2.3 Халықтың әлеуметтік - әлсіз топтарына мемлекеттік көмек жүйесі
Қазақстан Республикасының «Күнкөріс минимумы туралы» Заңында «кедейшілік шегі» ғымына анықтама беріледі, ол халықтың ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажет табыстың шегі ретінде түсіндіріледі. Осы «кедейшілік шегі» аз қамтамасыздандырығандарға (табысы аздарға) мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмегін көрсетудің критерийі болып табылады және ол мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне қарай белгіленеді. «Кедейшілік шегін анықтау тәртібі туралы
Үкімет Қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі 2000-2001 жылдарда республика бойынша «кедейшілік шегін» күнкөріс минимумының 38 % деңгейінде белгіледі. 2002 жылдан ол күнкөріс минимумының 40 %-ын құрады.
2004 жылы 1,137 миллионға жуық қазақстандықтар Қазақатан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алды. МЕмлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алғандардың тең жарымынан астамы - 18 жасқа дейінгі балалар 56,4%; жұмыссыз азаматтар – 18,3 % және ақы төленетін жалдамалы жұмыскерлер – 6,9 % (5-сурет).
5-сурет Атаулы әлеуметтік көмекті алушылары, %
«Қазақстан Республикасында зейнеткерлік қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес 1999 жылдың 1 қантарынан бастап, бұрын асыраушысынан айырылуға, жасына (қажетті стаждары жоқ), мүгедектігіне (1,2,3 топтағы мүгедектер, бала жастан мүгедектер) байланысты әлеуметтік зейнетақылар алуға құқылы адамдар, мемлекеттік жәрдемақылар жүйесіне ауыстырылдығ яғни олар зейнетақылар емес, ал мемлекеттік жәрдемақылар ала бастады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері бойынша, мемлекеттен әлеуметтік жәрдемақы алатын мүгедектердің жалпы саны, асыраушысынан айрылған және жасына қарай (бір адамға шаққанда), халықты әлеуметтік қорғау және еңбек органдарында тіркеуге тіркелгендер 2004 жылдың басына 786,4 мың адамды құраған. Жәрдемақының орташа мөлшері мүгедектігіне байланысты – 4178 тенге, асыраушысынан айрылуына байланысты – 3142 тенге, жасына қарай – 2616 тенгені құрайды. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 3647 теңгені құрайды немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 107,5%-ды құраған (8-кесте).
8-кесте. Алушылардың саны және жасына қарай, мүгедектігіне және асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері
|
Барлығы,
адам
|
оның ішінде
|
жасына
қарай
|
жәрдемақы-
ның
орташа
мөлшері,
тенге
|
мүгедек-тігіне
байланысты
|
жәрдемақы-ның
орташа
мөлшері,
тенге
|
асыраушы-сынан
айрылуына
байланысты
|
жәрдемақы-ның
орташа
мөлшері,
тенге
|
Қазақстан Республикасы
|
786426
|
15470
|
2616
|
391311
|
4178
|
379645
|
3142
|
Ақмола облысы
|
41055
|
526
|
2616
|
19501
|
4086
|
2128
|
3181
|
Ақтөбе облысы
|
36074
|
701
|
2616
|
14265
|
4179
|
21108
|
3047
|
Алматы облысы
|
87776
|
2703
|
2616
|
44962
|
4109
|
40111
|
3055
|
Атырау облысы
|
28674
|
392
|
2616
|
11601
|
4181
|
16681
|
3036
|
Шығыс-Қазақстан облысы
|
79636
|
1489
|
2616
|
41483
|
4362
|
36664
|
3204
|
Жамбыл облысы
|
52758
|
1280
|
2616
|
24891
|
4220
|
26587
|
3067
|
Батыс-Қазақстан облысы
|
35336
|
383
|
2616
|
17898
|
4038
|
17055
|
3107
|
Қарағанды облысы
|
72894
|
488
|
2616
|
37499
|
4211
|
34907
|
3188
|
Қостанай облысы
|
40411
|
927
|
2616
|
17819
|
3971
|
21665
|
3170
|
Қызылорда облысы
|
40116
|
761
|
2616
|
19725
|
4151
|
19630
|
3016
|
Маңғыстау облысы
|
18322
|
430
|
2616
|
8349
|
4383
|
9543
|
3198
|
Павлодар облысы
|
36740
|
422
|
2616
|
19124
|
4180
|
17194
|
3263
|
Солтүстік-Қазақстан обл.
|
41480
|
887
|
2616
|
23033
|
4093
|
17560
|
3223
|
Оңтүстік-Қазақстан обл.
|
117410
|
3487
|
2616
|
58386
|
4019
|
55537
|
2909
|
Астана қаласы
|
13274
|
212
|
2616
|
6913
|
4457
|
6149
|
3675
|
Алматы қаласы
|
44470
|
382
|
2616
|
25862
|
4536
|
18226
|
3830
|
Қазақстанда қазіргі уақытта қолданылып жүрген әлеуметтік қамсыздандыру жүесі мемлекеттің басым қатысуымен сипаталады. зейнеткерлерді, мүгедектерді, асыраушысынан айрылған адамдарды және халықтың өзге де санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттік бюджеттің есебінен жүзеге асырылады.
Бүгінде әлеуметтік қамсыздандырумен 3,5 млн. артық адам (немесе барлық халықтың 23,6%) қамтылған.
2004 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығыстар (жоспар) 1999 жылмен салыстырғанда бір жарым еседен астамға көбейді.
Бұл халықтың табысының едәуір көбеюіне мүмкіндік берді, оны мынадай индикаторлардың өсуінен көруге болады. 1999 жыл мен 2004 жыл аралығында
-
жалақының ең төменгі мөлшері 2,5 есеге (2605 теңгеден 6600 теңгеге дейін);
-
зейнетақының ең төменгі мөлшері – 1,9 есеге (3000 теңгеден 5800 теңгеге дейін);
-
орташа жалақы – шамамен 2 есеге (11864 теңгеден 26048 теңгеге дейін;
-
зейнетақының орташа мөлшері – 2 есеге (4104 теңгеден 8529 теңгеге дейін);
-
ең төмен күнкөріс деңгейі – 1,5 есеге (3394 теңгеден 5394 теңгеге дейін);
-
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшері – 1,3 есеге (3441 теңгеден 4670 теңгеге дейін) өсті.
Маңызды әлеуметтік игіліктердің жалпыға бірдей қол жетімділігін және қоғамдық жағынан қолайлы сапасын қамтамасыз ету мақсатында реформалау барысында мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттар: ең төмен күнкөріс деңгейі, жалақы мен зейнетақының ең төменгі мөлшері, еңбек жағдайларының стандарттары мен еңбекақы төлеу, әлеуметтік қызметтерді ұсыну нормативтері және тағы басқа белгіленді және қазіргі уақытта пайдаланылып жүр.
Алайда қазіргі қолданылып жүрген мемлекеттік әлеуметтік стандарттар өзгеріп жатқан әлеуметтік-экономикалық жағдайларды көрсетпейтін болды және олардың арасында қажетті жүйелі өзара байланыс жоқ. Әлеуметтік төлемдерді есептеудің экономикалық негізделген нормативтерінің және олардың еңбекке ақы төлеудің жүйесімен өзара байланысының жоқтығынан жұмыс істейтін адамдар мен әлеуметтік төлемдер алатын адамдар табысының арасындағы тиісті байланыстар жоғалып кеткен. Осыған байланысты мемлекеттік әлеуметтік стандарттарды жетілдіру жөніндегі жұмыс басталып та кетті.
Әлеуметтік қамсыздандыруда зейнетақы жүйесі ерекше орын алады. Елде реформалау нәтижесінде аралас зейнетақы жүйесі құрылды.
Бір жарым миллионнан астам зейнеткерлер ынтымақты негізде зейнетақы төлемдерімен қамсыздандырылады. Жыл сайын зейнетақыны арттыру жүргізіледі және соңғы жылдары зейнетақы төлемдерінің нақты өсімі тұтыну бағалары индексінің өсімінен озып кетті.
2003 жылы индекстеуден басқа зейнетақыларды саралап арттыру жүзеге асырылады. Бірінші маусымнан бастап 1055,0 мың адамның зейнетақысы көбейтілді, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлердің саны үш есе қысқарды, ал 450 мыңнан астам адам ең жоғары зейнетақы ала бастады. Нәтижесінде 2004 жылдың 4 қаңтарында зейнетақының ең төменгі мөлшері 5800 теңгені, ал зейнетақының орташа мөлшері 8335 теңгені құрады.
Алайда осыншама оң өзгерістер бола тұрса да зейнетақыларды саралап көбейту проблемалардың бәрін шешпеді. Ең бастысы-зейнетақымен қамсыздандырудың деңгейі салыстымалы түрде алсақ, әлі де төмен күйінде қалып отыр.
Ынтымақты зейнетақы жүйесімен қатар 1998 жылдан бастап қатысушылар арсында ынтымақсыз жинақтау қағидатына негізделген қамсыздандырудың жалғыз түрі жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілуде және дамып келеді. Қазіргі уақытта жинақтаушы зейнетақы қоры азаматтардың 6,5 млн. теңге жеке жинақтаушы шоттарымен (жинақтаушы зейнетақы қорларының деректері бойынша) сипатталады. Зейнетақылық қызметтер рыногында Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры мен 15 мемлекеттік емес зейнетақы қоры бар. Жұмыс істегелі бері оларда 415,2 млрд. теңге зейнетақы жинақтары, соның ішінде 115,7 млрд. теңге есептелген инвестициялық кіріс жинақталды.
Сонымен бірге жинақтаушы зейнетақы жүйесінде де бірқатар проблемелер баршылық: жинақтаушы зейнетақы қорының қызметтерімен халық әлі де жеткілікті қамтылмай отыр, зейнетақы жарнамалары бойынша кемалым азая түскенімен, ол әлі де жоғары күйінде қалуда, зейнетақы жинақтарын инвестициялау тиімділігі де ойдағыдай емес.
400 мыңнан астам мүгедекті мемлекет әлеуметтік қамсыздандыруға алып отыр. Бұл ретте әрбір үшінші мүгедек еңбекке жарамды жаста, мүгедек балалар 40 мыңнан асады, олардың көпшілігінің кемістігі туа біткен. Алғаш рет мүгедектікке ұшырау деңгейі азайғанымен, әлі де жоғары күйінде қалып отыр.
1998 жылдың бірінші қаңтарына дейін қолданылып келген зейнетақы заңдарына сәйкес жалпы ауруы салдарынан мүгедектігіне байланысты зейнетақы жалақысы ескеріле отырып, мүгедектік басталған уақыттағы еңбек өтілі болғанда; еңбек жарақатынан немесе кәсіби ауруына байланысты зейнетақы – еңбек өтіліне қарамастан, бірақ жалақысы ескеріле отырып тағайындалатын еді.
1998 жылдан бастап «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылуы жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүгедектігі бойынша жәрдемақылардың мөлшері еселенген айлық есептік көрсеткішке (одан әрі-АЕК ) сәйкес белгіленеді, ал олардың өсуі оны индекстеу есебінен жүргізіледі.
Жалпы аурудан мүгедектігі бойынша жәрдемақының мөлшері 2004 жылы: І топтағы мүгедектер үшін 7720 теңгені; ІІ топтағы мүгедектер үшін 3309 теңгені құрайды.
Президенттің тапсырмасына сәйкес 2005 жылы жәрдемақылардың едәуір арттырылуы жүргізіледі: І топтағы мүгедектерге -3АЕК (2895 теңгеге); ІІ топтағы мүгедектерге -2,5 АЕК-ке (2412,5 теңгеге); ІІІ топтағы мүгедектерге -2 АЕК-ке (1930 теңгеге ); 16 жасқа дейінгі мүгедектерге 3 АЕК-ке (2895 теңгеге). Нәтижесінде 2005 жылы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшері 6700 теңгеге дейін немесе 50%-ға арттырылады. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 15 АЕК дейін арттырылады және 30 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетіледі.
Алайда, мүгедектер үшін күнкөрістің жалғыз көзі болып табылатын жәрдемақыларды арттыруды ескергеннің өзінде мардымсыз. Бұл проблема міндетті әлеуметтік сақтандыруға көшу кезінде де мүгедектігі бойынша жәрдемақы алып жүргендер үшін де, биресми секторда жұмыс істеп жүргендер үшін де сақталып қалады.
ХЕҰ, ТАСИС, ЮСАИД ұсынымдарына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру және мүгедектерді оңалту жүйесін жақсарту мақсатында облыстар мен Алматы және Астана қалалары әкімдіктері жанындағы медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) қызметі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілді.
Алайда, әлеуметтік жетіспеушілікті жеңу үшін қазіргі қолданылып жүрген шаралар мүгедектерге олардың жоғалтқан тіршілік ету функцияларының орнын толтыра алмайды. Мүгедектіктің алдын алуға жеткілікті көңіл бөлінбейді, мүгедектерді оңалту көрсеткіштері де төмен күйінде қалып отыр. Сондықтан да қазіргі уақытта МӘС қызметін нығайту, бірыңғай оңалту технологиясын жасау жөнінде бағдарламалар әзірленді және жұмыс басталды, оны іске асыру мүгедектердің қоғам өміріне басқа азаматтармен теңдей қатысуына мүмкіндіктер жасауға жәрдемдеседі.
Халықтың өзге санаттары да: асыраушысынан айрылған адамдар, жаппай саяси қуғын-сүргіндер, Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың құрбандары, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері; Чернобыль АЭС-ындағы аварияның зардаптарын жоюға қатысушылар және басқалар да әлеуметтік қамсыздандырумен қамтылған.
Оларға әлеуметтік осалдықты жеңуіне мүмкіндік бермейтін әлеуметтік
қамсыздандырудың негізгі проблемасы халықтың осы топтарының әлеуметтік
жәрдемақылар деңгейінің төмендігі болып табылады.
Бұл жағдайда мемлекет кедейлікті азайту үшін аз қамтылған отбасыларына материалдық көмек пен қолдау көрсетеді. Елде әлеуметтік
қамсыздандыру жүйесін реформалау барысында барлық адамдар үшін патернализмнен аз қамтылғандарға атаулы қамқорлық жасауға ауысу жүзеге асырылады. 2002 жылы елде жан басына шаққандағы табысы кедейлік деңгейінен де төмен (кедейлік шегі күнкөріс деңгейіне қарай анықталады және қазіргі уақытта оның мөлшерінің 40% құрайды) отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі-АӘК ) көрсетудің әмбебап жүйесі енгізілді. Аз қамтылған азаматтар-АӘК алушылардың есебін жүргізу ретке келтірілді, және АӘК автоматтандырылған тағайындау жүйесін және аз қамтылған отбасылар бойынша бөлінген дерекқор жасалды.
«Мемлекеттік атаулар әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру нәтижесінде жан басына шаққандағы табысы кедейлік деңгейінен де төмен аз қамтылған азаматтардың саны азайды (2002 жылдың басындағы 10,2%-дан 2004 жылдың 1 қаңтарында 6,6%-ға (немесе 859,8 мың адам).
Кедейлік, жұмыссыздық және АӘК көрсету проблемаларының жүйелік байланысы бекітілді. АӘК алушылардың басым бөлігі балалар (2003 жылы олардың үлесі 60,3% немесе 518,6 мың адамды құрады). АӘК алушы басқалардың арасында балаларға күтім жасаумен айналысатындар, жұмыссыздар, мүгедектер, зейнеткерлер, өз бетімен жұмыспен қамтылғандар, жұмыс істейтіндер бар.
Аз қамтылған азаматтардың әрбір санатына қатысты тиісті шаралар: баяу-материалдық көмек; белсенді-жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, кедей халықтың еңбекке қабілетті бөлігін рынок талаптарына бейімдеу қолданылады.
Аз қамтылған азаматтар құрамында балалардың үлесі басым екендігін ескерсек, аналар мен балаларды қолдау шаралары ерекше маңызға ие болады. Бұл үшін 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап бала туғанда отбасының табысына қарамастан республикалық бюджеттің қаражаты есебінен 15 АӘК мөлшерінде
біржолғы жәрдемақы төлеу енгізілді. Қосымша балалар жәрдемақыларын енгізу жөнінде ұсыныстар әзірленуде.
Соңғы жылдары еңбек рыногының жағдайы жұмыспен қамтудыңөсіп, жұмыссыздық деңгейінің тиісінше азайып келе жатқанымен сипатталады. Республика экономикасында 2004 жылғы қаңтарда 6862,8 мың адам еңбек қызметімен қамтылды, оның ішінде жалданып істеушілердің саны 4219,8 мың адамды құрайды. Жұмыспен қамтылғандардың жартысынан астамы ірі және орта кәсіпорындарда істейді.
Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша 1999 жыл мен 2003 жылдар аралығындағы кезеңде жұмыссыздық 4,7% азайды және ағымдағы жылдың басында 8,8%-ды құрады. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар тіркеген жұмыссыздар саны азайып келеді. Мәселен, 2004 жылғы 1 қаңтарда 2002 жылмен салыстырғанда ресми жұмыссыздық 25%астамға азайды. Жұмыссыздар құрылымында әрбір екінші адам әйел, әрбір үшіншісі 15-39 жастағылар. Жұмыспен қамту проблемасы біржақты өнеркәсібі бар қалалар мен күйзеліске ұшыраған ауылдық аймақтарда әсіресе өткір.
Республикадағы еңбек рыногы жағдайының млниторингін жасау үшін облыстар, қалалар мен аудандар бөлінісінде жұмыс күшіне деген нақты ұсыныс пен сұранысты көрсететін деректер базасы жасалды. Қазіргі күні ұсыныстың сапасы мен кәсіптік-біліктілік құрылымының сәйкессіздігі және халықтың оңтайлы жұмысқа қабілетінің төмендігі себебінен жұмыс күші жергілікті еңбек рыноктарында тапшы бола тұрса да оған Қазақстанда жеткілікті сұраныс бар екенін талдау көрсетіп отыр. Жұмыспен қамту орындарының ай сайынғы банкі 15-17 мың бірлікті құрайды. Алайда кәсіби белгісі бойынша жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмейтіндігінен бір бос жұмыс орнына айына орташа 9-10 жұмыссыз үміттенеді.
Білім беру қызметін көрсету рыногы сұраныстың өзгеруіне жедел ілесе алмайтын болып шықты ал бұл білікті жұмысшы кадрларға тапшылық проблемасын шешуге және жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың арсындағы үйлеспеушілікті жоюға мүмкіндік бермейді.
Кедейлікті азайтудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын, Ауыл жылын өткізу жөніндегі іс-шаралардың жоспарын іске асыру барысында жұмыспен қамтуға белсенді жәрдемдесудің нәтижелері жақсарды. 2003 жылы елде 244,3 мың жұмыс орны (2002 жылы-211,5 мың), соның ішінде 60% ауылдық жерлерде құрылды. Жұмыспен қамту жөніндегі органдардың жәрдемімен өтініш жасағандардың (2002 жылғы 148,6 мың адаммен салыстырғанда 154,6 мың адам) әрбір екіншісі жұмысқа орналастырылды. 2002 жылмен салыстырғанда ауылдық жерлерде жұмысқа орналасқандардың саны 20,6%-ға көбейді. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдарға өтініш жасағандардың жартысынан астамы қоғамдық жұмыстарға қатысады.
Жұмыссыздардың біраз бөлігі оқуға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберіледі. 2003 жылдың өзінде ғана 25 мыңнан астам адам оқуды және қайта даярлықты аяқтады.
ІІІ – ТАРАУ. ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯДАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Әлеуметтік жұмысты жетілдірудегі шетелдік тәжірибенің маңызы
Шет елдегі әлеуметтік жұмыс туралы жазғанда әдетте батыс еуропа елдері АҚШ пен Канада жайлы болады. Дегенмен, әр елде әлеуметтік жұмыс, түрлі формалары мен, әртүрлі ұсыныстарымен, тиімділіктерімен ерекшеленіп жүргізіледі.
Мысалы, Америка құрама Штатында халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің айрықшалылығы оның бөлшектенуінде. Бұл әртүрлі әлеуметтік бағдарламалардың түрлі деңгейлерінің саны жүзеге асуынан байқалады: федералды, шататтық, жергілікті. Осы жүйенің артықшылығы, адамдардың әлеуметтік қажеттіліктерін елдің әрбір аймағында толық және оперативті жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Әлеуметтік сақтандыру және мемлекеттік көмек көрсету мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің 2 негізгі формасы болып табылады. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық әртүрлі қаржылану көздерінде. Сақтандыру қорлары жұмысшылар салықтарының есебінен (жалақыдан пайыздық үлеспен), кәсіпкерлерден (жалақы төленетін қордан пайыздық үлеспен), және еркін мамандардан, дәрігерлер, діни қызметкерлер және т.б. (табыстың 14% -нан жоғары) мемлекеттік, штаттық және жергілікті билік органдарының қаржы бөлу қорларының есебінен.
1935 жылы АҚШ-та әлеуметтік сақтандыру Заңы бойынша сақтандырудың екі түрі қабылданды – қартаюы бойынша зейнетақы және жұмыссыздық бойынша жәрдемақы кейбір кедей категорияларға (ең бірінші кезекте мүгедектер және жетімдер) көмек көрсету шаралар кейін біртіндеп – асыраушысынан айырылуы бойынша бойынша зейнетақы, жұмыссыздық бойынша, жәрдемақылар (өндірістік жарақаттармен байланыссыз), 65 жастан жоғары адамдарға медициналық сақтандырулар қабылданды. Көрсетілген заңның күші жеке меншік секторларының қызметшілеріне де қатысты. Темір жолшылар, федералды азаматтық қызметкерлер үшін әлеуметтік сақтандырудың ерекше жүйесі қалыптасқан. Сонымен қоса, ауылшаруашылық жұмысшылары, шағын кәсіпкерлер және тағы басқа еңбек етуші категориялар мемлекеттік сақтандырумен қамтылмаған.
Штат деңгейінде жалпы федералдық бағдарламадан басқа өндірістік жарақат немесе кәсіби ауру жағдайларына байланысты сақтандыру түрлері бар. Компенсация (өндірістік жарақат бойынша, қайтыс болу және т.б.) жалақының 2/3 бөлігін құрайды, және ол (компенсация) жеке сақтандыру компенсацияларымен төленеді.
Кедейлерге көмек көрсетуге келетін болсақ, ол елде ХХ ғ. 60-шы жылдарында таралды, және де ол кепілденген табыспен қамсыздандыруға азық-түліктік, тұрмыстық және медициналық көмекке мұқтаж балалы отбасыларға және толық емес отбасыларға (отбасы басшысы әйел немесе жұмыссыз адам) қолдау көрсетуге бағытталған.
АҚШ- тағы мемлекетпен кепілденген табыс «кедейшілік шегіне» сәйкес. Ол жүйелі түрде инфляция деңгейі есебінен реттеліп отырады және де штаттардың бюджет қорларының есебінен ұлғая алады.
Азық-түлік көмегінің басты жолы мұқтаж адамдарға азық-түлік талондарын берумен жүзеге асырылады. Оларды «Кедейшілік шегі» табысының 125% -нан аспайтын табыс көзі бар адамдармен отбасылар алады. Талондар оларға тегін немесе төмен бағамен беріледі. Азық-тұлік көмегінің басқада түрлері – мектеп шығындары, 1 жасқа дейінгі баласы бар аналарға көмек және т.б.
АҚШ-та тұрмыстық субсидиялар (жәрдем ақша) төмен табысты отбасыларға беріледі, оның көлемі отбасына шаққанда жылына орта шамамен 2000 долларды құрайды.
Елдегі мемлекеттік сақтандыру жүйесі жеке сақтандыру жүйелерімен толықтырылады, оның екі түрі бар – жұмыс орны бойынша ұжымдық және индивидуалдық.
Елдің көптеген жұмыскерлері үшін маңызды мәні бар. Жеке зейнетақымен қамсыздандыру жүйесімен 40 миллионға жуық жұмысшылар мен қызметкерлер, кәсіподақтар, ұйымдаспаған жұмыскерлер мен қызметкерлер жарналарынан жиналады. Жеке зейнетақының мемлекеттіктен айырмашылығы, ол жұмысшыларға бір фирмада үздіксіз 10 жылдық стажы бар жұмыскерлерге төленеді, ал мемлекеттік зейнетақы – жұмыс орнына байланысты емес.
АҚШ-та сонымен қатар қосымша төлемдер (демалысқа төлеу, жұмыссыздық бойынша қосымша жәрдем ақылар, білімін жалғастыру үшін және заң қызметтері үшін субсидиялар) кеңінен таралған.
АҚШ-та басқа елдермен ортақ сонымен қатар жеке әр түрлі халық категорияларымен әлеуметтік жұмыстың тәсілдері және түрлерін атап кетуге болады.
Қамсыздандырудың белгілі бір үлесін елдің жергілікті органдарында алады. Шефтік көмек берілуі, еріктілер үшін жұмыс және т.б. Басқа елдердегі сияқты АҚШ-та да үйде қарттарға көмек көрсету түрі тәжірибелену үстінде. Соңғы жылдары интернат үйлерінде, күндізгі ауруханалар, кезеңдік емдеу курстары сияқты жаңа қызмет көрсету түрлері жиі тәжірибеленуде.
Ерекше көңіл қарттар мен мүгедектерді тұрмыспен-баспанамен қамсыздандыруға бөлінуде. Американдық ғалымдар зерттемелері көрсеткендей, 30 млн. халықтың 1/4 –бөлігі 65 және одан жоғары жастағы халықтар әлсіз.Үйге түскі ас әкелу, жуындыру, шаш қысқарту, киімдерін ауыстыру, жуу, көлік қызметтері, гимнастика, пәтер жөндеу, мәдени шаралар ұйымдастыру және т.б. Қарттарға көмек көрсету түрлері тәжірибеленуде. Сонымен қоса мүгедектер үшін бейімделу, дайындығы (түрлі техникалық және басқада заттарды қолдануды үйрету, пәтердің арнайы қондырғыларын қолдануды үйрету, транспорттық қызметтер және т.б.) қарастырылған.
Басқа мемлекеттердегі сияқты, АҚШ-та да қарт адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бар. Осылайша, ХХ-шы жүзжылдықтың, 80-ші жылдарының бас кезінде үкімет зерттеулері көрсеткендей, әрбір үшінші қарттар үйін қажетті қауіпсіздік пен сапа стандарттарына сай болмай шықты. Мұның себептерінің бірі: көптеген қарттар үйі жеке иеліктерде орналасқан. Сондықтан мемлекет олардың қажеттіліктерін лицензиялау мен инспекциялауға (тексеруге) мәжбүр.
Американдық зерттеушілер көрсеткендей, тағы бір мәселе – қарт американдықтар (халықтың 12%) денсаулығына барлық ұлттық шығынның үштен бірі кететіндігі. Ал 30 миллионнан астам жасырақ азаматтардың денсаулық қамсыздандырулары жоқ. Сондықтан аға буын өкілдері не кететін шығынды (ол шын мәнінде қажет) тағы да көбейтуге талпыныс ұрпақтар арасындағы тартысты тереңдетуі мүмкін, ал бұған жол беруге болмайды.
Елде балалармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыста қызықтар аз емес. Әлеуметтік көмектің арнайы мекемелері балаларға (аз қамтамасыз етілген жанұяларға тегін) мынадай қызметтер көрсетеді: ата-аналарды кәсіби оқытуға арнайы топтар ұйымдастыру, жұмысқа тұруға көмек көрсету; күндізгі және кешкі уақытта жұмыс істейтін ата-аналардың балаларына қарауды қамтамасыз ету; қалалық денсаулық орталықтарында, тұрмыс құрмаған аналарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру; зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларды қорғау қызметін құру және инспекциялау, асырап алушы жанұямен жұмыс, баланың жаңа жанұяға бейімделуін бақылау; балалардың білім алуларына әлеуметтік көмек көрсету ата-аналарына үй шаруашылығын жүргізуге көмек көрсету қызметтерін дамыту және т.б. Мұндай қызметтер белгілі ақыға басқа жанұяларға да көрсетіледі. Төтенше жағдайларда қызмет орындары жанұя табысының деңгейіне қарамай, балаларға қамқорлық жасауды міндетіне алады. Балалар әлеуметтік қызметі міндетіне жетім балаларды асырап алу мәселелері де кіреді.
Әлеуметтік қызмет ақылы кемдерге психиатриялық ауруханалар мен интернат үйлерімен қатар, мамандандырылған стационарлық пен диспансерлік (емханаларда) және де амбулаториялық көмек көрсетеді.. Әсіресе, кәмелетке толмағандар мен жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді.
АҚШ-та, басқа жа батыс мемлекеттеріндегідей, үйлері жоқ және үйлерінен қашып кеткен балалармен мынадай жұмыс жүргізіледі: баспаналар (жетімхана) мен жатақханалар қызмет жасайды; жеке және топта кеңес беру жұмыстары жүргізіледі, баланы жанұяға қайтару мақсатында ата-аналармен сұхбат жасау; балалармен қайта табысқан жанұяларға көмек көрсетіледі, және т.б. Сондай-ақ, жас қашқындарға тегін қызмет көрсететін, сенім телефондары» жұмыс жасайды.
Кәмелетке толмаған заң бұзушылар мен «тәуекелшілер тобы» жасөспірімдерімен әлеуметтік жұмыс бірқатар бағдарламалар негізінде құрылады: полицияның базалық бағдарламасы (олар, негізінен, кәмелетке толмағандарды тарту мақсатында полициялық атлетикалық клубтары қызметін қарастырады); кәмелетке толмағандар істері соттарының базалық бағдарламасы (олар, ең бастысы, меңзелгендерді ақтауды көздейді); мектептердің базалық бағдарламасы. Соңғысы екі топқа бөлінеді: қалыпты және қиын, сотталған жасөспірімдерге бағдарламалары.
1967 жылы құрылған жастардың әлеуметтік қызмет бюросы делдал қызметін атқарады және қызмет көрсету ұйымдары жұмыстарын кәмелетке толмағандар сұраныстарына сәйкес келетіндігін білу мақсатында бақылау жасайды. Мұндай кейбір бюролар (мысалы, Калифорнияда және басқа штаттарда) өздері қызмет көрсетеді.
АҚШ-та түзету мекемелерінің екі категориясы бар: жабық бостандықтан айыру орны және жабық тәрбие мекемелері. Жасөспірім шартты түрде сотталған кезеңінде оған тәлімгер тағайындалады.Қамауға алу орындарында да әлеуметтік жұмыс жүргізіледі.
Егер толық емес жанұямен әлеуметтік жұмысты алсақ, онда мемлекеттегі «әріптессіз ата-аналар» ұйымына біріккен қолдау топтары мен өзара көмек топтарының кеңінен дамуын адамды біріктіреді, олардың көбі- (65%) қоғамның орта қабатындағы ажырасқан әйелдер. Әлеуметтік-аймақтық қоғамдастық деңгейіндегі қолдау топтары 12-15 адамнан тұрады. Көрсетілген топтар жұмыстарының басты бағыты – педагогикалық тәжірибе алмасу, демалыс күндері мен демалыстарды өткізуге көмек көрсету, түрлі мәселелерді шешуде заңгерлік көмекті ұйымдастыру және т.б.
Америка қоғамының маңызды мәселелерінің бірі мемлекеттік нәсілдік пен аз ұлттықты (этникалық азшылық) әлеуметтік қорғау болып қала бермек. Бұған әлеуметтік өмірдің төмендегі сатысында тұрғандар жатады, олар, негізінен алғанда, қара нәсілді американдықтар, латиноамерикандық және азиаттық американдықтар. Халықаралық конференцияда (ГАСБУ, ақпен 1993ж.) көрсетілгендей тәуелсіздікті жариялаған уақыттан бері экономикалық өмірдің «бағаналы жолынан» жүйелі кемсіту (дискриминация) мен бөлектеу, әсіресе, негрлерді бөлектеу мен кемсіту бар. Көпшілік қаранәсілділердің өмір сүру жағдайы ерлер, сонымен қатар сәбилер мен балалар арасында өлімнің көбеюіне алып кепледі. ХХ –шы жүзжылдықтың 90-шы жылдарына қарай, осы топ тұрғындарындағы жалғыз басты аналар жанұясының үлесі анағұрлым өсті – 1960ж. 22% -дан 1990 ж. 44%-ға дейін. Әрине, ақ нәсілділер арасында жалғыз басты аналар саны да өсті, бірақ олар негізінен ажырасу салдарының нәтижесі болды. Ал қара нәсілді аналардың балаларын жалғыз тәрбиелеуінің себебі, көбіне, олардың некесіз тууларымен байланысты боды.
Нәсілдік, ұлттық және религиялық азшылықтарда кеңінен таралған кедейлік және жұмыссыздық өте жағымсыз жағымен отбасы құрылымына осы топтардағы балалар жағдайына әсер етуде. Отбасының бұзылуы, жұмыссыздық әсерінен алған стресс, маскүнемдік, психикалық ауру, өзін-өзі өлтіру, қашқындық, жасөспірімдер жүктілігі, жезөкшелік және т.б. сияқты теріс көріністерге түрткі болды.
Ұлттық азшылықпен тәжірибелік жұмыс «қос тәсіл» тұжырымына негізделуі оның мәні, бір жағынан, ірі қоғам құрылымына сәйкес құндылықтарды, көзқарастар мен мінез-құлық ерекшеліктерін саналы, ал екінші жағынан, оларды клиенттің жақын отбасылық және қоғамдық ортасына қатысты аналогиялық мінезімен салыстыру.
АҚШ-тағы ұлттық топтармен әлеуметтік жұмыс тәжірибесі, біріншіден, жалпы әлеуметтік жұмысқа тән құндылықтардан, екіншіден, ұлттық шындылықты түсінуден, үшіншіден, кәсіби тұрғыдан жақындаудан, төртіншіден, тәжірибеден құралады. Басқаша айтқанда, бұл тұжырымдар ұлттық шынайылықтарға деген әлеуметтік жұмыстың негізі мен әдістерін үйренудің қажеттілігін білдіреді.
Америка Құрама Штатында мемелекеттік қолдау халықтың ең кедей топтарына арналған бағдарлама деңгейінде іске асырылады, сондықтан бұл елде мемлекеттік емес құрылымдарда қайырымдылық бастапқы деңгейде көптеп дамыған.
Көптеген қазіргі зерттеушілер үшін әлеуметтік жұмыстың мәнісін айқындауда АҚШ әлеуметтік қызметкерлерінің ұлттық ассоциациясы берген анықтамасына жақын: әлеуметтік жұмыс – жеке адамға, топқа немесе қауымға берілетін көмек немесе олардың әлеуметтік қызмет етуге қабілеттілігін қайта өркендету және осы мақсаттарға жетуге жақсы қоғамдық шарттарды құруға бағытталған кәсіби қызмет.
Америка Құрама Штатында әлеуметтік жұмысты, халықтың өнегелілігінің әлеуметтік негізіне қызмет ететін мамандықпен байланыстырады. Әлеуметтік жұмыс саласы үнемі жылдан-жылға кеңіп келеді, дегенмен, бүгінде АҚШ әлеуметтік жұмыскерлер қызметі көптеген салаларды қамтиды. Олар- мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары, мектептер, денсаулық күту орталықтары, бала мен отбасын қорғау агенттіктері, психологиялық денсаулық орталықтары, бизнес және өндіріс реттеу орталықтары мен жеке іс-тәжірибе. Әлеуметтік қызметкерлер – ұлтына, әлеуметтік-экономикалық деңгейіне және нәсіліне қарамай балаларды және одан үлкен жастағы адамдарға қызмет көрсетеді.
АҚШ– тағы түрлі әлеуметтік жұмыс тәжірибесі көптеген қызмет түрлерін қамтиды.
АҚШ- тағы әлеуметтік жұмыстың түрлі нұсқадағы тәжірибесі оны қолдануда түрліше көрініс табатын қызметтің көптеген түрлерін қамтиды. Әлеуметтік жұмыстың түрлі нұсқалылығы мен кешенділігі көптеген анықтамасы бар деп топшылауға болады.
Кез келген әлеуметтік қызмет негізінде келесі төрт тұжырымдық облысты қамтитын құрамдық элементтер тұрады: мамандықтың мақсаты және арнаулары; құндылықтар жүйесі, тәжірибелік бағыттың этикасы мен философиясы; тәжірибелік бағыттар этикасын білу; жұмысқа қолданылатын әдістер мен тәсілдер.
АҚШ- тағы әлеуметтік қызметкерлер Ұлттық Ассоциациясы, мысалы, олар әрбір адамның өмірінің жақсаруы үшін адамдар, жеке тұлғалар және қоғам арасындағы өзара пайдалы өзара әрекетті қалыптастыру немесе көмектесу мақсатында қызметкерлердің тағайындалғанын бақылайды. Әлеуметтік қызметкер қоршаған ортадағы жағдайға сәйкес әрекет ете отырып, әрбір тұлғаның ұмтылысы мен қорларының, мүмкіндіктерінің іске асуына барынша себепші болуы тиіс және халықтың жалпыадамдық қызметтерін олардың бақытсыздықтарын немесе қиындықтарын жеңілдету мақсатында көмектесуі қажет. Клиент жеке адам, отбасы, топ, қоғам немесе ұйым болуы мүмкін.
Келтірілген анықтамадан шығатыны, кәсіби қызмет өзіне жеке адамдардың, топтардың немесе ұжымдардың функционалды өмір сүруі үшін олардың қабілеттіліктеріне дем беруге көмектесу мен әрбір адамның өмір сүру сапасын оның әлеуметтік және жеке (физикалық) ортамен байланысын қалпына келтіру жолы арқылы жақсарту көмектерін кірістіреді. Әлеуметтік жұмыстың ажырағысыз сипаты- әрбіреудің өзінің іске асыру жағдайымен анықталатын әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету.
Барлық қоғамда қазіргі кейбір әлеуметтік ілімдерден белгілі болғандай, адамдар мүмкіндігінше өздерінің және өздерін қоршаған ортаның әлеуметтік тұрмысының жақсаруына жәрдем беруге тиіс, бұл барлық социумға пайдасын тигізеді. Жеке тұлға мен оны қоршаған орта арсындағы өзара қарым-қатынас жеке бастың мәртебесін, даралығын бекітуі тиіс. Адамдар иманды және әділетті болуы қажет
Қорыта айтқанда, әлеуметтік жұмыскерлердің қызметі мынадай:
- дамдарға жеке бас мәселелерін шешу қабілеті мен олардың компоненттілігін кеңейтуге көмектесу;
- адамдарға өз мүмкіндіктерін іске асыруға көмектесу;
- адамдардың қайымдылығын ынталандыру;
- жекелеген адамдар мен олардың қоршаған ортамен өзара байланысына жәрдем беру;
- ұйымдар, әлеуметтік, экономикалық, саяси институттар мен қоғам мүшелерінің өзара әсеріне ықпал ету;
- әлеуметтік саясат пен қоршаған ортаны қорғау саясатына ықпал ету.
Бұл қызметтерді жүзеге асыру үшін, әлеуметтік жұмыскер көптеген адамдармен қарым-қатынас жасайды; оған клиенттердің әлеуметтік қалыптасуына жағдай жасауына көмектесетін білім мен тәжірибелік жігер керек.
АҚШ- та кәсіби әлеуметтік жұмысқа студенттік немесе аспиранттық жоғарғы білім деңгейінде оқытылады. Студенттік деңгейдегі оқу жоспарының мақсаты студентті келесі деңгейге өтуге мамандық алуға дайындау. Студенттердің агенттіктер мен ұйымдарда жаттығуға, тәжірибелі мамандардың бақылауында болуға мүмкіндіктері бар. Кез келген пән бойынша негізгі студенттік дайындық аяқталған соң, студенттер мамандықтары бойынша аспиранттық білім мақсаты- адамды ерікті практик, тәжірибелі маман етіп шығаруға дайындау. Аспиранттық білім әдетте екі жылға созылады. Бірінші жыл мамандық тәжірибесі мен теориясын тереңдетіп оқытуға арналады. Екінші жыл әдіс бойынша мамандандыру мен олардың тәжірибе жүзінде апробациялау (ресми рұқсат) үшін қолданылады.
Кейбір кәсіпкерлер ары қарай мамандануды таңдайды. Әлеуметтік жұмыс бойынша докторлық диплом дайындауға мүмкіндік бар. Докторлық бағдарламалар үшін ресми стандарттар жоқ. Докторлық оқыту кәсіби тәжірибелі адамды зерттеу қызметі үшін мол мүмкіндіктер бере отырып, ары қарай мамандандыруға және басқа колледждер мен университеттерде оқуға дайындайды.
АҚШ- та әлеуметтік жұмыскер мамандығына тәжірибелік әдістердің көптеген теориялары бар. Түрлі теориялар мен әдістердің артықшылықтары, қатыстылық еңбектері ұзақ уақыт бойы академиялық форумдарда айтыс туғызып келді. Әлеуметтік жұмыскерлер мектептері өз бағыттарын немесе мамандандыруын өзгерте алғанымен, олардың барлығы жоғарыда айтылған негізгі элементтерді оқу жоспарынң алты саласында да сақтауға тиіс. Әлеуметтік жұмыс мектептеріндегі білім сапасының жақсаруын Әлеуметтік Жұмысқа Оқыту Кеңесі (ӘЖОК) қадағалайды. Бұл ұйым өзіндік теориялар немесе әдістерді ұсынбайды. Дегенмен, ӘЖОҚ әлеуметтік жұмыс мектептері ұсынған оқу жоспарлары мен курстарды , оларда барлық қажетті элементтердің қатысқанын, мектептегі оқыту ӘЖОҚ қабылдаған стандартқа, содай-ақ жоғарғы кәсіпкерлікке сәйкестіктеріне көз жеткізу үшін, жиі-жиі тексеріп отырады.
Оқу жоспары негізін алты саладағы - әлеуметтік ортадағы адамның іс-әрекеті, әлеуметтік саясат, мамандық теориясы мен тәжірибесі, зерттеу, құндылық пен этика, тәжірибелік ол- білім мен тренинг құрауға тиіс.
Сонымен қатар АҚШ-та табысы төмен отбастарына тұрмыстық жәрдемақы беріледі, олардың мөлшері жылына отбасына орташа алғанда 2000 доллар. Қосымша төлемдер (демалыс, сырқаттану қағаздарының төлемдері), жұмыссыздық жөнінде қосымша жәрдемақылар барынша көп таралған. Қазіргі уақытта мемлекет балалардың жоғарғы мектепте оқуын жалғастыруға жәрдемақыны өте көп береді. АҚШ-та федералды деңгейде қорлар мен қызметтер құрылуда. Бұлар қарттығы бойынша зейнетақы, медициналық қызмет, мұқтаж адамдарды азық-түлікпен, арзан үймен қамтамасыз ету және т.б. Отбасындағы қарттарға, мүгедектерге тұрғын-үй-тұрмыстық қызмет көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді.
АҚШ-та жарымжанды отбасылармен әлеуметтік жұмыс жүргізумен айналысатын, «Серіксіз ата-аналар» ұйымына біріккен өз-өзіне көмек көрсететін топтар мен қолдау топтары кең дамыған. 1960 жылы осындай отбастары 22% болса, 1990 жылы 44% болды.
АҚШ-ғы отбасымен жүргізілетін практикалық жұмыс отбасындағы ұқсас сипаттамаларды салыстырғанда, қоғамдағы тәртіп ерекшеліктерін, көзқарастарын, мәнділіктерді үйретуге жасалатын тұжырымдамаға негізделмейді.
Қазіргі уақытта АҚШ-та үлкен жоспарлы мемлекеттік «Отбасына қайту» бағдарламасы өте белсенді. Түрде насихатталып отыр. Мұның мәні мынада: мүнда отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізетін профессионалдар, социологтар, отбасы жөніндегі кеңесшілер өз қызметін белсенді көрсетеді.
АҚШ-ғы отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар туралы айтылғандар осы жоғары дамыған елде әлеуметтік өмір және қорғалу дәрежесі туралы белгілі бір ұғым жасауға мүмкіндік береді.
Көп жылғы тартыстан соң, Америка Құрама Штаттары мамандары (кәсіпкерлері) әлеуметтік жұмыс бар, ол жай ғана модификация емес деген тұжырымға келді. Бұл да солардың ішіндегі мамандық. Тек осы мамандық қана жеке тұлға мен оның әлеуметтік ортасының жақсы өмір сүруін қамтамасыз ететіні анық.
Достарыңызбен бөлісу: |