауда блогы” – ірі сыртқы сауда компанияларының бірі (мұнай мен газдың экспортымен және импортымен айналысады), “Менатеп” сауда үйі (Ресейдің ішкі рыногындағы сауда). ҚӨТ “Менатептің” басқарушы компаниясы – Роспром компаниясы, акционерлік қоғам формасында тіркелген, холдинг функцияларын атқарады. “Менатеп” банкі 29 ресей кәсіпорындарының бақылауын акцияларының пакетін иеленеді, тағы 50 кәсіпорындардың бақылаушы пакетіне жақын. Көріп отырғандай “Менатеп” банкісі өнеркәсіп “империясымен” байланысқан, ресейлік көпсалалақ ірі корпорациялардың басқарылуы қиын конгломераты болып табылады.
“Менатептің” өнеркәсіптік холдингі ресми тіркелген ҚӨТ болмауына қарамастан, оның құрылу негізінде белгілі бір мемлекеттік қолдауы бар болады. “ЮКОС” мұнай компаниясының кепілдік аукционында ірі, тәжірибе жүзіндегі бақылаушы акция пакетін сатып алуы, оның нысандарының бір түрі болып табылады. Бірақ бұл мемлекеттік реттеу құралын біз осы аукциондағы “ЮКОС” акцияларының мемлекеттік пакеті құнының жете бағаланбағандығынан ғылыми түрде негізделгенге жатқыза алмаймыз.
Ресейде ҚӨТ-ң конгломеранттық типтерінің басқа да көп түрлері бар (Мысалы, “Интеррос”, “Сокол” және т.б.) Бұлардың көбісі гигантизм синдромына шалдығады және одан құтылу үшін принципиалды стратегиялық инвестициялық шешімін және басқарудың тиімділігін көтеру жолын қабылдау керек.
Сонымен Ресейде аз реттеуші, күрделі, егер осылай деп айтуға болса, ҚӨТ-ң әртараптандырылған, айбарлы, шиеленіскен 170 бірліктен тұратын массасы.
ҚӨТ-ң нақты қолданылып жүрген құқықтық базасы мемлекеттің реттенуінсіз, яғни ойынның ережесінің әртүрлілігімен құрылды. Жекешелендіру барысында топтар алыпсатарлық пікір бойынша қалыптасуы, яғни ірі корпорациясы акциясының бақылаушы пакеті арзан сатып алады және оларды қымбат бағамен қайта сатып алуға тырысады. Олар өндірістік корпорацияға инвестицияларды салуды ойлаған жоқ және олар оны жасамайды. Әрине, ҚӨТ-ң осындай тәсілді қалыптастыруына ұлттық экономиканың объективті кепілдікке салынған потенциалдық экономиканың дамуына ресей экономикасының жаңартпашылық кәсіпкерлік арнасына аударуы ықпал етпейді; ұдайы өндірістің қоғамдық жаңартпашылығын қалыптастырмайды және ресей экономикасының терең экономикалық дағдарыстан шығуы және құрылымдық диспропорцияға жетуі қарастырылмайды.
Мұның барлығы мемлекеттік реттеудің қалыптасу процесінің ғылыми түрге негізделген қажеттілігі және де ҚӨТ Ресейде және жақын шетелдерде жұмыс істеуін қалыптастырады. Сондықтан, Ресейдің теріс және оң тәжірибесін соңғылары қарастыруы мүмкін.
Ресейдегі ҚӨТ-ң қалыптасу процесі әрі қарай жалғаса береді, яғни ірі өндірістік корпорациялардың коррективтерінің мүддесіне және инвестициялық-жаңартпашылық ашаршылығын санаушы, төлем дағдарысы, яғни жалпы мемлекеттің мүддесіне бәсекеге қабілетті өнімді шығаратын, жоғары деңгеймен мұқтаждығын қамтамасыз етуі. Оған құқықтық қамтамасыз етуінің пайда болуы ғана емес, сонымен қатар банктік құрылымның жағдай озығымен, яғни “қысқа” ақшалардың уақыты өтуімен. Егер банктер ірі өндірістік және сауда корпорацияларымен тұтаспаса, онда олар ұдайы өндірістің тұрақты ақшалай капиталын қамтамасыз ете алмайды. Ірі өндірістік корпорацияларға қаржылық ресурстарды салу үшін Ресейде 2580 банктің ішінен 100 ірі банк есептелген: Мемлекеттің мақсаты – мотивациялық механизмді құру, яғни ірі өндірістік корпорацияларға тұрақты инвестицияны салу үшін олардың мүдделігін қамтамасыз ететін және ресейлік экономиканың бетін анықтау. Лизинг - ұйым ісінің нысаны, яғни ұзақ мерзімді функционалды жабдық жалгерлігіне енгізделген. Ол қаржылық және оперативтік болады. Қазақстанда лизинг ауыл шаруашылығында дамиды. Лизингтік қатынастарда қаржылық көзі – Азиялық даму банкісінің қарыз бағдарламасы болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда 16 лизингтік компаниялар бар:
“Темирлизинг” ЖАҚ, “Нефтегазлизинг” ЖАҚ, “Олжас-1” ЖШС, “Өркен”КГП, “Карагандинская лизинговая компания”ЖШС, “Инвестлизинг” ЖШС, “Корпорация SDM Tradіng Post состав Совета директоров” ЖАҚ, “Лизинг-групп” ЖШС, “НБ Инвест Менеджмент” ЖШС, “Казагрофинанс”ЖАҚ, “Ломбард Сенім” ЖШС, “Альфа Капитал Қазахстан” ЖШС, “Халық Лизинг” ЖАҚ, “Лизингтік орталық” ААҚ, “АТР- Лизинг” ЖАҚ, “ВТА Лизинг” ААҚ. Лизингтік қатынастардың одан әрі дамуы кіші және орта бизнестің негізгі құралы болып есептеледі.
Кез - келген ұйымдық - кұқықтық нысанды таңдамас бұрын, кәсіпкер, біріншіден - оның талап ететін шарттары мен міндеттемелерімен танысып алады. Кәсіпкер іскерлік жобаларды жүзеге асыруда жоспарлау бір жұмыста, ал кәсіпкердің идеясы ұзақ мерзімді өндірістік циклдік қайталанатын жұмыс болып табылады. Бірінші жағдайда кәсіпорын идеясын міндеттемелік әріптестік байланыс арқылы жүзеге асыру мүмкін, (мысалға, консультациялық фирма ұйымдары). Басқа жағдайда кәсіпорын идеяны басқа өндірушілердің кооперациялармен тығыз байланысынсыз ол мүмкін емес.
Сонымен қатар, өзіміздің ұйымдық қызмет нысанының мақсатына лайықты қортындылау үшін қазіргі іс- жүзінде заң ұсынатын мүмкіндіктермен сәйкестендіреді. Бұл жағдай шетел инвестициалау (басқа елдегі кәсіпорын мекемесі) туралы кәсіпкерді шешім қабылдауында ерекше роль атқарады.
Кәсіпорынның құқықтық нысаны (құқығы және міндеті) жарғыда бекітіледі. Ал жарғыны құрылтайшылар бекітеді. Құрылтайшы ретінде топтық тұлғалар болса, онда жарғы жиналыста немесе құрылтайшылар конференциясында барлық құрылтайшылар қайта қарастырып шешім қабылдайды. Бұл барлық қатысушылар келісімінде қойылып, яғни құрылтайшылар келісімінде көрсетіледі. Бұл құжаттар (жиналыс протоколы немесе құрылтайшылар конференцияс) құрылған кәсіпорынды мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік реестрге енгізу үшін қажет.
Қазіргі іскерлік кәсіпорындардың барлығы шағын кәсіпорын категориясына жатады. Әлемдік тәжірибеде мұндай кәсіпорындардың өмір сүру ұзақтығы 2-6 жыл басқа берілгендер бойынша 100 осындай кәсіпорындардың он иесі жұмысты бастамай тұрып өз жұмысын аяқтайды, яғни 1 жыл ішінде он бесі екі жылда жабылады. Үшінші жылда олардың саны жиырмаға қысқарады, төртінші - отыз бірлікке қысқарады. Сонымен бесінші жылдың басында жүздің жиырма кәсіпорыны қалады. Олардың болашаққа деген перспективалары жақсы.
Бұл процесте өзгеше құбылыс жоқ - яғни табиғи таңдау. Бір кәсіпорындар қарызын төлеуге дәрмені болмай қалушылықтан, келесісі - кәсіпкерлік идеясын дұрыс таңдамауына байланысты өз профельдерін ауыстырады. Үшінші өз мақсатын (тапсырмасын) толығымен орындағаны үшін. Ал төртінші кәсіпорын иесі одан да тиімді немесе сәйкес келетін жұмыс табуына байланысты.
Әлемдік тәжірибеде басқа да қажетті тенденцияны куәландырады, құрылған кәсіпорын саны бойынша шағын бизнес экономика негізі болып табылады. Бірақ өндіріс .жұмысысшылар саны айналым көлемі бойынша жетекші орын ірі кәсіпорындар алады.Әр елде олардың саны әр -түрлі 10-100-ге дейін .Осы кәсіпорындар жалпы экономикаға және экономиканың құрылымының жеке салаларына тұрақтылық береді. Бұл екі топ кәсіпорындары арасында орта кәсіпорындардың саны да едәуір.
Бұл сипаттағы кәсіпорын сипаттамасы әр елде әр-түрлі критерилер негізінде жүзегс асады.
Кәсіпкерлік құқық-шаруашылықтың құқықтық негізін құрушы белігі. Ол кәсіпкерліктің дамуын кәсіпкерлердің қызмет ету заң негізінде құрады. Әр елдің кәсіпкерлік құқығы кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқық нысандарын толығымен өзгертуге рұқсат беріледі.Бұдан шығатын қорытынды біреу. Кәсіпорынның үйымдық-құқықтық мәселесін қарастырғанда меншік кәсіпорын жеке және ұжымдық негізде жүзеге аса ереді.
Жеке кәсіпкерліктің түрлері өзіндік кәсіпкерлік пен бірлескен кәсіпкерлік болып табылады. Өзіндік кәсіпкерлікті бір азамат меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі мүлік негізінде .сондай -ақ мүлікті пайдалануға және оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа байланысты дербес жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлікті азаматтар тобы орта меншік құқығы бойынша өздеріне тиесілі негізде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққы байланысты жүзеге асырады.
Бірлескен кәсіпорынның түрлері:
Ерлі - зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі. Шаруа шаруашылығыныың ортақ меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге бірлескен ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасының кәсіпкерлік қызмет үлестің ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік.
Мемлекеттік тіркеу үшін жеке кәсіпкер тіркеуші орынға; 1.берілген нысанда аты-жөнін, туған кезі мен туған жерін: кәсіпорын болса оның тұрған жерін көрсете отырып, өтініш; 2, Мемлекетік тіркеудің алым төленгені туралы құжат табыс етеді. Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады.
Осы баптың 1 тармағында келтірілгөн құжаттар болған жағдайды тіркеуші орган жеке кәсіпкерге құжаттар тапсырылған күні мемлекеттік тіркеу жасайды. Осы заңның тоғызыншы бабының бірінші тармағында көздеген жағдайларда ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі, отбасылық кәсіпкерлік, сондай-ақ тұрақты негізде құрылатын жай серіктестік нысанындағы бірлескен жеке кәсіпкерлігі тіркеу кезінде әрбір кәсіпкер өтініш береді. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бірлескен жеке кәсіпкерліктің барлық мүшелері атала отырып жазылады.
Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу үшін заңмен белгіленетін мөлшер мен тәртіп бойынша алым алынады. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік берілуіне жасалған өтініште көрсетілген деректер өзгерген жағдайда кәсіпкер қайта тіркеуді жүзеге асырып, жаңа куәлік алуға міндетті.
Кәсіпкер мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін жоғалттырған жағдайда оған өзінің өтініші бойынша куәліктің көшірмесі беріледі. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік берілгені жасалған өтініште көрсетілген деректер өзгерген жағдайда кәсіпкер қайта тіркеуді жүзеге асырып, жаңа куәлік алуға міндетті. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік берілуіне жасалған өтініште көрсетілген деректер өзгерген жағдайда кәсіпкер қайта тіркеуді жүзеге асырып, жаңа куәлік алуға міндетті. Кәсіпкер мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін жоғалтып алған жағдайда оған өзінің өтініші бойынша куәліктің көшірмесі беріледі. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесінің берілгенін кәсіпкерден заңмен белгіленетін мөлшер мен тәртіп бойынша алым алынады.
Кәсіпкердің құқықтық мәртебесінің екі нысаны бар-жеке кәсіпкер және заңды тұлға.
Заңды тұлғалардың күнтізбелік жыл ішінде әртүрлі көздерден тапқан табыстарының барлық түрі жылдық табыс болып есептеледі. Түсініктірек айтсақ заңды тұлғаның өз кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру барысында бір жылдың ішінде тапқан табыстары жылдық жиынтық табыстарға мына табыс түрлері жатады:
- еңбекақы төлеу;
- кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс.
Жай серіктестік. Жай серіктестік бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде құрылады. Бірлескен шаруашылық қызмет туралы (жай серіктестік шарты) бойынша талаптар (жеке кәсіпкерлер) жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін, бірлесіп - әрекет жасауға міндеттеледі.
Жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін жай серіктестіктің қатысушылары жарналарды мүлкімен немесе өзге де мүліктік құқытары мен, соның ішінде, санаткерлік қызмет нәтижесіне құқығын қоса енгізеді.
Қатысушылардың жарналары, егер, жай серіктестік шартында өзгеше көзделмесе, құны бойынша тең болып кездеседі. Мүлік немесе еңбек жарнасын ақшамен бағалау серіктестік қатысушыларының арасындағы келісім бойынша жүргізіледі.
Шартқа қатысушылар ақшалай немесе қөзге де мүліктік жарналарды, сондай - ақ кәсіпкерлік қызметті бірлесіп жүзеге асыру нәтижесінде жасалған немесе сатып алынған мүлік олардың ортақ үлестік меншігі болып табылады. Бірлескен кәсіпкерлік қызмет бойынша ортақ шығындарды және оның нәтижесінде болуы мүмкін зияндарды өтеу тәртібі қатысушылардың шартында белгіленеді. Егер, шартта мұндай тәртіп көзделмесе, ортақ шығындар мен зияндар шартқа қатысушылардың ортақ мүлкінің есебінен өтеледі, ол жетпеген сомалар слардың арасында өздерінің осы мүліктегі үлестеріне пропорциялы түрде бөлінеді.
Серіктестікке қатысушылардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде алған табысы, егер жай серіетестік шартында өзгеше көзделмесе, олардың ортақ мүліктегі үлестеріне пропорциялы түрде бөлінеді. Қандай - да бір қатысушының пайда бөлісіне шектету туралы келісім жарамсыз болып табылады.
Серіктестік қатысушыларының ортақ мүліктегі өз үлесіне билік етуге тиісінше серіктестікке қатысу қүқығын өзге де қатысушылардың келісімінсіз басқаға беруге қақысы жоқ.
Серіктестікке қатысушының өз қалауы бойынша бірлескен қызметке қатысудан бас тартуға құқығы бар.
Толық серіктестікке қатысушылардың қайсы бірі шыққан немесе қайтыс болған жағдайда, сондай - ақ хабар - ошарсыз кетті, не әрекет қабілеттілігі жоқ немесе әреке қабілеттілігі шектелген деп танылған жағдайда және банкрот болса, иесие беретін бір қатысушы жарғылық қордағы оның үлесіне сәйкес келетін мүліктен ақы ендіріп алған реттерде серіктестік өз қызметін жалғастыра береді. Сенім серіктестігінің ерекшелігі, серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің мүлкімен қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылары мен қатар, жауапкершілігі толық серіктестіктің кәсіпкерлік қызметі жүзеге асыруына қатыспайтын қатысушылардың болуы.
Шаруашылық барысында жарғылық қор өзгертілуі мүмкін. Жарғылық қордың мөлшерін сенім серіктестігінің толық серіктестері белгілейді және ол заң жүзінде белгіленген ең төменгі мөлшерден кем болмауы мүмкін. Салымшылар үлесінің жиынтық мөлшері сені серіктестігінің жарғылық қорының 50% аспауы тиіс. Сенім серіктесітігін жарғылық қорын азайту қажет болған жағдайда оның барлық несие берушілеріне хабарландыру берілгеннен кейін ғана рұқсат етіледі. Бұл жерде несие беруші өз мүдделеріне байланысты тиісті міндеттемелерді мерзімінен бұрын тоқтату немесе орындау, сондай - ақ, егер олар залал шекпесе, оның орнын толтыру жөнінде талап етуге құқылы. Осы тәртіпті басшылыққа алмай, өз беттерімен қор мөлшерін азайтқан жағдайда мүдделі адамдардың сотқа берген арыздары негізінде сот шешімімен сенім серіктестігі таратылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - басқарушы органы қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің мәні бойынша тұлғалар мен капиталдың бірігуін көрсетеді. Бұл жерде толық және сенім серіктестігінің арасында, сондай - ақ акционерлік қоғам арасында өз орнын алатын коммерциялық заңды тұлғаның нысаны байқалады. Жалпы жиналыстың құзіретіне мыналар жатады:
1. Серіктестіктің жарғысын өзгерту соның ішінде, оның жарғылық қор мөлшерін өзгерту;
2. Серіктестіктің атқарушы органдар құру және кері шақырып алу;
3. Серіктестің жылдық есебі мен бухгалтерлік балансын бекіту және оның пайдасы мен залалдарын бөлу;
4. Серіктестікті қайта құру немесе тарату туралы шешім шығару;
5. Серіктестіктің тексеру комиссиясын сайлау. Акционерлік қоғамның өз қатысушыларының мүлкінен басқа оқшауланған мүлкі болады және өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауапты болады, сондай- ақ өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлер келісімінсіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам - ашық акционерлік қоғам болып табылады. Ашық акционерлік қоғам - өзі шығарған, шығаратын ащияларға ашық түрде жазылу жүргізуге және оларды заңдармен белгіленген жағдайда еркін сайлауға құқылы.
Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары құрылтай шарты мен жарғысы болып табылады. Осы қоғамның жарғысында төмендегідей ережелер болуға тиіс:
1. Қоғамның түрі (ашық және жабық);
2. Пайданы бөлу және залалды етеу тәртібі;
3. Қоғам қорларын құру тәртібі;
4. Қоғам акцияларының түрлері, олардың нақты құны, саны туралы олардың иелерінің құқықтары туралы мәліметтері;
5. Толық аталымдары және басқа ресми атаулары заңдық мекен- жайы мен қызмет мерзімі.
Акционерлік қоғамды басқаратын жоғарғы орган оның акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады.
Акционерлік қоғамда акционерлердің, соның ішінде құрылтайшылардың арасынан да өзге шақырылған мамандар арасында да қадағалау кеңесі құрылуға мүмкін .Қадағалау кеңесі атқарушы органдардың қызметіне бақылау жүргізеді.Атқарушы органдар басқарма, дирекция немесе диретор, бас директор, президент болуы мүмкін. Атқарушы органдар акционерлік қоғам қызметіне күнделікті басшылықты жүзеге асырады және қадағалау кеңесі жалпы жиналысына есеп береді.
Достарыңызбен бөлісу: |