Кіріспе І тарау. М. Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора мен эпифора



бет4/24
Дата19.12.2022
өлшемі279.01 Kb.
#467466
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Кіріспе І тарау. М. Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора ме-dereksiz.org

Жүмыстың нысаны. Ғылыми зерттеу жұмысының нысаны ретінде қазақ тіліндегі анафоралық және эпифоралық қайталамалардың лингвостилистикалық жүйесі алынды. Ақын жырларында кездесетін лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық анафора мен эпифоралардың қолданылу ерекшелікгерін, лексика-грамматикалық сипатын, стилистикалық қызметін ашып дәлелдеу.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің басты мақсаты — Мұқағали Мақатаев поэзиясында анафора мен эпифора қайталамалары түрлерінің ерекшеліктерін таныту, қолданылу мақсаттарын айқындау, анафора мен эпифораларды көркемдегіш-грамматикалық тәсіл ретінде қарастырып, олардың ақын қолданысындағы стильдік қызметін анықтау, эмоционалдық-экспрессивтік мәнін ашу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттердің шешімін табу көзделді:
  • ақын лирикасындағы омонимдерде, көп мағыналы сөздерде көркем бейне сырын ашу үшін қолданылған анафоралық және эпифоралық, контактілі, дистантты, сатылы, саңылаулы, күшейткіштік қайталама түрлерін сипаттап, талдау жасау;


  • тілімізде әсерлі де мәнерлі, стильдік бояуы айқын синоним


    сөздерге анафоралық және эпифоралық қайталамаларды енгізу
    ерекшеліктерін ашып көрсету;
  • поэтикалық мәтіндегі әртүрлі қарама-қарсы құбылыстарды


    салыстыру, шендестіру мақсатында антонимдік анафора мен
    эпифоралардың лингвостилистикалық табиғатын тану;
  • ақын қолданысындағы сөзді жандандырып, ұлттық ажар,


    эмоционалдық-экспрессивтік бояу беретін фразеологизмдердің
    қайталану ерекшеліктерін белгілеу;


Жұмыстың жаңалығы. Зерттеу жұмысының негізгі ғылыми жаңалығы Мұқағали Мақатаевтың лирикалық өлеңдеріндегі кездесетін анафоралық және эпифоралық қайталамалардың ерекшелігінің лексика-грамматикалық бағытта жан-жақты қарастырылуы деп айтуға болады.

Сөз-бейнелерінің көріктілігі, әсемдігі, әсерлілігі, мағыналылығы, айқындылығы ақын қолданған қайталама тәсілдерінің негізінде жатыр. Мұқағали анафоралық және эпифоралық өлеңдерінде контекстік антонимдер, көп мағыналы сөздер, бір-бірінен асырмалатып берілген синонимдер арқылы адам мен оның жеке басындағы сан-қилы өзгерістерді, қоғамдағы алуан түрлі оқиғаларды, табиғат құбылысындағы құпияларды байланыстыра отырып ашып береді. Сонымен бірге фразеологизмдердің авторлық жаңа құрылымдарын жасап, оларды анафора немесе эпифора түрлеріне айналдырып, тұрақты сөз тіркестерінің бейне жасаудағы және оны ашудағы қызметін айқындайды. Бұл еңбек Мұқағали лирикасында қайталаманың анафора мен эпифора сияқты түрлерін зерттеудегі алғашқы ізденістердің бірі болып отыр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет